
- •36.Акрилат полимерлерінің алыну реакцияларын жаз.
- •42.Эмульсияның өмір сүру уақытына мысал келтіріп, жауабыңызды түсіндіріңіз
- •46.Полиамфолиттің изоиондық және изоэлектрлік нүктелерінің сәйкес келетін жағдайын жазыңыз және түсіндіріңіз.
- •52. Стехиометриялы полиэлектролитті комплекстер қалай жүретінін мысал келтіріп түсіндіріңіз.
- •53.Полимерлі қышқылдар, негіздер, амфолиттер. Ортаның рH-ын 4-тен 9-ға өсіргенде келтірілген тұтқырлықтарының өзгерістерін салыстырыңыз.
- •51.Стехиометриялы емес полиэлектролитті комплекстер қалай жүретінін мысал келтіріп түсіндіріңіз.
36.Акрилат полимерлерінің алыну реакцияларын жаз.
Полиакрилаттар —акрил, метакрил және цианакрил қышқылдарының күрделі эфирлерінің полимерлері болып саналады. Жалпы формуласы (-CH2-CR'(COOR)-)n (R' = Н — акрилаттар, R' = СН3 — метакрилаттар, R' = CN — цианакрилаттар), термопластикалық полимерлі материалдар, ең маңызды өкәлдері болып саналады — поли-н-алкилакрилаттар және полиметилметакрилат. Қасиеттеріне тоқталатын болсақ, R = C1-C12 поли-н-алкилакрилаттар төменгі температурада шыныланатын аморфты полимерлердегі мөлдір массалар болып табылады. Ал алкилді тізбектерде 12 асса кристалданады және мөлдірлігін жоғалтады. Полиметакрилаттар R = С1-С3 — аморфты шыны тәрізді полимерлер, R = С2-С14 бастап — эластикалық, R > С14 болса— қатты полимерлер. R > С10 алкилді тізбектерді жинау барысында полиметакрилаттар кристалданады, осы кезде балқу температурасы тізбек өскен сайын өседі.Полиакрилат пен полиметакрилаттар күн сәулесіне,оттекке,суға,сұйытылған қышқыл мен сілтіге тұрақты.80-100°С температурада полиакрилаттар мен полиметакрилаттар сілті қатысында полиакрил қышқылы мен полиметакрил қышқылға дейін гидролизденеді.
35-41.Ионсыз полимер және поликарбон қышқылы судағы ерітіндісінің оптикалық тығыздықтарының рН тәуелділіктегі қисығын тұрғызып, жауабыңызды түсіндір.ИПК түзілу процестері бірқатар дағдарыстық құбылыстармен сипатталады. Сыртқы ортаның әртүрлі параметрлерінің болмашы өзгерістеріне жүйенің қасиеттері елеулі тәуелді болып келеді. ИПК рНтың белгілі бір дағдарыстық мәндерінен (рНдағд. ) төмен шамада ғана түзіледі.Өйткені поликарбон қышқылдарының құрылымында сутегілік байланыс түзуге қабілеттілікті тек иондалмаған карбоксил топтары көрсетеді. Комплекстүзудің дағдарыстық рН-ты гравиметриялық, тұтқырлық әдістері тиімсіз. Ал лайлылық (турбидиметрия) әдісін қолданған жөн. Комплекстүзудің рН дағдарыстық мәні әрекеттесіп отырған макромолекулалардың табиғатына, концентрациясы мен иондық күшке, сонымен бірге ерітіндідегі әр түрлі заттардың қатынасына тәуелді. Дағдарыстық рНтың шамасы, поликарбон қышқылы ионсыз полимер жүйесінің сулы ерітінділерде комплекстүзуі қабілетілігінің сандық критерийі ретінде қолданылады. Оның артуы макромолекулалардың ИПК түзу қабілеттілігінің күшейгенін көрсетеді.
42.Эмульсияның өмір сүру уақытына мысал келтіріп, жауабыңызды түсіндіріңіз
Эмульсия – дисперстік жүйе, микроскопиялық сұйықтық тамшылардың (дисперсті фаза) басқа сұйықтықта (дисперсті жүйе) таралуы. Эмульсияны түзетін екі сұйықтық та бір бірінде ерімеу керек немесе аз еруә керек және жүйеде тұрақтандырғыш (бұл жағдайда эмудьгатор деп аталады) болуы керек. Екі фазаның тығызыдығы жақын болған сайын эмульсия седиментациялық тұрақты болып келеді. Эмульсияның өмір сүру уақыты дегеніміз оның екі фазаға бөліне бастағанға дейінгі уақыты. Эмульсияның тұрақтылығын екі әдіспен табуға болады, эмульсияның бөліну жылдамыдығы мен бір тамшысының фазааралық бетте өмір сүру жылдамдығы. Бірінші әдіс бойынша дисперсті фазаның (немесе дисперсті ортаның) эмульсияның дайындалған уақытынан бастап белгілі бір уақытта көлемінің өзгеруі. Көлем мәнін процентте берілген бүкіл эмульсияның мәнінен алып, ордината осіне, ал сәйкес уақытты абцисс осіне койып кинетикалық қисықты аламыз. Бұл эмульсияның тұрақтылығын береді. Егер эмульсия цилиндірлі ыдыста бұзылса бөлінген фаза көлемі сәйкес қабаттың биіктігіне пропорционалды, яғни көлем орынына биіктігін де алса болады. Егер бөлінген фаза көлемі уақытқа пропорционалды болса, онда эмульмияның тұрақтылығын өмір сүру уақыты деп алсақ болады. Он келесі формуламен есептесек болады: Н = а100%/Vжалпы
а — бөлінген дисперсті фазаның мөлшері; Vжалпы — жүйенің жалпы көлемі.
45.Сутектік байланыс арқылы түзілген интерполимерлі комплекстердің түзілуіне әсер ететін факторларды мысал келтіре түсіндіріңіз .ИПК түзілу процестері бірқатар дағдарыстық құбылыстармен сипатталады. Сыртқы ортаның әртүрлі параметрлерінің болмашы өзгерістерінің жүйенің қасиеттері елеулі тәуелді болып келеді. Полимерлердің молекулалық массаларының төменгі және жоғарғы шектері болатындығы, олардан төменде және жоғарыда комплекс түзілу процесі жүрмейтіндігі немесе беріктілігі төмен комплестердің түзілуімен сипатталады. Комплетарлы макромолекулалар арасында сутегілік байланыс тығыздығының қажетті деңгейін қамтамасыз ететін, полимер-полимер комплексі түзілуі үшін полимерде функционалды топтардың минималды дағдарыстық мөлшерінің болуы қажет. Сулы ерітіндіде ИПК рН-тың белгілі бір дағдарыстық мәндерінен төмен шамада ғана түзіледі. Өйткені поликарбон қышқылдарының құрылымында сутегілік байланыс түзуге қабілеттілікті тек иондалмаған карбоксил топтары көрсетеді.
Комплекстүзудің
рН дағдарыстық мәні әрекеттесіп отырған
макромолекулалардың табиғатына,
концентрациясы мен иондық кұшке, сонымен
бірге ерітіндідегі әр түрлі заттардың
қытысына тәуелді. Дағдарыстық рН-тың
шамасы, поликарбон қышқылы – ионсыз
полимер жүйесінің сулы ерітінділерде
комплесктүзуі қабілеттілігінің сандық
критерийі ретінде қолданыла алады. Оның
артуы макромолекулалардың ИПК түзу
қабілеттілігінің күшейгенін көрсетеді.