Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
answers_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.26 Кб
Скачать

23.Дәстүрлі қоғамның сипаттары.

Дәстүрлі қоғам - көбінесе ауылдық қоғам, индустриалды емес, бүгінгі индустриалдық қоғамға қарсы, өндіру мен мәдени мұраларды сақтайтын қоғам.[1] Дәстүрлі қоғам - саяси, әлеуметтік және мәдени дамуы дәстүрлі құндылықтарға, салт-санаға, ата-баба мұраларына негізделетіндігімен ерекшеленетін әлеуметтік орта. Дәстүрлі қоғам адами қызметтің дағдыларын, қарым-қатынас жасаудың, тұрмыс кешудің, мәдени өнегенің пішімдерін кайталап отыруға негізделеді. Мұндай қоғамда дәстүр өмірлік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жалғаудың, индивидтердің жеке дамуын өзіне бағындыратын әлеуметтік сабақтастықтың басты құралына айналдырады. Дәстүрлі қоғамда әлеуметтік жаңалықтар эволюциялық жолмен біртіндеп жүзеге асады. Ұрпақтар сабақтастығы, олардың арасында қарама-қарсы себеп-салдарлардың болмауы, сан ғасырлық мәдени құндылықтарды ардақ тұтып, рухани-имандық қасиеттерді қастерлеу Дәстүрлі қоғамның жағымды қырлары болып табылады. Кейде Дәстүрлі қоғамдағы қатаң ұжымдық сана жеке адамның шығармашылығы мен бостандығын жете бағаламаушылыққа, өз мәдениетінің жосындары мен қалып қағидаларын өзге мәдени орта мен қоғамның ықпалынан қорғаштап бағатын томаға-тұйықтыққа алып келеді. Дәстүрлі қоғам қазіргі бүкіл әлемдік жаһандану жағдайында, әмбебап құндылықтардың, қарым- қатынас пішімдерінің, техника мен технологиялардың өрістеп, қанат жаюына орай өзінің томаға тұйықтығын жоғалта бастады

.24.Өзіндік және әлеуметтік идентификация.

Әлеуметтік, саяси, діни, демографиялық, қандықтуыстық, экономикалық, кәсіби мәртебелер адамдардың әлеуметтік қатынастарының ұзақтығын, интенсивтігін, бағыты мен мазмұнын анықтайды. Ал әлеуметтік рөль болса,ол нақты мәртебеге арналған іс-әрекет. Роөдерді мәртебелердің динамикалық жағы дейді. Әр адамнан оның мәртебесіне сай іс-әрекетт күтіледі. Банкирден банкирге тән, ұстаздан ұстаздық және с.с. Сондықтан әлеуметтік рөль онымен функциональды байланысты топтардың мүшелерінің сол рөлді орындалуын күтуі болмаса және әлеуметтік нормалар, сол рөлге нақты талаптарды бекітпесе орындалмас еді. Рөлдік жиынтық әлеуметтік қатынастарды қалыптастырады, әлеуметтік мәртебелерді және соған тән рөлдерді орындауды талап етеді. Рөлдерге беріле ену рөлдік идентификациялану дейді.

25.Қазақстандағы социология ғылымының қалыптасуы.

Қазақстанда социология гылымының негізі КСРО аясында қалыптасты. ХХ ғасырдың 30-жылдары социология ғылымы қуғынға ұшырап 50-жылдарың екінші жартысында марксистік-лениндік идеологияның тұрғысынан өмірге келген болатын. Егеменді мемлекет құрылып топталитарлық жүйе ыдыраған соң социология әлемдік социологияның даму аясында дамуға бет бұрыс жасауда. Қазақстанда социология ғылымдары тек қана алғашқы қадамдарын жасауда. Әзірше өзімдік жасампаздық ғылым қалыптасқан жоқ. Көбіне шетелдік еңбектердегі теориялар мен ұстанымдар негізінде жазылған «көшірмелер» десек те болады. Социологияның ғылым болып дамуының материалды техникалық базасы, қажетті қаражаты да жоқтың қасы. Жоғарғы оқу орындарында жүретін социология пәні негізінен ақпарат беру, ағартушылық деңгейінде тіршілік етуде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]