
- •1.Социология дегеніміз қандай ғылым.
- •2.Социологиялық ұғымдарлың ерекшеліктері.
- •3.Социологиялық парадигмалардың сипаттамалары.
- •4.Социологияның өмірге келуінің саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани алғышарттары.
- •5.Социологияның атқаратын функциялары.
- •6.Социологияның басқа ғылымдармен арақатынасы.
- •7.О.Конттың социологиялық көзқарасы.
- •8.Э.Дюркгеймнің социологиялық көзқарасы.
- •9.К.Маркстің социологиялық көзқарасы.
- •1О.Т.Парсонстың негізгі ұстанымдары.
- •11.А.Шюцтің социологиялық ұстанымдары.
- •12.Дж.Хоманстың социологияға енгізген үлесі.
- •13.Э.Гидденстің социологияға қосқан негізгі үлесі.
- •14.П.Бурдьенің социологиялық көзқарасы.
- •15.Ж.Баласағұнның «Құтты білігін» социологиялық тұрғыдан түсіну.
- •16.Абайдың социологиялық көзқарасы.
- •17.М.Әуезовтің Абай жолы романындағы қазақ қоғамының сипаттары.
- •18.Ш.Айтматовтың «Жәмилә» повестінің құндылықтары.
- •19.Алаш партиясының ұлттық ұстанымдары.
- •20.М.Мақатаев поэзиясындағы тұлғаның сипаттамасы.
- •21.Адам, жеке адам,кісі, тұлға ұғымдарының айырмашылықтары.
- •22.Тұлғаны социологиялық тұрғыдан қарастыру.
- •23.Дәстүрлі қоғамның сипаттары.
- •25.Қазақстандағы социология ғылымының қалыптасуы.
- •26.Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құрудың өзекті әлеуметтік мәселелері.
- •27.Әлеуметтену процесі,
- •28.Әлеуметтенудің негізгі агенттері.
- •29.Социологиялық зерттеудің түрлері.
- •30.Сауалнама.Сауалнама сұрақтарының түрлері.
- •31.Сұхбатнама.
- •32.Контент- талдау. Құжаттарды талдау тәсілдері.
- •33.Бақылау және оның түрлері.
- •Социологиялық зерттеу-процедуралар жүйесі. Олардың мақсаты-зерттеліп жатқан құбылыстан нақты объективті мәліметтер алу.
- •34.Эксперимент.
- •35.Іріктеу.
- •36.Әлеуметтік құрылым ұғымы.
- •38.Әлеуметтік роль.
- •39.Әлеуметтік мәртебе.
- •40.Әлеуметтік топтар.
- •41.Әлдеуметтік институттардың сипаты.
- •43.Әлеуметтік стратификация.
- •44.Қазіргі әлеуметтік стратификация концепциялары.
- •45.Қазақстандағы әлеуметтік стратификацияның сипаты.
- •46.Қазақстандағы байлар, орта топ және кедейлер тобының сипаттамалары.
- •47.Әлеуметтік мобилділіктің түрлері.
- •48.Әлеуметтік мобилділіктің каналдары.
- •49.Отбасының тарихи эволюциясы.
- •50.Отбасының өмір циклі.
- •52.Ажырасқан отбасылардағы туындайтын әлеуметтік мәселелер.
- •53.Толық емес отбасының әлеуметтік мәселелері.
- •54.Қазақ отбасындағы дәстүрлер мәселесі.
- •55.Неке құрудың әлеуметтік мәселелері.
- •56.Қазақ жастарының отбасын құрудағы әлеуметтік мәселелері.
- •57.Қазақ отбасындағы буындар жалғасы мәселелері.
- •58.Этникалық социология.
- •59.Қазақстандағы этникалық процестерге сипаттама.
- •60.Қазақ ұлтының мүдделерін социологиялық тұрғыдан түсіну.
- •61.Қазақ ұлтының стратификациялық процесін этникалық қатынастар тұрғысынан түсіну.
- •62.Қазақ ұлтының дәстүрі, діні, ділі, тілінің жағдайын социологиялық тұрғыдан қарастыру.
- •63.Қазақ қоғамының мобилділігінің сипаттамасы.
- •64.Қазақтардың урбанизация процесіне енуінің өзекті әлеуметтік мәселелері.
- •65.Ауыл мен қала арасындағы қайшылықтардың әлеуметтік мәні.
- •66.Қазақтардың мобилділігінің каналдары.
- •67.Білім социологиясы.
- •68.Қазақстандағы білім саласындағы әлеуметтік мәселелер.
- •69.Жоғарғы оқу орындағы сапалы білім алу мәселелерінің әлеуметтік қырлары.
- •70.Жастар социологиясы.
- •71. Жастар мәдениеті.
- •72. Жастар отбасының әлеуметтік мәселелері.
- •73. Жастар мен ата- ана арасындағы әлеуметтік мәселелер.
- •74. Қазақстан Халықтар Ассамблеясының атқаратын әлеуметтік мәселелері.
- •75. Этнос, ұлт, диаспора.
- •76. Этносаралық қатынастардың қазіргі кездегі өзекті әлеуметтік мәселелері және оны шешудің жолдары.
- •77.Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын социологиялық талдау.
- •78.Б.Момышұлының «Қанмен жазылған кітап» шығармасын социологиялық талдау.
32.Контент- талдау. Құжаттарды талдау тәсілдері.
.Контент-ана́лиз(англ.: contents - мазмұн, содержимое) немесе мазмұнның саралаy-зерттеу стандартты әдістемесі қоғамдық ғылымның облысында саралау пәнімен мәтіндік алаптың және коммуникативті хат-хабардың мазмұны болып табылады.
Құжат деп социологияда адамның белгілі бір материалға түсірген мәліметі ұғынылады. Құжат қолжазба, тасқа басылған мәтін, баяндаманың стенограммасы, магнитофон жазбасы, фотосурет, сурет, кинофильм, видеожазба күйінде болуы мүмкін. Мәліметті жазып алу, беру және сақтау үшін микрофильм, микрофиша, компьютер дискеті, лазер дискасы жиі қолданылады. Құжаттарды түрлі белгілеріне қарай жүйелеуге болады. Мәліметтерді тіркеу тәсіліне қарай төмендегіше бөледі: 1. Жазба құжаттар (іштей тағы да вербальды және статистикалық болып бөлінеді). Вербальды жазбаша құжаттарға кітап, хат, баспасөз, ал статистикалыққа халық санағының, әлеуметтік сұраудың мәліметтері, елдің немесе аймақтық экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің статистикалық материалдар жинақтары, т.б. жатады. 2. Фонетикалық, яғни есту арқылы қабылданатын құжаттар (грампластинка, лазер дискасы, магнитофон жазбасы, радио хабарлары). 3. Иконографиялық құжаттар (картиналар, фотосуреттер, видеожазбалар). Құжаттарды талдауға қалыпқа түспеген (сапалық) және қалыпқа түскен (сапалық-сандық) әдістер қолданылуы мүмкін. Сапалық талдауда құжаттар оқылып, оның мазмүны логикалық операцияларды пайдалана отырып түсіндіріледі. Мұндай талдау зерттеушінің өз тұлғасына да байланысты. Зерттеушінің білім деңгейі мен қабілеттілігі, психологиялық ерекшеліктері мен идеологиялық бағыты құжаттарды талдау мен түйіндер жасау түрлі дәрежеде көрініс таппай қоймайды. Сөйтіп талдаудың сапалылығы субъективтік жағдайларға тікелей байланысты екен. Осы субъективизмнен арылу мақсатында құжаттарды талдаудың қалыпқа түскен тәсілдері жасалып, ол контент-талдау деп аталады. Оның дамуы мен кеңінен таралуына ақпараттық процестердің бұқаралық сипат алуы, осыған байланысты кең ауқымдағы мәліметтерді талдау қажеттілігі маңызды алғы шарты болды. Контент-талдау бұқараға арнап хабарлар тарататын журналистика саласында айтарлықтай нәтижелер берді. Ол алғашында бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеуге қолданылды. Кейіннен бұл әдіс кең тарап, әлеуметтік өмірдің басқа салаларында да, құжаттарда да қолданыла бастады. Сонымен бірге контент-талдау жасауға құжаттардың барлығы бірдей келе бермейтінін, оны қолданудың мәні де бола бермейтінін есте ұстаған жөн. Ол: а) зерттеу нысаны бір типті құжаттардан тұрса; б) зерттеушіні қызықтыратын мазмұн элементтері құжаттарда жеткілікті болса ғана қолданылады. Неғұрлым объективтілік компьютерлік контент-талдауда ғана болады. Құжаттармен жұмыс істеу процесінде қолданылатын контект-талдау әдістемесінің серпімді болуын бақылау тәсілдері бар.
33.Бақылау және оның түрлері.
Нақты социологиялық зерттеу мынадай мүмкіндіктер бере алады:
Қоғамдағы жағдайлардың анық бейнесін көрүге;
Әлеуметтік қарым-қатынастардағы шиеленіспен даму тенденцияларын бөліп қарау;
Социологиялық ситуацияларды болжау;
Қоғамның дамуының және шиеленістерді шешуінің ең тиімді жолдарын анықтау