
- •Курстың міндеттері. Өнеркәсіптік желдеткіштердің даму тарихы бойынша қысқаша мағлұматтар.
- •Өнеркәсіптік желдеткіштердің міндеттері мен тәжірибелік, ғылыми негіздері. Ұқсас пәндермен курстың байланысы.
- •Өнеркәсіптік мекемелердегі ауалы ортаның санитарлы-гигиеналық шарттары туралы жалпы мағлұмат.
- •Ауа құрамын талдаудың әдістері. Қауіптердің сапалық және сандық талдауы, олардың шығу көздері.
- •Адам ағзасына ауа ортасы қоспаларының әсері.
- •6. Өнеркәсіптік желдеткіште қолданылатын аэродинамиканың негізгі заңдары.
- •7. Желдеткіш жүйелерінің негізгі теориялары
- •Жүйелердің аэродинамикалық сипаттамаларының есептік әдістері.
- •Ағынды және тартатын жергілікті желдеткіштер, оның түрлері мен жүзеге асыруға арналған құрылғылары туралы ұғым.
- •Ағынды құйылыстардың жалпы сипаттамасы
- •11. Ауаның әуе шымылдықтарындағы, әуе себезгілеріндегі қозғалыс заңдары. Ауа таратушылары туралы ұғым.
- •12. Сору саңылауларында ауа қозғалысы кезіндегі жалпы тәуелділік.
- •13. Аcпирация жүйесі, жергілікті сору есебі мен топтау қағидаты.
- •14. Жалпы алмасатын желдеткіш туралы ұғым.
- •17.Ауа себезгісі, оның тағайындауы және қолданылу аймақтары
- •18.Ауа себезгісінің конструктивтік шешімдері, есептеулері
- •19.Жергілікті тартқыш желдеткіштер. Жалпы жағдайлар
- •20.Жергілікті сорғыштарға қойлатын талаптар, жергілікті сорғыштардың жіктелуі
- •21. Ашық типті жергілікті сорғыштар
- •22. Тартқыш шатырлар, аралас және күнқағар шатырлары
- •23.Әр түрлі типті жергілікті сорғыштарды есептеу
- •24.Тартқыш шкафтар. Жағалық сорғыштар
- •25. Борттық сорғыштар, борттық сорғыштардың есептеулері. Шеңберлік сорғыштар.
- •Жылу арынының әсеріндегі аэрация
- •Аэрацияны қолдану аймағы. Ішкі асқын қысым туралы ұғым.
- •Жылулық күш есебінен болған аэрация.
- •Жел әсерінен болған аэрация. Желдің ғимаратты айналуы.
- •Жалған қысым туралы ұғым. Аэрациялар есептеу әдістері.
- •31.Аэрацияның біраралықты және көп аралықты ғимараттардың есептелуі.
- •32. Біраралықты цехтардың аэрациясын есептеу.
- •33. Көпаралықты цехтардың аэрациясын есептеу.
- •34. Көп қабатты цехтардың аэрациясын есептеу.
- •35.Негізгі пневматикалық көліктердің ауаөткізгіштерін есептеу.
- •36 Ауа ағындарында материал бөлшектерінің орын ауыстыруы.
- •37 Газдардан және шаңнан ауаның тазарту түрлерінің жіктелуі. Шаң- газ тазартқыштарға арналған құрылымдар. Жәй, орташа және күрделі тазартула
- •38 Жеке шаң ұстағыштар және оларды таңдау. Кешенді тазарту.
- •39 Желдету жүйелерін жобалау реті. Жобалау үшін бастапқы мәліметтерді таңдап алу.
- •40 Желдету жүйелердің және қондырғылардың есептеу әдістері мен құрастырылымдары.
37 Газдардан және шаңнан ауаның тазарту түрлерінің жіктелуі. Шаң- газ тазартқыштарға арналған құрылымдар. Жәй, орташа және күрделі тазартула
Қазіргі кезде шаң мен газды ұстайтын және тазалайтын 5 түрлі әдіс белгілі. Олар:
құарғақ шаң ұстағыштар;
ылғалды шаң ұстағыштар;
электр сүзгімен өңдеу;
химиялық өңдеу;
термиялық (күйдіру) өңдеу әдістері.
1. Құрғақ тозаң ұстағыштар. Олар циклонды (дауылды, боранды), ротациялық (шиыршық тәрізді), вихрлі (құйын тәрізді жел арқылы), радиалды (тарамдалған) жәпе жалюзиялы (кедергілі) болып бөлінеді.Циклонды тозаң ұстағыштарға ластанған ауа патрубок (2) арқылы өтіп, желдің күшімен 180°-қа бұрылып, айналып, циклонның ішкі қабырғаларына (1.) ұрынып, біртіндеп шаң - тозаң жиналатын бункерге (4) түседі де, тозаңнан арылған ауа циклоннан сыртқа (3) шығып кетеді. Ауа жақсы тазару үшін циклон бүтін және біртұтас болуы керек. Бір циклон жеткіліксіз болса, бірнешеуін қатар қойып пайдалануға болады.Қазір цилиндр тәрізді ЦН-11, ЦН-15, ЦН -15у, ЦН-221 және конус (шошақ) тәрізді СК-ЦН-34, СК-ЦН-34м, СДК-ЦН-33 циклонды шаң ұстағыштар қолданылады. Конус тәрізді циклондар цилиндр тәрізділерден тек сыртқы пішінімен өзгешеленеді, ал жұмыс істеу принципі бірдей болады.Ротациялық тозаң ұстағыштар (ЦРП). Циклонды тозаң ұстағыштарға қарағанда жинақы, желдеткіштері мен тозаң ұстағыштары бірге орналасқан. Желдеткіш (х) дөңгелегі айналғанда шаң-тозаң орталықтан тебетін күштің әсерімен шиыршық тәрізді тозаң ұстағыштың қабырғасына (2) ұрынып тазарған ауа шығатын қақпақшаға (4) қарай жылжып, бөлінген шаң-тозаң арнаулы түсетін орынға (3) жиналады.Вихрлі тозаң ұстағыштар (ВПУ). Бұлар да орталықтан тебетін күш әсерімен жұмыс істейтін қондырғылар. Вихрлі тозаң ұстағыштар екі түрлі болады, бірі соплолы (жабық қуыс), екіншісі - күрек тәрізді.Ластанған ауа камераға (5) майысқан патрубок (4) арқылы келіп түседі де газды айналдыратын күрекке ұқсас «розетка» типті желдеткіштің (2) күшімен жоғары көтеріліп, ондағы дауылдатқыштың (1) әсерімен шыр айналып, қабырғаға (5) ұрынып, газдың екінші толқынымен төмен қарай жылжиды. Шаң-тозаң төмен түсіп, тазарған газ қақпақша (6) сыртқа шығады.Ластанған газ (3) тозаң ұстағышқа енген соң инерциялық (өз екпіні) күшпен жылжып келіп торға (1) немесе тор үстіндегі қатты заттардан кесіп жасалған (пластинаға) кедергілерге (2) ұрынып, екпін: саябырлап, төмен (4) түсе бастайды. Бұл шаң ұстағыштар тек 20 мкм-ден ірі шаңды ұстап, қалғандарын ұстау үшін екінші рет тазалауға циклонды (5) тозаң ұстағыштарға жіберіледі. Жалюзиялық тозаң ұстағыштарды құрастыру қиын емес, сондықтан оларды газ жүретін жолдарға көбірек қоюға мүмкіндік болады.(0,3-1 мкм) жақсы ұстайды, ыстық және жарылу қаупі бар газдарды да тазалауға ыңғайлы. Кемшіліктері - газ жүретін жолға шаң-тозаң тез жиналып, оларды әсін-әлі тазалап отыру қажет. Су шығыны да көп болады.ЬІлғалды тозаң ұстағыштар Вентури скрубберлеріне, тозаңдату және орталықтан тепкен күшпен жүретін скрубберлерге, инерциялы-соқтығу және барботажды - көбікті қондырғыларға бөлінед.Тозаңдатушы скруббер. Ластанған ауа скрубберге патрубок (3) арқылы өтіп су бетіне барады, онда ірі шаң-тозаң ұсталып, қалған ұсақтары скруббердің ішін (1) толық жайлап жоғары көтеріле бастайды, бірақ жолдағы тозаңдатушы белбеулер (2) арқылы тозаң, туріне тараған су тамшыларына (4) кездесіп төмен туседі. ірі шаң газдың жылдамдығына ере алмай су бетіне тұнуға мәжбүр болады. Мөлшері 20 мм-ден ірі шаң жақсы ұсталады. 1 м3 газды тазалауға не бәрі 0.03 литр су жұмсалады. көздерімен жоғары көтеріліп су мен көбік қабаттарынан (2) өтіп, шаң – тозаңнан тазарады. Тозаң ұстағыштың жұмысы ластанған газдың тордың астына қандай жылдамдықпен келуіне байланысты. Егер сағатына 1 метрге дейін жылдамдықпен келсе, онда барботажды жұмыс тәртібі пайда болады. Жылдамдықты 2-2,5 м-ге дейін көбейтсе судың бетінде көбік пайда болып тазарту сапасы жақсара түседі. Ұсақ шаң - тозаңның 95 - 96 процентін ұстауға боладыN18 сурет. Барботажды-көбікті қондырғының үлгісі. 3. Электр сүзгімен тазарту. Ластанған және тұманданған газды электр сүзгімен тазарту ең қолайлы жол. Бұл қондырғылардың жұмыс принципі коронды электродтар шаң-тозаң электр иондарын таратып, оларды тұндырма және коронды электродтар камераларында ұстау.Тазалауға түскен газдағы шаң-тозаң әуелі көп көзді кедергілерге келіп ірілері сонда қалады да, ұсақтары электрсузгімен ұсталады. Келесі тазалауға түскен газ үшін көп көзді кедергілердің өзі қосымша сузгі саналады. Себебі бұл көздерге тұрған шаң ластанған газдарды сүзіп өткізеді.Құрамында май, сілті сияқты сұйық заттар бар ластанған газды тазалау үшін матадан, мақтадан кедергілер жасау пайдалы. 4. Хиииялық тазалау әдісі. Бұл әдіс газдардың басқа сүйық заттармен араласқанда еритін қасиетіне негізделген.Сұйык заттарда қандай газдар қалай еритіні олардың температурасына, қасиетіне және парциалды қысымына байланысты болады. Ластанған газдың қысымы сұйық заттың қысымынан артық болса онда газды көп ерітуге болады. Мысалы, осы әдіспен лас газдан күкіртті көміртекті, азот қышқылдарын бөліп алуға болады. Физикалық - химиялық процесстердің өтуіне қарай химиялық әдіс 4 топқа бөлінеді:- қалдықтарды ерітетін заттармен жуу (абсорбция әдісі);
қалдықтардың ерітінділерін химия жолымен біріктіретін реактивтермен жуу (хемосорбция әдісі);
газ түріндегі қалдықтарда қатты заттардың бойына сіңіруі (адсорбция әдісі);
қалықтарды каталикалық түрмен сіңіру.
Абсорбция және хемосорбция әдістері ылғалды ортада қолданылады. Адсорбция әдісі кейбір ұсақ көзді торлардан құралған қатты заттардың газды ортадан белгілі бір зат қалдықтарын таңдап алып, бойына жинайтын қасиетіне негізделген. 5. Термиялық (күйдіру) әдісі уытты қалдықтарды өте жоғары температурада өртеу, күйдіру арқылы бейтарап қалыпқа келтіру болып табылады. Ластанған газды тазарту әдістерін анықтау үшін ондағы шаң - тозаңның мөлшерін өлшеу, қалдықтың түрін және қасиетін білу керек.Қазіргі қолданылып жүрген өлшеудің бір түрі 1 литр немесе 1 м3 газда қанша шаң-тозаң барын білу. Ол үшін әуелі сүзгіні өлшеп, оның таза салмағын біліп, сонан кейін сүзгіден 1 см2 лас ауаны өткізіп, сүзгіні қайтадан өлшейді. Осы екі өлшеудің айырмасы ластың салмағын көрсетеді.Екінші түрі - тікелей есептеу әдісі. Мысалы, микроскоп арқылы 1 мм ауадағы шаң - тозаңды қолдан санап сонан кейін 1 м3 көбейтеді.