Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Желдету шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
983.81 Кб
Скачать
  1. Ағынды және тартатын жергілікті желдеткіштер, оның түрлері мен жүзеге асыруға арналған құрылғылары туралы ұғым.

Желдету  ─ бұл ұйымдастырылған ауа ауыстыруға арналған, яғни, өндірістік орындардағы ластанған немесе өте ысытылған (салқындатылған) ауаны жойып және оның орнына жұмыс орнында таза және салқындатылған ауа ортасын қамтамасыз ететін өзара байланысқан процедуралар кешені. Өндірістік желдету  жүйесі механикалық және табиғи болып бөлінеді. Бұл екі желдету түрлерінің үйлесімі әр түрлі нұсқада болуы мүмкін. Бірінші  жағдайда ауа ауыстыру арнайы желдеткіштерді іске қосатын қоздырғыштар көмегімен, ал екінші жағдайда сыртқы және ішкі өндірістік орындарда ауа алмастырудың әртүрлілігі, сонымен қатар желдік жүктеме қысымы көмектерімен жүзеге асырылады. Өндірістік орындардағы барлық масштабтағы ауа алмастыруды және тек белгілі жұмыс аумағындағы масштабтағы ауа алмастыруды жүзеге асыратын желдетуді, жалпы алмастыру жүйесі іс әрекет жүріп жатқан  жерлерде алмастырылады.

Жалпы алмастыру жүйесі құйылатындармен, тартатындармен және құйылатын─тартатындармен болуы мүмкін. Құйылатын-тартатын табиғи желдету аэрация деп аталады. Жергілікті жүйелер тартатын және құйылатын болуы мүмкін.

Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді.

Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.

Пайдалану кезінде жұмыс аймағының ауасына зиянды заттар мен шаңның бөлінуі мүмкін жабдық жергілікті сорғымен жабылатын жабумен жабдықталады. Жергілікті сорулар жұмыс жүргізу үшін кезеңдік немесе тұрақты ашық ойығы бар, соратын шкаф түрінде, тұтас жабу ретінде орындалады. Тұтас жабу құрылғысын орналастыру мүмкін болмаған жағдайда шатырлар қарастырылады. Қауіптілігі 1-ші және 2-ші санатты зиянды заттарды, жарылысқа қауіпті заттарды жоятын жергілікті соруларды іске қосу технологиялық жабдықты іске қосумен блокталған. Қауіпсіздік талаптары: 1.Қосындыларды елеу және бөліп өлшеу учаскелерінде, резеңкелік қоспаларды, техникалық көміртектің шанап қоймаларын, өзге де шаң көп бөлінетін өндірістік учаскелерінде шаңды жинау үшін қондырғылар бар. 2.Көп мөлшерде зиянды газдардың бөлінуі мүмкін, бұйымдарды термостаттау учаскесінде жалпы айналым және жергілікті соратын желдеткіштердің ауа жеткізгішін, жарылыс өртқауіпті ортадағы бөлмеден ағатын және соратын желдеткіштерінің ауа жеткізгішін басқа санатты бөлмелер арқылы салуға жол берілмейді. Ауа жеткізгіштердің қабырғадан өтетін жерлер қамтылады.

3.Бытыра ағыны қондырғысының камераларында камераға кіре беріс аймақта ауаның 0,8 м/с кем емес қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз ететін, соратын желдеткіштер қарастырылады. 4. Резеңке – техникалық бұйымдар (РТБ) өндірістерінде вулканизацияланған бұйымдарды салқындату орындары тартып алатын желдеткіштің жергілікті соруларымен жабдықталады. 5.Жергілікті соратын желдеткіш қондырғылары технологиялық жабдықпен блокталған, олар технологиялық жабдықтың іске қосылуынан 3-5 минут бұрын қосылады және жұмыс аяқталғаннан соң 3-5 минуттан кейін өшіріледі. 6.Тартпа және жалпы ауыспалы соратын желдеткіш қондырғылары технологиялық үрдістің басталуынан 10-15 минут бұрын іске қосылады, және де алдымен соратын, кейіннен тартпа желдеткіш қондырғылары іске қосылады.7. Тартпа және жалпы ауыспалы соратын қондырғылар технологиялық үрдіс аяқталғаннан соң 10 - 12 минуттан кейін өшіріледі. Алдымен тартпа, ал кейіннен соратын қондырғылар өшіріледі.8. Жанатын булардың және ауасы бар газдардың жарылуға қауіпті қоспаларының қалыптасуы мүмкін учаскелер мен бөлмелерде жанатын булар мен газдардың жарылуға дейінгі шоғырлану құрамын белгілейтін, дабыл белгісі бар газды талдау құралдары орнатылады. Дабыл белгісі іске қосылған жағдайда басқарушыға, тұрақты түрде жұмысшылар болған жағдайда газдалған бөлмеге және жұмысшылар тұрақты түрде болған жағдайда бөлмеге кіретін жерлерге жарық және дыбыс белгілерін беру қамтамасыз етіледі.Жарылуға дейінгі шоғырлану құрамын белгілейтін дабыл беру жүйесі іске қосылған жағдайда апаттық желдеткіш автоматты түрде іске қосылады және ғимараттың сыртында негізгі кіре беріс есіктердің жанында орналасқан, қолмен іске қосу құралы арқылы қайталанады.9. Желдеткіш камераларының іші таза ұсталады. Осы бөлмелерді әр түрлі материалдар сақтау үшін пайдалануға және оларды бөтен заттармен үйіп тастауға жол берілмейді. 10. Желдеткіш камераларына қоймалардан, шаң мен зиянды затардың маңызды бөлінуімен сипатталатын немесе жарылуға қауіпті өндірістері бар өндірістік бөлмелерден кіре беріс есіктерін орнатуға жол берілмейді.11. Өндірістік бөлмелердің жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың құрамы шекті рұқсат етілген мөлшерден аспайды.12. Құрылыс және монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін желдеткіш жүйелері реттеледі және жобалық қуатқа дейін жеткізіледі. Желдеткіш жүйелерінің тиімділігін құралмен тексеру технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.13. Желдеткіш жүйелерін жөндеу, тазалау және алдын алуды қарау жұмыстары ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кестеге сәйкес, жүргізілген жұмыстарды жөндеу журналына тіркеле отырып жүргізіледі.14. Машиналар мен агрегаттардан өртке қауіпті газдарды, булар мен шаңды алуға арналған жергілікті соратын желдеткіштер орнатылған жерлер мен жабуларда шырағдандарды орнату.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]