Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
крп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.28 Кб
Скачать

11. Эмоция және оның түрлеріне талдау жасаңыз.

Эмоция (фр. emotionлат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.

Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.

Көңіл — адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оның мимикасынанпантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы — бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді.

12 .Зейіннің түрлері мен қасиеттерін атаңыз

Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.

Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.

зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен

1) интенсивтілігі;

2) жаңалығы;

3) аффективтілігі.

П.Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: 3ейін— бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал Л.C. Выготский бойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты. Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді:

  • 1) процесс (немесе психикалық процестің жағы: сенсорлық және т.б.) ретінде;

  • 2) күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;

  • 3) тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады.

Зейінің функциялары:

  • 1) қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;

  • 2) ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді;

  • 3) белсенділіктің бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді.[2]

  • Есте сақтауды уақытына сәйкес сенсорлы (сезім мүшелері арқылы), қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтау деп бөледі. Ерекшеліктеріне байланысты есте сақтау мен еске түсіру қозғалысты, эмоциялы, бейнелі, мағыналы есте сақтау болып бөлінеді. Есте сақтаудың түрлері бірімен-бірі өте тығыз байланысты. Есте сақтау ережелері. Есте сақтаудың тиімді жолдарын дамыту үшін бірнеше ережелерге мән беру керек.

  • Біріншіден - есте сақтайтын деректерді сараптап, оған ерекше қызығушылық таныту. Екіншіден - өз зейінін есте сақтайтын деректерге жұмылдыра білу. Үшіншіден - есте сақтайтын деректерге саналы түрде барлық күш-жігерді бағыттай білу.

  • Есте сақтаудың негізгі жолы - мәнін ұғып, оқтын-оқтын қайталап отыру. Жай жаттап алып кайталау ұзақ уақыт есте сақтауға кедергі болады.[1]