Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры по жер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.37 Кб
Скачать

3. .Уақытша жер пайдалану құқығы қысқа мерзімде (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімде (5-49 жыл) болуы мүмкін,ал шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға 10 жылға дейін мерзімге беріледі

  1. Билет

1.Ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады. Ауыл шарушылық мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары,коммуникациялар,тұйық су айдындары,мелиорациялық жүйе,қра жайлар мен ғимараттар орналасқан жер,сондай-ақ басқа да алқаптар (сор,құм,тақыр және ауыл шаруашылығ алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады. Ауыл шаруашылығы алқаптарына егістіктер,тыңайған жер,көп жылдық екпелер егілген жер,шабындықтар мен жайылымдар жатады

2. Жер кадастрі ҚР жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы,жер учаскелерінің орналасқан жері,нысаналы пайдаланылуы,мөлшерімен шекарасы,олардың салалық сипаттамасы туралы,жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің,өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.

3.Жер құқық қатынастарының объектісі болып,жер құқығы қатынасына сәйкес субъектілерінің арасында туындайтын материалдық және басқа да құндылықтар

  1. билет

1. .Кепіл салушыға жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымн тиесілі жер учаскесі кепіл нысанасы болуы мүмкін. Егер заңдарда өзгеше белгіленбесе,жер учаскесінің және жер пайдалану құқығының кепіліне жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы ережелер қолданылады.Кепілге салынған жер учаскесі емесе пайдалану құқығы кепіл ұстаушының меншігіне айналған жағдайда осы заңға байланысты жер учаскесіне құқығы бола алмайтан тұлғаларға қатысты. Жер учаскесіне немесе жер пайдалану құқығына қатысты мәмілелер жасауға тиым салынған жағдайларда жер учаскесін және жер пайдалану құқығын кепілге салуға жол берілмейді. Егер жер учаскесінің бір бөлігін нысаналы мақсатына сәйкес дербес учаске ретінде пайдалану мүмкін болмаса,жер учаскесінің бұл бөлігін немесе оның бір бөлігіне жер пайдалану құқығын кепілге салуға жол берілмейді. Кепілге салынатын жер учаскесінде немесе оның кепілге салынатын бөлігінде орналасқан үйді, (құрылысты,ғимаратты) қоса кепілге салмайынша,бөлінетін жер учаскесінің бәрін немесе бір бөлігін жер пайдалану құқығын кепілге салуға жол берілмейді. Ортақ меншіктегі бөлінбейтін жер учаскесіне ортақтасып жер пайдалануға барлық қатысушылардың жазбаша келісімі болған жағдайда жол беріледі. Жер учаскесін жалға беру нысанында ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқығын жалдау шартының қолданылу мерзіміне кепілге салуға болады. Қысқа мерзімді өтеуді уақытша және өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын кепілге салуға жол берілмейді

2.

3. .Жер құқық қатынастарының субъектісі болып,заңда көрсетілген тұлға және жер құқығы қатынасы сферасында қатысуға толық негізі бар.

  1. Билет

1. 1. Жер құқық пәні—жер қатынасы болып табылады.

2.Жер құқық пәні—Жер қатынастарын реттейтін қалыптасқан мемлекеттік нормалардың ерекше жиынтығы болатын құқық саласы

2. .Қыэметтік жер төлемі ұзақ уақытша өтеусіз жер пайдаланудың ерекше бір түрі болып табылады.

3. .мемлекеттік қоғамға(облыстық атқару)

  1. билет

1..Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу жерді мақсатты пайдалануды және экологиялық құқықтық әдістермен қоғауды қамтамасыз ететін жер құқығының маңызды институттарының бірі болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының экономикалық базасын нығайуына мүдделі жер ресурстарын тиімді пайдалануға экономикалық дамуына бағытталған жер қатынастарын мемлекеттік реттеу заңдық негізде республикадағы мемлекеттің аумағы шегіндегі жерге меншік құқығы және аумақты жоғарыдан бақылауды қамтамасыз ететін егеменді саяси билік болып саналады. Мұның барлығы мемлекеттегі көп қырлы жер қатынастарын реттеуге жерді жаңғыртуды дәрменді қамтамасыз етуге және жер ресурстарын пайдалану жоспарын жүзеге асыруға құқық береді

2. . Жер құқығы институтына жіктеуді жүргізгенде жер құқық қатынастары келесідей негізгі бөліктерге бөлінеді. Жеке меншік,тұрақты және уақытша жер пайдалану,жер қорларын мемлекеттік басқару,жерді нақты мақсатқа сәйкес пайдалану жер құқықтарын қорғау және нақтылау,жер құқық бұзушылық заңды жауапкершілік мүдде көрсетілген жіктеулер өз мәнісінде біршама нақты бағыт бағдарларымен зерделенген болуы мүмкін. Мысалы, мақсатқа пайдаланатын жерлердің өзіне жеті санаттағы жер құқық қатынасын айтуға болады.

  1. Ауылшаруашылықмақсатындағыжерлер

  2. Елді-мекенніңжері (қалалардың,кенттарменауылдықелдімекендердің)

  3. Өнеркәсіп,көлік,байланыс,қорғанысжеріжәнеөзге де ауылшаруашылығымаұсатынаарналмағанжер

  4. Ерекшеқорғалатынтабиғиаумақтардыңжері,сауықтырумақсатындағырекреациялықжәнетарихи-мәденимақсатындағыжер

  5. Орманқорыныңжері

  6. Су қорыныңжері

  7. Босалқыжерлер

ҚазақстанРеспубликасыаумағындатабиғижағдайларыбойыншамындайаймақтаререкшеленеді:

Орманды дала

  1. Дала

  2. Қуаң дала

  3. Шөлейтті

  4. Шөлді

  5. Тау етегі-шөлдідалалық

  6. Субтропикалықшөлді

  7. Субтропикалық–тау етегішөлді

  8. Орта азиялықтаулы

10.Оңтүстік сібіртаулыаймақтары

3.

  1. билет

1.

2. Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге,жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс шаралар жүйесі болып табылады. Жерге орналастыру атқаруша органдардың шешімі бойынша не жер учаскелерінің меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың өтіні бойынша,сондай ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі аймақтың органдардың бастамасы бойынша жүргізіледі.

Жер учаскелерінің мүдделі меншік иесінің немесе жер пайдаланушылардың бастамасы бойынша жүргізілетін жерге орналастыру олардың жер ресурстарын басқару жөніндегі тиісті аумақтақ органға беретін өтініштерінің негізінде жүзеге асырылады. Жерге орналастыру процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

- Жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау;

- Дайындық жұмыстары;

- Жерге орналастыру болжамдрын,схемаларын,бағдарламаларымен жобаларын әзірлеу

- Жерге орналастыру құжаттамасын қарау,келісужәне бекіту;

- Жерге орналастыру жобасын орындау.

Жерге орналастыру процесіне қатысушылардың:

1) жерге орналастыруды жүргізу жөніндегі тапсырыс берушінің;

жеке өзі немесе өкілі арқылы жерге орналастыру процесінің барлқ сатысында қатысуға;

жерге орналастыру ісінің материалдарымен танысуға;

өз ұсыныстарын қарауға енгізуге;

жерге орналастыру процесінде туындаған келіспеушіліктерді шешуге қатысуға құқығы бар;

2) әзірлеушінің (жобалау және іздестіру жұмыстарымен айналысатын,сондай ақ жерге орналастыру жобаларын орындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның) :

мемлекеттік органдардан жерге орналастыру жөніндегі қажетті ақпарат алуға;

тапсырыс берушілер мен шарт жағдайларында қарым қатынас орнатуға;

жерге орналастырудың ескірген схемалары мен жобаларын жетілдіру немесе қайта өндеу жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар;

3) жерге орналастыру кезінде құқықтары мен заңды мүдделері көзделуі мүмкін үшінші тұлғалардың;

- жерге орналастыру мәселелері талқыланғанда қатысуға және жерге орналастырудың барысы мен нәтижелері туралы өз мүдделерін көздейтін ақпарат алуға;

- жерге орналастыру процесінде өздерінің мүдделерін қозғайтын заңсыз әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдануға құқығы бар.

Жерге орналастыру процесіне қатысушылардың міндеттері:

1) жерге орналастыру процесінің барлық қатысушылары:

Қазақстан Республикасының жер заңдарын сақтау;

- жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөніндегі құзыретті мемлекеттік органдар талаптарын орындауға;

жерге орналастыру процесінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;

2) жобалау құжаттамасы келісілетін және оны бекітетін атқаруша органдар оны бір ай ішінде қарауға міндетті;

3) жерге орналастыруды жүргізу жөнінде тапсырыс беруші;

жерге орналастыруды жүргізу мақсатын,міндеттерін,мазмұнын,ерекше жағдайлары мен мерзімдерін анықтау; қажетті материалдар мен құжаттарды беруге; жұмысты қаржыландыруды ұйымдастыруға; орындалған жұмыстарды бір ай ішінде қабылдауға немесе дәлелді түрде бас тартуға;

4) жерге орналастыру құжаттамасын әзірлеуші;

барлық құжаттарды қолданыстағы нұсқаулар мен әдістемелік нұсқауларға,сондай ақ шартқа сәйкес орындауға;

зерттеу,іздестіру және өзге де жұмыстар топырақтың құнарлы қабатын бүлдіре отырып жүргізілген жер учасекелеріне жай күйін бастапқы қалпына келтіруге;

жерге орналастыру құжаттамасында көзделген іс шаралардың дұрыстығы,сапасы мен экологиялық қауіпсіздігі үшін жауап беруге міндетті;

3.Көлік жері автомобмиль,теңіз,ішкі су,темір жол,әуе және өзге де көлік түрі объектілерінің қызметін қамтамасыз ету және оларды пайдалану үшін берілген жер.