Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры по жер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.37 Кб
Скачать

4 Билет

1.

2. Ғылыми және әдеби оқулықтарда жер құқығы кеңестік кезеңнен бері жер құқығы пәнінің анықтамасы туралы көптеген көзқарастарды қалыптастырды. Бұл анықтаманың өзгешелігімен мағыналық жағынан қисынын келтіру ғана емес. Олардың барлығы мемлекеттік ерекше меншігі жерге негізделді. Одақ таралғаннан кейін бұрынғы кеңестік республикалар егемендік алуына байланысты мемлекеттік жерге дегн монополиясын жойылуынан тәуелсіз мемлекеттің жер туралы заңдарда елеулі өзгерістер болды. Мұның барлығы жер құқығы курсын оқуда оқу пәніне өзгерістер енгізуді талап етті. Біздің егеменді еліміздің жер туралы заңдарының міндеттері болып жер учаскелеріне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы п.б. өзгертілу мен тоқтатылуының негіздерін шрты мен шектерін жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқығы мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу. Жерді ұтымды пайдалану мен қорғау топырақ құнарлығын ұдайы қалпына келтіріп отыру,табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу. Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқығын дамыту үшін жағдайлар жасау жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау,жылжымайтын мүлік нарығын жасау мен дамыту,жер қатынастары саласында заңдылықтарды нығайту болып табылады. Жер қатынастары жер туралы заңмен және соған сәйкес келетін Қазақстан Республикасының басқа да заң актілері мен реттеледі

3.Қыэметтік жер төлемі ұзақ уақытша өтеусіз жер пайдаланудың ерекше бір түрі болып табылады.

5 Билет

1.Көп жылдық екпелер жеміс жидек,техникалық және дәрі дәрмек өнімдерінің түсуін алуға ,сондай ақ аймақты сәндеп безендіруге арналып қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш,бұта екпелеріне пайдаланылатын жер учаскелері.

2.

1. Меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесін иеленуге,пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Жердің меншік иесі ретіндегі мемлекеттің құқықтарын жер туралы заңда және өзге де заң актілерінде белгіленген өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік баксқару органдары жүзеге асырады. Жер учаскелерінің меншік иесі жер туралы заңда және өзге де заң актілерінде көзделген негіздерде жағдайлар мен шектерде меншік иесі құқығын жүзеге асыра алады. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік және жеке меншік танылады,және тең дәрежеде қорғалады. Қазақстан Республикасында ,республика аумағында жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Заңмен белгіленген негіздерде,жағдайлар мен шектерде жер учаскесіеің жеке меншік құқығының субъектісі азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар.

Жер учаскесіне меншік құқығы:

1) меншік құқығын табыстау;

2) меншік құқығын беру;

3) меншік құқығын әмбебап ққықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру,заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылу) ауысуы арқылы туындайы.

Меншік құқықғын абыстау,беру және оның ауысуы жер учаскесінің нысаналы мақсаты ескеріле отырып,жүзеге асырылуға тиіс. Жер учаскесіне меншік құқығы:

1) мемлекеттік органдар актілерінің;

2) азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделегн өзге де негіздерде туындайды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде шаруа (фермер) қожалығын,өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу,орман өсіру,бағыбандық,жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін,сондай-ақ үйлерді (құрылыстарды,ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда,өндірістік және өндірістік емес,оның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды,ғимараттарды) мен олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі жүргізу, орман өсіру үшін, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда,өндірістік және өндірістік емес,оның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды,ғимараттарды) мен олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншік құқығымен Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік емесе заңды тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығын өндірісі жүргізу және орман өсіру үшін беріледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жеке меншік құқығын табыстау арқылы негізінде жүргізіледі.Жер учаскелерін төлеу мерзімін ұзарту арқылы алған тұлғаларға учаскенің бағасын толық төленгенге дейін мәміле (сату,жалға немесе өтеусіз пайдалануға беру,шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жарғылық капиталына салым немесе жарна ретінде беру) жасасуға тыйым салынады. Жеңілдікті бағамен төлеу мерзімі ұзартылып сатылған жер учаскесімен мәміле жасасуға ,оның сатып алу бағасы толық төленгеннен кейін он жыл өткен соң құқық беріледі. Аталған тұлғалардың жер учаскесін кепілге беруіне оның сатып алу бағасының кемінде елу процентін төлеген жағдайда рұқсат етіледі. Бұл ретте жер учаскесінің сатып алу бағасы төленген бөлігі ғана кепіл нысанасы бола алады.

3.Жер құқық қатынастарының субъектісі болып,заңда көрсетілген тұлға және жер құқығы қатынасы сферасында қатысуға толық негізі бар.