Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Желдету шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
983.81 Кб
Скачать
  1. Өнеркәсіптік желдеткіштердің міндеттері мен тәжірибелік, ғылыми негіздері. Ұқсас пәндермен курстың байланысы.

Желдетудің бірнеше міндеті бар. Адамдардың және жануарлардың тіршілік әрекеті өндірістік процестер, жылу, зиянды газдар, бу және шаңдар бөлінумен қатар жүреді және уақыт өте келе бөлменің ауасын тыныс алу үшін жарамсыз етеді. Тұрғын және азаматтық ғимараттар үшін қарапайым және көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Жануарлар, мал шаруашылығы кешендерінде жоғары айтылған бөлінулерге аммиак қосылады. Өндірістік ғимараттар ауасына бөлінетін зиянды заттар көптеген қосылыстардан тұрады. Олардың ішінде радиоактивті аэрозольдар, концерогенді заттар, жарылысқа қауіпті гадар мен булар, сонымен қатар тері мен ағзаның шырышты қабатына әсер ететін түрлі қосылыстар.Желдетудің негізгі міндеті өндірістік бөлмеде адамның болуы үшін және заттардың жұмыс істеуі үшін, технологиялық қолайлы ауа үшін ұстап тұру. Мысалы, тоқыма фабрикаларының жіп иіретін цехтарында ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100 пайыз деңгейде ұстап тұру керек, жеміс жидек сақтайтын сақтау камераларында 0.1-0.2 градус целисий ұстап тұру керек. Адамдарға әсер ететін зиянды заттар кәсіптік деп аталатын аурулар тудырады. Олардың басты себебі жұмыс орнындағы қолайсыз жағдайлар болып табылады. Көбінесе бұл аурулар кәдімгі аурулар болып табылады (бронхит, т.б.). Кәсіптік аурулардың ішіндегі кең тарағаны пневмоканиоздар, бұл өкпеде шаңның жиналап қалу салдарынан пайда болады. Пневмоканиозды әсер етеін шаңның түріне қарай ажыратады, яғни силикоз, асбестоз. Олардың байқалу белгілері жөтел, күрт әлсіздік, тері жамылғысының сұрғылттануы, осылардың күшеюі ракқа әкеліп соқтырады.

Зиянды ластаушылардың алдын алу:

  • ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ТЕХНОЛОГИЯ ӨНДІРУ

  • Желдету тастандыларын атмосфераға жібермес бұрын тазартудан өткізу

  • Желдету тастандыларын сейілту

Желдетудің екінші міндеті: жұмыс ортасында қажетті жұмыс жағдайын қамтамасыз етумен кәсіптік аурулармен күресу.

Желдетудің үшінші міндеті: желдету тастандыларында кездесетін зиянды заттардың атмосфералық ауада болмауын қадағалау.

Өнеркәсіптік желдету пәні экология пәнімен, техникалық және инженерлік курстармен тығыз байланыста болып келеді. Мысалы, инженерлік жүйелер, желіліер және жабдықтар пәні курсымен тығыз байланыста, сол сияқты тазарту мәселесіндегі және желдету жүйесіне қатысты пәндермен байланыста деп айта алмыз.

  1. Өнеркәсіптік мекемелердегі ауалы ортаның санитарлы-гигиеналық шарттары туралы жалпы мағлұмат.

Атмосфералық ауа айналадағы табиғи ортаның өмірге маңызды негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы адам еңбегінің, тұрмысының, демалысы мен денсаулығының, өмірінің ең жақсы жағдайын қамтамасыз ету, материалдық өндірісті одан әрі жаңа тұрғыда дамыту үшін атмосфералық ауаның қолайлы жайының сақталуына, оны қалпына келтіріп, жақсартуға зор мән береді және осы орайда бірқатар құқықтық шараларды жүзеге асырады. Құқықтық шаралардың ішінде «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ерекше орын алады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның міндеттеріне ауаны таза сақтау және оның жайын жақсарту, адамдардың денсаулығы мен өміріне, халық шаруашылығы мен өсімдіктер, жануарлар дүниесі үшін атмосферада залалды зардап туғызатын химиялық физикалық, биологиялық және өзге де зиянды ықпалды болғызбау және оны азайту мақсатындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау саласындағы эаңдылықты нығайту жатады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдар қатарына Қазақстан Республикасында «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңы жатады. Онда атмосфералық ауаны қорғау туралы мемлекеттік жүйелердің қызметі мен атмосфералық ауаны қорғау туралы бірнеше ережелер бар.

Басқару саласында атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі тапсырмалар мен атмосфера ластануының алдын алу және оның себептерін жою, сондай-ақ атмосфералық ауаның жайын жақсарту жөніндегі шаралар экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік жоспарларында көзделеді. Атмосфералық ауаның жайына баға беру үшін ластағыш заттардың шоғырлануына және берілу шегінің және атмосфераға зиянды физикалық ықпал деңгейінің нормативтері белгіленеді. Бұл нормативтер адамдардың денсаулығын және айналадағы табиғи ортаны қорғау мүдделеріне сай келуге тиіс. Қажет болған реттерде жекелеген аймақтар үшін атмосфералық ауа ластағыш заттардың шоғырлануына жол берілу шегінің неғұрлым қатаң нормативтері белгіленеді. Атмосфералық ауаны қорғау мақсатында тұрақты және жылжымалы ластағыш көздердің лас заттар шығаруына, сондай-ақ зиянды физикалық ықпалдың жол берілуі шегінің нормативтері бар. Бұл нормативтер атмосфералық ауаға зат шығарудың әрбір тұрақты көзі үшін немесе өзге зиянды ықпал көзі үшін, сондай-ақ көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларының әрбір үлгісі үшін белгіленеді.

Рұқсатта көзделген шарттар мен талаптар бұзылған жағдайда, сондай-ақ халықтың денсаулығына қатер төнгенде атмосфераға лас заттар шығару атмосфералық ауаның қорғалуына мемлекеттік бақылау жасайтын органның шешімі бойынша шектелуге, тоқтатыла тұруға немесе тыйым салынуға, жекелеген өнеркәсіп қондырғыларының, цехтардың, кәсіпорындардың мекемелер мен ұйымдардың қызметін тоқтатуға дейін шаралар қолданылуға тиіс.

Автомобильдер, ұшақтар, кемелер басқа да қозғалыс құралдары мен қондырғыларын жобалауды, өндіруді және пайдалануды жүзеге асыратын министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар ол құралдар мен қондырғылардың лас заттарды атмосфераға шығаруын болғызбау әрі азайту жөніндегі шаралар жиынтығын жасап, жүзеге асыруы қажет [4].

Көлік және қозғалыс құралдары мен қондырғылары шығаратын ластағыш заттардың мөлшері тастанды заттардың жол берілу шегінің белгіленген нормативтерінен аспауға тиіс. Пайдаланудағы барлық көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларының лас заттар шығаруға жол берілу шегі нормативтерінің сақталуы бақылауға алынып отырады. Тастанды заттарында лас заттардың мөлшері белгіленген нормативтерден асып түсетін көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларын өндіріске ендіруге және пайдалануға жол берілмейді. Атмосфералық ауаға қандай да болсын зиянды физикалық ықпал жасауға жол берілу шегінің белгіленген нормативтері сақталған жағдайда, ал оған рұқсат берілген реттерде осы рұқсатта көзделген басқа да талаптар сақталған жағдайда жол беріледі. Аталған талаптар бұзылған кезде атмосфералық ауаның қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізетін органның шешімі бойынша жекелеген өнеркәсіптік және өзге қондырғылардың цехтардың, кәсіпорындардың мекемелер мен ұйымдардың тиісті қызметі жол берілетін шектің нормативінен асып кетуді немесе рұқсатта көзделген талаптардың бұзылуын туғызған себептер алдағы уақытта жойылғанға дейін тоқтатыла тұруы, шектеулі немесе оған тыйым салынуы мүмкін. Халық шаруашылығында қолдануға рұқсат етілетін өсімдік қорғау құралдарының, өсімдіктердің өсуін шапшаңдататын заттардың, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препаратттардың тізбесі, сондай-ақ оларды қолдау тәсілдері атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарда белгіленетін тәртіп бойынша ауаның қорғалуын бақылайтын органдармен келісілуге тиіс.

Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдардың мынадай талаптары бұзылған жағдайларда:

— атмосфералық ауаға лас заттар шығарудың жол берілу шегінің нормативтерінен асып кеткені;

— атмосфералық ауаға зиянды физикалық ықпалдың жол берілу шегінің нормативінен асып кеткені;

— атмосфераға шығарылатын заттарды тазалау және бақылау үшін орнатылған құрылыстарды, жабдықтарды, аппаратураларды пайдалану ережесін бұзғаны, сондай-ақ оларды пайдаланғаны;

— атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды қанағаттандырмайтын жаңадан салынған және қайта құрылған кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа объектілерді пайдалануға қосқаны;

— өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою, өсімдік қорғау құралдарын, өсімдіктің өсуін шапшаңдататын заттарды, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да аппараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерін бұзғаны, атмосфералық ауаны ластағаны немесе ластайтын қатер төндіргені.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]