Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы на билеты каз.яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.48 Кб
Скачать

3.Сөз құрамына талдау жаса.(жазып отырмын, жазады) Билет№12

1.Ш.Уалиханов (монолог)

Шоқан Шыңғыс ұлы Уалиханов 1835 жылы Қостанай облысындағы Құсмұрын деген жерде дүниеге келген. Шоқанның шын аты Мұхаммадханафия. Шоқан- зерттеуші, ғалым, тарихшы, этнограф, саяхатшы. Шығыс тілдерін жақсы білген.Ол Омбыдағы Кадет корпусында оқыған. Қырғыздың «Манас» жырын зерттеген. Атақты саяхатшы Семенов Тянь-Шаньскиймен таныс болған. Шоқанның еңбектері: «Қырғыздар туралы қолжазбалар», «Жоңғария очерктері», «Қашғар сапарының күнделігі». Шоқан 1865 жылы ұзақ науқастан Көшентоғанда дүние салады.

2. Өткен шақтың 3 түрі бар: жедел, ауыспалы, бұрынғы. Жедел өткен шақ -ды -ді -ты –ті жұрнақтары және жіктік жалғау арқылы жасалады: жаздым, айттың.

3. Берілген етістікті өткен шақта жікте.(зерттеу)

Билет№13

1.Әбілхан Қастеев (монолог)

Әбілхан Қастеев – 1904 жылы Алматы обласы Жаркент ауданы Жетіген аулында дүниеге келген. Ол- қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ халқының Суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Москвадағы көркемсурет студияларында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Әбілхан Қастеевтің көп еңбектерін Алматы қаласы Т.Г.Шевченко атындағы Қазақ көркем галериясынан көруге болады. Қастеев есім Қ.Р-сы Мемлекеттік өнер мұражайына және Қ-ның бірнеше қалаларындағы көшелерге берілген.

2. Келер шақтың 3 түрі бар: ауыспалы, болжалды, мақсатты. Ауыспалы келер шақ -а -е –й жұрнақтары және жіктік жалғау арқылы жасалады: жазамын, келемін.

3. Берілген етістікті келер шақта жікте.(салу) Билет№14

1.Кино өнері (диалог)

Кино өнері төрт салаға бөлінеді .Олар көркем, деректі, мульти-пликациялық, ғылыми-көпшілік фильмдер.Кино шығаруға кино-драматург, режиссер,оператор,суретші, актер қатысады. Кинодраматург - сценарий авторы.Қазақ киностудиясы Шәкен Айманов атында. Алғашқы қазақ фильмі - «Амангелді». Мен «Менің атым Қожа», « Қыз Жібек» фильмдерін білемін.Мен Ашимов, Тастанбеков, Есенбаев актерлерін білемін.Фильм көпшілікке қызықты болу тиіс.Мен театрға баруды ұнатамын.

2.Етістіктің райлары.

Қазақ тілінде етістіктің төрт райы бар. Олар: ашық, бұйрық, шартты, қалау.

Ашық рай үш шақтың жасалу жолдары арқылы жасалады: мен келдім, сен жазып отырсың, ол келеді. Бұйрық рай -айын -ейін -йын -йін жұрнақтары арқылы -сын –сін жұрнақтары арқылы екінші жақтың жалғаулары арқылы жасалады: мен барайын, ол келсін, сіз барыңыз.

Шартты рай - са -се жұрнақтары және жіктік жалғау арқылы жасалады: мен барсам, сен келсең. Қалау рай -ғы –гі - қы -кі жұрнақтары ,тәуелдік жалғау және кел етістігі арқылы жасалады: мен жазғым келеді , ол айтқысыкеледі.