Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
answers_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.26 Кб
Скачать

26.Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құрудың өзекті әлеуметтік мәселелері.

Бүгінгі кезде «қоғам» ұғымы бүкіл әлемдік қауымдастықты қамтиды, өйткені жаһандану процесі жершарының қандай мемлекеті болмасын басқаларымен тағыз байланыста екенінін дәлелдеп отыр. Қайсыбір елге төнген қауіпке басқа елдерде көмекке келүге тырысу тенденциясы да бет түзеп келеді. Әрине бұған қарама-қарсы бағытта да болып жатқан процестер жоқ емес. Оның көпшілігінің негізінде бұрынғы империалық амбицияның жатқаны сөзсіз. Соның бір мысалы ресейдің қазіргі Оңтүстік Оссетия мен Абхазияны әлемдіқ халықаралық шарттарға қарамыстан дербес мемлекеттер деп жариялауы.

Әлемдік қауымдастықтың орталық басқару органы болып Біріккен Ұлттар Одағы есептеледі. Бүгінгі кезде Еуропа Одағы өз қатарына 28 мемлекеттерді құрап 500 млн адамдардан турады. Бұқаралық ақпарат құралдары бүкіл әлемдегі жағдайды бір уақытта тарату арқылы адамдардың санасын, ой сезімудін жаңа планетарлық деңгейге сай қасиеттерге тәрибелеуде. Әлемдік валюта-қаржы жүйесінің тығырыққа тиелүі әләмдік экономикалық дағдарысқа алып келді. Қазақстан посттоталитарлық қоғамға тән сипаттармен белгілі. Оның негізгі көріністері жарияланған демократиялық қағидалар, заңдар іске баяу асырылуында, мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында мемлекеттің басымдылығы, азаматтық қоғамның әлі де кенжелеп қалыптаса алмауы, керісінше мемлекеттің, атқарушы биліктің шексіз билікке ие болуға ұмтылуында, жемқорлық, соның ішінде жоғары деңгейдегі мемлекеттік шенеүніктердің үлесінің өсүі және т.б. Қазақстан қоғамы қазіргі дәүірдің талабына сай даму үшін ең алдыменен өнім шығаратын секторларды дамытуы тиісті.

27.Әлеуметтену процесі,

28.Әлеуметтенудің негізгі агенттері.

1)Әлеуметтену дегеніміз – үздіксіз жүретін әлеуметтік үрдіс. Адам туылғаннан бастап, өмірден өткенге дейін жүреді. Қоғамға қалыпты бейімделген, қалыптасқан немесе жаңа әлеуметтік нормаларды игерген адам қоғамда тұлғалық дамуға, жүйелі өмір сүруге қол жеткізеді. Әлеуметтену алғашқы реттік, және екінші реттік болып бөлінеді. Алғашқы реттік әлеуметтену отбасыда жүреді. Одан кейінгі әлеуметтену бала-бақша, мектеп, әлеуметтік ортада, т.б. жалғасын табады. Негізінен әлеуметтену үдерісінің негізгі агенттеріне отбасы, білім, неке сияқты әлеуметтік институттардың әсері мол (Кесте-1). Отбасыда алған – тәрбие, білім беру мекемелерінде алған – білімі және тағы басқа институттардан алған түрлі оң құндылықтар адамның өмір бойы дұрыс, сапалы өмір сүруінің кепілі болады. Дегенмен, бұл – әлеуметтенудің қалыпты түрі. Ал қоғамда отбасыда туылмаған, отбасы институтынан тыс адамдар да бар (жетім балалар, көше адамдары, т.б.). Немесе белгілі бір объективті, субъективті факторларға байланысты білім беру институттарынан тыс қалғандар да бар (орта немесе жоғарғы білімі жоқ азаматтар). Сондықтан да қоғамда адамдардың әлеуметтену үдерісі өте күрделі және өзекті мәселелердің біріне жатады. Адам өмірінің циклдік қарастырғанда өсу, өрлеу шағы болып табылатын жастық шағының негізгі субъектілері болып табылатын жастардың дұрыс бағдарлануы олардың келесі өмірінің жартылай іргетасы болады десек қателеспейміз. Жартылай деп айтуымыздың бір себебі, адам бойындағы біршама құндылықтардың негізгісі балалық шақта қалыптасатыны жасырын емес.

2)Енді әлеуметтену түсінігінің мағынасын ашсақ - бұл барлық мәдени дәстүрлерге тән, сонымен қатар индивидтің білімін, құндылығын және нормаларын іске асыратын процесс. Әлеуметтену түсінігін философия , социология, әлеуметтік психология, психология, педагогика, тарих, этнография ғылымдары оқытады. Әлеуметтену философиялық қиындық ретінде тек әлеуметтік философия бағытында, әлеуметтік реализм дегендей қиындықтарға жолығады, тарихи категорияларда түрленбейді. Әлеуметтенудің философиялық негізгі дәстүрін әлеуметтік психология Тардтан бастау алады; ол белсенді түрде классикалық психанализде дамыды; интеракционизммен, марксизммен, жүйелі-функционалды талдаумен, бүгінгі күндегі әлеуметтенудің зерттелуі бойынша символикалық интеракционизмменпсиходраманың бағыттарымен т.б. Әлеуметтену процесінде адамды мәдениетке қосу, сонымен қатар ол үшін автохтонды түрде болатын белгілі бір халық дәстүрінің мәдениетіне қосу болады.

Әлеуметтену процесі мәдени ортаға бейімделу процесі секілді индивидтің бүкіл ғұмырында жүріп отырады. Бірақ оның функционалы-мазмұнды экстремумы баланың екі жас пен алты жас аралығына ғана тиесілі. Ал бұл жастан өтіп кеткен homo sapiens үшін бұл мүмкін емес. Қасқырлардың ортасында өскен әйгілі Амал және Кемал, бүркіт ұясындағы Гоимед баланы әлеуметтендірудің олардың жағдайында мүмкін емесігін көрсетеді.

Әлеуметтену мәдени әдет-ғұрыптар сияқты жеке тұлғаның қалыптасуы болып табылады. Бұл мағынада әлеуметтену нәтижесі ретінде бұрыннан қалыптасқан жеке тұлғаның варияциялары көрінеді. Олардың вариаттылығы нақты бір жекелеген әлеуметтік жағдайлардың және туа пайда болатын психологиялық жағдайлардың көптүрлілігімен шартталған.Олардың интегралдық қауымдастығы мәдениетте стандартталған тәуелділікке ие және белгілі бір орта түзетін матрицалардың парадигмалық бірлігі болады. Бұл жекелеген мінез-құлықтардың қоғам мақұлдамайтын жағдайларға әкелуімен аяқталады. Осындай бекітулерге операциялы түрде ие болу марапаттауға немесе жазалауға әкеп соқтыратын мынандай қағидалар арқылы жүзеге асады: «сүйсінушілік-қайғыру» (Фрейд) немесе «тежеуіштік-субстанция» (Парсонс). Әлеуметтенудің психологиялық механизмі тұлғаның мына рольдердің бірін қабылдауы арқылы көрінеді: «еліктеу» ( Тард), өзін басқа біреуге теңдестіру (Фрейд), « басқа біреудің ролін қабылдау» (Дж. Г. Мид), «еліктеушілік және теңдестірушілік» ( Парсонс). Осындай контекстерде әлеуметтену агенттері қиыншылықтарға тап болады, олар бұл жағдайда үлгі ретінде кім көрсетілуі тиіс деген сұрауға жауап іздейді. Бұл жерде әлеуметтену таным сапасының тұлға қалыптасуындағы мақсатталан ықпалы ретінде қарастыратыны сияқты, тұлғаның мәдени-әлеуметтік контекске сәйкес объективті ұйымдасқан процесстің маңыздылығын есте ұстау қажет. Фрейд концепйиясында бұндай үлгі болатын модель ретінде отбасы алынған (алдыменен ата-ана); ал Т. Тернердің көрсетуінше әлеуметтік агенттің референті ретінде отбсылық жағдайы жоқ топ қана қатыса алады делінген. Дегенмен, әртүрлі нұсқаларға қарамастан әлеуметтену біріншіден «басқа-басқалар» деп, екіншіден «мағыналы басқа-басқалар» деп түрленеді. Бұған мысал «мұғалім-оқушы» (Тард) принципіне негізделген тікелей қатынас бола алады. Жеке тұлға «өзіне жалпы құндылықтарды» басқа бір білікті адаммен қарым-қатынас жасау барысында алады. ( Парсонс) Мидтің айтуынша субъект үшін басқа бір тұлғаның рөлін қабылдау сатылай жүзеге асады. Алдымен өзі үшін беделді адамдардың роліне кіру ( ата-ана, үлгі тұтар достары, әдеби немесе кино кейіпкерлері), содан кейінгісі басқаны максималды түрде танитын абстрактілі «негізделген басқа» рөлінде. Негізделген басқа жағдайына жеткенде жаңағы әлеуметтенудің агенттері (ата-ана, топ) өзіндік бағалауға айналады. Бақылау жекелеген танымға кіреді де, физиологиялық организм рефлекстік таным «менге» айналады.(Мид)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]