
- •1.Социология дегеніміз қандай ғылым.
- •2.Социологиялық ұғымдарлың ерекшеліктері.
- •3.Социологиялық парадигмалардың сипаттамалары.
- •4.Социологияның өмірге келуінің саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани алғышарттары.
- •5.Социологияның атқаратын функциялары.
- •6.Социологияның басқа ғылымдармен арақатынасы.
- •7.О.Конттың социологиялық көзқарасы.
- •8.Э.Дюркгеймнің социологиялық көзқарасы.
- •9.К.Маркстің социологиялық көзқарасы.
- •1О.Т.Парсонстың негізгі ұстанымдары.
- •11.А.Шюцтің социологиялық ұстанымдары.
- •12.Дж.Хоманстың социологияға енгізген үлесі.
- •13.Э.Гидденстің социологияға қосқан негізгі үлесі.
- •14.П.Бурдьенің социологиялық көзқарасы.
- •15.Ж.Баласағұнның «Құтты білігін» социологиялық тұрғыдан түсіну.
- •16.Абайдың социологиялық көзқарасы.
- •17.М.Әуезовтің Абай жолы романындағы қазақ қоғамының сипаттары.
- •18.Ш.Айтматовтың «Жәмилә» повестінің құндылықтары.
- •19.Алаш партиясының ұлттық ұстанымдары.
- •20.М.Мақатаев поэзиясындағы тұлғаның сипаттамасы.
- •21.Адам, жеке адам,кісі, тұлға ұғымдарының айырмашылықтары.
- •22.Тұлғаны социологиялық тұрғыдан қарастыру.
- •23.Дәстүрлі қоғамның сипаттары.
- •25.Қазақстандағы социология ғылымының қалыптасуы.
- •26.Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құрудың өзекті әлеуметтік мәселелері.
- •27.Әлеуметтену процесі,
- •28.Әлеуметтенудің негізгі агенттері.
- •29.Социологиялық зерттеудің түрлері.
- •30.Сауалнама.Сауалнама сұрақтарының түрлері.
- •31.Сұхбатнама.
- •32.Контент- талдау. Құжаттарды талдау тәсілдері.
- •33.Бақылау және оның түрлері.
- •Социологиялық зерттеу-процедуралар жүйесі. Олардың мақсаты-зерттеліп жатқан құбылыстан нақты объективті мәліметтер алу.
- •34.Эксперимент.
- •35.Іріктеу.
- •36.Әлеуметтік құрылым ұғымы.
- •38.Әлеуметтік роль.
- •39.Әлеуметтік мәртебе.
- •40.Әлеуметтік топтар.
- •41.Әлдеуметтік институттардың сипаты.
- •43.Әлеуметтік стратификация.
- •44.Қазіргі әлеуметтік стратификация концепциялары.
- •45.Қазақстандағы әлеуметтік стратификацияның сипаты.
- •46.Қазақстандағы байлар, орта топ және кедейлер тобының сипаттамалары.
- •47.Әлеуметтік мобилділіктің түрлері.
- •48.Әлеуметтік мобилділіктің каналдары.
- •49.Отбасының тарихи эволюциясы.
- •50.Отбасының өмір циклі.
- •52.Ажырасқан отбасылардағы туындайтын әлеуметтік мәселелер.
- •53.Толық емес отбасының әлеуметтік мәселелері.
- •54.Қазақ отбасындағы дәстүрлер мәселесі.
- •55.Неке құрудың әлеуметтік мәселелері.
- •56.Қазақ жастарының отбасын құрудағы әлеуметтік мәселелері.
- •57.Қазақ отбасындағы буындар жалғасы мәселелері.
- •58.Этникалық социология.
- •59.Қазақстандағы этникалық процестерге сипаттама.
- •60.Қазақ ұлтының мүдделерін социологиялық тұрғыдан түсіну.
- •61.Қазақ ұлтының стратификациялық процесін этникалық қатынастар тұрғысынан түсіну.
- •62.Қазақ ұлтының дәстүрі, діні, ділі, тілінің жағдайын социологиялық тұрғыдан қарастыру.
- •63.Қазақ қоғамының мобилділігінің сипаттамасы.
- •64.Қазақтардың урбанизация процесіне енуінің өзекті әлеуметтік мәселелері.
- •65.Ауыл мен қала арасындағы қайшылықтардың әлеуметтік мәні.
- •66.Қазақтардың мобилділігінің каналдары.
- •67.Білім социологиясы.
- •68.Қазақстандағы білім саласындағы әлеуметтік мәселелер.
- •69.Жоғарғы оқу орындағы сапалы білім алу мәселелерінің әлеуметтік қырлары.
- •70.Жастар социологиясы.
- •71. Жастар мәдениеті.
- •72. Жастар отбасының әлеуметтік мәселелері.
- •73. Жастар мен ата- ана арасындағы әлеуметтік мәселелер.
- •74. Қазақстан Халықтар Ассамблеясының атқаратын әлеуметтік мәселелері.
- •75. Этнос, ұлт, диаспора.
- •76. Этносаралық қатынастардың қазіргі кездегі өзекті әлеуметтік мәселелері және оны шешудің жолдары.
- •77.Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын социологиялық талдау.
- •78.Б.Момышұлының «Қанмен жазылған кітап» шығармасын социологиялық талдау.
16.Абайдың социологиялық көзқарасы.
Халқымыздың данышпан ұлы Абай Құнанбаев туралы ғылымның сан алуан саласында жазылған еңбектер өте көп. Абай тануға елеулі үлес қосқан ғалымдарымыз Мекемтас Мырзахметов пен Құлшат Өмірәлиевтың келтірген деректері бойынша 50-жылдардан бастап Абайдың әр саладағы шығармашылық қызметі туралы зертеушілердің қаламының 20 монография 2000-ға жуық мақала мен зерттеу жарық көрген екен. Абайдың әр саладағы көзқарасын жан-жақты, терең зерттеу нәтижесінде біз оның күнге дейін беймәлім келе жатқан баға жетпес құнды ойларын танып білу, қазақ қоғамының сол замандағы, тіпті қазіргі кездегі қайшылықтарының себептерін аңғарамыз. Абайдың әдеби мұрасын зерттеу тарихында ұлы ақынның дүниеге көзқарасының бір саласы-оның саяси әлеуметтік көзқарасы кеңестік дәуірдің 20 жылдардан бастап-ақ қызу таласқа түскен еді, бірақ соңғы жылдарға дейін бұл туралы көптеген мақалалар мен зерттеулер еңбектерінде жол жөнекей сөз етілсе де, арнайы түрде ғылыми зерттеу нысанасына алынбай келді. Әрі Абай шығармаларының әлеуметтік беті туралы дұрыс шешімін таппай, көп жылдар бойы өзекті талас- тартыстардың қайнар көзіне айналып келді. Абай мұрасының әлеуметтік беті, көбінесе, тұрпайы социологиялық таным шеңберінен шыға алмай келуіндегі басты кедергі тап күресідеген марксистік танымды қоғамдық пікірді ендіруінде жатыр. Яғни Абайдың әлеуметтік беті жасанды таным тұрғысынан қарайды. Оны бұзу ол тұста мүмкін емес болатын-ды. Әсіресе, бұған зерттеушілердің назары ақынның сатералық шығармаларын сөз еткенде көбірек ауды. Абай өз шығармаларында әлеуметтік мобильдік, адам статусы мәселелеріне тоқталып, адамның қоғамдағы орнын: «Биік мансап-биік жартас...» дей келіп, оны билік, байлық, білі деңгейі т.б. айқындайтынын түсіндірді. Оның пікірінше адам: «Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң тағы қайыршылыққа түседі.» Адамның қоғамдық баспалдақпен биікке өрлеуі мен кері қозғалуын көрсетіп, оны индивиттің әлеуметтік жағдайының өзгеруімен байланыстырады. Қзақ қоғамында байдық малы жұтта қырылып, кедейленуі жиі орын алғаны рас және еңбегімен кедейлердің орта шаруа, одан кейін байлардың қатарына қосылғандары да жоқ емес еді. Сөйтіп, олардың қоғамдық баспалдақта орнын ауыстыруы әлеуметтік заңды процесс болды. Данышпан Абай қазақ халқының әлеуметтік дамуын еңбекпен байланыстырады. Еңбектің терең әлеуметтікмәнін түсіндіреді. Ғұламаның шығармаларында еңбек қоғамдық прогрестің негізі, материалдық құндылықтарды шығару көзі, халықтың тұрмыс деңгейін түзетудің басты құралы ретінде баяндалады. Сол кезде жұрт араснда еңбекке қатысты қалыптасқан немқұрайлылық, еріншектік жалқаулық сияқты келеңсіз құбылыстарды әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоулық сияқты келеңсіз құбылыстарды әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоғамның алға басуына кедергі болып отырғанын, халықтың негізгі бөлігінің материалдық жағдайының төмендігін айта келіп, халықты аянбай жұмыс істеуге шақырды.Кедейліктің мотивін еңбексіздіктен іздеген Абай «Еңбек жоқ, қарекет жоқ қазақ кедей, тамақ аңдып қайтеді тентіремей?» деп қынжыла жазды. Еңбек етуші адамға шаруашылық жүргізгенде «жинақылық керек, әрбір жинақылық кеніш болады» деп, еңбекті ұтымды жүргізуге насихаттайды, өйткені ұтымды еңбек ету әлеуметтік прогреске жеткізудің жолы, кедейліктен шығудың бірден-бір басты құралы еді. Кедейлікпен күресе алмаған, одан шыға алмаған кісі кер келеді. Еңбектің сипаты мен мазмұнына ерекше мән берген Абай: Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған,- деп, егін салу мен білім алудың баянды еңбек екенін қорытады. Баянды еңбекті ол материалдық игіліктерді өндірудің және адамның мұқтажын қанағаттандырудың маңызды көзі деп түсінді. Қазақ қоғамында халықтың бәрі бірдей еңбекке тартылмай, оның белгілі бір бөлігі жұмыссыз болды. Абай оның жағымсы з салдарын ашып көрсетті. Жұмысы жоқтық қазақты жаманшылыққа деп ескертті. «Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығына да әр түрлі бәлеге, ұрлық,зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселрге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе». Ұлы ойшыл жұмыссыздықтың материалдық жоқшылыққа әкеп соқтыратынын баяндай отырып, оның адам мінез-құлқын өзгертетінін айтып, адамды хайуандырып жіберетінін айтты. Адамның бәрінде жаманшылыққа қарсы тұра алатын күш қуат, жэігер такбылада бермейді.Сондықтан да Абай «Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады» деп жазды. Жұмыссыздықты ел ішінде тоқтату жолдары мен қатар, сырт елдерге барып жұмысқа орналасу арқылы жоюға болатынына үмітпен қарады. Ол «малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен?» деп армандады. Абайдың бұл пікірі бүгінгі қоғамдажұмыссыздықтың салдарынан қалыптасқан келеңсіз әлеуметтік жағдайларды:қылмыстың өршуін, қайыршылықтың ,нашақорлық пен маскүнемдіктің, жезөкшеліктің, т.б. мәнін сол кезде-ақ көріп тұрғандай айтылғаны анық. Абай қазақ қоғамын дамытудың халыққа білім беру, олардың ғылымға тарту деп есептеді. Ғылымды ол әлеуметтік жағдайларды жақсартудың ғана бірден-бір құралы, деп қарай отырып, ғылымды игеру бүкіл прогреске жететін жол деп түсіндірді Ұлы ойшылдың пікірінше, ғылымды біз жанымыздан шығара алмаймыз, жаралып, жасаалып қойылған нәрселерді сезбеппіз, көзбен көріп, ақылмен білеміз. Абай тұжырымның «Отыз сегізінші сөзінде» тереңдете келіп, ғылымның, білімнің пайда болып, қалыптасуын және әлеуметтік рөлін былай пайымдайды: «Адамның ғылымы, білімі, хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады». Абай ғылымда абстрактілі ойлаумен қатар нақты фактілерге сүйенудің маңыздылығын атап көрсетеді және ғылымда қолданылатын бақылау әдісінің рөлін мезгейді. Ғылымда әр нәрсенің өлшеуі бар, оның өлшеуін білу-бір үлкен керек іс деп, ғылым танудың маңызды принципін негіздейді және жолын байқатады. Ғылымның бірден-бір мақсаты-қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету: «Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпымен, ұнамсызы ұнамсыз қалпымен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ақпаратты «көп жинағаны бар адам» сынап, орындысын, орынсызын-бәрінде бағанағы нәрселерінен есеп болып, қарап табады. Ұлай етіп харекетке түскен адамды ақылды дейміз» Абай ғылыми зерттеулер кәсіби деңгейде жүргізілгенде ғана жақсы нәтиже береді деп түсінді. Абай статистикалық мәліметтердің ғылым үшін маңыздылығын жақсы білгендіктен, оны санақ мәліметтері қатты қызықтырған. 1878 жылы құрылған Семей облыстық санақ комитетіне өмірінің соңына дейін мүше болған. Статистикалық мәліметтер қоғамда жүріп жатқан процестер туралы анық, әділ, ғылыми деректер беретін болғандықтан, Абай Қоңыр-Көкше еліне болыстың управителі сайланып, өзі басқарып отырған болыстың жәй күйін баяндайтын статистикалық мәліметтерді өз қолымен жазып, облыстық басқармаға жіберіп отырған: «1876 жылдың аяғында болыс та 4163 еркек, 3393 әйел. Қыстайтын жерлер саны-1004,оның 469-ы тастан, кірпіштен қаланған қытауларда, 535-і киіз үйде қыстайды. Болыста 900 түйе, 4500 жылқы, 1350 ірі қара мал, 30150 қой-ешкі»,- деп жаза келіп, одан қанша төл алынды, қыста өлгені, тамақ үшін пайдаланғаны, т.б.көрсетеді де, болыстағы егін шаруашылығының жайын баяндайды: «19 шаңырақ егін шаруашылығымен шұғылданады. Абай елдің әлеуметтік-экономикалық хал-жайын:мал, егін шаруашылығын, елдің әлі де жартылай көшпелі, жартылай отырықшы күйде қалып отырғанын терең сезінді. Мұндай жағдайда өркениетті елдер дәрежесіне қосыла алмайтынын білді.Ол ғылым мен білімнің маңызды функциясы адамда тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру деп санады.Қоғамның болашағы саналаты н жастарға бағыттап жазған өлеңдері мен қара сөздерінде оларды жағымсыз жәйттерден сақтандырып, жақсылыққа ұмтылу керек екендігін түсіндіріп, тұлғаны қалыптастыратын қасиеттерді белгілеп берді. «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде Абай: Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз... Өсек, өтірік,мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ- Бес дұшпаның білсеңіз Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой- Бес асыл іс, көнсеңіз,-