Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Желдету шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
983.81 Кб
Скачать

7. Желдеткіш жүйелерінің негізгі теориялары

Желдеткіш (латынша: ventilation – желдету) – өндіріс орындарын желдетуге, аэроқоспаларды құбырмен тасымалдауға, т.б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын тудыратын қондырғы.

Аэрация - құрамындағы органикалық заттарды жылдам тотықтыру үшін әртүрлі орталардың ауамен жасанды қанығуы;

Ауамен себезгілеу - үй-жайға салқын ауаның, газдың, будың, шаңның түсуінің алдын алуға арналған жергілікті желдеткіш;

Зиянды заттар - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы  санитариялық талаптарға  сәйкес ауадағы рұқсат етілген шекті шоғырланудан асатын, адамның организміне теріс әсер ететін заттар;

Зиянды өндірістік фактор - қызметкерге әсері ауруға немесе еңбек қабілетін төмендетуге және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсер етуге алып келуі мүмкін өндірістік фактор;

Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар - технологиялық жабдықты пайдаланатын және адамдардың еңбегі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістері орналастырылған өндірістік объектілер;

Объектінің қауіптілік сыныбы - қуатына, пайдалану жағдайына, қоршаған ортаға бөлінетін ластайтын заттардың сипатына және мөлшеріне, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер ететін шуға, дірілге, иондамайтын сәулеленуге байланысты белгіленетін, кейіннен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, қызметтің осы түрін жүзеге асыратын жобалау ұйымы анықтайтын объектінің санаты;

Өндірістік объект — адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын үдерістерді, жабдықтарды және технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын өнім шығарумен, жұмысты орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты шаруашылық қызметінің объектісі;

Рециркуляция - температураны және қоспалардағы компоненттердің шоғырлануын реттеу мақсатында технологиялық үдеріске газдар, сұйық және қатты заттар ағымының көп мәрте, толық немесе ішінара қайтуы;

Экрандалған үй-жайлар - радиоаппаратураны пайдалану, монтаждау, жөндеу және сынау кезінде, әртүрлі жоғары вольтты қондырғылар мен генераторлар тудыратын электромагниттік өрістерді (бұдан әрі — ЭМӨ) орналастыру кезінде қызмет көрсететін персоналды электромагниттік өрістің әсерінен қорғау, қабылдаушы құрылғылар мен арнайы өлшеу, есептеу және басқа да аппаратураны сыртқы ЭМӨ әсерлерінен қорғау мақсатында жабдықталған үй-жайлар.

  1. Жүйелердің аэродинамикалық сипаттамаларының есептік әдістері.

Аэродинамика газ тәрізді ортаның механикасы болып табылады. Онда ретсіз молекулалық қозғалыстар орын алады. Д.Аламбер және Эйлер ауаны тұтас орта деп есептеді. Осы газ тәрізді ортаның тұтастығы туралы пастулат молекула өлшемінен бірнеше есе асып түсетін ауа көлемінің қозғалысын зерттеуге мүмкіндік берді. Аэродинамиканың шығын теңдеуін 2формада жазады. 1) ағын жылдамдығының көлденең кесіндісі бойынша орташаландырылған шама арқылы

ρ1 A1 ν1 = ρ2 A2 ν2

мұндағы ρ1, ρ2 – ауа тығыздығы

ν – ағынның көлденең кесіндісіндегі орталықтандырылған жылдамдығы

A – ағынның көлденең кесіндісінің ауданы

2)Осьті жылдамдық арқылы

νорт = К νось

К – жылдамдық өрісінің коэффициенті

К1 ρ1 A1 ν1 = К2 ρ2 A2 ν2

К = νорт / νось =

= ν / νось, = da/A

Бернулли теңдеуі. Бұл теңдеу көлемдік және беттік күштердің жылудың әсеріндегі ағынды элементарлық ауа көлемінің қозғалысын қарастырғын кезде алынған. Оны жазу формуласы:

  1. Жалпы формуласы

Xdx + Ydy + Zdz = dP/ρ + d( ) + gdh

X,Y,Z – координата осьтеріндегі үдеу проекциясы

dx, dy, dz – ds қашықтығындағы проекция соған қарай ағын көлемінің ауырлық ортасы ығысады.

dP – ағынның көлденең кесіндісі жазықтығына перпендикуляр түскен қысым өзгерісі.

ρ – ауа тығыздығы, g – үдеу

dh – ауаның бірлік массасына келтірілген тартылыстағы элементарлы энергия шығыны.

  1. Қарапайым формуласы – көлемдік күштерден тек ауырлық күші әсер етеді.

z + ρ /ρg + ν2 / 2g + h =const

Қозғалыс мөлшерінің теңдеуі. Элементарлы ағымдағы бөлінген ауа көлеміне импульс күші теңдеуін енгізу жолымен алынған. Импульсті нәтиже күштері қозғалыс санының геометриялық ағынының айырмасына тең

Rn = β2 ρ2 A2 ν22 cosθ – β1 ρ1 A1 ν12 cosθ1

β – Буссинеск коэффициенті

θ – жылдамдық векторы бағыты мен сызығы арасындағы бұрыш.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]