Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Желдету шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
983.81 Кб
Скачать
  1. Ауа құрамын талдаудың әдістері. Қауіптердің сапалық және сандық талдауы, олардың шығу көздері.

  1. Адам ағзасына ауа ортасы қоспаларының әсері.

Адам ағзасына ауа парметрлерінің келесі түрлері әсер етеді: температура, ауадағы зиянды заттардың концентрациясы, ылғалдылық, артық мөлшерде жылу бөліну. Температура қалыпты болғаны жөн, ол төмен не болмаса жоғары болса өзіндік әсерлер тудырады. Мәселен, егер төмен болса, адмға суық тиіп қалуы мүмкін, егер жоғары болса, ылғал көбейіп адамның басы айналып, жүрегі айнып, еңбек қабілеттілігі төмендейді. Ауадағы зиянды заттарға келетін болса, мысал үшін шаң, егер ауада шаң көп мөлшерде немесе тұрақты болса, онда ол адам ағзасына көп мөлшерде жиналуы мүмкін, сол кезде пневмоканиоз деген ауыру туады. Сол сияқты химиялық зиянды заттарды алсақ, олар ауа құрамына түссе, онда адам ағзасына, соның ішінде тыныс жолдарына, тамақ қуысына әсерін тигізеді,, сонымен қатар адамның жүрегі айну деген сияқты белгілер байқалады.

Адам ағзасы үнемі жылу бөліп отырады, ол жылу қоршаған ортаға беріледі. Ал ол болмаған жағдайда ағзаның қызып кетуі орын алады. Ерекше ауыр жағдайда да (металлургиялық және басқа да өндірістің ыстық цехтарында жылулық соққы деп аталатын құбылыс байқалып адамдар есінен танады).

Химия өндірісі жұмысшылар ауруының және улануының потенциалдық өнеркәсіп саласына жатады. Бұл еңбек процесі кезінде көптеген зиянды химиялық заттармен жұмыс істеуіне байланысты. Зиянды заттар деп адам организмімен контакт кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан өндірістік жарақаттар мен аурулар, не денсаулық күйінің нашарлауына әкелетін заттарды айтады. Уланудың 2 түрі бар: бірден улану және ұзақ уақыт улану. Уланудың қай түрі болмасын, зиянды зат әсерін сипаттайтын оның физиологиялық активтілік дәрежесі мен токсикология анықтайды. Зиянды заттардың физиологиялық активтілігін медицина ғылымның бір саласы токсикология ғылымы зерттейді. Токсикология бойынша зиянды заттар адам денсаулығын нашарлатады, не адамды өлтіретін заттар. Токсикология міндеті-өндірісте қолданылатын химиялық заттардың зияндылығын анықтап, оларға қарсы күшін азайтатын заттар дайындап және алдын-ала профилактика жүргізу. Токсикологияның басты мақсаты- уланудан сақтандыру, сондықтан да ол химия өнеркәсібінде еңбек гигиенасының негізі болып саналады, ол зиянды заттарды жіктейді және оның шекті рұқсат етілген концентрациясын (ШРЕК) жасайды. МЕСТ және еңбекті қорғаудың стандарт жүйесі бойынша зиянды заттарды қауіптілігіне байланысты 4 классқа жіктейді: 1. төтенше қауіпті заттар; 2. аса қауіпті заттар; 3. қауіпті заттар; 4. қауіптілігі аз заттар.

Қоршаған орта мен ауа параметрлерінің ең маңызды үйлесімді әсерлері:

  • қоршаған орта мен ауа температурасы нәтижесі температурамен бағаланады;

  • ауа температурасы мен салыстырмалы ауа ылғалдылығы тиімді температурамен бағаланады;

  • ауа температурасы, ауа ағынының жылдамдығы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, эквивалентті тиімді температурамен бағаланады.

6. Өнеркәсіптік желдеткіште қолданылатын аэродинамиканың негізгі заңдары.

Аэродинамика-(грекше air-ауа ,dynamic-куш) ауа қозғалыс заңдарын және онда қозғалатын денелердің бетіне әсер ететін күштерді зеттейді.Аэродинамика газ тәрізді ортаның қозғалысының және оның денемен өзара әрекетінің заңдарын зерттейтін механиканың бөлігі.Авиация ,космостың ,ракета және басқа техникада жоспарлау кезінде кеңінен қолданылады.Аэродинамика теориялық(газ қозғалысының заңдылығын және оның денеге ықпал етуін эерттейді)және эксперименттік(газ қозғалысы және оның айнала ағу денелерімен,аиап айтқанда ,аэродинамикалық трубалар модельдеріндегі немесе ұшу аппараттарында өзара әрекетін зерттейді)болып бөлінеді.Аэродинамиканың негізгі мақсаты-қозғалыстағы денеге газ әсер ету кезінде пайда болады.Күш пен жағдайда ұшу аппараттарының аэродинамикалық сипатқа ие болуын зерделеу

Аэродинамикалық күштер — ауада не газды ортада қозғалушы денеге әсер ететін күштер. Ауадан ауыр ұшатын аппараттардың ұшуы ауа ағысының кезінде пайда болатын осы күштерді пайдалануға негізделген. Аэродинамикалық күштердің көлемі ауа ағысының жылдамдығына, ауа тығыздығына, дененің бітіміне, жоғары сыртқы беттің жай-күйіне байланысты.Аэродинамика жеке ғылым ретінде 20 ғасырдың бас кезінде авиацияның дамуына байланысты қалыптасты.Аэродинамакада жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан төмен(340м/с )қозғалыстар қарастырылады.Сондықтан ол ұшу аппараттары қалақты машиналарды жасауда теория негізі болып табылады.Аэродинамиканың негізгі шешетін мәселесі – аэродинамик. көтеруші күшті жоғарылату, аэродинамикалық кедергіні азайту жолдарын іздестіру. Аэродинамика теориясы аэромеханикалық теңдеулер түрінде дәлелденеді. Аэродинамиканың тәжірибелік әдістері арқылы (мысалы, аэродинамикалық құбырда сынау) ұқсастық теориясына сүйене отырып ұшу аппараттарына әсер ететін аэродинамик. күштер (алдымен кішірейтілген модельді сынау арқылы) анықталады. Ал авиациялық емес аэродинамикада (өнеркәсіптік Аэродинамика) жел қозғалтқышы, ауа ағынды аппараттар (эжекторлар), желдеткіш техникасы (ауа кондиционерлері), жер көлігінің (автомобильдер, поездар) қозғалысына байланысты пайда болатын аэродинамикалық күштер, сондай-ақ үйлер мен ғимараттарға желдің әсері, т.б. қарастырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]