
- •8. Зейін, оның қызметтері және түрлерін көрсетіңіз
- •11. Эмоция және оның түрлеріне талдау жасаңыз.
- •12 .Зейіннің түрлері мен қасиеттерін атаңыз
- •13. Қиялдың түрлерін талдап , түсіндіріңіз
- •14 Қиялдың еріксіз жəне ерікті түрлерін анықтаңыз.
- •15. Психологияның зерттеу əдістеріне сипаттама беріңіз.
- •16. Ойлау түсінігі. Ойлау мен сөйлеудің байланысын көрсетіңіз
- •17 Ойлаудың әр түрлеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз
- •19. Қабілет, дарындылық, талант түсініктерін анықтаңыз
- •20. Эмоция жəне жоғары сезімдерге сипаттама беріңіз.
- •21. Түйсіктің әр түрлеріне салыстырмалы мысал келтіріңіз
- •24. Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз
- •28. Ерік түсінігі, ерік әрекеті және ерікті реттеуге сипаттама беріңіз.
- •29 Сөйлеудің шығуы және дамуы. Оның қызметтерін көрсетіңіз
- •30. Мінездің тұлғалық ерекшеліктері туралы көзқарасыңызды беріңіз
- •31.Тұлғаның дамуында адамдармен қарым-қатынас жасаудың түрлерін тұрмыстық психология тұрғысынан жазыңыз.
- •38. «Қабілет психологиясы» атты тақырыпта прогноз жасаңыз.
- •41.Ойлау мен сөйлеудің арақатынасын шешіңіз.
- •42. Эмоцияның түйсіктен айырмашылықтарын көрсете отырып, арасында байланыс орнатыңыз.
- •45.Сіздің ойыңыз бойынша, көрнекі-қимылдық, көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық ойлау түрлерінің арасындағы байланысты табыңыз.
- •46. Индивид, тұлға және индивидуалдылықтың арасындағы айырмашылықтарды беріңіз.
- •59.Сезімніңадамөміріндегімаңызытуралыжазыңыз.
- •1 Психология ғылымының жалпы мәселелері мен негізгі даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
38. «Қабілет психологиясы» атты тақырыпта прогноз жасаңыз.
Қабылет – адамның бір іс-әре-кетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді.Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады.Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ.Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады.Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор.
Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұ-рлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді.Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұм-сағаннан артық бақыт жоқ.Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше де қабілет кездеседі.Бұл – Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі.Бірақта біз оны күндемей, өз бойымыздағы қабілетті танып-біліп, оны бағалай, баптай білуге тиістіміз. Өмірде кездесетін бір сәтсіздіктен соң: «Менің бойымда еш қабілет жоқ, бәрібір мен бұл істі атқара алмаймын», — деген сары уайымға салынып, түңілмегеніміз, өз қабілетімізді одан әрі жетілдіре түскеніміз жөн.
41.Ойлау мен сөйлеудің арақатынасын шешіңіз.
Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. адам кез-келген мәселені алға қойып, шешу үшін тәжірибеде ашылған заң, ереже ұғымдары пайдаланып отырады. Ғылымда жинақталған осы заңдар тәуелділіктер, әдістер, ұғымдарды әр адам ойлау үстінде пайдаланып, отырады. әрине бұл үшін ол осы заңдарды білетін болуы керек.
Ғылым, техника, өндіріс , ауыл шарушылығының барлық орасан жетістіктері бір ғана адамның емес, көптеген адамдардың , тұтас коллективтердің,тіпті бірнеше ұрпақтық ұзақ жылдар бойы дамылсыз ойлаларының нәтижесі. Адамдар тәжрибелер жасайды, зерттеулер жүргізеді, әр түрлі құбылыстардыңқасиеттерінің бетін ашады, құбылыстар арасындағы тәуелсізділіктерді және оларға әсер ету тәсілдерін ашып отырады. Практика мен теорияның өте күрделі мәселелерін шешу үшін адамдар ашылған байланыстар мен заңдылықтарды пайдаланудың жолдарын міне осылай табады.
Ойлаудың әлеуметтік табиғаты адамның оны қандай мәселені шешуге бағыттауынан да ашық көрінеді. Мысалы, атом энергиясы саласындағы, ғылыми зерттеулерді капиталистік елдердегі кейбір ғалымдардың халықты қыру мақсатына бағыттайтыны, ал социалистік лагерь елдердегі ғалымдар атом энергиясын бейбітшілік мақсатында, еңбек өнімділігін, халықтардың тұрмыс жағдайын арттырға пайдаланатыны кездейсоқ нәрсе емес қой.
Дара адамның ойлауының ғылымының, өндірістің дамуымен қоғамдағы жаңалықтар және жетістіктермен осылайша байланысуы ойлаудың айқын тарихи, әлеуметтік табиғатын білдіреді. Ойлаудың қалыптасу процессі Энгельстің «Маймылдың адамға айналу процессіндегі еңбектің ролі» деген еңбегінде көқрсетілген. Энгельс адамның еңбек әрекетінің заттар мен құбылыстар арасындағы қабылдаудан жасырын ерекшеліктер мен өзара байланыстарды танудағы маңызын ашып көрсетті. Еңбек адамның алда атқарылатын әрекетті жоспарлауды, оның нәтижелерін бақылап отыруды талап етті. Еңбек адамды құрал жасауға мәжбүр етті. Еңбек адамдарды бірлесіп әрекет жасауға итермеледі, қарым-қатынас құралы – сөздің пайда болуына әсер етті. Еңбек адамның өзін-өзі саналы түрде тануына жол ашты. Әрине, қазіргі заман адамның ойлауының дамуы адам санасының ұзақ тарихи қалып тасуында өткен барлық кезеңдерін қайталап өтпейді.