Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Желдету шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
983.81 Кб
Скачать

  1. Курстың міндеттері. Өнеркәсіптік желдеткіштердің даму тарихы бойынша қысқаша мағлұматтар.

  2. Өнеркәсіптік желдеткіштердің міндеттері мен тәжірибелік, ғылыми негіздері. Ұқсас пәндермен курстың байланысы.

  3. Өнеркәсіптік мекемелердегі ауалы ортаның санитарлы-гигиеналық шарттары туралы жалпы мағлұмат.

  4. Ауа құрамын талдаудың әдістері. Қауіптердің сапалық және сандық талдауы, олардың шығу көздері.

  5. Адам ағзасына ауа ортасы қоспаларының әсері.

  6. Өнеркәсіптік желдеткіште қолданылатын аэродинамиканың негізгі заңдары.

  7. Желдеткіш жүйелерінің негізгі теориялары

  8. Жүйелердің аэродинамикалық сипаттамаларының есептік әдістері.

  9. Ағынды және тартатын жергілікті желдеткіштер, оның түрлері мен жүзеге асыруға арналған құрылғылары туралы ұғым.

  10. Ағынды құйылыстардың жалпы сипаттамасы.

  11. Ауаның әуе шымылдықтарындағы, әуе себезгілеріндегі қозғалыс заңдары. Ауа таратушылары туралы ұғым.

  12. Сору саңылауларында ауа қозғалысы кезіндегі жалпы тәуелділік.

  13. Апирация жүйесі, жергілікті сору есебі мен топтау қағидаты.

  14. Жалпы алмасатын желдеткіш туралы ұғым.

  15. Өндірістік мекеменің ауа алмасуының есеп қағидасы.

  16. Өнеркәсіптік өндірістің әр түрлі факторлар бойынша ауаның мөлшерін есептеу қағидалары

  17. Ауа себезгісі, оның тағайындауы және қолданылу аймақтары

  18. Ауа себезгісінің конструктивтік шешімдері, есептеулері

  19. Жергілікті тартқыш желдеткіштер. Жалпы жағдайлар

  20. Жергілікті сорғыштарға қойлатын талаптар, жергілікті сорғыштардың жіктелуі

  21. Ашық типті жергілікті сорғыштар

  22. Тартқыш шатырлар, аралас және күнқағар шатырлары

  23. Әр түрлі типті жергілікті сорғыштарды есептеу

  24. Тартқыш шкафтар. Жағалық сорғыштар

  25. Борттық сорғыштар, борттық сорғыштардың есептеулері. Шеңберлік сорғыштар.

  26. Жылу арынының әсеріндегі аэрация

  27. Аэрацияны қолдану аймағы. Ішкі асқын қысым туралы ұғым.

  28. Жылулық күш есебінен болған аэрация.

  29. Жел әсерінен болған аэрация. Желдің ғимаратты айналуы.

  30. Жалған қысым туралы ұғым. Аэрациялар есептеу әдістері.

  31. Аэрацияның біраралықты және көп аралықты ғимараттардың есептелуі.

  32. Біраралықты цехтардың аэрациясын есептеу.

  33. Көпаралықты цехтардың аэрациясын есептеу.

  34. Көп қабатты цехтардың аэрациясын есептеу.

  35. Негізгі пневматикалық көліктердің ауаөткізгіштерін есептеу.

  36. Ауа ағындарында материал бөлшектерінің орын ауыстыруы.

  37. Газдардан және шаңнан ауаның тазарту түрлерінің жіктелуі. Шаң- газ тазартқыштарға арналған құрылымдар. Жәй, орташа және күрделі тазартулар.

  38. Жеке шаң ұстағыштар және оларды таңдау. Кешенді тазарту.

  39. Желдету жүйелерін жобалау реті. Жобалау үшін бастапқы мәліметтерді таңдап алу.

  40. Желдету жүйелердің және қондырғылардың есептеу әдістері мен құрастырылымдары.

  1. Курстың міндеттері. Өнеркәсіптік желдеткіштердің даму тарихы бойынша қысқаша мағлұматтар.

«Өндірістік желдеткіш» пәнінің маңызы: студенттерді өндірістік желдеткіштерді жобалау практикалары мен теория негіздері бойынша білім жүйелерін қалыптасуымен, ғылыми негіздермен, техникалық құралдармен және практикалық құру тәсілдерімен және қалыпты атмосфералық шарттарды көтеру мен ауа тазалықтарын жұмыс орындары мен адамдардың өмір сүру аймақтарымен таныстырады.

Желдеткіш (латынша: ventіlatіo — желдету) — өндіріс орындарын желдетуде, аэроқоспалардықұбырмен тасымалдауда, т.б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын (әдетте, 0,15 Мпа-ға дейін) тудыратын қондырғы. Олар үймереттерді және шахталарды желдетуге, қазан және пеш агрегаттарына ауа жіберуге не олардан түтін мен зиянды газдарды сорып тысқа шығаруға, материалдарды кептіруге, машина бөлшектері мен механизмдерін салқындатуға, сусымалы және талшықты материалдарды пневматикалық жолмен тасымалдауға, бірқатар технологиялық процестерді атқаруға, машина радиаторлары мен конденсаторын салқындатуға, т.б. қолданылады.

Өндірістік желдеткіш - бөлмелерді желдету кезінде немесе аэроқоспаларды құбырлар арқылы тасымалдау үшін ауаны немесе басқа газды шамадан тыс қысымдайтын құрылғы.

Өнеркәсіптік желдеткіштердің стол үстіне қойылатын және аспалы желдеткіш түрлері кеңінен тараған. өшатын аппараттарда желдеткіштер тарту күшін тудыратын құрал ретінде (көтергіш желдеткіштер, турбореактивтік екі контурлы қозғалтқыш желдеткіштері,желдеткіш— фенестрон) пайдаланылады. Желдеткіштер қуаттылығына қарай Вольттың үлестерінен (тұрмыстық желдеткіштер) мыңдаған кВт-қа (өнеркәсіптік желдеткіштер) дейінгі желдеткіштер, ал құрылымына байланысты — центрден тепкіш желдеткіш және осьтік желдеткіш болып ажыратылады. Желдеткіштер, негізінен, қозғалтқышпен белдікті беріліс арқылы немесе тікелей серіппелі муфта көмегімен әрекетке келтіріледі. Кішігірім желдеткіштердің қалақшалы дөңгелегі тікелей қозғалтқыштың білігіне бекітіледі, ал ірі желдеткіштер сору жылдамдығын реттегіш және діріл бәсеңдеткіш құрылғылармен жабдықталады.

XIX ғасырдың басында желдету жүйесінің алғашқы даму сатылары калыптаса бастады. Академик Э. X. Ленд ғимаратты желдету механикалық жолдармен іске асатынын атап өтті. Центрден тепкіш желдеткіштердің шығуы арқасында желдету жүйесінің дамуы кең етек ала бастады. Аталған желдеткіш түрін 1832 жылы А. А. Саблуков ойлап тапқан болатын. 1835 жылы центрден тепкіш желдеткішті Алтайдағы Шағыр кенішінде пайдалана бастаған. Саблуков бұл желдеткіш арқылы түрлі кемелерді, ғимараттарды желдетуді ұсынған. Вентиляцияның дамуына өзіндік үлесін қосқан ғалымдардан В. М. Чаплинді де атап өтуге болады.

Бөлмелерде санитарлық — гигиеналық және технологиялық талаптарды қанағаттандыратын ауа ортасының қалыпты параметрлерін қолдау үшін желтдеткішті орнатады. Желдеткіш – технологиялық үрдістің тиесілі өтуі немесе адам ыңғайының тұрғысынан ауа ортасының қажетті күйік бөлмеде ұстану үшін, бөлмеде есепті ауаалмасуды қамтитын ұйымдастыру шаралары мен техникалық құрылғылар байланысы.

Қазіргі уақытта еңбекті қорғау мен жағдайларын жақсарту, оның ғылыми ұйымдастырылуы, еңбек етушілер денсаулығын сақтау мәселелері өте өзекті. Мәнді назар сондай-ақ ауа қауызын сақтауға да бөлінеді. Бұл мәселереді желдету жүйесінің тиімді жұмысынсыз шешу мүмкін емес.

Өндірістін ғимараттарда желдету жүйелері арнайы ерекшеліктерге ие. Өндірістік желдету жобасын орныдаудың негізгі мәселесі – еңбек шарттарын жақсартуға, оның өндірушілігі мен шығарылатын өнім сапасының жоғарылауына, кадрлар ағысының төмендеуіне, өндірістін жарақаттану мен кәсіби аурулардың төмендеуіне көмектесетін желдету жүйелерінің әсерлі тиімді жұмысын қамту, өндірітіп аурулардан қоршаған ортаны қорғау. Жүйе жұмысының тиімділігі көбінесе инженерлік есептеулерді толтырудың дұрыстығына, жаңа жабдықтарды, автоматтандыру құралдарын, қолдану шарттарын пайдалануға байланысты.

Ауаылғалдылығыментемпературатехнологиялықүрдістердіжүргізуталаптарынасәйкескелуікерек, алауаалмасубөлінетінзияндықтардытолықтайассимилдеуікерек.Ауаалмасудыұйымдастыруәдісіөндірістінбөлмелердібелгілеугебайланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]