
- •8. Зейін, оның қызметтері және түрлерін көрсетіңіз
- •11. Эмоция және оның түрлеріне талдау жасаңыз.
- •12 .Зейіннің түрлері мен қасиеттерін атаңыз
- •13. Қиялдың түрлерін талдап , түсіндіріңіз
- •14 Қиялдың еріксіз жəне ерікті түрлерін анықтаңыз.
- •15. Психологияның зерттеу əдістеріне сипаттама беріңіз.
- •16. Ойлау түсінігі. Ойлау мен сөйлеудің байланысын көрсетіңіз
- •17 Ойлаудың әр түрлеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз
- •19. Қабілет, дарындылық, талант түсініктерін анықтаңыз
- •20. Эмоция жəне жоғары сезімдерге сипаттама беріңіз.
- •21. Түйсіктің әр түрлеріне салыстырмалы мысал келтіріңіз
- •24. Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз
- •28. Ерік түсінігі, ерік әрекеті және ерікті реттеуге сипаттама беріңіз.
- •29 Сөйлеудің шығуы және дамуы. Оның қызметтерін көрсетіңіз
- •30. Мінездің тұлғалық ерекшеліктері туралы көзқарасыңызды беріңіз
- •31.Тұлғаның дамуында адамдармен қарым-қатынас жасаудың түрлерін тұрмыстық психология тұрғысынан жазыңыз.
- •38. «Қабілет психологиясы» атты тақырыпта прогноз жасаңыз.
- •41.Ойлау мен сөйлеудің арақатынасын шешіңіз.
- •42. Эмоцияның түйсіктен айырмашылықтарын көрсете отырып, арасында байланыс орнатыңыз.
- •45.Сіздің ойыңыз бойынша, көрнекі-қимылдық, көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық ойлау түрлерінің арасындағы байланысты табыңыз.
- •46. Индивид, тұлға және индивидуалдылықтың арасындағы айырмашылықтарды беріңіз.
- •59.Сезімніңадамөміріндегімаңызытуралыжазыңыз.
- •1 Психология ғылымының жалпы мәселелері мен негізгі даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
42. Эмоцияның түйсіктен айырмашылықтарын көрсете отырып, арасында байланыс орнатыңыз.
Эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды жағымсыз қатынастын сәулеленуін айтамыз. Эмоциялар шындықтын жүйкеде сәулеленуін айрықша бір түрі .Сыртқы дүниенің әсері адамның миында тек қана сәулеленіп қоймай, оған толғанып тебіреніп, өзінің қатысын білдіреді.Бұдан адамға жағымды не жағымсыз сезімдер туып отырады. Эмоция адамның сыртқы келбеті,бет әжімі қимылдары, дауысы арқылы айқын көрінеді. Эмоция үшін адам организімің ішкі мүшелері әрекетінің әсері зор .Мысалы қанның жүруі тамырлардың жүрекке ерекше соғуы, бездер әрекетіне Физиологиялық әрекеттерге эмоция үлкен әсер етеді.Эмоция хайуанаттарда да бар олардың эмоциясы, инстикт деп аталады.Олар мұқтаждықтарын биологиялық қанағаттандырумен байланысты, мысалы мысық пен иттің еркеленуі, олардың үйреленіп бір нәрседен қорқуы, олардың сыртқы келбетінен жақсы көрініп тұрады.Адам эмоциялары хайуанат эмоцияларына қарағанда өте бай болып келеді, әрине адамдардың эмоциялары біркелкі болмайды, өйткені олардың айналадағы нәрселерге қатынасы бірдей емес.Әрбір адамның темпераментіне, мінезіне олардың басынан кешкен тәрбиесіне қарай сыртқы дүние әсеріне жауап қайтару түрліше болады.Адам эмоцияларынын бір бірінен айырмашылығы сезімдердің күш жағынан, әрекет ету мерзімінің уақыт мөлшері жағынан, олардың сыртқы қимылдары, бет әжімі арқылы білініп көрініп тұрады.Эмоция адамның тұрмысында үлкен орын алады, олар адамға адамдық сипат беріп, оның әрекетін жылытып көрік беріп отырады.
Түйсік – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі.Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы.Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы.И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді.Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады.Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары.Сыртқы талдағыштардың рецепторлары экстроцептор, ішкі мүшелердің хал-күйін білдіретіні интероцептор, ал дене мүшелерінің қозғалысы мен орналасуын хабарлайтын рецепторларды проприоцептор деп атайды.Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген.Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады.Ш.Құдайбердіұлы : “Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек.” деп түйсік процесін сипаттайды.
43. Сіздің пікіріңіз бойынша, психологиядағы анкеталық әдісті сыни талдаңыз.
43.Сіздіңпікіріңізбойынша, психологиядағыанкеталықәдістісыниталдаңыз.
Анкеталық әдіс қоғамдықтұрмыспенәлеуметтікжағдайдызерттеудіңнақтылысоциологиялыкэдісінінбірі. Анкеталықәдіскөпшіліктіңбелгілібірмәселегеқатысыннемесепікірінанықтауүшінқолданылады.Анкеталықәдістіңекітүрібар:1)интервью-анкета (анкеталарды белгілі бір адам арқылы таратып, ондағы сұрақтарға жауап алу); 2)сырттай сұрастыру (сұраққа жауап берушілер анкеталарды интервью алушылардың қатысуынсыз толтырады). Анкеталық қолдануда сұрақ қоюдың бірнеше түрі болады.
1) Дихотомиялықсұрақ (жауап берушілерден "ия", "солай", "жоқ", "олайемес" сөздердің астын сызу немесе тұсына белгі қою арқылы өзінің пікірін білдіру талап етіледі).
2)Жабық анкета (сұраққа беретін жауаптардың бірнеше нұсқалары тізіледі де, жауап беруші солардың бірін белгілеу арқылы өз пікірін білдіреді).
3)Ашықанкета (жауаптын мазмұнына ешбір шек қойылмайды) – неғұрлым мазмұнды, толық мәлімет алудын тиімді жолы.Анкеталық әдіс қолданылғанда жауап берушілердің аты-жөніне ерекше мән беріледі.Егер бұл шарт дұрыс орындалса, зерттеу де қажетті мәліметтің алынуы қамтамасыз етіледі.Анкеталық әдіс арқылы жиналған мағлұматтарды талдау кезінде алынған мәліметтердің объективтік шындыққа сәйкестігіне көп мән беріледі.Сондықтан зерттеуге тиісті әлеуметтік топтардың бір типті болуын мұқият қадағалаған жөн.Ол үшін анкеталарды таратпастан бүрын зерттелетін объектінің (әлеуметтіктоп, ұжымт.б.) белгілі бір қоғам құрамындағы алатын орнын анықтау қажет және сұрақтардың қисынды болуы, соңғы сұрақтар алдыңғы сұрақтар мен ұштасып, объектінің мәнін тереңірек қамтуы тиіс.Анкеталық әдіс –психологияда адамның психикалык ерекшеліктерін зерттеуде пайдаланылатын әдістердің бірі.Мұнда кісі бұрын жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша, кейде ауызекі жауап қайырады.Осы әдіс пен әртүрлі таптың, ұжымның психикалық өзгешеліктері (талап, тілегі, қызығуы, талғамыт.б.) зерттеледі.Мысалы студенттердің қандай кітаптарды құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері кім екендігін т.б. осы тәріздес мәселелерді Анкеталық әдіспен анықтауға болады.Ондағы сұрақтар шұбалаңқы келмей, қысқа, түсінікті тұжырымдалып жалпы саны 5-8-ден аспауы тиіс.
44. Жалпы және арнайы қабілеттердің арасында байланыс орнатыңыз.
Қабілет негізінен екіге бөлінеді:
Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын кабілет жалпы қабілет деп аталады.Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті, арнаулы қабілет деп атайды.Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының ақын-жазушының т.б. қабілеттерін жатқызуға болады.