
- •Билет №1
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. (монолог)
- •Фонетикалық талдау-«мәртебе»
- •Менің елім-Қазақстан
- •2.Үндестік заңы (сингормонизм заңы)
- •3. « Халық»-тәуелде Билет № 3
- •1.Ежелгі қалалар. (монолог)
- •3.«Ғалым»-жіктеу Билет №4
- •2.Септіктер Септік жалғау (падежные окончания)
- •3«Ту»-септеу Билет №5
- •1.Ел ордасы – Астана.
- •Билет №6
- •Билет№7
- •Билет№8
- •«Ұлттық киімдер»
- •Билет№9
- •1.Киіз үй (монолог)
- •3.Морфология талдау:
- •Билет№10
- •1. Ұлттық аспаптар (диалог)
- •Неопределенная форма глагола
- •3.Сөз құрамына талдау жаса.(ойнау, халқының) Билет№11
- •1.Ахмет Байтұрсынұлы (монолог)
- •3.Сөз құрамына талдау жаса.(жазып отырмын, жазады) Билет№12
- •1.Ш.Уалиханов (монолог)
- •Билет№13
- •1.Әбілхан Қастеев (монолог)
- •3. Берілген етістікті келер шақта жікте.(салу) Билет№14
- •1.Кино өнері (диалог)
- •2.Етістіктің райлары.
- •3.Берілген етістікті рай түрлеріне айналдыр.(көру) Билет№15
- •Шәкен Айманов.(монолог)
- •Билет№16
- •1.Қазақстанның қорықтары (диалог)
- •2.Шылау сөздер. Жалғаулықтар.
- •Билет№17
- •1. Нұрғиса Тілендиев (монолог)
- •2. Демеуліктер
- •Билет№18
- •1.Қаныш Сатпаев (монолог)
- •2. Септеуліктер
- •3. Сөз құрамына талдау жаса.(халқымыздың, негізін салушы) Билет№19
- •Ыбырай Алтынсарин (монолог)
- •2. Оқшау сөздер. Одағай.
- •Билет№20
- •1. Қазақ халқының салт- дәстүрі (диалог)
- •2. Еліктеу сөздер
- •Билет№21
- •1.Төле би. Монолог
- •2. Оқшау сөздер.
- •Билет№22
- •Сөйлем мүшелері
- •Билет№23
- •2. Жай сөйлем. Құрамына қарай:
- •Билет№24
- •1. Қазақ батырлары (монолог)
- •Билет№25
- •1.Жеті қазына (монолог)
2. Оқшау сөздер. Одағай.
Оқшау сөздер үшке бөлінеді: одағай, қаратпа, қыстырма.
Одағай - дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл-күйін білдіреді. Сұраққа жауап бермейді, сөйлем мүшесі болмайды.
Мағынасына қарай:
көңіл-күй – аһ, ой, аһ, алақай жекіру – тәйт, тек, жетер, тсс шақыру – шөре-шөре, кә-кә, құру-құру тұрмыстық өмірде қолданылатын одағайлар - сәлем, рақмет, қош.
3. Синтаксистік талдау жаса. «Ақын атасы Балқожаның тәрбиесінде өсті».
Билет№20
1. Қазақ халқының салт- дәстүрі (диалог)
Мен шілдехана,бесікке салу,тұсау кесу,үйлену тойы,тілашар дәстүрлерін білемін. Бала тәрбиесіне байланысты салттар бар. Олар: шілдехана, бесікке салу,тұсау кесу, тілашар тойы. Шілдехана сәби дүниеге келгеннен кейін өткізіледі. Қырқынан шығарғанда сәбидің шашын,тырнағын алады, қырық қасық суға шомылдырады. Баланы шомылдырған әжеге сыйлық береді. Қырқынан шығарғаннан соң бесік тойы өткізіледі. Бесікті нағашылары жасайды. Тұсау кесу тойы бала жүре бастағанда жасалады. Баланың тұсауын құрметті, елгезек әйел кеседі. Тілашар тойы қай кезде жасалады.
Тілашар тойы бала мектепке барғанда жасалады.
2. Еліктеу сөздер
Табиғаттағы әртүрлі құбылыс-қимылдардың дыбыстарына еліктеуден , құбылыс-қимылдарды бейнелеуден туатын сөздер. Жеке тұрып сұраққа жауап бермейді.
Құрамына қарай: дара
күрделі
Тұлғасына қарай: негізгі
Туынды
Мағынасына қарай: Еліктеуіш сөздер
Бейнелеуіш сөздер
Еліктеуіш сөздер-дыбыстарға еліктеуден пайда болған сөздер. Есту арқылы (қарқ, тарс, ырс-ырс, тарс-тұрс, шыр-шыр)
Бейнелеуіш сөздер- қимыл-қозғалыстарды бейнелейтін сөздер. Көру арқылы.(маң-маң, ыржаң-ыржаң, дір-дір, бүкшең-бүкшең)
Еліктеу сөздер сөйлемде бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш қызметін атқарады.
3. «Соңынан мерекелік дастарқан жайылады». Синтаксистік талдау жаса
Билет№21
1.Төле би. Монолог
Төле би шамамен 1663 жылы Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756 жылы қазіргі Шымкент облысы Ленгер ауданы Ақбұрхан деген жерде 93 жасында дүние салған. Оның әкесі Әлібек те билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам болған.Төле би оқыған, сауатты, жастайынан халқының ақындық, шешендік өнерінен тәлім алған. Ол 15-20 жасынан –ақ билікке араласып, әділдігімен , шешендігімен көзге түсіп, елге танылды. Төле бидің ел-жұрт , ағайын-туыс, алыс-жақынға қадір-қасиеті хан, сұлтандардан да жоғары болған.
2. Оқшау сөздер.
Оқшау сөздер – сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленетін сөздер мен сөз тіркестері.Оқшау сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемде ойды нақтылай түсіп, басқа сөздермен мағыналық қарым-қатынаста болады. Өзге мүшелермен қабыса, матаса, меңгеріле, қиыса байланыспай, оқшауланып тұрады. Оқшау сөздердің мағыналық белгілері оқиға желісінің кімге, неге арналғандығын (-Балақай, сурет сала білесің бе?), айтушының оған деген көзқарасын (-Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады), көңіл-күй, сезім толқынысын (-Апыр-ай, сөзің сүйектен өтті-ау!) білдіру мақсатында қолданылады. Оқшау сөздер мағыналық белгілері мен жасалу жолдарына қарай одағай, қаратпа, қыстырма сөздерге жіктеледі.
Белгілі бір сөйлемнің синтаксистік құрылымына жанаспай, оқшау тұратын қаратпа, қыстырма, одағай сөздер.
«Фельетон» терминінің қызметін атқарған және сол жанрдағы шығармаларды танушы тарихият қолданыс (историзм).
Оқшау сөздер сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтіндігі себепті олардан үтір немесе леп, сұрау белгілерімен дараланып тұрады.
3. «Ол тоқсан үш жасында дүние салған.» Синтаксистік талдау жаса