
- •Курстың міндеттері. Өнеркәсіптік желдеткіштердің даму тарихы бойынша қысқаша мағлұматтар.
- •Өнеркәсіптік желдеткіштердің міндеттері мен тәжірибелік, ғылыми негіздері. Ұқсас пәндермен курстың байланысы.
- •Өнеркәсіптік мекемелердегі ауалы ортаның санитарлы-гигиеналық шарттары туралы жалпы мағлұмат.
- •Ауа құрамын талдаудың әдістері. Қауіптердің сапалық және сандық талдауы, олардың шығу көздері.
- •Адам ағзасына ауа ортасы қоспаларының әсері.
- •6. Өнеркәсіптік желдеткіште қолданылатын аэродинамиканың негізгі заңдары.
- •7. Желдеткіш жүйелерінің негізгі теориялары
- •Жүйелердің аэродинамикалық сипаттамаларының есептік әдістері.
- •Ағынды және тартатын жергілікті желдеткіштер, оның түрлері мен жүзеге асыруға арналған құрылғылары туралы ұғым.
- •Ағынды құйылыстардың жалпы сипаттамасы
- •11. Ауаның әуе шымылдықтарындағы, әуе себезгілеріндегі қозғалыс заңдары. Ауа таратушылары туралы ұғым.
- •12. Сору саңылауларында ауа қозғалысы кезіндегі жалпы тәуелділік.
- •13. Аcпирация жүйесі, жергілікті сору есебі мен топтау қағидаты.
- •14. Жалпы алмасатын желдеткіш туралы ұғым.
- •17.Ауа себезгісі, оның тағайындауы және қолданылу аймақтары
- •18.Ауа себезгісінің конструктивтік шешімдері, есептеулері
- •19.Жергілікті тартқыш желдеткіштер. Жалпы жағдайлар
- •20.Жергілікті сорғыштарға қойлатын талаптар, жергілікті сорғыштардың жіктелуі
- •21. Ашық типті жергілікті сорғыштар
- •22. Тартқыш шатырлар, аралас және күнқағар шатырлары
- •23.Әр түрлі типті жергілікті сорғыштарды есептеу
- •24.Тартқыш шкафтар. Жағалық сорғыштар
- •25. Борттық сорғыштар, борттық сорғыштардың есептеулері. Шеңберлік сорғыштар.
- •Жылу арынының әсеріндегі аэрация
- •Аэрацияны қолдану аймағы. Ішкі асқын қысым туралы ұғым.
- •Жылулық күш есебінен болған аэрация.
- •Жел әсерінен болған аэрация. Желдің ғимаратты айналуы.
- •Жалған қысым туралы ұғым. Аэрациялар есептеу әдістері.
- •31.Аэрацияның біраралықты және көп аралықты ғимараттардың есептелуі.
- •32. Біраралықты цехтардың аэрациясын есептеу.
- •33. Көпаралықты цехтардың аэрациясын есептеу.
- •34. Көп қабатты цехтардың аэрациясын есептеу.
- •35.Негізгі пневматикалық көліктердің ауаөткізгіштерін есептеу.
- •36 Ауа ағындарында материал бөлшектерінің орын ауыстыруы.
- •37 Газдардан және шаңнан ауаның тазарту түрлерінің жіктелуі. Шаң- газ тазартқыштарға арналған құрылымдар. Жәй, орташа және күрделі тазартула
- •38 Жеке шаң ұстағыштар және оларды таңдау. Кешенді тазарту.
- •39 Желдету жүйелерін жобалау реті. Жобалау үшін бастапқы мәліметтерді таңдап алу.
- •40 Желдету жүйелердің және қондырғылардың есептеу әдістері мен құрастырылымдары.
19.Жергілікті тартқыш желдеткіштер. Жалпы жағдайлар
Желдеткiштер – ауа мен газдардың орын ауыстыруына арналған аэродинамикалық машиналар. Желдеткiштердiң жұмысшы органы – қалақтары бар ортадан тепкiш дөңгелектер. Желдеткiштерге 15 КП-дан аспайтын қысымды ауа үрлегiш машиналар жатады.
Артықша қысымы бойынша желдеткiштер келесідей жіктеледі:
1. төмен қысымдағы желдеткiштер (1000 Па-ға дейiн).
2. орташа қысымдағы желдеткiштер (3000 Па-ға дейiн)
3. жоғарғықысымдағыжелдеткiштер(3000 Па-дан астам).
Өнеркәсіптік өндірісті еңбек гигиенасына қатысты дамытудың қазіргі заманғы кезеңінде өндірістік желдеткіштер елеулі рөл атқарады. Оның маңыздылығы өндірістік бөлмелер ауасына қоршаған орта факторлары мен еңбек процесінің адам организміне әсер етуін азайтатын немесе болдырмайтын өлшемдерді тән ететін неғұрлым тиімді іс-шаралардың бірі болып табылатындығымен айқындалады. Шамалары елеулі дәрежеде желдеткіштің тиімділігі және ұтымдылығымен айқындалатын факторлар: зиянды химиялық заттар, өндірістік шаң, ауаның температурасы, ылғалдылығы мен қозғалысының жылдамдығы. Сондай-ақ кәсіпорындардың еңбекті қорғауға бөлетін қаражатының негізгі бөлігі желдеткіш жабдықтарды сатып алу мен пайдалануға жұмсалатынын атап айтқан жөн. Сонымен бірге, еңбекті қорғау саласындағы практика көрсеткендей, жекелеген жағдайларда желдеткіш жабдықтар дұрыс орнатылмағандықтан немесе дұрыс пайдаланылмағандықтан, оларды сатып алу мен пайдалануға жұмсалатын қаражат өзін өзі ақтамайды.
Желдеткіш микроклимат талаптарына сәйкес көрсеткiштердiң мүмкiндік шамаларын қамтамасыз етедi.Желдеткіштер 2 түрге бөлінеді:
1)тартқыш
2)құйылу
Құйылу желдеткіші келесілерді қамтамасыз етедi:
-
қысқы мерзiмде +18 +20
дейiнгі
ауаның жылытуын;
- жазғы мерзiмде +12 +14 дейiнгі ауаның сууын.
Құйылу желдеткішінің ауасы механикалық қоспалардан тазартылады.
1 сурет – Тартқыш желдеткішінің сұлбасы
2 сурет – Құйылу желдеткішінің сұлбасы
Ауа өлшемдерi санитарлық нормалар мен технологиялық талаптарға сәйкес келмесе ғана ауа таратқыш құрылғыларды сынайды. Ауа таратқыш құрылғыларды қалпына келтірудің мақсаты - нормалар бойынша өндiрiстiк бөлмеде ауаның қозғалысын және бiрқалыпты температураның бөлiнуiн қамтамасыз ету.
Ауа таратқыш құрылғыларды қалпына келтіру желдету немесе ауа тазарту жүйелерiнiң жөндеуiнің қорытынды кезеңі болып табылады және келесi шарттарда орындалады:
1. Ортақ шығын, ауаның олардың iшiнен алып тасталатын ауасы берiлетiн баспанаға жобалық мәлiметпен сәйкес келедi.
2. Әрбiр ауа таратқыш арқылы берiлетiн ауаның шығыны есептiк мәндерге сәйкес келедi.
3. Бөлмедегі артықша жылулардың нақты мәндерi және температуралардың жұмысшы айырымы жобалыққа сәйкес келедi.
Үлкен көлемдi өндiрiстiк цехтарда жылу шығару аудандары бойынша бiрқалыпты үлестiруді сынау және ауа таратқыштарды жөндеу ғимараттың бiр немесе екi жапсарлас құрылыс модулдарында жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл қоғамдық - коммуналдық ғимараттар үшiн қажет. Ғимараттың жеке модуліне өткiзiлген сынақ нәтижелерi барлық ұқсас модулдарға таратылады.
Желдеткіш құрылғымен жұмыс істегенде адам үшін қауіпті бу, газ және шаң, сонымен қатар бөлменің ауа темперарурасы және оның салыстырмалы ылғалдылығының концентрация денгейі санитарлық нормалармен тағайындалған шекті шамаға дейін төмендейді. Салқындату немесе жылыту кезінде анықталған температураны сқтау мүмкіндлігі, яғни адам ағзасының термореттеу қоршаған ортаның температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы және ауаның қозғалу жылдамдығына байланысты болады. Жасалған әдістерге сүйенсек, бір түрде жылыулық сезіну туғызатын көптеген метроологиялық факторлар үйлесімін іріктеуге болады. Кез келген механикалық жұмыс соңында жылуға айналатынын бір түрдегі энергияның басқа түрге айналуы арқылы жүретіні белгілі. Сондықтан адамның орындайтын жұмысы неғұрлым қарқынды болса, онда ол соғұрлым көп мөлшерде жылу шығарады және оның көп бірлігін қоршаған ортаға береді. Егер адам денесі мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу қарқыны азайса, онда бұл жағдайда адам ағзасында жылу жиналады да оның температурасы көтеріле бастайды. Сонымен қатар адам денесінің температурасы қалыпты жағдайдан аз болғанда, ең аз дегенде 1ºС-қа көтеріліп немесе төмендесе бұл адамның көңіл-күйінің өзгеріуіне әкеп соғады.