Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
answers_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.26 Кб
Скачать

62.Қазақ ұлтының дәстүрі, діні, ділі, тілінің жағдайын социологиялық тұрғыдан қарастыру.

Егемендіктің алғашқы жылдарында қазақ тілінің, діні мен ділдің жағдайы сын көтермейтін болатын. Еліміздегі қазақ мектептері жаппай жабылған еді. Бұл құбылыс қазақ тілінің, қазақтілді ұрпақтың тамырына шабылған балта болды. Орыс отаршылдары ұлттық тіл, ұлттық діл, ұлттық дін дегенді жойып, бір ғана ұлт жасауды алдарына басты мақсат етіп алды. Осылайша бір ғана «кеңестік ұлт», бір ғана «құдіретті орыс тілі» болатыны белгілі болды. Қазақтарды орысша оқыту 19-ғасырда-ақ белең алған. Сол кезден бастап қазақтілді ұрпақтың санасына «орыс тілін үйренсең ғана адам боласың» деген қағида сіңірілді. Егемендікке қол жеткенше бүкіл мектептердегі балалардың 22 пайызы ғана қазақ тілінде білім алды. Ол мектептің көпшілігі де 100-150 бала оқитын ауыл мектептері еді. 1400-1500 оқу­­шысы бар қала мектептерінің дені орыстілді болды. Бірақ «жылан­ды үш кессең де кесірткедей әлі бар» демекші, қазақ тілі өзінің қай­нар бастауынан айырылмады. Қа­зақ тілі 1980 жылдар­дың аяғында өзінің мәртебесіне қол жеткізе бас­тады. 1991 жылы ел тәуелсіздігін жа­риялаған соң қазақтың тілін кө­теру басты бағыт болды. 

63.Қазақ қоғамының мобилділігінің сипаттамасы.

Страталардың бірінен екіншісіне өту яғни мобилділік. Мобилділіктің түрлері: тікелей және бір деңгейді. Мобильділіктің лифтері: отбасы, мектеп, қызмет, әскер, дін, білім. Осы лифтердің Қазақстан қоғамындағы реттелүі. Төменнен жоғары жылжу лифтері. Жоғарыдан төменге құлдырау. Қазақтардың мобилділігін сипаттау және талдау. Статистикалық мәліметтер, өз ақпараттарың, өз тәжірибелеріңнен.

Әлеуметтік стратификацияның рухани жағы. Дәстүрді, дін, діл, мәдениеттің стратификация процесіне әсері. Қазақтардың жоғарғы, орта, төменгі страталарына әлеуметтік сипаттама беру. Білім саласын мобильділіктің лифті ретінде қарастыру. Студенттердің арасында әлеуметтік стратификация және мобильділік тақырыбына арналған кішігірім социологиялық зерттеулер өткізу

64.Қазақтардың урбанизация процесіне енуінің өзекті әлеуметтік мәселелері.

Қазiр қазақтың қалаға көшу процесi стихиялы түрде жүрiп жатыр. Бiрақ урбанизация дәстүрi қазiргi деңгейде қандай да бiр қарсылықтарсыз жүзеге аса алмайтынын уақыттың өзi көрсетуде. Шағын елдi-мекендердiң «болашағы жоқ» деген себеппен, ауылдарды қолдан жою, сөйтiп iрiлендiру саясатының болжамсыз жүргiзiлуi iрi қалаларға өз салқынын қатты тигiздi. Үкiмет бұл тұрғыда қажеттi заң тетiктерiн қабылдамаса да, бұл «процестi қоғамның өзi сұрап отыр» деген пiкiрдi қалыптастыруы әлеуметтi әбден шатастырып жiбердi. Екiншiден, қазiр iшкi көшi-қон мен сыртқы көшi-қонның көзге көрiнбейтiн iшкi араласу процесi стихиялы түрде өрiс алды.

65.Ауыл мен қала арасындағы қайшылықтардың әлеуметтік мәні.

Біріншісі,  қазақ тілінің жағдайы бір күні жақсарады деген сенім. Қазірдің өзінде біраз жақсарды ғой. Екіншісі, «тілдің жағдайы қанша жақсарғанымен, ауыл мен қала арасындағы қайшылық, қазақ жастарының жоғары білім алып, жұмысқа орналасуы, олардың қызмет сатысымен өсуі сияқты әлеуметтік мәселе шешілмейінше, қоғамымыздың төрт құбыласы түгел болуы қиын-ау»  деген қамкөңіл. 

Әрине, ауыл мен қаланың арасындағы қайшылықтарды жою үшін тек бір жақты шаралар аздық етеді, ол үшін кешенді бағдарламалар қажет. Себебі ауылдан келген мигранттардың қала тіршілігіне бірден үйренісіп, өз орындарын таба алмаса, олар қаланың криминалдық жағдайын ауырлатуы мүмкін еді. Бірақ бұл әлеуметтік айқындық қалаға ұмтылған жастар легін бәсендетпегені сөзсіз, тек енді олар қалаға көшкеннен гөрі, қалада тек жұмыс істеп, ауылға күнделікті қайтып отыру мүмкіндіктерін пайдаланды. Егер Алматы және қала маңайы арасындағы маятниктік байланыстарды талдайтын болсақ, онда даму дәрежесі және бағдарлау сипатына қатысты территориялардың арасында анықталған шектеулер жүргізуге ықтимал.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]