Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры по жер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.37 Кб
Скачать

14 Билет

  1. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу жерді мақсатты пайдалануды және экологиялық құқықтық әдістермен қоғауды қамтамасыз ететін жер құқығының маңызды институттарының бірі болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының экономикалық базасын нығайуына мүдделі жер ресурстарын тиімді пайдалануға экономикалық дамуына бағытталған жер қатынастарын мемлекеттік реттеу заңдық негізде республикадағы мемлекеттің аумағы шегіндегі жерге меншік құқығы және аумақты жоғарыдан бақылауды қамтамасыз ететін егеменді саяси билік болып саналады. Мұның барлығы мемлекеттегі көп қырлы жер қатынастарын реттеуге жерді жаңғыртуды дәрменді қамтамасыз етуге және жер ресурстарын пайдалану жоспарын жүзеге асыруға құқық береді

  1. Ғылыми және әдеби оқулықтарда жер құқығы кеңестік кезеңнен бері жер құқығы пәнінің анықтамасы туралы көптеген көзқарастарды қалыптастырды. Бұл анықтаманың өзгешелігімен мағыналық жағынан қисынын келтіру ғана емес. Олардың барлығы мемлекеттік ерекше меншігі жерге негізделді. Одақ таралғаннан кейін бұрынғы кеңестік республикалар егемендік алуына байланысты мемлекеттік жерге дегн монополиясын жойылуынан тәуелсіз мемлекеттің жер туралы заңдарда елеулі өзгерістер болды. Мұның барлығы жер құқығы курсын оқуда оқу пәніне өзгерістер енгізуді талап етті. Біздің егеменді еліміздің жер туралы заңдарының міндеттері болып жер учаскелеріне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы п.б. өзгертілу мен тоқтатылуының негіздерін шрты мен шектерін жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқығы мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу. Жерді ұтымды пайдалану мен қорғау топырақ құнарлығын ұдайы қалпына келтіріп отыру,табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу. Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқығын дамыту үшін жағдайлар жасау жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау,жылжымайтын мүлік нарығын жасау мен дамыту,жер қатынастары саласында заңдылықтарды нығайту болып табылады. Жер қатынастары жер туралы заңмен және соған сәйкес келетін Қазақстан Республикасының басқа да заң актілері мен реттеледі.

  2. Көлік жері автомобмиль,теңіз,ішкі су,темір жол,әуе және өзге де көлік түрі объектілерінің қызметін қамтамасыз ету және оларды пайдалану үшін берілген жер.

15 Билет

1. Суаландырылған жайылымдар- тиісті мал басын сапасы ойдағыдай сумен қамтамасыз ете алатын су көздері(көлдер,өзендер,тоғандар,апандар,суару және суаландыру каналдар,құбырлы немесе шегенді құдықтар) бар жайылымдар.

Ауыл шаруашылығ алқаптары суармалы және суарылмайтын болуы мүмкін.

Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына ауыл шаруашылығында пайдалануға және суаруға жарамды,су ресурстары жүйесінің қазіргі пайдалы жұмыс коэффициентінде суару нормаларының жобалау немесе қолданыстағы нормативтері бойынша осы жерді сумен қамтудың қолайлы мерзімі ішінде қамсыздандырудың кемінде 75 процентінен кем емес су ағымының қамтамасыз ететін суару көзімен байланысты тұрақты және уақытша суару жүйесі бар жер жатады.