Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
крп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.28 Кб
Скачать

30. Мінездің тұлғалық ерекшеліктері туралы көзқарасыңызды беріңіз

Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын психикалық қасиет болып табылады. Бұл мiнез бала туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi. Адам мiнезiнiң қайнар көзiн және оның ең алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiн өмiрдiң алғашқы кездерiнен iздеу керек.

Жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етедi және оның ролi өте маңызды. Әсiресе, кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары, оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң мiнез-құлқын үйренедi. Яғни бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына қоршаған адамдармен көп және белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi. Үлкен адамдар балалар сенiмiне кiрiп, оған сөзбен, iс-әрекетпен әсер ете алса,бала мiнез-құлқының белгiлi бiр түрiнiң қалыптасуы мүмкiн.Үлкендердiң бiр бiрiмен қарым-қатынасы, қарым-қатынас жасау ерекшелiктерi бала мiнез-құлқының қалыптасуына әсер етедi. Сонымен адам мiнезi еңбекке, жұмысқа, басқа адамдарға деген қатынаста,өз iсiне деген қатынасында пайда болады.

Мiнез қалыптасуында сензитивтi кезең екi-үш жастан тоғыз-он жасқа дейiнгi кезең болып табылады, себебi осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсендi қатынасқа түседi. Осы кезеңде балаға әсер етуге болады, олар оны жақсы қабылдайды, елiктейдi. Осы уақытта үлкен адамдар баланың сенiмiне кiре отырып, мiнез-құлықтың керектi формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерiмен әсер ете алу мүмкiншiлiгi жоғары.

Баланың мiнезiнiң қалыптасуына үлкендердiң бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау стилi, сонымен қатар үлкендердiң баланың өзiмен қатынас жасау ерекшелiгi де өте маңызды. Ең бiрiншiден бұл ата-анаға, әсiресе анасының баласымен қатынасына байланысты болады. Ата-анасының баласымен қарым-қатынасы баланың өскен кездегi өз баласымен қатынас жасау ерекшелiгiне үлкен әсер етедi.

Баланың мектепке дейiн кезеңiнде мiнездiң келесi қырлары қалыптасады: ақ көңiлдiлiк, көпшiлдiк, қайырымдылық және оған қарама-қарсы өзiмшiлдiк, мейiрiмсiздiк, байыпсыздық. Ал, бастауыш сынып кезiнде адамдармен қарым-қатынас кезiнде көрiнетiн қырлар қалыптасады. Егер баланың мiнезiндегi белгiлi бiр қырлар отбасында қалыптасып, ол мектеп кезiнде қолдауға ие болса бұл мiнез қыры одан ары қарай дамып, тұрақталады. Егер қолдау таппаса мiнез қырларында өзгерiстер болады. Жасөспiрiмдiк шақта мiнездiң ерiктi қырлары, ал жастық шақта адамгершiлiктiк т.б. дамиды және қалыптасады.

Мiнез адам өмiрiнiң барлық жолдарында қалыптасады және өзгередi. Адам мiнезiнiң қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтан да, мiнез басқа да тұлғаның қырлары сияқты iс-әрекет кезiнде қалыптасады деп айта аламыз.

Адамның мiнезiнiң өзгерiп отыруына әлеуметтiк жағдайдың үнемi ықпал етiп,оның жаңа сапаларын қалыптастырып отырғандығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық және обьективтi фактор екендiгi еш дау тудырмайды.

31.Тұлғаның дамуында адамдармен қарым-қатынас жасаудың түрлерін тұрмыстық психология тұрғысынан жазыңыз.

Жеке тұлға дамуында қарым-қатынастың маңызы жоғары.Қарым-қатынас – адамдар арасында өзара білім, тәжірибе алмасу құралы болып та табылады. Адамдар басқа адамдармен қатынас жасау арқылы еңбек етіп, өзінің материалды және рухани қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандырады.Өмірге келген алғашқы сәттерден бастап қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Бұл жайында психолог Л.С.Выготский «бала дамуы үлкендермен жасалған қарым-қатынас барысында орындалады»,- деген.Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. Қарым-қатынастың үш жағы бар: интерактивті, коммуникативті және перцептивті. Қарым-қатынас деңгейлері – мезо, макро, микро, стандартты, рухани, іскер т.б. Қарым-қатынас түрлері - әлеуметтік бағдарлаушы, жеке бастық бағдарлаушы, топтық, топаралық т.б. Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне де байланысты.Көңіл-күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы.Адамдармен дұрыс қарым–қатынас жасай білу шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне байланысты десе де артық емес.Олай болса, қарым-қатынасқа түсу үшін ортадағы адамдармен дұрыс ниетте болу абзал.Адамдар қарым-қатынас барысында кейбір қиыншылықтарға кездесіп те жатады.Қиын қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде, адамдардың өзара түсініспеушілік жағдайында шынайы байқалады.Адамдар арасында келіспеушілікті болдырмау үшін екі жақ та бір шешімге, ымыраға келуге тиіс.Адамның қарым-қатынас мәдениеті оның мінез–құлқын, тәртібін реттейді.

32.Психология әдістерінің жіктелу моделін құрастырыңыз.

Психологиядағы негізгі әдістер

1. Бақылау әдісі

2.Эксперименттік әдіс

Қосалқы зерттеу әдісі

1.Анкеттік әдіс

2.Әңгімелесу әдісі

3. Тест әдісі.

4.Әлеуметтік өлшем әдісі

Бақылау. Бақылау кезінде зерттеуші баланын мінез-кұлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып кадағалай-.ды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке ала­ды.Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты.Эксперимент. Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс көмекке келеді.Ол — психологиялық эксперимент.Эксперимент кезінде зерттеуші баланың іс-әрекеті өтетін жағдайды әдейі жасайды және түрін өзгертеді, олардың алдына белгілі міндет қояды. Осы міндеттің қалай шешілуіне қарай -сыналушының психологиялық ерекшеліктері қаралады.

35-36. Ес процесі. Естің түрлері және оның ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады.

Ес түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:

1. Психикалық белсенділікке қарай:

1) Қозғалыс есі - еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып, оны қайта жаңғырту есі;

2) Сезімдік ес - бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру;

3) Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту;

4) Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.

2. Мақсатқа қарай:

1) Ырықты ес – түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы;

2) Ырықсыз ес – адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.

3. Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай:

1) Қысқа мерзімді есте қалдыру;

2) Ұзақ мерзімді есте қалдыру (ұзақ мерзімді ес);

3) Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.

Ес процесстері:

1. Есте қалдыру. Есте қалдыру - мәліметті белсенді қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны теру процесстері. Есте қалдыру түрлері төменде көрсетілген:

1) Қысқа мерзімді есте қалдыру;

2) Ұзақ мерзімді есте қалдыру;

3) Оперативті есте қалдыру;

4) Ырықты есте қалдыру. Жаттау - ырықты есте қалдырудағы ең негізгі тәсілдердің бірі болып табылады. Жаттаудың белсенді болуы уақытқа байланысты;

5) Ырықсыз есте қалдыру;

6) Логикалық есте қалдыру;

7) Механикалық есте қалдыру - заттар мен құбылыстардың мазмұны есте сақталмай, олардың ерекшеліктері мен формалары есте сақталады.

Логикалық есте қалдыруда қабылдаған нәрселердің мазмұны есте сақталады. Логикалық есте сақтаудың тәсілдері:

1) Есте сақтауға тиісті материалдың жоспарын құрастыру.

2) Салыстыру.

3) Материалды топтастыру және жіктеу.

4) Есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды алмастырып отыру.

5) Бейнелі байланыстарға сүйену.

6) Есте қалдыруда өзін-өзі бақылау.

7) Мағыналы байланысты орнату.

2. Қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту – бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді айтамыз. Мұндағы негізгі процесс – елес. Елес – бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу. Қайта жаңғыртудың бір көрінісі – тану. Тану – бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс. Тану 2-ге бөлінеді: 1) Толық. 2) Толықсыз.

Қайта жаңғыртудың біртүрі – еске түсіру. Еске түсіру – белгілі қиындықтарды жеңумен байланысты ерік күшін жұмсауды талап ететін санасы қайта жаңғыртуды айтады. Қайта жаңғырту 2-ге бөлінеді: 1) Ырықты. 2) Ырықсыз.

3. Есте сақтау. Есте сақтау – бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс. Ол 2-ге бөлінеді: 1)Ырықты. 2)Ырықсыз.

4. Ұмыту. Ұмыту – бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмытудың себептері: 1) Жағымсыз индукцияның әсері. 2) Проактивтік тежелу. 3) Ременисцения – кешіктіріліп еске түсіру. 4) Шектен тыс тежелу.

37. «ХХI ғасыр – психология ғасыры» деген тақырыпта эссе жазыңыз.Өз ойларыңды жаза беріңдер

ХХI ғасыр- психология ғасыры.Бүгінгі мектеп оқушылары өмірде кітаптағыдай деп түсініп қабылдайтын бұрынғы балаларға қарағанда олар көп нәрсені өмірдің өрінен үйренеді.Ал ұстаз еңбегінің күрделілігі әр оқушының жүргінен жол табуда, әр баланың бойындағы қиялын дамыту үшін жағдай жасауда көрінеді.Баланың білімі болса, оның ақыл ойы мен қиялы жемісті де бай болып келетініне баланың көзін жеткізу ата – ана мен тәрбиеші ұстаздардың міндеті.Қиял сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының субьективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп бейнелеуде көрінетін тек адамға тән психикалық процесс болып табылады.