
- •8. Зейін, оның қызметтері және түрлерін көрсетіңіз
- •11. Эмоция және оның түрлеріне талдау жасаңыз.
- •12 .Зейіннің түрлері мен қасиеттерін атаңыз
- •13. Қиялдың түрлерін талдап , түсіндіріңіз
- •14 Қиялдың еріксіз жəне ерікті түрлерін анықтаңыз.
- •15. Психологияның зерттеу əдістеріне сипаттама беріңіз.
- •16. Ойлау түсінігі. Ойлау мен сөйлеудің байланысын көрсетіңіз
- •17 Ойлаудың әр түрлеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз
- •19. Қабілет, дарындылық, талант түсініктерін анықтаңыз
- •20. Эмоция жəне жоғары сезімдерге сипаттама беріңіз.
- •21. Түйсіктің әр түрлеріне салыстырмалы мысал келтіріңіз
- •24. Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз
- •28. Ерік түсінігі, ерік әрекеті және ерікті реттеуге сипаттама беріңіз.
- •29 Сөйлеудің шығуы және дамуы. Оның қызметтерін көрсетіңіз
- •30. Мінездің тұлғалық ерекшеліктері туралы көзқарасыңызды беріңіз
- •31.Тұлғаның дамуында адамдармен қарым-қатынас жасаудың түрлерін тұрмыстық психология тұрғысынан жазыңыз.
- •38. «Қабілет психологиясы» атты тақырыпта прогноз жасаңыз.
- •41.Ойлау мен сөйлеудің арақатынасын шешіңіз.
- •42. Эмоцияның түйсіктен айырмашылықтарын көрсете отырып, арасында байланыс орнатыңыз.
- •45.Сіздің ойыңыз бойынша, көрнекі-қимылдық, көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық ойлау түрлерінің арасындағы байланысты табыңыз.
- •46. Индивид, тұлға және индивидуалдылықтың арасындағы айырмашылықтарды беріңіз.
- •59.Сезімніңадамөміріндегімаңызытуралыжазыңыз.
- •1 Психология ғылымының жалпы мәселелері мен негізгі даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
21. Түйсіктің әр түрлеріне салыстырмалы мысал келтіріңіз
Түйсік – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Түйсік — материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс.
Термин 4 түрлі мағынада қолданылады:
1) берілген биологиялық түрге тән алынбаған реакция;
2) белгілі бір түрге тән белгілі тәсілмен жауап қайтара алуға бейімділік. Бұл бейімділік бақыланатын мінез-құлықтың негізі болып табылады;
3) дамудың белгілі бір шартында, әуестену күйінде, стимулды жағдайларда пайда болатын күрделі әрекеттер жинағы. Бұл мағына көбінесе этологияда қолданылады, мысалы, белсенділіктің тіркелген паттерндері;
4) алынбаған, тұқым қуалау арқылы берілетін тенденциялар, мінез-құлықтың күрделі модельдерінің мотивациялық күштерінің функцияларын орындайды. Бұл мағына классикалықпсихоанализде қолданылады.
Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары. Сыртқы талдағыштардың рецепторлары экстроцептор, ішкі мүшелердің хал-күйін білдіретініинтероцептор, ал дене мүшелерінің қозғалысы мен орналасуын хабарлайтын рецепторларды проприоцептор деп атайды. Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген.
22. Темперамент және мінез типологиясына салыстырмалы талдау жасаңыз Темперамент дегеніміз психикалыќ процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-қүлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиетгер жиынтығы. Темперамент қасиеттерін адамның түлғалық қырларына шартты түрде жатқызуға болады. Өйткені, олар биологиялық тәуелді болғандықтан адамның дара ерекшеліктерін қүрайды. Темпераменттің төрт түрі бар: сангвиник, меланхолик, холерик, флегматик. Бұл төрт типтің ішінде сангвиник пен оған қарама-қарсы - меланхолик сезім темпераментіне жатады. Алғашқысы түйсіктер жүйке жүйесінде және адамның санасында аса жылдамдықпен пайда болады және сырттай бірден байқалады, бірақ іштей түрақсыздығымен сипатталады. Меланхолик темпераментінде түйсік (сезім) сырт кезге онша байқалмайды, бірақ іштей өте терең және үзақ болып келеді. Сангвиник темпераменті көңілді адамдарға тән. Ол болашаққа сенімді, әзілкеш болып келеді. Ол тез қызбаланады, бірақ тез сабасына түседі, жақында ғана өзін баураған нәрсеге қызығушылығы тез басылады. Сангвиник көп уәде береді, бірақ өзінің уәдесін орындай бермейді. Ол бейтаныс адамдармен тез және оңай тіл табыса алады. Ақкөңіл және әрдайым көмек беруге дайын түрады.. Оны ауыр ой мен дене еңбегі тез аршатады. Меланхолик темпераменті көңілсіз адамға тән. Ондай адамның, әдетте, ішкі өмірі күрделі және ауыр болып келеді. Ол өзіне қатыстылардың бәріне үлкен мән береді, тынымсыз және нәзік жанды болып келеді. Ол көбінесе және уәде берер кезде өзін ерекше бақылай алады, өзі орындай алмайтын нәрсе үшін ешқашан уәде бермейді. Холерик темпераменті қызба адамға тән. Мђндай адамды «ол өте қызба, шыдамсыз» дейді. Алайда, оның айтқанын жөн санап, дүрыс деп қабылдаса ол мінезінен тез қайтады. Оның қозғалысы шалт келеді. Флегматик темпераменті салқынқанды адамға тән. Ол ауыр және белсенді жүмыстан гөрі әрекетсіздікке бейім. Мүндай адам әсерлене бермейді, алайда, әсерленсе сол күйде үзақ болады. Мінез - бүл түлғаның адамдарға және орындалатын жүмысқа қатынасын анықтайтын түрақты белгілерінің жиынтығы. Мінез іс-әрекетте және қарым-қатынаста (темперамент сияқты) көрініс береді және ол адамның өзіне ғана тән қүлық ерекшелігін білдіреді. Қарым-қатынас мәнері тәрбиелі, инабатты немесе үстамсыз, сыпайы не дөрекі болуы мүмкін. Темпераментпен салыстырғанда мінез жүйке жүйесінің қасиеттеріне ғана байланысты емес, ол адам мәдениеті, оның тәрбиесіне де тәуелді.
23. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынастарды қолданудың маңыздылығын талдап түсіндіріңіз
Қазіргі қоғамымыздың әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, рухани өміріндегі өзгерістер адамгершілік құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі қайта қарастыруды талап етеді. Әсіресе әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында адамның адамға қатынасын ізгілендіріп, жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде.
Өзінің көріністерінде қарым-қатынас айналадағылармен байланысқа түсудің рухани қажеттілігі ретінде болады. Қарым-қатынас – екі немесе оданда көп адамдардың қатынас жасауы, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз.
Адамдар өздерінің немесе өзгелердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бір-бірлерімен қарым-қатынас жасайды. Ол вербалды, сондай-ақ вербалды емес қарым-қатынас. Осының негізінде, қарым-қатынас адам өміріндегі маңызды аспектілердің бірі болып табылады.
Қарым-қатынастың адам өміріндегі психологиялық маңыздылығы туралы отандық ғалымдар Х.Т. Шерьязданова, С.М. Жақыпов, Н.Т.Тоқсанбаева, С. Елеусізова, Ф. Ш. Оразбаева, А.М. Құдиярова, сонымен қатар шетелдік ғалымдар Г. М. Андреева, В. А. Горянин, Е. Е. Смирнова, А. Пиз, Ф. А. Кузин, В.П. Шейнов, В.Ю.Дорошенко, Л.И. Зотова, Н.А. Нартов, Л.Гласс, В.П. Енгалычев және т.б. еңбектері арналған.
Адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас каналымен жүзеге асырылады. Олар: вербалды және вербалды емес.
Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.
Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция.
Вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты зерттеулерді шетелдік ғалымдардың, Пол Экман, Аллан Пиз, Барбара Пиз, Роджер Акстел, Альбер Мерабян, Альберт Шефлен, В.Б. Шапарь, Э. Холл, Д. Ньюренберг, Г. Калеро, С. Данкелл, А. Штангль, Карстен Нимиц, А.Л. Ярбус, т.б. еңбектерінен көруге болады.
А.А.Леонтьев өз еңбегінде: «қарым-қатынас - білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адам баласының тәлім тәрбиесі мен өзгелермен байланыс орнатудың ерекше жолы» - деп қарым-қатынас процесінің адам өміріндегі ерекше маңызымен қатар оның өзіндік анықтамасын да көрсетіп өткен .
Вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктерін білу әңгімелесушіні жақсырақ тануға ғана емес, сондай-ақ айтылған сөздің басқа адамдарға қалай әсер еткенін алдын ала көруге мүмкіндік береді, яғни қажетті нәтижеге жету үшін әрекетті және мінез-құлықты өзгертудің қажеттілігі жайлы білуге болады .
Кез келген «жемісті» қатынастың кепілі сенімді контакт болып табылады. Ал мұндай контакт сіздің не айтқаныңызға ғана емес, өзіңізді қалай ұстағаныңызға байланысты, әсіресе іскерлік қарым-қатынаста. Айтылған ақпарат немесе хабардың мазмұны іс-әрекетке немесе адамның вербальды емес қылықтарына сәйкес келмесе, адам интонация, мимика, жестке, көзқарасқа бағдарланып, ақпараттың жасырын мазмұнын аулауға тырысады, осының нәтижесінде әңгімелесушінің шынайылығы немесе жалғандығы адамның бірін-бірі қабылдауына әсер етеді.
Біздің вербалды емес қарым-қатынас жайлы түсінігіміз көптеген фразеологиялық айналым арқылы аңғарылады. Мысалы, бақытты адамдар жайлы біз кейде «бақыттан жадырап кетіпті» немесе «жайнап жүр» деп айтамыз. Ал қорыққан адам жайлы «тастай қатып қалыпты», сондай-ақ ашуланған адам жайлы «жарылып кететіндей» деп айтылып жатады.
Вербалды емес белгілерді ажырата білген жөн. Олар:
Біріншіден, сөздер арқылы тек фактілі білімді айта аламыз, ал сезімдерді жеткізу үшін сөздер аз болып жатады. Кейде біз «қалай жеткізсем екен...» деп өзіміздегі сезімнің тереңдігі мен күрделілігін сипаттау үшін сөз таба алмай жатамыз. Қалай болғанда да кейбір сезімдер сөздік сипатта берілмей, вербалды емес құралдар арқылы жеткізіледі.
Екіншіден, осы вербалды емес тілдерді (язык тела) білу арқылы өз-өзімізді ұстауға үйренеміз. Егер әңгімелесуші өзінің ашуын басқара алмаса, ол айқайлауды, бұрылады немесе одан асар жарасымсыз қылықтарды жасайды. Вербалды емес каналдар адамдардың біз жайлы не ойлайтынын түсінуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, вербалды емес сигналдар санасыз түрде көрінетінін ескеру қажет. Сондықтан, адамдардың сөздерді саралап, салмақтай отырып айтқанына қарамастан, көбіне жест, мимика, интонация, дауыс ырғағы шындықты көрсетеді. Осы вербалды емес қарым-қатынастың кез келген элементі айтылған сөзді растауға немесе күмәнмен қарауға жол ашады.
Психологиялық бейне жасауда ең күрделі де маңызды тәсіл – жеке адамның бітістерді біріктіре әсерлену құбылысы. Оның мәні мынады: әрбір адам сан-қилы тұлғалармен көп мәрте кездесе жүріп, қабылдау және бағалаумен жадында олардың сырт көрінісі, психологиялық және әрекет-қылығы туралы пайымдау бекітеді.