
- •Курстың міндеттері. Өнеркәсіптік желдеткіштердің даму тарихы бойынша қысқаша мағлұматтар.
- •Өнеркәсіптік желдеткіштердің міндеттері мен тәжірибелік, ғылыми негіздері. Ұқсас пәндермен курстың байланысы.
- •Өнеркәсіптік мекемелердегі ауалы ортаның санитарлы-гигиеналық шарттары туралы жалпы мағлұмат.
- •Ауа құрамын талдаудың әдістері. Қауіптердің сапалық және сандық талдауы, олардың шығу көздері.
- •Адам ағзасына ауа ортасы қоспаларының әсері.
- •6. Өнеркәсіптік желдеткіште қолданылатын аэродинамиканың негізгі заңдары.
- •7. Желдеткіш жүйелерінің негізгі теориялары
- •Жүйелердің аэродинамикалық сипаттамаларының есептік әдістері.
- •Ағынды және тартатын жергілікті желдеткіштер, оның түрлері мен жүзеге асыруға арналған құрылғылары туралы ұғым.
- •Ағынды құйылыстардың жалпы сипаттамасы
- •11. Ауаның әуе шымылдықтарындағы, әуе себезгілеріндегі қозғалыс заңдары. Ауа таратушылары туралы ұғым.
- •12. Сору саңылауларында ауа қозғалысы кезіндегі жалпы тәуелділік.
- •13. Аcпирация жүйесі, жергілікті сору есебі мен топтау қағидаты.
- •14. Жалпы алмасатын желдеткіш туралы ұғым.
- •17.Ауа себезгісі, оның тағайындауы және қолданылу аймақтары
- •18.Ауа себезгісінің конструктивтік шешімдері, есептеулері
- •19.Жергілікті тартқыш желдеткіштер. Жалпы жағдайлар
- •20.Жергілікті сорғыштарға қойлатын талаптар, жергілікті сорғыштардың жіктелуі
- •21. Ашық типті жергілікті сорғыштар
- •22. Тартқыш шатырлар, аралас және күнқағар шатырлары
- •23.Әр түрлі типті жергілікті сорғыштарды есептеу
- •24.Тартқыш шкафтар. Жағалық сорғыштар
- •25. Борттық сорғыштар, борттық сорғыштардың есептеулері. Шеңберлік сорғыштар.
- •Жылу арынының әсеріндегі аэрация
- •Аэрацияны қолдану аймағы. Ішкі асқын қысым туралы ұғым.
- •Жылулық күш есебінен болған аэрация.
- •Жел әсерінен болған аэрация. Желдің ғимаратты айналуы.
- •Жалған қысым туралы ұғым. Аэрациялар есептеу әдістері.
- •31.Аэрацияның біраралықты және көп аралықты ғимараттардың есептелуі.
- •32. Біраралықты цехтардың аэрациясын есептеу.
- •33. Көпаралықты цехтардың аэрациясын есептеу.
- •34. Көп қабатты цехтардың аэрациясын есептеу.
- •35.Негізгі пневматикалық көліктердің ауаөткізгіштерін есептеу.
- •36 Ауа ағындарында материал бөлшектерінің орын ауыстыруы.
- •37 Газдардан және шаңнан ауаның тазарту түрлерінің жіктелуі. Шаң- газ тазартқыштарға арналған құрылымдар. Жәй, орташа және күрделі тазартула
- •38 Жеке шаң ұстағыштар және оларды таңдау. Кешенді тазарту.
- •39 Желдету жүйелерін жобалау реті. Жобалау үшін бастапқы мәліметтерді таңдап алу.
- •40 Желдету жүйелердің және қондырғылардың есептеу әдістері мен құрастырылымдары.
40 Желдету жүйелердің және қондырғылардың есептеу әдістері мен құрастырылымдары.
Желдету қондырғыларының өндiрiстегі негiзгi жұмысы - машиналарды, механизмдерді және өндiрiстiк бөлмелердi шаңнан тазарту. Астықты қабылдау, орын ауыстыру, тазарту және өңдеу процестері кезінде шаң пайда болады. Астықты өңдеу кезінде көп мөлшерде жылу мен ылғал бөлінеді, бұл шаңмен бірге зеңнiң және микроорганизмдардың пайда болуына әкеліп соғады. Желдету желiлерiнiң дұрыс жұмыс істемеуі немесе оның болмауынан өнiм желімденіп қалады. Станоктардағы біліктердің бұдыр беттері мен елеуiштердiң тесіктері бітеліп, соның салдарынан өнiмнiң ұнтақталуы нашарлайды, сүзетiн бетi азаяды. Бұл технологиялық процестің дұрыс жүруіне кедергі келтіріп, кәсiпорынның өнiмдiлiгiн азайтады және өнiм сапасын нашарлатады. Ауа беру тәсіліне байланысты шаң ажыратқышты сықайтын және соратын желдету қондырғыларына бөледі. Сықаушы желдету желiсi - бұл тозаңды ауа шаң ажыратқышқа желдеткiш арқылы толтырылатын желi. Блок-схемасы: Шаң тазартқыш машина - ауа құбыры - желдеткiш - ауа құбыры- шаң ажыратқыш.Сықаушы желiлерде тозаңды ауа желдеткiш арқылы өтедi. Соратын желдету желiсi - бұл шаң ажыратқыш арқылы желдеткiшпен тозаңды ауаны сорып алу желiсі. Блок-схемасы:Шаң тазартқыш машина - ауа құбыры - шаң ажыратқыш- ауаөткiзгiш - желдеткiш. Соратын желiде желдеткiш арқылы тазаланған ауа өтеді.
Жергілікті тартымды желдетуді есепту.Жергілікті сорғыларды өнімділігі жергілікті сорғылардың барлық көптеген түрі үшін келесідей формуламен анықталады:
L =3600Fv м3/сағ
мұндағы F- жергілікті сорғының тығыз емес жабылуының, саңылауының ауданы;v-сол саңылаудан өтетін ауа жылдамдығы.
Жергілікті сорғылардың тиімділігі келесідей формуламен анықталады:
η=(Lм - Lпр)/Lм
мұндағы Lм -жергілікті сорғы болмаған кездегі қажетті жалпы алмасымды желдетудің өнімділігі м3/сағ;Lпр-ауа шығыны м3/сағ.
Жылу мен газ бөлетін көздерді сіңіру үшін ауа шығыны көз үстінен көтерілетін конвективті ағындағы ауа шығынына пропорционал:
Lотс = Lо· Кп· Кв· Кт
мұндағы Lо-сәйкесті шығын м3/сағ;
Кп-өлшемсіз көбейтінді,көзден сорғы жүйесіне және геометриялық,режимдік параметрлер әсерін есепке алатын коэффициент;Кв-бөлмедегі ауа әсерін есепке алатын коэффициент;Кт -зиянды бөлінулердің уыттылығын есепке алатын коэффициент.
Егер
көз жылу мен газ бөлетін болса онда
келесідей шарт сақталуы тиіс Кт
1
Мұндай жағдайда Кт мына график бойынша анықталады Кт зиянды бөлінулердің уыттылығын есепке алатын коэффициент.
Жылу көздерін соруды есептеген кезде олардың конвективті жылу берілісін білу керек.Ол келесідей формуламен анықталады: көлденең бет үшін
Qг=1.3*n*Fг*(tn-tb)4/3 Вт
тік бет үшін
Qв=1.3*n*Fв*(tn-tb)4/3 Вт
мұндағы tn,tb- бөлмедегі ауамен қызған беттің температурасы;Fг, Fв-көлденең және тік беттің ауданы;tn-қызған бет ауданы келесі формула бойынша анықталады Көлемдік жылу бөліну көздерінен сорғыны есептеген кезде барлық беттердің жылу бөлінуінің жиынтығы қабылданады:
Q= Qг+ Qв
Жабдықтардан жиналған жылу алмасу мөлшері.
Ga
=
Ga
=
кг/сағ
Пештен шығып, газдан жылу бөлінуін мына формуламен анықтаймыз:
Q
Бөлмеге кіретін газ қалдығының жылу бөлгіш қасиетін анықтау. 1 сағат ішінде цехта температурасы 2000С 400 кг газ бөлінеді. Цехтың температурасы 250С.