
- •8. Зейін, оның қызметтері және түрлерін көрсетіңіз
- •11. Эмоция және оның түрлеріне талдау жасаңыз.
- •12 .Зейіннің түрлері мен қасиеттерін атаңыз
- •13. Қиялдың түрлерін талдап , түсіндіріңіз
- •14 Қиялдың еріксіз жəне ерікті түрлерін анықтаңыз.
- •15. Психологияның зерттеу əдістеріне сипаттама беріңіз.
- •16. Ойлау түсінігі. Ойлау мен сөйлеудің байланысын көрсетіңіз
- •17 Ойлаудың әр түрлеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз
- •19. Қабілет, дарындылық, талант түсініктерін анықтаңыз
- •20. Эмоция жəне жоғары сезімдерге сипаттама беріңіз.
- •21. Түйсіктің әр түрлеріне салыстырмалы мысал келтіріңіз
- •24. Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз
- •28. Ерік түсінігі, ерік әрекеті және ерікті реттеуге сипаттама беріңіз.
- •29 Сөйлеудің шығуы және дамуы. Оның қызметтерін көрсетіңіз
- •30. Мінездің тұлғалық ерекшеліктері туралы көзқарасыңызды беріңіз
- •31.Тұлғаның дамуында адамдармен қарым-қатынас жасаудың түрлерін тұрмыстық психология тұрғысынан жазыңыз.
- •38. «Қабілет психологиясы» атты тақырыпта прогноз жасаңыз.
- •41.Ойлау мен сөйлеудің арақатынасын шешіңіз.
- •42. Эмоцияның түйсіктен айырмашылықтарын көрсете отырып, арасында байланыс орнатыңыз.
- •45.Сіздің ойыңыз бойынша, көрнекі-қимылдық, көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық ойлау түрлерінің арасындағы байланысты табыңыз.
- •46. Индивид, тұлға және индивидуалдылықтың арасындағы айырмашылықтарды беріңіз.
- •59.Сезімніңадамөміріндегімаңызытуралыжазыңыз.
- •1 Психология ғылымының жалпы мәселелері мен негізгі даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
29 Сөйлеудің шығуы және дамуы. Оның қызметтерін көрсетіңіз
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сойлеу — пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің озінде сойлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы озара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі аркылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытын кана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақ-талган қогамдық тәжірибай меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз (М.Жүмабасв).
Сөзді қабылдау және оны үғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұгынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны үғынуды қажет етеді. Қабылдау мен үғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонаңияны қабылдау сойлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонаңиясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе келісушілік білдіреді. Адамға тон сейлеу орекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сейлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі — сейлеудің мазмүндылыгы, екіншісі — оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмүн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмүндылыгы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы таяз кісі бос сеөді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлігі дегеиіміз — адамның сейлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сөйлсйтін адамдарды «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандык үшін маңызы зор. А.С.Макарснко бұл жөнінде:
«Балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшслігіңізді сезіне алатындай болуы керек»,— дейді.
Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аішараттардың (тіл, срін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еітері т. б.) дүрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сөйлеу түрлері
Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нактылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге белінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топка жіктеледі.
Сыртқы сөйлеу ауызша (бүл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болын, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог.Ауызиш сойлеу — сойлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегіне құрылады. Мәселен, жазу сөзіндегі әріптер ауызша создің түрлі дыбыстарын белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, оның ерекше бір варианты. Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі — диалогтық сөййлеу. Диоогтық, сойлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдееуі.
Монологтық сойлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері. Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:
1.Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес ққрылады, бұл алдын-ала даярлықты тілейді;
2.Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі);
3.Монолог сөз мәнерлі, адамга әсер ететін моменттерді (сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.Сойлеудің ерекше бір түрі — жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі.
Сөйлеу - пікір алысу процесінде жеке адамның білгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін.Сөз әлдебір нәрсені хабарлау үшін заттың атауын, қимылды, қалыпты
т.б. білдіруі керек. Сөйлеудің бұл қызметі сигнификативтік деп аталды. Сигнификативтік функция адамның сөйлеуін жануарлар коммуникациясынан айырып тұрады. Жануарлар шығаратын дыбыс объекті білдірмейді, қорқыныш жағдайын, аштықты немесе қанағаттанғандықты білдіреді, бұлардың белгілі бір жануарлар тобына ортақ болуы себепті осы дыбыстар ӛзгелері үшін сигнал
болып табылады. Ал адам заттың немесе құбылыстың атын атап сөйлейді. Сөйлеудің екінші қызметі- жалпылау. Сөз жеке затты ғана білдіріп қоймайды, бір-біріне ұқсас заттар тобын да білдіреді және әрдайым олардың елеулі ерекшеліктерін көрсетіп береді. Сөзді жалпылау функциясы ойлаумен тығыз байланысты. Егер сигнификативтік функция сөзді барлық сана бейнелерімен байланыстыратын болса, ал жалпылау сӛйлеудің ойлаумен тығыз байланысын білдіреді. Сөйлеу абстракты-логикалық ойлау үшін неғұрлым адекватты ойдың ӛмір сүруінің формасы болып табылады.
Сөйлеудің үшінші қызметі - коммуникация функциясы - білімді,
қатынасты, сезімді сыртқа шығару. Егер, сөйлеудің алғашкы функциясын ішкі психикалық іс-әрекет деп қарауға болса, коммуникативтік функция - басқа адамдармен қатынас жасауға бағытталып, ӛзгелерге естірте, дауыстай сөйлеу әрекеті.
Сөйлеудің коммуникативтік қызметін: информациялық, баурағыштық және ырықты білдіру деп үш түрге бӛлуге болады.