Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_biogeografia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174.98 Кб
Скачать

16. Паразитизм және симбиозға анықтама, мысал келтіру.

Өсімдіктер бір-біріне тура да, жанама да әсер етеді. Өсімдіктердің бір-біріне тура әсеріне паразитизм және симбиоз жатады.

Паразитизм – бір өсімдік түрінің екінші түрді қорек және мекен ортасы ретінде пайдалануы. Паразиттік өсімдіктер басқа өсімдік денесінде болатын дайын органикалық заттармен ғана қоректенеді. Паразиттердің әрқайсысы өз өмірінде йесін әлденеше рет қорегіне пайдаланады. Паразитизм – тек қорекпен ғана байланысты емес, ол анағұрлым күрделі үрдіс. Оның күрделілігі мынада – йесі паразитке жем болуымен қатар, оның даму циклінің бірқалыпты өтуіне қажетті басқа да көптеген қолайлы жағдайлар туғызады. Паразиттік жолмен қоректенетін өсімдіктер хлорофиллсіз өсімдіктердің арасында көбірек кездеседі (бактериялар, саңырауқұлақтар). Паразиттер факультативті және облигатты болып бөлінеді. Факультативті түрлері йесінсіз де өмір сүре алады. Облигатты, яғни нағыз паразиттер өз кезегінде сыртқы, яғни, эктопаразит (тат саңырауқұлағы, ақұнтақ сағырауқұлағы) және ішкі – эндопаразит (капуста қара сирағы, қастауыш, қаракүйе саңырауқұлағы) болып екіге бөлінеді. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің ішінде паразиттер аз кездеседі (сұңғыла, арам сояу т.б.)

Симбиоз – екі түрге жататын өсімдіктердің бір біріне пайда келтіріп бірлесіп өмір сүруі. Мысалы: қынаны алуға болады. Қына – саңырауқұлақтардың, жасыл немесе көк-жасыл балдырлардың және кейбір бактериялардың симбиозынан пайда болған ағза. Осы үш ағза өзара селбісіпөмір сүреді. Фотосинтез процесінің нәтижесінде пайда болған органикалық заттармен саңырауқұлақ пен бактериялар қоректенетін болса, ал саңырауқұлақтар мен бактериялар балдырларды сумен және минералдық заттармен қамтамасыз етеді. Бактериялардың денесінен бөлініп шыққан қышқылдар тас құрамында болатын қатты минералды ерітіп, оны балдырларға береді. Балдырлар суды, оның ішіндегі минерал тұздарының ерітіндісін және СО синтездеп, органикалық заттар жасап шығарады.

Симбиоздық жолмен қоректенетін өсімдіктерге мысал ретінде бұршақ тұқымдас өсімдіктер (беде, жоңышқа т.б.) мен түйнек (азот жинағыш) бактериялары жас тамырдың сыртқы паренхимиялық жасушаларының араларына, немесе олардың ішіне еніп алып, бос жүрген азотты өзіне сіңіріп, оны азот тұзына айналдырады. Бұл тұз бұршақ тұқымдас өсімдіктерге тыңайтқыш ретінде жұмсалады да, ал бұршақ тұқымдас өсімдіктердің төменгі ағыс жолымен тамырға келген органикалық заттардың ерітіндісімен сол бактериялар қоректенеді. Бұршақ тұқымдас өсімдіксіз бактериялар, бактерияларсыз бұршақ тұқымсдас өсімдіктер өмір сүре алмайды.

17.Эндотрофты және экзотрофты микоризаларға сипаттама

Жоғары сатылы өсімдіктермен саңырауқұлақтардың араларында симбиоздық қарым-қатынастың көп тараған түрі – микориза. Микоризалар эндотрофты және экзотрофты болып бөлінеді.

Эндотрофты микоризаларда саңырауқұлақтың гифтері тамыр жасушыларының ішінде болады, олар жасыл өсімдіктің фотосинтез өнімдерімен қоректенеді, ал екіншісі симбионт саңырауқұлақтың бірсыпыра ақуыздарын қорытып сіңіреді. Мұндағы симбионттар бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірінсіз жеке тіршілік ете алмайды. Симбиоздың осы түрі орхидеяларда, верескілерде және бірсыпыра астық тұқымдарында кең орын алады. Бұлар эндотрофты микоризаның арқасында азот тұздары аз топырақтарда өсе алады.

Экзотрофты микрозаларда саңырауқұлақ гифтері тамырдың сыртында орналасады да, тамырдан бөлінген заттардан пайдаланады. Сонымен қатар саңырауқұлақ жоғарғы сатылы өсімдіктің тамыр түктерінің қызметін атқарады. Бұлардың тамыр түктері аз болады, не тіпті жойылып кетеді. Микоризаның осы түрі ағаш және бұта өсімдіктерінің көбінің тамырында болады, онда саңырауқұлақ болмаса, олардың тіршілік қабілеті күрт төмендеп кетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]