
- •Биогеография пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысына ассоциограмма құрастыру.
- •2. Биогеографияның терминдері мен негізгі ұғымдарын атап, мысал келтіру
- •3. Өсімдіктердің экологиялық топтарын талдау: гигрофит, гидрофит, мезофит, ксерофит
- •4 Әртүрлі климаттық жағдайларда таралған мезофиттердің топтарын атап көрсету.
- •5. Эдафикалық факторларға сипаттама.
- •6. Псаммофиттерге анықтама және мысал келтіру.
- •8. Биоценоздардың таралуында жер бедерінің маңызы.
- •9. Биотикалық факторлар және олардың биогеографиялық маңызы.
- •10 . Жануарлардың өсімдіктерге қолайлы әсерін талдау.
- •Каулифлория құбылысы, мысал келтір
- •Биогеографиялық жағдайлардағы Құмырсқалар мен ағаштар дың бірлігін айқындау
- •Комменцализмге анықтама және мысал келтір
- •14 Жануарлардың өсімдіктерге қолайсыз әсерлерін талдап, мысал келтіру.
- •15 Өсімдіктердің өсімдіктермен қарым-қатынастарын айқындап, сипттама беру.
- •16. Паразитизм және симбиозға анықтама, мысал келтіру.
- •17.Эндотрофты және экзотрофты микоризаларға сипаттама
- •18. Эпифиттер мен лианаларға анықтама, мысал келтіру
- •19. Эндемик және олардың түрлері
- •20. Эдифткаторларға сипаттама беріп, талдау
- •21 Гомотиптік реакциялар ұғымын талдау
- •22 Бәсекелестіктің түрлерін талдау (интерференция, жанама бәселестік)
- •23 Симбиоз (селбесу) ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •24 Комменсализм, амменсализм ұғымдарына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •25 Жыртқыштық-ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •26.Паразитизм ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •27.Мутуализм ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •28.Зоохария ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру
- •29.Аллеопатия ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •30.В.Вольтер заңдарының тұжырымдамасын таңдау.
- •Антропогендің факторлар және олардың биогеографиялық маңызын талдау.
- •32. Организмдердің таралуына тарии жағдайлардың әсері
- •33. Тірі ағзалардың материктерде таралуының зоналылығы
- •34. Жер шарының табиғат зоналары.
- •36 Ареал конфигурациясы және құрылымын талдау
- •37 Ареал, ареал типтері. Ареалдардың қалыптасуы.
- •Флораның басты географиялық элементтерінің сұлбасын құрастыру
- •39. Дүниежүзілік мұхиттың биогеографиялық аудандастырылуының (Воронов, 1987) сұлбасын құрастыру.
- •40. Құрлықтың биотикалық өңірлерінің (Второв, Дроздов, 1978): сұлбасын құрастыру.
- •Флораның басты географиялық элементтерінің сұлбасын құрастыру
- •42. Дүниежүзілік мұхиттың биогеографиялық аудандастырылуының (Воронов, 1987) сұлбасын құрастыру.
- •43 Құрлықтың биотикалық өңірлерінің (Второв, Дроздов, 1978): сұлбасын құрастыру.
- •46 Биоценоздардың құрылымын айқындау
- •47 Биосферадағы тірі ағзалардың планетарлық рөлі
- •48 Зат және энергия айналымының (геологиялық және биологиялық айналым) мазмұнын айқындау
- •Үлкен немесе гелогиялық айналым
- •Кіші немесе биологиялық айналым
- •49 Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі түрлерін сызба түрінде көрсетіп, соның бір түріне сипаттама.
- •Өсімдік→топырақ→өсімдік
- •50. Антропосфераға сипаттама.
- •51 Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама
- •52 Қазақстанның өсімдік ерекшелігіне сипаттама
- •53 Қазақстанның фауналық және зоогеографиялық аудандастырылуына сипаттама.
- •54. Голарктикалық биогеографиялық облысқа сипаттама
- •55 Неотропикалық биогеографиялық облысқа сипаттама
- •56 Палеотропикалық биогеорафиялық облысқа сипаттама.
- •57. Австралия биогеографиялық облысқа сипаттама
- •58. Полинезия биогеографиялық облысқа сипаттама.
- •59. Антарктида биогеографиялық облысқа сипаттама.
20. Эдифткаторларға сипаттама беріп, талдау
Биотикалық факторлар ағзалардың өзара әсерлесуінен ғана тұрмайды. Олардың мекендеу ортасын трансформациялау арқылы жанама әсер етуі жиі кездеседі. Өзінің мекендеу ортасын айтарлықтай өзгертетін және осыдан барып бірлестіктің басқа да мүшелеріне әсер ететін ағзаларды эдификаторлар деп атайды. Табиғатта эдификаторлар жиынтық биомассасы және саны бойынша негізінен доминанттар болып келеді.
Биоценоз құрамына кіретін түрлердің санымен қатар, түрлік құрылымына сипаттама беру үшін олардың сандық мөлшерін де білген дұрыс.Саны жағынан көп түрлер доминантты болып есептеледі. Мысалы, біздің шыршалы ормандарда шырша доминант, сол сияқты шөптесін өсімдіктер жамылғысының өз доминант түрлері, құстар мен кемірушілер арасында да өз доминанттары болады. Қауымдастықта доминантгар «түрлік негізін» құрайды. Алайда барлық доминант түрлер биоценозға әсер ете бермейді. Осы түрлердің ішінде тіршілігі барысында қауымдастық үшін негізінен орта құрайтын, ол болмаса басқа түрлердің тіршілік етуі қиын болатын түрлер болады. Мұндай түрлерді эдификаторлар деп атайды. Биоценоздан эдификатор-түр алынса ортаның физикалық өзгеруіне, бірінші кезекте биотоптың микроклиматына әсер етіледі.Құрылықтағы биоценоздардың негізгі эдификаторлары болып: шыршалы ормандарда - шырша, қарағайлы ормандарда Қарағай, далаілы аймақта - шымды астық тұқымдастары болып табылады. Алайда, кей жағдайларда жануарлар да эдификаторлар болуы мүмкін. Мысалы, суырлар колониясы мекендейтін территорияда ландшафттың, микроклиматтың және өсімдіктердің өсу жағдайлары сол суырлардың тіршілігіне, жерді қазуына байланысты.
21 Гомотиптік реакциялар ұғымын талдау
Гомотиптік реакциялар бір түрдің дараларының арасында байқалады. Гомотиптік реакциялардың ішінен экологиялық маңызды түрлеріне топ пен масса әсерінен атауға болады. Бұл реакциялар – бір түрге жататын ағзалар арасындағы қарым-қатынастар. Гомотиптік реакцияларға жататындар: бәсекелестік, ұрпақты күту, мекендеу орнына байланысты қарым-қатынастар, т.б.
Топ әсері дегеніміз - өзімен бір түрге жататын дара ағзаларды сезім мүшелері арқылы түйсінуден туындайтын, топтың өзінің және топ құрамындағы индивидуумдар санының дара ағзалардың мінез-құлқына, дамуы мен көбеюіне ықпалы болып табылады.
Көптеген буылтық денелілер (қара секіртпелер, тарақандар, шегірткелер және т.б.) жеке дара тіршілік еткендігімен салыстырғанда, топ ішінде біршама қарқынды метаболизмге ие болады, тезірек өсіп жетіледі
Суқұзғын – Перудегі гуаноның негізгі өндірушісі, ол колониядағы құстың саны 10 000-нан кем болмайтын және 1м жерге 3 ұядан келетін жағдайда ғана тіршілік ете алады. Көптеген жануарлардың түрлері тек үлкен топқа біріккенде ғана қалыпты дамиды. Мысалы, Африка пілдерінің өмір сүруі үшін үйірде 25 дарадан кем болмауы керек, ал солтүстік бұғыларының ірі үйірлері 300-400 дарадан кем емес. Топтанып өмір сүру жануарлардың азығын іздеуі мен табуын, жауларынан қорғануын оңайлатады. Қасқырлар үйірі ірі жануарларға шабуыл жасайды, ал жеке даралар мұны жасай алмайды. Бірқазандар үйіріне балықтарды таяз суда айдап ұстау оңай. Бизондар, қошқар бұқалар (Ouibos moschatus), тағы басқа күйіс қайырушы жануарлар қорасымен жүргенде жыртқыштардан жақсырақ қорғанады.
Бірігіп тіршілік ету кезінде өмір сүру қабілетінің артуына әкелетін физиологиялық процестердің тиімділігін «топ әсері» деп атаймыз. Ол жеке дараның өзінің түріне жататын дараның қасында болуына психо-физиологиялық реакциясы түрінде көрінеді. Мысалы, қой жеке болғанда тамыр соғуы, тыныс алуы жиілейді, ал жақындап келе жатқан үйірді көргенде бұл процесс қалпына қайта келеді. Бұл энергияны көп жоғалтуға, нәтижесінде өліммен де аяқталуы мүмкін. Көптеген жануарлар топтан тыс қалғанда өнімділігі төмендейді. Көгершіндердің кейбір түрлері егер өз түрінің басқа құстарын көрмесе жұмыртқа салмайды.
Топтық әсер жеке тіршілік ететін түрлерде байқалмайды. Егер мұндай жануарларды күштеп қосса, олардың көптеген көрсеткіштері қалыпты шамадан ауытқиды.
Көп жағдайда топ әсері екі жануар бірлесіп тіршілік еткенде-ақ біліне бастайды. Ол жағымды ғана емес, жағымсыз нәтижелерге де соғуы мүмкін. Мысалы, топ ішінде шөмішбалықтардың өсуі баяулайды. Әдетте, саны шамалы кезде жағымды әсерлер басым болып, ал жануарлардың тығыздығы тым өсіп кеткенде жағымсыз құбылыстар көбірек орын алады. Мысалы, үй тышқандарының аса тығыз орналасқан топтарының өсімталдығы төмендеп, тіпті көбеюі мүлдем тоқтап қалады. Популяция тығыздығы жоғары болған жағдайда, ұн қоңызының шіріген жұмыртқаларының үлесі әлдеқайда арта түседі.
Топтық әсер фазалық құбылысқа тән болып отырған жануарлардын, яғни бір мезгілде екі формада – жеке – жеке даралар формасында және топтық формада тіршілік етуге қабілетті жануарлар түрлерінен айқын көрінеді. Топ әсері көшпелі шегірткелер мысалынан жақсы көрінеді: жеке-жеке өсірілгенде олар жасыл түске боялған саяқ (солитария) фазасына айналды, ал тар жерде тобымен өсірілген жағдайда – қызғылтсары немесе қоңырқай денесінде бажырайған қара дақтары бар үйірлі (грегарий) фазасы пайда болады.
Даралар санының шектен тыс артуы мен популяция тығыздығының артуы арқылы масса әсері қоршаған ортаны өзгертеді. Массалық әсер өнімділік, өсу жылдамдығы, жануарлардың өмір сүру ұзақтығына кері әсерін тигізеді. Мысалы, ұн дағы ұн қоңызының популяциясының дамуы барысында экскременттер, түлеу өнімдері жиналып, ұнның мекен ету ортасы ретіндегі қасиетін нашарлатады және аяғында қоңыздардың өліміне алап келеді.