Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
крп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.28 Кб
Скачать

16. Ойлау түсінігі. Ойлау мен сөйлеудің байланысын көрсетіңіз

Тіл және ойлау — бір-бірінен өзінің мәні, өзіндік белгілерімен ерекшеленетін, қоғамдық қызметтің өзара тығыз байланысты екі түрі. Тіл және ойлау —теориялық тіл білімінің, философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі. Дыбыстық тіл мен ойлау адамға тән әлеуметтік құбылыс. Бұл екеуінің бір-бірімен қарым-қатынасы жөніндегі мәселе — б. з. б. басталған тақырып. Қазіргі заманда бұл мәселемен әртүрлі ғылым саласындағы ғалымдар айналысады. Тіл және ойлау турапы айтылған пікірлерді үш түрлі көзқарастың төңірегіне топтауға болады.

  • Тіл және ойлау тепе-теңдік бірлікте, бір-бірінен ешқандай өзгешелігі жоқ;

  • Тіл және ойлау арасында ешқандай бірлік, байланыс жоқ;

  • Тіл және ойлау өзара тығыз байланысты, бірге туып, қатар жасап келе жатыр, бірінсіз бірі болмайды, бірақ Бұлардың бірлігі тепе-теңдік бірлік емес, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар диалектілік бірлік дейтін тұжырымдар.

Бұлардың ішіндегі бірден-бір дұрыс тұжырым соңғысы. Өйткені тіл — ойпау құралы, ойды қалыптастыратын, оны жарыққа шығарып, басқаларға білдіретін құрал, ал ойлау —тілдің идеялық жағы, тіл арқылы берілетін мазмұнның негізі. Тіл және ойлау бір бүтіннің екі жағы, екі саласы: бірі материалдық, екіншісі — идеялық жағы. Тілдің бір жағынан, ойлауға, екінші жағынан, болмысқа қатысын талдау — жалпы тіл білімінің аса күрделі әрі талас туғызып келе жатқан мәселелері. Ойлау арқылы тілдің шындық өмірмен байл анысы жүзеге асады. Ойды білдіру мен жеткізудің құралы бола отырып, тіл ойлаумен тікелей қарым-қатынасқа түседі. Тілдің тұлғалары (единицалары: сөз, сөйлем) ойлау түрлерін (ұғым, пайымдау) белгілеуге негіз болады. Ойлау тілдің негізінде болады. Әсіресе дерексіз ұғымдар сөз арқылы ғана жүзеге аспақ. Алайда суретшісазгершахматист, математиктердің ойлауы үнемі сөзбен беріле бермейді. Сөз саптау процестің алғашқы сатысы сөз бен ойлау арқылы жүзеге аспайды. Тіл адамның күллі психикалық қызметімен тікелей байланысты болғандықтан, ол ойлаумен тепе-тең болмайды, оныңқызметі жалғыз ғана ойды жеткізу емес. Ойлаудың тілден тыс түрі болатынын көмескі іштей сөйлеу дәлелдейді. Саңырау-сақаулар ойы тілдік материал негізінде туындамайды. Тілдің дерексіз ойлаумен байланысы оның кез келген ақпаратты, тіпті шындыққа сәйкес келмейтінін де, жеткізуі арқылы коммуникативтік қызметін атқаруына мүмкіндік туғызады. Дерексіз ұғымдарды білдіретін сөздері болғандықтан, тіл шындық өмір жөнінде адам санасында белгілі дәрежеде білім ұйымдастырады және оны бекітеді. Тілдің шындық өмірді бейнелеуі екінші (коммуникативтік қызметінен кейінгі) басты қызметі. Сондықтан ойлаудың танытқыштық қызметін сөз еткенде тілге соқпай, тілдің семантикалық функциясын сөз еткенде ойлауға соқпай кету мүмкін емес.

17 Ойлаудың әр түрлеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз

Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсікқабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді. Көрнекі-әрекеттік ойлау–мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі.. Бұл көрнекі-әрекеттік ойлау, ол жоғары жануарларда да болады және оны И.П. Павлов, В. Келер, Н.Н. Ладыгина–Котс және т.б.  сияқты ғалымдар жүйелі түрде зерттеген. Көрнекі-әрекеттік ойлаудың негізгі сипаттамасы атауында бейнеленген: тапсырмаларды шешу, бақыланатын қозғалыс актісінің көмегімен, жағдайды шынайы өзгертудің көмегімен іске асырылады.

1.Көрнекі–бейнелік (бейнелік) ойлау–жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі. Психологияда сонымен қатар дербес түр ретіндебейнелік (немесе көрнекі-бейнелік) ойлау бөліктеніп тұрады. Бейнелік ойлаудың қызметі адамның жалпы жағдайлардың нақтылануымен жағдайды өзгертетін өз іс-әрекетінің нәтижесінде алғысы келетін, жағдайды және ондағы өзгерістерді түсінуімен байланысты. Бейнелік ойлаудың көмегімен заттың іс жүзіндегі әр түрлі сипатталарының әр алуандығы біршама толық түрде қайта жасалады. Бейнеде затты бір мезгілде бірнеше көзқарас тұрғысынан көру тіркелген. Бейнелік ойлаудың өте маңызды ерекшелігі – заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттегі емес, “керемет” сәйкестіктерін анықтау. Көрнекі — әрекеттік ойлауға қарағанда көрнекі–бейнелік ойлауда жағдай тек бейне тұрғысында өзгереді.

  • Мәселенің түріне байланысты:

1.Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдарды пайдалану негізінде заңдар мен ережелерді танып–білуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрі.

  • Практикалық ойлау–ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйін (мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру) білдіретін ойлау түрі.

18. Ойлау формалары мен операцияларын ашып көрсетіңіз

Ойлау операциялары. Ойлау процесі келесі операциялардың көмегімен жүзеге асырылады:

- салыстыру –ұқсастық пен айырмашылық қатынастарын белгілеу;

- талдау – бейнелеу объектінің тұтас құрылымын оймен құрамдас элементтерге бөлу;

- синтез – элементтерді тұтас құрылымға біріктіру;

- абстракция және жалпылау – жалпы белгілерді бөліп көрсету;

-нақтылау мен дифференциялау – ұғынылатын объектінің жеке ерекшеліктерінің мәнділігіне қайта оралу.

С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша, аталған барлық операциялар ойлаудың негізгі операциясы –жанамалаудың, яғни неғұрлым елеулі байланыстар мен қатынастарды ашудың түрлі жақтары болып табылады.

Ойлау формасы болып табылатын ұғымдар, категориялар, идеялар мен теориялар танымның субъектісі мен объектісініңарасын байланыстырып тұрған қоғамдық тәжірибенің негізінде, қоғамдық-тарихи процесте қалыптасып дамиды және заттар мен нәрселердің сезімдік таным формаларында (түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді байланыстары мен қатынастарын өрнектейді. Осының арқасында адам дүниенің заңдары мен заңдылықтарын танып білуге мүмкіндік алады, алды-артын болжап, болашағын айқындап, алдына саналы мақсаттар қойып, соларға жету жолдарын саралайды, табиғатты өзгертеді және өзі де өзгереді. Адам өмірінде, тәжірибелік және танымдық қызметінде шешуді қажет ететін мәселелер туындап, соларды қою және шешу барысында oйлау қабілеті де түрленіп, шығармашылықпен дамып отырады.