
- •1.Социология дегеніміз қандай ғылым.
- •2.Социологиялық ұғымдарлың ерекшеліктері.
- •3.Социологиялық парадигмалардың сипаттамалары.
- •4.Социологияның өмірге келуінің саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани алғышарттары.
- •5.Социологияның атқаратын функциялары.
- •6.Социологияның басқа ғылымдармен арақатынасы.
- •7.О.Конттың социологиялық көзқарасы.
- •8.Э.Дюркгеймнің социологиялық көзқарасы.
- •9.К.Маркстің социологиялық көзқарасы.
- •1О.Т.Парсонстың негізгі ұстанымдары.
- •11.А.Шюцтің социологиялық ұстанымдары.
- •12.Дж.Хоманстың социологияға енгізген үлесі.
- •13.Э.Гидденстің социологияға қосқан негізгі үлесі.
- •14.П.Бурдьенің социологиялық көзқарасы.
- •15.Ж.Баласағұнның «Құтты білігін» социологиялық тұрғыдан түсіну.
- •16.Абайдың социологиялық көзқарасы.
- •17.М.Әуезовтің Абай жолы романындағы қазақ қоғамының сипаттары.
- •18.Ш.Айтматовтың «Жәмилә» повестінің құндылықтары.
- •19.Алаш партиясының ұлттық ұстанымдары.
- •20.М.Мақатаев поэзиясындағы тұлғаның сипаттамасы.
- •21.Адам, жеке адам,кісі, тұлға ұғымдарының айырмашылықтары.
- •22.Тұлғаны социологиялық тұрғыдан қарастыру.
- •23.Дәстүрлі қоғамның сипаттары.
- •25.Қазақстандағы социология ғылымының қалыптасуы.
- •26.Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құрудың өзекті әлеуметтік мәселелері.
- •27.Әлеуметтену процесі,
- •28.Әлеуметтенудің негізгі агенттері.
- •29.Социологиялық зерттеудің түрлері.
- •30.Сауалнама.Сауалнама сұрақтарының түрлері.
- •31.Сұхбатнама.
- •32.Контент- талдау. Құжаттарды талдау тәсілдері.
- •33.Бақылау және оның түрлері.
- •Социологиялық зерттеу-процедуралар жүйесі. Олардың мақсаты-зерттеліп жатқан құбылыстан нақты объективті мәліметтер алу.
- •34.Эксперимент.
- •35.Іріктеу.
- •36.Әлеуметтік құрылым ұғымы.
- •38.Әлеуметтік роль.
- •39.Әлеуметтік мәртебе.
- •40.Әлеуметтік топтар.
- •41.Әлдеуметтік институттардың сипаты.
- •43.Әлеуметтік стратификация.
- •44.Қазіргі әлеуметтік стратификация концепциялары.
- •45.Қазақстандағы әлеуметтік стратификацияның сипаты.
- •46.Қазақстандағы байлар, орта топ және кедейлер тобының сипаттамалары.
- •47.Әлеуметтік мобилділіктің түрлері.
- •48.Әлеуметтік мобилділіктің каналдары.
- •49.Отбасының тарихи эволюциясы.
- •50.Отбасының өмір циклі.
- •52.Ажырасқан отбасылардағы туындайтын әлеуметтік мәселелер.
- •53.Толық емес отбасының әлеуметтік мәселелері.
- •54.Қазақ отбасындағы дәстүрлер мәселесі.
- •55.Неке құрудың әлеуметтік мәселелері.
- •56.Қазақ жастарының отбасын құрудағы әлеуметтік мәселелері.
- •57.Қазақ отбасындағы буындар жалғасы мәселелері.
- •58.Этникалық социология.
- •59.Қазақстандағы этникалық процестерге сипаттама.
- •60.Қазақ ұлтының мүдделерін социологиялық тұрғыдан түсіну.
- •61.Қазақ ұлтының стратификациялық процесін этникалық қатынастар тұрғысынан түсіну.
- •62.Қазақ ұлтының дәстүрі, діні, ділі, тілінің жағдайын социологиялық тұрғыдан қарастыру.
- •63.Қазақ қоғамының мобилділігінің сипаттамасы.
- •64.Қазақтардың урбанизация процесіне енуінің өзекті әлеуметтік мәселелері.
- •65.Ауыл мен қала арасындағы қайшылықтардың әлеуметтік мәні.
- •66.Қазақтардың мобилділігінің каналдары.
- •67.Білім социологиясы.
- •68.Қазақстандағы білім саласындағы әлеуметтік мәселелер.
- •69.Жоғарғы оқу орындағы сапалы білім алу мәселелерінің әлеуметтік қырлары.
- •70.Жастар социологиясы.
- •71. Жастар мәдениеті.
- •72. Жастар отбасының әлеуметтік мәселелері.
- •73. Жастар мен ата- ана арасындағы әлеуметтік мәселелер.
- •74. Қазақстан Халықтар Ассамблеясының атқаратын әлеуметтік мәселелері.
- •75. Этнос, ұлт, диаспора.
- •76. Этносаралық қатынастардың қазіргі кездегі өзекті әлеуметтік мәселелері және оны шешудің жолдары.
- •77.Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын социологиялық талдау.
- •78.Б.Момышұлының «Қанмен жазылған кітап» шығармасын социологиялық талдау.
1.Социология дегеніміз қандай ғылым.
«Социология терминінің» этимологиясына үңілсек, ол латынның «societas» сөзінен шыққандығын және «қоғам» деген мағына беретінін, «logos» грекше « білім,ілім», яғни «қоғам туралы ілім» дегенді білдіретініне көз жеткіземіз.Социологияның объектісі-қоғам, ал пәні- қоғамның әлеуметтік өмірі, яғни адамдардың өз- ара қарым-қатынасы, тұлға мен қоғамның, мемлекеттің, әлеуметтік институттар арасындағы процестер.
кез келген ғылым секілді социология өз бастауын сонау ежелден алады.Тарихтағы тұңғыш қоғам туралы еуропалық теориялар антикалық философияның негізінде пайда болған. Олардың ішіндегі ең маңыздылары ежелгі грек философтары – Платон мен Аристотельге тиесілі. Платонның жарқын қоғамдық көзқарасы «Мемлекет» диалогында толығымен суреттелген. Оның басты идеясы адамзат қоғамы саналы түрде құрылған және мақсаттылық пен саналылық қағидаларына сәйкес интелектуалды элитамен басқарылатын идеада қоғамдық жүйені іске асыруы тиіс дегенге келіп саяды.Қоғамда тәртіпсіздік, әлеуметтік шиеленістен онда қашан қатаң тәртіп орнағанша шыға алмайды, мұнда әрбір азамат өз ісімен айналысып (еңбек бөлінісі) басқа азаматтардың, таптардың, жұмыстарына араласпауы тиіс (әлеуметтік бөлініс). Тұрақты деп ол негізінен үш тапқа бөлінген қоғамды айтады: ақсақалдылардан, мемлекет басшыларынан тұратын жоғарғы тап; тәртіпсіздіктен қорғайтын жауынгерлерден тұратын ортаңғы тап; шаруалар мен құлдардан тұратын төменгі тап. Платонның есептеуінше интелектуалды элита тумыстан пайда болады.
2.Социологиялық ұғымдарлың ерекшеліктері.
Социологиялық ұғымдар басқа ғылымдардағы ұғымдар секілді қарастрылған құбылысттар мен үдерістердің негізгі мәнінін анықтайды. Социологияда статистикалық, операционалды, аналитикалық ұғымдар бар.
Статистикалық ұғымдар статистика гылымында қолданылатын ұғымдарды социологияға бейімдеп, нақтылай айтсақ тіптен басқа сапаға көтеріп, мәні өзгертілген ұғымдар. Мысалы, статистика ұғымдарыының мәні сандық өлшеммен беріледі, ал социология ұғымы сапалық және адамдардың қатынастарының ерекшіліктерін ашуға бағыттайды. Егерде статистикада қарстырған үдерістің қайсысының пайыздық басымдығы жоғары болса, сөзсіз мәселе соның пайдасына шешіледі, ал социологияда бұл қағида міндетті емес. Көп жағдайда мәселенің шешілуі аздық көрсеткіштері бар жақтың пайдасына шешілуі мүмкін.
Операционалды ұғымдар көмекші, құралдық функцияларды атқарады. Мысалы, «діншілдік» терминін алсақ, ол жоғарықұдіретке сену деген мағнаны білдіреді. Ал оған эмпирикалық,операционалдық іс-әрекет арқылы мағна берсек, онда ол адамның мешітке қаншалықты жиі баратынын, оның діннің мазмұнын білу деңгейін анықтау болар еді.
Ал социологиядағы аналитикалық ұғымдар болса, олар өздерінің мазмұндары мен мәндерінің жалпылығыменен ерекшеленеді, сондықтан да олар қандай болмасын қоғамның тарихи ерекшеліктеріне қарамастан қолдныла береді. Мысалы, нормалар, санкциялар, рольдер сияқты ұғымдар.
Сонымен қатар социологияның салалық бөлінүіне байланысты арнайы сол салаға тән ұғымдар қолданылады. Мысалы, еңбек социологиясы, жастар социологиясы, қала социологиясы.
Социологиялық ұғымдар социологияның макро- және микросоциология болып бөлінуіне байланысты да реттеледі.
Қорыта келсек, социология ғылымы қазіргі кезде қарқынды даму да, сондықтан да оның ұғымдары да даму үдерісі үстінде.