Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
answers_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.26 Кб
Скачать

52.Ажырасқан отбасылардағы туындайтын әлеуметтік мәселелер.

Отбасының ажырасу мәселелері де қазіргі күннің ең бір өзекті мәселелерінің бірі. Ажырасу тек қана ерлі зайыптыларға ғана емес олардың балаларына тигізер зияндығы көп. Мысалы әкесіз өскен ер балада еркектік қасиеттер жөндеп дамымауын көптеген социологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр.

53.Толық емес отбасының әлеуметтік мәселелері.

Толық емес отбасы балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата-аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата-анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарымсыз ерлі-зайыптыны бағып-қағу үшін алимент төлейді.Мұндай жанұяларда бала тәрбиелеу мәселесі қиындыққа соқтыруы мүмкін, себебі қыз балаға анасының ал ұл балаға әкесінің тәрбиесі қажет.

54.Қазақ отбасындағы дәстүрлер мәселесі.

55.Неке құрудың әлеуметтік мәселелері.

Ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы ұатынастар некелесу (үйлену, тұрмысқа шығу) алуан түрлі тәртіп бұзушыларға қарсы қолданылатын жазалау шараларының жиынтығы арқылы реттеліп отырады. Бұл некелесу ұйымы еркек пен әйелдің арасындағы қарым- қатынастарды реттеп отырудың әлеуметтік ережелерінің, олардың арасындағы міндет пен құқықтың жиынтығын белгілейді. Отбасының топ ретінде дұрыс қызмет атқаруын, өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы ережелер, оның ішінде міндет пен құқық ережелері құықтық сипатта болады. Ол неке мен отбасы туралы заң мен кодекстер арқылы реттелінеді. Бекітілген құқықтық ережелерге кіретін мәселелер: мүлікке иелік ету, ерлі-зайыпты адамдар балаларын және бір-бірін материалдық қамтамасыз ету, т.б. Осыған сәйкес бұл жерде некені бұзу туралы ережелердің жиынтығы бөлінеді.

56.Қазақ жастарының отбасын құрудағы әлеуметтік мәселелері.

Он үште отау иесі» десек те, оң-солын танып болмаған жастар баспана, жұмысқа орналасу секілді мәселелер туындағанда қиындыққа төтеп беруге дәрменсіздік танытуда. Ажырасушылар санының 24-28 жас аралығындағы жастар арасында артуы да соның дәлелі болса керек.

Мемлекет басшысы өткен жылы Қазақстан әйелдерінің 5-ші форумында жас отбасыларды әлеуметтік қолдау жөнінде тапсырма берген-ді. Бір жарым жыл бұрын берілген тапсырманың қалай орындалып жатқанын қайдам, әлеуметтік жағдайдың жайсыздығынан еліміздегі 90 мыңдай жас отбасының 32 мыңнан астамы ажырасып үлгеріпті.

Ал жетім балалар тиісті баспанадан қағылып отыр. Бұл мәліметтер Президент жанындағы Отбасы істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында белгілі болды.

«Жас отбасы» мәртебесі мемлекеттік бағдарламалардан тыс қалған

Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбековтің айтуынша, соңғы жылдары 19-23 жастағылар арасында некеге отырушылар саны көбейген. «Он үште отау иесі» десек те, оң-солын танып болмаған жастар баспана, жұмысқа орналасу секілді мәселелер туындағанда қиындыққа төтеп беруге дәрменсіздік танытуда. Ажырасушылар санының 24-28 жас аралығындағы жастар арасында артуы да соның дәлелі болса керек. «Үйлену оңай, үй болу қиын» екенін кеш бағамдаған жастар бар мәселені шешудің жалғыз жолы ажырасу деп білетін сияқты. Махметғали Сарыбеков жас отбасылардың жағдайын жасау үшін мемлекет тарапынан іске қосылған тетіктің бәрін санамалап шықты. Жөн-ақ. Алайда… әлі де болса шешімін күткен мәселе жетерлік екен.

Әдетте, жоғары оқу орындарында жатақханадан орын бөлу кезінде отбасылы студенттерге басымдық беріледі. Бірақ бүгіндері 3920 отбасылы студент жатақхана кезегінде тұр. Ђйткені елімізде 145 ЖОО бола тұра, жатақханалар саны 107 ғана. Бұл жатақханаларда 7 659 отбасылы студент тұрып жатыр. Соңғы жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында 450 орындық жатақхана іске қосылды. Алдағы уақытта еліміздегі төрт ЖОО-да бір-бір жатақхана пайдалануға берілмек. Бірақ оның бәрі жоғарыдағы сұранысты толық жаба алмайды.

Жас отбасы деп мәселе көтергенімізбен, бұл топтың мәртебесі көп жерде ескерусіз қалған көрінеді. Білім және ғылым вице-министрі «жас отбасыларды зерттеуге статистикалық көрсеткіштердің белгіленген жүйесінің болмауы қиындық тудыруда» дейді. Ал мемлекеттік органдардың нормативтік құжаттарында – мемлекеттік, салалық бағдарламаларында, тіпті стратегиялық жоспарларында да «жас отбасы» санатына орын берілмеген. «Жастар» деген ұғыммен жаба тоқыла салған. Дәл осы үрдіс жас отбасылардың жанын ауыртар мәселелерді шешуге кедергі болуы мүмкін.

Егер осы олқылықтың орнын толтыра алсақ, онда мемлекеттік мекемелерде, ұлттық компанияларда жұмыс істейтін жас отбасы мүшелерінің мүддесі қорғалар ма еді, дейді ұлттық комиссияның отырысына қатысқандар. Бұл жиында Батыс Қазақстан облысында оң нәтиже беріп отырған «Жас отау» жобасын еліміздің өзге өңірлерінде де жүзеге асыруға ұсыныс жасалды. Сонымен қатар Ақтөбе облысында үйде отырған әйелдерді жұмыспен қамтудың жаңа тәсілі туралы да сөз болды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, бұл жоба балалы әйелдердің үйде отырып компьютермен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Мәселен, Ақтөбедегі 10 мемлекеттік мекемеге енгізілген пилотты жобаға 25 пен 45 жас аралығындағы 3 айлық баладан 7 жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік қызметтегі әйелдер қатысыпты. Әйелдерді қашықтан жұмыспен қамту жүйесі олардың жауапкершілігі мен еңбек өнімділігін арттырған, әйелдердің жұмыстан сұрануы мен «ауруханалық парақ» санын да азайтқан. Дүниежүзінде қалыптасқан бұл жүйені жаппай қолдану үшін енді заңдарымызға өзгертулер енгізілуі керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]