Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
answers_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.26 Кб
Скачать

78.Б.Момышұлының «Қанмен жазылған кітап» шығармасын социологиялық талдау.

Соғыс психикасы; әскери терминдерге анықтама және тактикалық стратегия туралы;

Солдат өміріне жауапкершілікпен және жауынгер тағдырына құрметпен қарау керектігі; Отбасы, мектеп және әскери тәрбиенің байланыстылығы

К ітаптың атына заты сай. Ол соғыстың философиясы мен психологиясын терең­нен қозғайды, соғыстағы адамның орны мен оның рухани-адамгершілік құнды­лық­­тары әрбір эпизодтан аңғарылып тұра­ды, әскери өнердің тактикасы мен стра­тегиясы қысқа әрі нұсқа стильде сөз бола­ды. Бұл шағын еңбек басынан аяғына дейін шынайы әрі өткір ойларға, ойдың тобықтай түйінін білдіретін сентенциялар мен афоризмдерге толы, олар ел аузын­дағы қанатты сөздерге айналып кетті. Мә­тін­нің жігерлілігі сондай, оқырманның қанын тасытып, жанын толқытып, кейде көзге жас келтіріп, таза да шынайы пат­риоттық сезіммен баурап алады. Гвардия полковнигінің терең біліміне, нәзік бай­қам­паздығы мен сезімталдығына, соны­мен бірге қатаң талап қоя білетін жауапкершілігіне еріксіз тәнті боласыз. Естуі­міз­ше, Баукеңнің осы бағыттағы туын­ды­лары Шығыс Еуропа, Орталық Америка елдерінің, тіпті Израильдің әскери оқу орын­дарында арнайы оқытылатын көрі­неді. Біздің елімізде болса, Б. Момыш­ұлы­ның соғыс теориясы мен философиясы мә­селесі әлі беті ашылмаған тың күйінде қалып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]