Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_biogeografia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174.98 Кб
Скачать

22 Бәсекелестіктің түрлерін талдау (интерференция, жанама бәселестік)

Бәсекелестік – азық, өмір сүру ортасы және басқа қажетті жағдайлар үшін болатын даралар арасындағы кері әсерлер.Мысалы, түраралық бәсекелестікке сілеусін мен росомаха арасындағы азық үшін бәсекелестікті айтуға болады. Бәсекелестік тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Тікелей бәсекелестік даралардың бір-бірімен агрессивті шекісіп қалуы немесе өсімдіктер мен микроорганизмдердің улы заттарды бөліп шығару арқылы көрінеді. Жанама бәсекелестік кезінде даралар арасында тікелей өзара әсер болмайды.Ол аралық буын- әр түрлі жануарлардың ортақ ресурспен қоректенуі, ал ол ресурс шектеуші фактор болуы арқылы жүзеге асады.

Бәсекелестіктің негізгі екі түрі – тікелей және жанама бәсекелестік ажыратылады. Тікелей бәсекелестік немесе интерференция даралардың бір-біріне тікелей ықпал етуі арқылы, мысалы жануарлар арасындағы агрессивтік қақтығыстар кезінде немесе өсімдіктер мен микроорганизмдердің токсиндер бөліп шығаруы (аллелопатия) кезінде жүзеге асырылады.Жануарлар әлемінде интерференция тек өзара агрессивтілікпен ғана шектелмейді.Ол, мысалы, бір жануарлар өзінің қимыл іс-әрекеті арқылы басқалардың азыққа жасырынатын не төлдейтін жерлерге т.б. барар жолын бөгеген кезде пайда болуы мүмкін.

Жанама бәселестік даралардың тікелей әрекеттесуін қажет етпейді. Ол аралық буындар арқылы әр түрлі жануарлардың бірдей және міндетті түрде шектеулі болатын ресурстарды пайдалануынан туады.Сондықтан мұндай бәсекелестікті,әдетте, пайдаланушылық (эксплуатациялық) бәсекелестік деп атайды.Бәсекелестік кез-келген шектеулі (лимиттеулі) ресурсқа, сондай-ақ көбею және паналай үшін қолайлы орындарға және т.т. байланысты туындауы мүмкін.Пайдаланушылық бәселекестігі орын алған жағдайда бәсекелестік заты болып табылатын ресурсты тезірек және тиімді пайдалануға, сөйтіп оның өзге жануарларға тиетін мөлшерін кемітуге қабілетті жануарлар басымдыққа ие болады.

Түр ішіндегі бәсекелестік көп жағдайларда территориалдық реакция арқылы, яғни жекеленген жануарлардың немесе олардың топтарының өз танаптарын қоруынан байқалады.Әдетте,қоректену территориясы қорылады. Бұндай қасиет бунақ денелілердің, балықтардың кейбәр түрлеріне, кесірткелер мен сүтқоректілердің көптеген түрлеріне және құстардың басым көпшілігіне тән.Сондай-ақ, ұя салу және жұптасу территориялары деп аталатындар бар, олардың пайда болуына көбею орындары мен жұптасатын серігі үшін бәсекелестік күрестің жүруі себепші болады.Кез келген шектеулі ресурс үшін бәсекелестік, әдетте жануарлардың кеңістікте біркелкі орналасуына әкеліп соғады.Әлеуметтік мінез-құлық тән жануарларда ресурстардың топ ішіндегі жануарлар арасында бөлінуін реттеуге мүмкіндік беретін үстемдік (доминанттық) иерархияның қалыптасуы түрінде бөлінеді /4-8/.

23 Симбиоз (селбесу) ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.

Симбиоз (селбесу) дегеніміз- әр түрге жататын даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі.Жануарлардағы симбиозға мысал-шаян мен ктинияның бірігіп тіршілік етуі.Актиния шаянның арқасындабекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамақ қалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде пайдаланады. Жоғары дәрежеде дамыған симбиозға термиттер мсыал бола алады.Олардың ас қорыту жүйелеріндеталшықтар мекендейді. Термиттер целлюлозаны гидролиздеуші ферменттері болмаса да ағашпен қоректенуге қабілетті. Мұнда ферменттік қызметті олардың орнына талшықтар жүзеге асырады.Ал осының нәтижесінде түзілетін қантты термиттер пайдаланады.Термиттер осы ішек фаунасынсыз тіршілік ете алмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]