
- •Курстың міндеттері. Өнеркәсіптік желдеткіштердің даму тарихы бойынша қысқаша мағлұматтар.
- •Өнеркәсіптік желдеткіштердің міндеттері мен тәжірибелік, ғылыми негіздері. Ұқсас пәндермен курстың байланысы.
- •Өнеркәсіптік мекемелердегі ауалы ортаның санитарлы-гигиеналық шарттары туралы жалпы мағлұмат.
- •Ауа құрамын талдаудың әдістері. Қауіптердің сапалық және сандық талдауы, олардың шығу көздері.
- •Адам ағзасына ауа ортасы қоспаларының әсері.
- •6. Өнеркәсіптік желдеткіште қолданылатын аэродинамиканың негізгі заңдары.
- •7. Желдеткіш жүйелерінің негізгі теориялары
- •Жүйелердің аэродинамикалық сипаттамаларының есептік әдістері.
- •Ағынды және тартатын жергілікті желдеткіштер, оның түрлері мен жүзеге асыруға арналған құрылғылары туралы ұғым.
- •Ағынды құйылыстардың жалпы сипаттамасы
- •11. Ауаның әуе шымылдықтарындағы, әуе себезгілеріндегі қозғалыс заңдары. Ауа таратушылары туралы ұғым.
- •12. Сору саңылауларында ауа қозғалысы кезіндегі жалпы тәуелділік.
- •13. Аcпирация жүйесі, жергілікті сору есебі мен топтау қағидаты.
- •14. Жалпы алмасатын желдеткіш туралы ұғым.
- •17.Ауа себезгісі, оның тағайындауы және қолданылу аймақтары
- •18.Ауа себезгісінің конструктивтік шешімдері, есептеулері
- •19.Жергілікті тартқыш желдеткіштер. Жалпы жағдайлар
- •20.Жергілікті сорғыштарға қойлатын талаптар, жергілікті сорғыштардың жіктелуі
- •21. Ашық типті жергілікті сорғыштар
- •22. Тартқыш шатырлар, аралас және күнқағар шатырлары
- •23.Әр түрлі типті жергілікті сорғыштарды есептеу
- •24.Тартқыш шкафтар. Жағалық сорғыштар
- •25. Борттық сорғыштар, борттық сорғыштардың есептеулері. Шеңберлік сорғыштар.
- •Жылу арынының әсеріндегі аэрация
- •Аэрацияны қолдану аймағы. Ішкі асқын қысым туралы ұғым.
- •Жылулық күш есебінен болған аэрация.
- •Жел әсерінен болған аэрация. Желдің ғимаратты айналуы.
- •Жалған қысым туралы ұғым. Аэрациялар есептеу әдістері.
- •31.Аэрацияның біраралықты және көп аралықты ғимараттардың есептелуі.
- •32. Біраралықты цехтардың аэрациясын есептеу.
- •33. Көпаралықты цехтардың аэрациясын есептеу.
- •34. Көп қабатты цехтардың аэрациясын есептеу.
- •35.Негізгі пневматикалық көліктердің ауаөткізгіштерін есептеу.
- •36 Ауа ағындарында материал бөлшектерінің орын ауыстыруы.
- •37 Газдардан және шаңнан ауаның тазарту түрлерінің жіктелуі. Шаң- газ тазартқыштарға арналған құрылымдар. Жәй, орташа және күрделі тазартула
- •38 Жеке шаң ұстағыштар және оларды таңдау. Кешенді тазарту.
- •39 Желдету жүйелерін жобалау реті. Жобалау үшін бастапқы мәліметтерді таңдап алу.
- •40 Желдету жүйелердің және қондырғылардың есептеу әдістері мен құрастырылымдары.
17.Ауа себезгісі, оның тағайындауы және қолданылу аймақтары
Ауа себезгісі – тікелей адамға н/е шектелген жұмыс орнына бағытталған ауа ағыны. Барлық бөлмелерде белгілі бір ауа ортасының жағдайын ұстап тұруға бағытталған жалпы желдетуге қажет. Жергілікті ауа беру бөлменің шектелген бөлігінде жергілікті ауа ортасының жағдайын жасауға арналған. Мұндай бөліктерге демалыс демалыс орнындары ж/е жұмысшылар ұзақ уақыт болатын жұмыс орындары болып табылады.
Осылайша адам себезгісінің қолданылатын мақсаты барлық бөлмелердегі үстем ауа ортасының жағдайынан ерекшеленетін ауа ортасының жағдайын жасау болып табылады.
Бұл жағдайлар белгілі бір алдын ала қойылған гигиеналық ж/е физиологиялық талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Ауамен себезгілеуді тұрақты жұмыс орнында қажетті метеорологиялық жағдайларды жылумен сәулелену жағдайында н/е ашық өндірістік процестерде жасау үшін қолданылады.
Технологиялық қондырғылар арнайы жабындар мен жергілікті желдету жүйесі жабдықталмаған жағдайда ауамен себезгілеу пайдаланады.
Ауа себезгісі келесі жағдайда орналастырылады:
1)желдету қондырғыларымен бөлменің барлық көлемінде санитарлық – гигиеналық жағдайда дұрыс жасалынбаған жағдайда;
2)бөлмеде қатаң орнатылған жұмыс орнындағы жұмысшылардың үлкен емес саны болған жағдайда;
3)қарқындылығы 140 Вт/м2 асатын жылу сәулелерінің көзі болған жағдайда;
4)тұрақты жұмыс орнына зиянды заттардың бөлінуімен қатар жүретін ашық технологиялық процестер кезінде зиянды заттардың тралуын болдырмау үшін.
Қажетті ауа температурасын қажет еткен жағдайда адамдардың жылу реттеу қызметі бұзылған жағдайда ауа себезгісі ауа ортасының жағдайын біршама реттеуі тиіс.
Ауа себезгісінің аэрация жолымен желдету кезінде қызметінің маңызы зор. Себебі, ауа беріліс алдынан дайындаусыз, қыздырусыз, салқындатусы берілуі. Ауа себезгісі үшін мұндай алдын ала дайындау үлкен емес шығындармен жүзеге асырылады.
Сыртқы ауа мен ауа себезгісін жобалау үшін жылдық жылы мезгілі үшін а есептік параметрлерін ж/е в есептік параметрлерін кабылдаған жөн.
Жылумен сәулелену кезінде ауамен себезгілеу құрылыс нормасы мен ережесіне сәйкесауа қозғалтқышының жылдамдығы мен температурасын жұмысшылар тұрақты болатын жұмыс орнында қамтамасыз етілуі тиіс.
18.Ауа себезгісінің конструктивтік шешімдері, есептеулері
Ауа себезгісі келесі белгілері б/ша жіктеледі:
ағынды тарату сипаты б/ша
а)шашыратылған ауа берілісімен
б)шоғырланған берілісімен болған бір қатаң жұмыс қолданылады.
2. берілетін ауаның сапасы б/ша
а)берілетін ауаны өңдеумен
б) берілетін ауаны өңдеусіз
3. ауаны жинау орны б/ша
а)сыртқы ауаны жинақтаумен
б)ішкі ауаны жинақтаумен
Ауа себезгісін орнатқан кезде ауа белгілі бір өңдеуге ұшырайды. Яғни, ауа ағынының температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы, газдардың концентрациясы ж/е ауа қозғалысының жылдамдығы өзгеруі мүмкін.
Сәулелік жылумен күресу кезінде ауа ағының жылдамдығын арттыру жеткілікті болып есептеледі. Яғни, ол сыртқы қоршаған ауа температурасының 30°C – тан аспайынша.
Температурасы 30°C – тан асқан кезде ағын жылдамдығын арттыру ағзаның өзін қалыпты сезінуін қамтамасыз етілмейді.
Ауа себезгісіне ауаны беретін жүйе қолданылуы басқа жүйеден жеке жобаламайды. Жұмыс орнына дейін ауаны шығару орнынан ара қашықтықтағы текшенің ең аз диамерті 0,3 м кезінде 1м-ден кем емес қабылдау керек. Сонда ауа ағыны келесідей түрде бағытталуы тиіс;
жұмыс орнында қалыпты температура мен ауа қозғалысының жылдамдығын қамтамасыз ету үшін 45°-қа дейінгі бұрышпен жоғары н/е адам кеудесіне көлденең бағытталуы тиіс.
Жұмыс орнында газ бне шаң б/ша рұқсат етілген концентрацияны қамтамасыз ету үшін 45° бұрышқа дейін жоғары н/е адамның тыныс алу аймағына көлденең бағытталуы тиіс.
Сонда қолайлы температура, қолайлы ауа қозғалысының жылдамдығы жасалады.
Егер жұмыс орнында себезгі иірілімінде қалыпты температураға жету мүмкін болмаса бүркеніштер орнатқан жөн. Ауа себезгі жүйесін жобалауда ауа қозғалысы таратқыштарда қолданылған жөн. Ауа таратқыштарды әдетте еденнен 1,8 м кем емес биіктікке орнатады.
Ауа себезгісін есептеу. Нормаланатын ауа параметрлеріне жету тұрақты жұмыс орнында ауа иірілімінің параметрлерінің шекті мәндерінесептеумен анықталады. Тұрақты жұмыс орнында есептік шамасы келесілерді қабылдау ұсынды:
Ауа иіріліміндегі ауа қоспасының температурасы құрылыс нормасы мен ережесі б/ша нормаланатын мәнге тең ж/е жылулық сәулелену кезінде қарқындылығы 140 Вт/м2 болатын ж/е одан көп норма сәйкес болатын;
Ауа иіріміндегі зиянды заттардың ең төменгі концентрациясы;
Ауа иіріміндегі қозғалыс жылдамдығының нормаланған ережесі б/ша нормаға сай болып табылады.
Есептеу кезінде себезгілейтін ауа таратқыштан типтік өлшемі анықталады Ғо ж/е ауаны шығару жылдамдығы ϑо ж/е ауа таратқыштағы ауа шығыны αо анықталады.
Есептеу тұрақты жұмыс орнында нормаланған ауа параметрлерін қамтамасыз ету шартынан келесі формуласы б/ша жүргізіледі:
Жылу бөліне ж/е ауаны адиабаталық салқындату н/е салқындатусыз кезінде алынған температураны нормалау:
tнорм> t0
x- ауа тартқыштың жымыс орнына дейінгі қашықтық
n, m – сәйкесінше ауа таратқыштың жылдамдығы(m) ж/е температурасының (n) коэф.
Жылу бөліну ж/е tнорм ( tнорм< t0 ) кезінде адиабаталық салқындату кезінде алынған келесі формуласымен анықталады:
Бұл жағдайда ауаның жасанды емес салқындату талап етеді.