
- •8. Зейін, оның қызметтері және түрлерін көрсетіңіз
- •11. Эмоция және оның түрлеріне талдау жасаңыз.
- •12 .Зейіннің түрлері мен қасиеттерін атаңыз
- •13. Қиялдың түрлерін талдап , түсіндіріңіз
- •14 Қиялдың еріксіз жəне ерікті түрлерін анықтаңыз.
- •15. Психологияның зерттеу əдістеріне сипаттама беріңіз.
- •16. Ойлау түсінігі. Ойлау мен сөйлеудің байланысын көрсетіңіз
- •17 Ойлаудың әр түрлеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз
- •19. Қабілет, дарындылық, талант түсініктерін анықтаңыз
- •20. Эмоция жəне жоғары сезімдерге сипаттама беріңіз.
- •21. Түйсіктің әр түрлеріне салыстырмалы мысал келтіріңіз
- •24. Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз
- •28. Ерік түсінігі, ерік әрекеті және ерікті реттеуге сипаттама беріңіз.
- •29 Сөйлеудің шығуы және дамуы. Оның қызметтерін көрсетіңіз
- •30. Мінездің тұлғалық ерекшеліктері туралы көзқарасыңызды беріңіз
- •31.Тұлғаның дамуында адамдармен қарым-қатынас жасаудың түрлерін тұрмыстық психология тұрғысынан жазыңыз.
- •38. «Қабілет психологиясы» атты тақырыпта прогноз жасаңыз.
- •41.Ойлау мен сөйлеудің арақатынасын шешіңіз.
- •42. Эмоцияның түйсіктен айырмашылықтарын көрсете отырып, арасында байланыс орнатыңыз.
- •45.Сіздің ойыңыз бойынша, көрнекі-қимылдық, көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық ойлау түрлерінің арасындағы байланысты табыңыз.
- •46. Индивид, тұлға және индивидуалдылықтың арасындағы айырмашылықтарды беріңіз.
- •59.Сезімніңадамөміріндегімаңызытуралыжазыңыз.
- •1 Психология ғылымының жалпы мәселелері мен негізгі даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
45.Сіздің ойыңыз бойынша, көрнекі-қимылдық, көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық ойлау түрлерінің арасындағы байланысты табыңыз.
Көрнекі-әрекеттік ойлау–мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі.Мысалы кіші жастағы балалармен жүргізілген тәжірибеде иінтіректің оң жағына бала үшін тартымды, оны алу тілегін туғызған ойыншық бекітілген.Үстелдегі ойыншықты қолмен алу мүмкін емес.Бір ғана жол бар – сол жаққа бекітілген тұтқаны пайдалану.Тұтқаны өзіне қарай тартқанымен ойыншық тае қана жылжиды, әдетте заттарды өзіне қарай тартқанда жасалатын әрекеттерге кері қозғалыс жасау қажет.Кіші жастағы бала үшін елеулі қиындықтармен іске асырылатын, бұл тәсілді табуды ойлау психологиясында солай атайды.Бұл көрнекі-әрекеттік ойлау, ол жоғары жануарларда да болады және оны И.П. Павлов, В. Келер, Н.Н. Ладыгина–Котс және т.б.сияқты ғалымдар жүйелі түрде зерттеген. Көрнекі-әрекеттік ойлаудың негізгі сипаттамасы атауында бейнеленген: тапсырмаларды шешу, бақыланатын қозғалыс актісінің көмегімен, жағдайды шынайы өзгертудің көмегімен іске асырылады.
Көрнекі–бейнелік (бейнелік) ойлау–жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі.Психологияда сонымен қатар дербес түр ретінде бейнелік (немесе көрнекі-бейнелік) ойлау бөліктеніп тұрады.Н.Н. Поддъяков пен оның қызметкерлерінің зерттеулерінде мектепке дейінгі жастағы балаға белгілі бір формалы жайпақ фигураны ұсынған, мысалы фанерден кесіліп жасалған қазды.Одан кейін фигура фанерлік дискімен жабылады, сөйтіп оның тек басы мен мойыны ғана көрініп тұрады.Содан кейін фигураны бастапқы жағдайынан басқа бір бұрышқа бұрады да, балаға қаздың басы мен мойынының орналасуы бойынша оның құйрығы қай жерде екендігін анықтауды тапсырады.Бейнелік ойлаудың қызметі адамның жалпы жағдайлардың нақтылануымен жағдайды өзгертетін өз іс-әрекетінің нәтижесінде алғысы келетін, жағдайды және ондағы өзгерістерді түсінуімен байланысты.Бейнелік ойлаудың көмегімен заттың іс жүзіндегі әр түрлі сипатталарының әр алуандығы біршама толық түрде қайта жасалады.Бейнеде затты бір мезгілде бірнеше көзқарас тұрғысынан көру тіркелген.Бейнелік ойлаудың өте маңызды ерекшелігі – заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттегі емес, “керемет” сәйкестіктерін анықтау.Көрнекі — әрекеттік ойлауға қарағанда көрнекі–бейнелік ойлауда жағдай тек бейне тұрғысында өзгереді.
Сөздік–логикалық (пайымдаушы) ойлау–тілдің және тілдік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайданумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі.
Көрнекі-әрекеттік, көрнекі–бейнелік, сөздік–логикалық ойлау онтогенез бен филогенездегі ойлаудың даму кезеңдерін қалыптастырады.Қазіргі таңда психологияда ойлаудың бұл үш түрі үлкен адамда да болатындығы және әр түрлі тапсырмаларды шешуде қызмет ететіндегі сенімдкөрсетілген.Бейнеліп көрсетілген топтастыру (үштік) жалғыз емес.
46. Индивид, тұлға және индивидуалдылықтың арасындағы айырмашылықтарды беріңіз.
Индивид – бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүрушісі. Былайша айтқанда, К. А. Абульканова – Словская нақты субьектіні әлеуметтік топтан ажырату үшін «әлеуметтік индивид» түснігін қолданады. Индивид тұлғаның ерекшеліктерінің алғы шарттарын қалыптастырады, бірақ тегі бойынша әлеуметтік – мәдениленген салаларын ережеге сай детерминациялай алмайды. Ал тұлға ( А.Н. Леонтьевтің анықтамасына сәйкес) – мәдени – тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік, құмарлылық, және сапалылық қасиеттерін шегеріп оны қалыптастырған жүйелі қасиеттері. Бұл анықтама логикасына сәйкес кез келген индивид тұлғаға айналып, тұлға өз кезегінде әрқашан анатомды – физиологиялық алғы шартармен бір мәнді анықталып жатпайды.Индивидтің тұлғаға сәйкес келмеуі тұлғалылығы жоқ әдеби песонаждардың мысалынан көрінеді, бірақ бұларда толығымен тұлға қырлары көрінеді. (Мұндайларға мысалы, И. Кальвиннің романындағы дүниде жоқ рыцарь). Индивид пен тұлғаның өзара әрекеттесуін жалпы алғанда тарихта әр түрлі шешілген дене мен рухтың мәселесін көрсетеді, мысалы дене – бұл тағдыр деп тұжырымдай келе Фрейд тұлғаның биологиялық іргетасына адам өмірінде шешуші рөлін берді, ал отандық психологияда керісінше бірнеше он жыл бұрын тұлға болып қалыптасуы: кім олай атамады, кім тек индивид болып қала береді деген шарттары кең талқыланды. Бұл қарама – қарсылық даралық айырмашылық психологияның психофизиологиялық жағын жақтаушылар мойындаған идеологиялық мағғна сияқты ғылыми мағнада болмады.Кеңестік психологияда даралықтың құрлымын бөліп көрсететін бірнеше ықпалдар бар. Олардың авторлары Б. Г. Ананьев, В. С. Мерлин, және А. Г. Голубева болып табылады. Олардың көзқарастарын бір – бірімен салыстыру анализін жүргізген М. С. Егорова болды.Индивид пен тұлғаның сипаттамаларын біріктіру үшін В. С. Мерлин интегралды даралық түснігін енгізіп, оның атымен белгілей отырып, ондағы барлық табиғи және әлеуметтік сапаларды тығызбайланыстырды. А. Н. Леонтьевке қарағанда В. С. Мерлин индивидті және жеке тұлғалық қырларды бір – біріне қарсы қоймай, оларды бағындыруға тырысты.
Индивидтілікиндивидуалдылықтаболады. Индивидуалдылық – бұлөздігінендамитынжәнеөздігіненреттелетінавтономдықерекшежәнеқайталанбайтынбиоәлеуметтікжүйе.Бұлжекеадамныңболмысыныңөзіндікбүтіндігінсақтаушеңберіндеүздіксізсыртқыжәнеішкіөзгерістерінөз — өзінеұқсастыруформасы.
54.Ғылымипсихологияныңқалыптасутарихынасіздіңжекекөзқарасыңыз.
Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары.1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ .” Психология” терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді.
Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады
1-ші кезең (б.з.дейінгі 5ғ.). Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты.Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады.
Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады.
2-ші кезең. Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-16650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады.
3-ші кезең. Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде. 1913жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарды :оның нәтижесінде алынғандеректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді. Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық –локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.
4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді. Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне, білім деңгейіне, белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына, белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді. Сонымен психиканың мазмүны реалды,бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың, құбылыстардың ,оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни ,объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады.
55. Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиялға мысал келтіріңіз. Аныктамага карап мысалды оздерин жазындаршы
Қиял өзіндік дәрежесіне жөне оның нәтижесінің ерекшелігіне қарай екі түрге бөлінеді: қайта жасау қиялы және шығармашылық қиялы.
Қайта жасау қиялы дегеніміз адамныц жаңа заттар мен құбылыстарды сөздік суреттеу немесе шартты бейнелеу (сызу, үлгі) түрінде елестетуі болып табылады.
Қайта жасау қиялынан шығармашылық қиялды айыра білу қажет.Шығармашылық киялы дегеніміз дайын суреттеуге немесе бейнелеуге сүйенбей шығармашылық қиял үрдісінде жаңа бейнелер жасау.Қиялдың бұл түрі адамдардың шығармашылық қызметінің барлық түрлеріңде ерекше рөл атқарады.Шығармашылық қиялда адам өзі қандай да бір жаңаны жасайды.