
- •36.Акрилат полимерлерінің алыну реакцияларын жаз.
- •42.Эмульсияның өмір сүру уақытына мысал келтіріп, жауабыңызды түсіндіріңіз
- •46.Полиамфолиттің изоиондық және изоэлектрлік нүктелерінің сәйкес келетін жағдайын жазыңыз және түсіндіріңіз.
- •52. Стехиометриялы полиэлектролитті комплекстер қалай жүретінін мысал келтіріп түсіндіріңіз.
- •53.Полимерлі қышқылдар, негіздер, амфолиттер. Ортаның рH-ын 4-тен 9-ға өсіргенде келтірілген тұтқырлықтарының өзгерістерін салыстырыңыз.
- •51.Стехиометриялы емес полиэлектролитті комплекстер қалай жүретінін мысал келтіріп түсіндіріңіз.
51.Стехиометриялы емес полиэлектролитті комплекстер қалай жүретінін мысал келтіріп түсіндіріңіз.
Бейстехиометриялық ПЭК комплекстердің СПЭК ерекшілігі олар суда ериді,бұл оларды зерттеу үшін полимердің ертінділерін зерттеуде қолданылатын (жарықшашырату, жылдамдатылатын седиментация, вискозиметрия және т.б) әртүрлі физ.-хим әдістерді қолдануға мүмкіндік туғызады.БПЭК лиофильдейтін ПЭК және қарама-қарсы зарядталған блоктаушы БПЭ құралады.БПЭК- тің құрамында ЛПЭ буындары БПЭ буындарымен салыстырғанда артық мөлшерде ендірілген, яғни БПЭК-тің құрамы n=[БПЭ]/[ЛПЭ] бірден төмен. Өзара интерполимерлік тұздық байланыстармен байланысқан ЛПЭ тізбектері мен БПЭ тізбектерінің франменті салыстырмалы түрде гидрофобты,сулы ерітінділері сегрегациялануға қабілетті,екіқатар тізбектерді түзеді. ЛПЭ-нің ұштары мен тұзақтары жалпы бөлшкетің ерігіштігін қамтамасыз етеді.Суда еритін БПЭК-ді белгілі бір жағдайларды сақтай отырып химиялық құрылымы алуан түрлі,қарама-қарсы зарядталған ПЭ алуға болады.БПЭК алдуың еңқарапайым әрі универсал әдісі-бейэквивалентті қатынаста алынған,екеуі де зарядталған рН-тың аймағында және төмен молек.электролиттің аз мөлшерінің қатысында қарама-қарсы зарядталған ПЭ сулы ерітінділерін тікелей араластырудан тұрады.
59. Функционалды гидрофильді полимерлердің молекулалық массасын анықтау әдістерін қарастырып. Әдістердің тиімділігін көрсетіңіз.Полимер мен төмен молеукулалық қосылыс үшін молекулалық масса деген ұғым бірдей емес. Кез келген таза төмен молекулалық қосылыстың құрамына сәкес нақты молекулалық массасы болады, ол алу жолына байланысты емес. Ал полимер ұзындығы әртүрлі макромолекулалардан тұрады. Алу жағдайына байланысты макромолекула тізбегіндегі буындар саны , яғни оның молекулалық массасы әртүрлі болады. Сондықтан полимер полидисперсті болып келеді, оның молекулалық массасы біркелкі болмайды. Ұзындықтары әртүрлі , бірақ бірдей химиялық буындардан тұратын макромолекулалар полимергомологтар деп аталады. Молекулалық массасы өскен сайын полимергомологтар қасиеттерінің айырмашылығы жоғала бастайды. Жоғары молекулалық полимергомологтардың қоспаларын бір-бірінен бөліп, белгілі бір молекулалық массасы бар дербес зат алу мүмкін емес. Мұндай полимерлер орташа молекулалық массасымен өрнектеледі. Орташалау әдісіне байланысты молекулалық масса орташасандық, орташамассалық және орташатұтқырлық болып бөлінеді. Орташасандық молекулалық масса полимер ерітіндісінің орташа қату температурасының төмендеуі (криоскопия), қайнау температурасының өсуі (эбулиоскопия), осмос қысымы мен бу қысымының төмендеуі сияқты концентрацияға не молекула санына тәуелді қасиеттерді өлшеу арқылы анықталады.
Криоскопия таза еріткіштің қату температурасына қарағанда ерітіндінің қату температурасының төмендеуін зерттейтін әдістердің бірі. Оны ең алған 1882 жылы Ф.Рауль ашқан болатын. Криоскопияны ерітілген заттың молекулалық массасын анықтауда, әлсіз электролиттердің диссиоциоциялану дәрежесін анықтауда, ерітінді мен ерітілген заттың термодинамикалық активтілігін анықтауда пайдаланылады. Криоскопия молекулалық массаны эбулиоскопияға қарағанда дәлірек анықтайды.
Эбулиоскопия ерітіндінің таза еріткішке қарағанда оның қайнау температурасының өсуін зерттейтін әдістің бірі. Ерітілген заттың молекулалық массасын анықтауда, ерітіндінің активтілігін анықтауда, диссиоциациялану дәрежесін анықтауда, изотоникалық коэффициент анықтауда қолданады. Эбулиоскопия Т-ның нақты сандарын талап етеді,ал бұл кейбір кезде еріткіштердің буланып кетіп,ерітіндінің концентрациясы өзгеріп,нәтижесінде толық нақты сандар алынбай қалуы мүмкін. Сондықтанда эбулиоскопияға қарағанда криоскопия көп пайдаланылады.
Орташамассалық молекулалық масса жарық шашырауының таралуынын өлшеу арқылы , ультрацентрифуга және диффузия әдістерімен анықталады.
Орташатұтқырлық молекулалық массаны анықтауға визкозиметрлік әдіс қолданылады.
44.Егілген физиологиялық активті полимерлер, Рингсдорф моделін түсіндір.Медициналық полимердің бұл үлкен тобы активті бастама- ФБЗ негізгі полимерлік тізбекпен байланыстырылған ЖМҚ.Егілген ФБП-дің құнды қасиеттерін саралай,дәрілік заттарды полимерлермен байланыстыра қолданудың негізіне полимердің келесі ерекшеліктерін жатқызамыз:
1.ФБП қасиеттерінің аддитивтілігі.Мәнісі:жүйенің физ.-хим. қасиеттері полимер-тасымалдаушыға,ал емдік қасиеттері жалғанған полимерлік затқа байланысты.
2 .Полимерлерге жалғанған дәрілік жүйенің жасуша мембраналары арқылы өту қабілеттінің төмендігі.
3.ФБП-дің зат алмасуына түсу қабілеті төмен.
4.ФБП-дің жасушаға ену механизмі кіші молекулалы ФБЗ- мен салыстырғанда өзгеше.
5.ФБП-дің организммен әрекеттесу механизмінің өзгешелігі.
Міне,осы келтірілгендер ФБП кіші млекулалы дәрілік заттардан артықшылығы болып табылады.Егілген ФБП- дің принциптік моделін Рингсдорф ұсынған.Егілген ФБП молекуласында негізгі полимерлік тізбекке үш түрлі буын жалғануы керек:1.ерігіштікке жауапты буын;2.полимер-тасымалдаушы мен дәрілік затты байланыстыру үшін қызмет ететін буындар.Жалғанған дәрілік зат полимермен бірге немесе одан бөлініп әсер етуі мүмкін.3.Бағытты тасымалдау жүйесіне жауапты, яғни нысана-жасушаны табуға жауапты буын (лиганд)