
- •Курстың міндеттері. Өнеркәсіптік желдеткіштердің даму тарихы бойынша қысқаша мағлұматтар.
- •Өнеркәсіптік желдеткіштердің міндеттері мен тәжірибелік, ғылыми негіздері. Ұқсас пәндермен курстың байланысы.
- •Өнеркәсіптік мекемелердегі ауалы ортаның санитарлы-гигиеналық шарттары туралы жалпы мағлұмат.
- •Ауа құрамын талдаудың әдістері. Қауіптердің сапалық және сандық талдауы, олардың шығу көздері.
- •Адам ағзасына ауа ортасы қоспаларының әсері.
- •6. Өнеркәсіптік желдеткіште қолданылатын аэродинамиканың негізгі заңдары.
- •7. Желдеткіш жүйелерінің негізгі теориялары
- •Жүйелердің аэродинамикалық сипаттамаларының есептік әдістері.
- •Ағынды және тартатын жергілікті желдеткіштер, оның түрлері мен жүзеге асыруға арналған құрылғылары туралы ұғым.
- •Ағынды құйылыстардың жалпы сипаттамасы
- •11. Ауаның әуе шымылдықтарындағы, әуе себезгілеріндегі қозғалыс заңдары. Ауа таратушылары туралы ұғым.
- •12. Сору саңылауларында ауа қозғалысы кезіндегі жалпы тәуелділік.
- •13. Аcпирация жүйесі, жергілікті сору есебі мен топтау қағидаты.
- •14. Жалпы алмасатын желдеткіш туралы ұғым.
- •17.Ауа себезгісі, оның тағайындауы және қолданылу аймақтары
- •18.Ауа себезгісінің конструктивтік шешімдері, есептеулері
- •19.Жергілікті тартқыш желдеткіштер. Жалпы жағдайлар
- •20.Жергілікті сорғыштарға қойлатын талаптар, жергілікті сорғыштардың жіктелуі
- •21. Ашық типті жергілікті сорғыштар
- •22. Тартқыш шатырлар, аралас және күнқағар шатырлары
- •23.Әр түрлі типті жергілікті сорғыштарды есептеу
- •24.Тартқыш шкафтар. Жағалық сорғыштар
- •25. Борттық сорғыштар, борттық сорғыштардың есептеулері. Шеңберлік сорғыштар.
- •Жылу арынының әсеріндегі аэрация
- •Аэрацияны қолдану аймағы. Ішкі асқын қысым туралы ұғым.
- •Жылулық күш есебінен болған аэрация.
- •Жел әсерінен болған аэрация. Желдің ғимаратты айналуы.
- •Жалған қысым туралы ұғым. Аэрациялар есептеу әдістері.
- •31.Аэрацияның біраралықты және көп аралықты ғимараттардың есептелуі.
- •32. Біраралықты цехтардың аэрациясын есептеу.
- •33. Көпаралықты цехтардың аэрациясын есептеу.
- •34. Көп қабатты цехтардың аэрациясын есептеу.
- •35.Негізгі пневматикалық көліктердің ауаөткізгіштерін есептеу.
- •36 Ауа ағындарында материал бөлшектерінің орын ауыстыруы.
- •37 Газдардан және шаңнан ауаның тазарту түрлерінің жіктелуі. Шаң- газ тазартқыштарға арналған құрылымдар. Жәй, орташа және күрделі тазартула
- •38 Жеке шаң ұстағыштар және оларды таңдау. Кешенді тазарту.
- •39 Желдету жүйелерін жобалау реті. Жобалау үшін бастапқы мәліметтерді таңдап алу.
- •40 Желдету жүйелердің және қондырғылардың есептеу әдістері мен құрастырылымдары.
13. Аcпирация жүйесі, жергілікті сору есебі мен топтау қағидаты.
Аспирация, сорып алу — жұмыс орындарының ауасын тазарту үшін шаңды және өндіріс процесінде пайда болатын ұсақ қоқымды сорып алу.
ауа арнасы - таза немесе ластанған ауаны тасымалдауға арналған құбыр;
дефлектор - бөлмедегі ауаны жоюға арналған ауа арнасы бітетін шетіндегі басы;
жалпы алмасу желдеткіші - бүкіл бөлме көлеміндегі ауаның алмасуын қамтамасыз ететін желдету;
желдету қондырғысы - жетек, желдеткіш және басқару мен бақылау аппараттарының жиынтығы;
желдету жүйесі - өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндіріс бөлімдерінде және жұмыс орындарында қалыпты атмосфералық ортаны қамтамасыз ету мақсатымен бір-бірімен бір жиынтыққа байланысқан құрылғылар, жабдықтар (жетек, желдеткіш, ауа арналары, бақылау және басқару аппараттары) жиынтығы;
жергілікті желдету (аспирация) - залалдарды тікелей пайда болған жерлерден жоюды қамтамасыз ететін желдету.
Өндірістік шаңдар – әртекті формада,өлшемде қатты заттардың бөлшектерінен тұратын өнеркәсіптік жұмыстар нәтижесінде түзілетін дисперсті жүйе. Олардың физика-химиялық қасиеттері де әр түрлі болады. Минералды шаңдардың ұсақ бөлшектері жұмысшылар дем алатын ауада таразылау түрінде болады.
Шаңмен күресу шараларындағы негізгі бағыт жұмысшы ғимараттарда оның ауаға түзілгені немесе түскені туралы ескерту болып табылады. Технологиялық процесс шаңды толығымен жоюға немесе ең болмаса минимумға дейін жеткізсе бұл да бір шаралардың бірі болады. Осы мақсатта құрғақ шаңды материалдарды ылғал, пастотәрізді және ерітінділермен максималды ауыстыру қажет. Егер технологиялық шартта материалды құрғақ күйінде пайдалану керек болса онда парашоктәріздестің орнына шаңдануы аз брикет, дәрі түрінде қолдану керек. Бұл дайын өнімге, қосымша өнімге, шикізат материалдарына, өндіріс қалдықтарына қатысты.
14. Жалпы алмасатын желдеткіш туралы ұғым.
Желдету (татынша: ventіlatіo — желдету) — үй бөлмелерінде, өндіріс орындарында, т.б. реттеулі ауа алмастыруға, адам денсаулығына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ технологиялық процестердің талаптарына сай құрал-жабдықтар мен құрылыстық құрылымдарды, материалдарды, азық-түлікті, т.б. сақтауға арналған шаралар жүйесі.
Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді. Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.
Жалпылай алмастыра желдету бөлмеде бөлінетін шектен тыс зиянды заттардың, жылу мен будың таза ауамен залалсыз шекке дейін араласуына негізделген. Ал жергілікті желдетуде зиянды заттар (газ, бу, т.б.) олардың пайда болатын жерлерінен сору құралдары арқылы тысқа шығарылады. Бұл әдіс шектеулі кеңістікте ғана қолайлы ауа ортасын тудыра алады. Желдету үйдің және сыртқы температураларының айырмашылығы мен желдің әсерінен (мысалы, үймерет аэрациясы) болатын табиғи желдету және механикалы әсер ету арқылы (ауа желдеткіштер арқылы қозғалысқа түсіріледі) атқарылатын механикалық желдету болып ажыратылады.
Ауа алмастыруды қамтамасыз ететін техникалық құрал-жабдықтар жиынтығы да желдету деп аталады. Сырттан сорылып алынатын ауаны шаң-тозаңнан тазарту үшін желдету жүйелеріне ауа сүзгілер орнатылады, ал тысқа шығарылатын ауа шаң тұтқыштар — абсорбер және адсорберлер арқылы тазартылады.
Табиғи жолмен желдету - ашық терезелер немесе люктар арқылы ауаның еркін алмасуымен қамтамасыз етілетін желдету.
Картерді жабық түрде желдету - қозғауыш цилиндрларына ауа сүзгісі арқылы картерлік газдарды сорып алуды қамтамасыз ететін желдету.
Картерді ашық түрде желдету – атмосферадағы эжекциялық түтік арқылы қартерлік газдарды сорып алуды қамтамасыз ететін желдеткіш
Жанармай багін (сауытын) желдету – жанармайдың ең жеңіл фракцияларының булануын азайту және сиретілудің пайда болуын болдырмау мақсатымен автомобильдің бензин құятын багінің (сауытының) ішкі куысын атмосферамен қосатын желдету жүйесі.
15. Өндірістік мекеменің ауа алмасуының есеп қағидасы. Зиянды заттардан жұмысшыларды қорғау үшін, егер өндірістік бөлмелердің ауасына зиянды заттардың түсуін толығымен жоюға болмайтын жағдайда, өндірістік бөлмеде ұйымдастырылған және тұрақты ауаалмасуды, жайлы метеорологиялық жағдайларды, сондай-ақ ауа ортасын құрамының жайлығын құруды қамтамасыз ететін – желдетуді пайдаланады. Ауаның ауысуын шақыратын күштен байланысты табиғи және жасанды (механикалық) желдету болады.
Табиғи желдетуде ауа алмасуы бөлмедегі ауа температурасынан және сырттағы жылудың режімінен, әрі желдің әсерінен іске асырылады. Ол ұйымдастырылмаған (инфильтрация) және ұйымдастырылған (аэрация) болып бөлінеді. Инфильтрация бөлмедегі саңылаулар немесе ғимараттың құралымдық тығызсыздығы арқылы кіретін, сондай-ақ желдің әсерінен ауаның алмасуын білдіреді. Аэрация терезе, форточкалар, желдеткіш арналар, дефлекторлар арқылы іске асырылады, табиғи желдету қарапайым және пайдалануда үнемді болады, бірақ оның кемшілігі – келетін ауа бөлменің температурасын, ылғалдылығын және сондағы қосымша шаңдардың құрамын өзгертпейді.
Механикалық желдетуде ауаның алмасуы ауа арнасы жүйесі арқылы желдеткіштің көмегімен іске асырылады. Қызметінің қағидасы бойынша ол кірме ағындық желдету, сыртқа тарта желдету, кірме ағындық-сыртқа тарта желдетулер болуы мүмкін. Осы жағдайда ауа параметрлері мақсатты (бір бағытта) өзгеріп және реттеле алады.
Микроклиматтың оңтайлы параметрлері құрудың көзқарасынан ең дұрысы ауабаптағыш қондырғыларды пайдалану болып табылады. Ауаны баптау - өндірістік бөлмелердің жұмыстық аумағында тұрақты немесе автоматты іске асырылатын ауа ортасының берілген программасы бойынша өзгеріп отыратын ауаның параметрлерін құру және ұстап отыру болады.
Қолайсыз микроклимат болған жағдайда жеке қорғаныс құралы (ЖҚҚ) ретінде өндірістік киімдер – халат, комбинизон, резеңкелі алжапқыштар, шалбарды қолданады. Қолды улы заттардың, майдың, судың тері арқылы өтуіне кедергі жасайтын крем немесе пастаның көмегімен қорғайды. Тыныс органдарын қорғау үшін сүзгілейтін және оқшаулайтын аспаптар – респираторлар, сондай-ақ ауаны тазартатын шлангті противогаздарды пайдаланады.
Егер бөлменің көлемі бір жұмысшыға 20м3 кем болса, санитарлық нормаға сәйкес әр жұмысшыға 20м3/сағ және 30м3/сағ кем емес таза ауа беріліп отыру керек. Зиянды заттар жоқ болған кезде бір жұмысшыға 40м3 астам көлемді бөлмелерге берілетін ауаның саны есептелмейді.
Жұмыстық сумақтың ауасындағы зиянды заттардың құрамын әртүрлі тәсілдер арқылы жүйелі бақыланып отырады.
Өндірісте жұмыс процестері бөлмелерде, жұмыс орындарында жалпы санитарлық – гигиеналық талаптарға сай ауаның температурасын, ылғалдылығын және тазалығын микроклиматтық ГОСТ бойынша қабылдайды.
Метрологиялық талаптар бойынша әр өндірістің (мал және құс өндірістерінің, ұн, астық сақтау қоймаларының, мұздатқыш орындарының т.б. өндірістердің) талаптарға сай өз нормалары болады. Тек қана далада, таулардағы аймақтарда, жер асты жүргізілетін жұмыстардың стандартқа сай микроклиматы есептелінбейді.
Өндіріс аймағының ауасы әр мезгілге (сезонға) байланысты, жұмыстың түрлеріне байланысты қабылданады. Ол жердегі ауаның тазалығына, жұмыс баптарына, бөлмелердің жылылығына мән беріледі.
Өндірістегі 50-1002 жердің көлемі бойынша жұмыстың түрі жеңіл болса 120С, 100С – ауырлау жұмысқа, 80С - өте ауырлау жұмыстардың түрлеріне стандарттағы норма бойынша қабылданады. Әр мекемелерде, өндірістерде, цехтарда жұмыс атқарушы қызметкерлер және жұмысшылар адам организіміне кері әсерін тигізетін қандай зиянды заттардың болатынымен алдын-ала танысу керек. Бөлмеде зиянды, улы заттар басым болса, қорғаныс құрал-бұйымдарын талап етуге құқылы.
16.Өнеркәсіптік өндірістіңәртүрліфакторларбойыншаауаныңмөлшерінесептеуқағидалары
Жұмыс аймағына берілетін сыртқы ауаның көлемі анықтау
Сыртқы ауаны берудiң нормасы 1 адамға Lсн=20м3/сағ.
n - негізгі өндірісте жұмыс істейтін адамдар саны.
Ауа алмастыруды есептеу
Өндірістік орындардағы барлық масштабтағы ауа алмастыруды және тек белгілі жұмыс аумағындағы масштабтағы ауа алмастыруды жүзеге асыратын желдетуді, жалпы алмастыру жүйесі іс әрекет жүріп жатқан жерлерде алмастырылады:
K=
V ─желдету ауасының көлемі,
VПОМ- өндіріс орнының көлемі.
Көмір қышқылының ауа алмасын есептеу.
Әр адам q = 23 л/сағ СО2бөліп шығарады. Бөлмеде адамның аз уақыт болған кездегі СО2шекті концентрациясы К2.
К1 – СО2 сыртқы ауадағы концентрациясын 0-ге тең.
G=N*q
N – адам саны
Өндірістік құрылғылар бөлетін жылу мөлшерін анықтау.
860 – 1кВт/сағ сәйкес жылу;
Роб– құрылғы тұтынатын қуат мөлшері, кВт/сағ;
n – бөлмеге көшетін жылу мөлшері, n=0.95 деп алынады.
Газ қалдықтары атмосфераға бір мезгілде шығып жатқанын анықтау (жылына)
М
і=
Т – жұмыс істеп тұрған қондырғының уақыты ,жыл , сағат , секунд.
Т - 320 – жұмыс істеп тұрған күн саны; 24 – 1 күеде жұмыс істеп тұрған сағат саны; 3600 – 1 сағаттағы секунд саны.
Бірдей мезгілде шығып жатқан газдардың мөлшері (секундына) , г/с
Мі=
Мі – і-затының массалық тастамалары , г/с ;
VГ – газ шығыны , г/с ;
Сі – і-затының концентрациясы , мг/м3 .