Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы на билеты каз.яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.48 Кб
Скачать

Билет №1

  1. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. (монолог)

Мен Қазақстан Республикасында тұрамын. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ол 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Бұл тіл қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі – әрі көркем, әрі бай тіл. Қазақ тілінде көптеген мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз, дастандар, жырлар, дана сөздер бар. «Тәрбие басы – тіл, өнер алды - тіл» - дейді қазақ мақалы. Біз қазақ тілін балабақшадан, мектептен үйренеміз. Әр Қазақстан азаматының парызы – қазақ тілін білу.

  1. Фонетика. Дыбыстар Фонетика - (грек сөзі "дыбыс") - тіл дыбыстары туралы,тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.

    Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады. Олар: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ё, ж, з, и, й, ы, к, қ, л, м, н, ң, о,  ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я.

    Дауысты дыбыстардың саны – 15. Дауыссыз дыбыстар – 25.

    Екі әріп жіңішкелік белгісі (ь) мен айыру белгісі (ъ) дыбыстарға жатпайды.

    Дыбыс бола алмайды: я [йа], ю [йу], ё [йо], ь, ъ.

    Қазақ тіліне тән әріптер 9: ә, ө, ұ, ү, і, қ, ғ, ң, һ

    Еріннің қатысына қарай

    Жақтың қатысына қарай

    Тілдің қатысына қарай

    Еріндік

    Езулік

    Ашық

    Қысаң

    Жуан

    Жіңішке

    о ө ү ұ у

    а ә е э ы и і

    а ә е э о ө

    ы і и ү ұ у

    а о ы ұ у

    а ө і ү е и у э

    Дауыссыз дыбыстар – үн мен салдырдың  қатысына қарай ұяң, үнді және  қатаң болып бөлінеді.

    ұяң

    үнді

    қатаң

    б, в, г, ғ, д, ж, з, һ

    й, л, м, н, ң, р (у)

    қ, к, п, с, т, ф, х, ч, ц, щ, ш

  2. Фонетикалық талдау-«мәртебе»

Билет № 2

  1. Менің елім-Қазақстан

Мен Қазақстан Республикасында турамын. Қазақстан Республикасы- егеменді, тәуелсіз мемлекет. Оның аумағы- 2 724 900 шаршы шақырым. Қазақстанның жер көлемі- Батыстан шығысқа қарай 3000 шақырым, солтүстіктен оңтустікке қарай 1700 шақырым. Жерінің көлемі жөнінен дүниежүзінде 9-орындаа тұр.Біздің елінде 14 облыс, 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке біріккін 7719 ауылдық елді мекендер бар. Қазақстанда 16 млн-нан астам адамдар бар. Республикада 131 ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстан Республикасының мемлекет тілі- қазақ тілі.Біздің еліміз мұнайға, алтынға, көмір мен темірге бай. Қазақстан болашақта мәдениеті жоғары және білімді елге айналады.