Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
крп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.28 Кб
Скачать

24. Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз

Ойлау ой операцияларымен қоса, ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледi. ұғым дегенiмiз - заттар мен құбылыстар туралы ой. өғымда заттардың жалпы және негiзгi қасиеттерi бейнеленедi. өғымдар жеке және жалпы болып бөлiнедi. Бала мектепке келгесiн ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның бiлiм, дағдыларының арта түсуi ғылым негiздерiн меңгеруге қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан ұғымдарды меңгеруге адамның бiлiм ортасындағы түрлi ғылымдар негiздерiн игеру әсер етедi. Сол барысында адамның қоршаған дүние заттарының ұғымдары жөнiнде бiлiмдерi қалыптасады.Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пiкiрлерден көрiнедi. Пiкiр - бұл бiр зат туралы мақұлдау не оны жоққа шығаруда көрiнетiн ойлаудың формасы. Мысалы: ңАстана - Қазақстанның астанасың шындыққа сай пiкiр.Саналау мен түсiну ойлаудың негiзгi белгiсi болып табылады.Адамның ойлау әрекетiнде шындықтағы заттар мен құбылыстардың негiзгi қасиеттерiн, ерекше белгiлерiн, мәнiн түсiне бiлудiң маңызы зор. Бiз айналамыздағы заттардың себеп-салдарлы байланыстарын, бiр-бiрiне тәуелдiлiгiнiң шығу тегi мен даму жолын түсiну арқылы ғана ажыратамыз. Түсiнушындықтағы заттар мен құбылыстармен танысудан, көрiп-бiлуден басталады. Өйткенi, қандай да бiр нәрсенi ұғыну үшiн оны эмпирикалық жолмен зерттеу қажет.Түсiну сөз арқылы берiлетiндiктен, түрлiше формаларда тұжырымдалады. Түсiну қысқаша, жалпы, кең, деталдi және т.б. болып келуi мүмкiн.Түсiнудiң екi түрi бар. Бiрiншiсi – тiкелей түсiну. Тiкелей түсiну - жанама түрдегi ой операцияларын керек етпейтiн, қабылдауға ұқсас процесс. Ал екiншi түрi – жанама түсiну. Жанама түсiну – түрлi фазалардан тұратын, ой операцияларын қажет ететiн, көмескi нәрсенi айқын етiп бейнелеуде бiрнеше ой қорытындыларынқажет ететiн процесс.Жалпы, ойлау дегенiмiздiң өзi - мәселенi шешу, оның мәнiсiн түсiне бiлу деген сөз.Ойлаудың ең күрделi және жоғарғы формаларының бiрi – ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегенiмiз - бiрнеше пiкiрлерден жаңа пiкiрлер шығару тәсiлi. Қорытынды шығару үшiн оны белгiлi тәртiпке бiр-бiрiмен байланыстыруымыз қажет. Ой қорытындысының негiзгi үш түрi бар:

1) дедукциялық, 2) индукциялық, 3) аналогиялық ой қорытындысы.Дедукция дегенiмiз - жалпыдан жекеге қарай жүретiн ой қорытындысы. Мысалы: бiз тiрi организмдер оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды, ал балық тiрi организмнiң бiрi десек, олай болса, балық оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды деген қорытындыға келемiз.Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Гүлдер сусыз өмiр сүре алмайды, ағаштар да сусыз өмiр сүре алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап, сусыз өсiмдiктер тiршiлiк ете алмайды деген қорытындыны жасаймыз.Аналогия дегенiмiз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И. Ньютон бүкiл әлемдiк тартылыс заңын тапқанда, аналогиялық ой қорытындысына сүйенген. Ол жер үстiндегi денелердiң қозғалуы, әсiресе құлауы мен аспан денелерiнiң қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсiндiруде аналогияны келтiрдi. Аналогия ғылыми болжамдарды жасаудың маңызды алғышарты болып табылады.

25. Тұлғаның мотивациялық сферасы.  А. Маслоу концепциясын талдап түсіндіріңіз. Тұлға дегеніміз – ол тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ғылыми әдебиетте "тұлға" ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиялогиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек. Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша адамның төрт деңгейі ғылыми зерттеулері үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған. "Тұлға" ұғымының анықтамасы мен мазмұны. Адам ұйымдасуының иерархиялық деңгейі. "Индивид", "субъект","тұлға", "жеке даралық" ұғымдарының арақатынасы. Тұлға құрлымы: бағыттылық, қабілеттері, темперамент, мінез-құлық. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдардың бірі Э.Эриксон сол ғалымның кестесі бойынша қарастырсақ олар мынадай болады. Сонымен қатар тұлғаның дамуын т.б ғалымдар қарастырған. Тұлға құрылымын қарастырғанда оған қабілеттерді, темпераментті, мінезді, мотивацияны және әлеуметтік нұсқауларды енгізіеді. Қабілеттер дегеніміз – бұл түрлі іс-әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның жеке басының тұрақты қасиеттері. Темперамент – адамның психикалық процестерінің динамикалық сипаттамасы. Мінезде бір адамның қатынасын басқы адамдарға қатынасын анықтайтын қасиеттер бар. Мотивация дегеніміз - әрекет етуге ынтаның жиынтығы болса, әлеуметтік нұсқаулар – адамның наным-сенімдері. Бұдан басқа, кейбір авторлар тұлға ұғымына ерік пен эмоция ұғымын қосады. Психикалық құбылыстардың құрдымына психикалық процестерді, психикалық күйлерді және психикалық қасиеттерді бөліп көрсету керек. Психикалық процестер, өз кезегінде танымдық, еріктік, эмоционалдық болып бөлінеді. Ерік пен эмоция өзіндік құбылыс ретінде психикалық процестер шебінде қарастыруға лайықты. Алайда осы құбылыстарды тұлға құрлымы шебінде қарастыру үшін де авторларда негіз бар. Мысалы; сезімдер – жиі әлеуметтік бағдары бар эмоцияның бір түрі, ал ерік қасиеттері қоғам мүшесі болып табылатын адамның қылықтары болып реттеуге қатысады. Осы айтылғанның бәрі қарастырылап отырған мәселенің күрделі екендігін және тұлға мәселесінің кейбір аспектілеріне қатысты белгілі келіспеушіліктердің болатындығын көрсетіп отыр. Көбірек келіспеушілік тудыратын мәселлер: адам ұйымдасуы құрлымның иерархиясы, тұлғадағы биологиялық пен әлеуметтіліктің қатынасы. Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуын қандай заңдылықтарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені,тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары (кризис), даму процесін түсіндіру мүмкіндіктері әртүрлі түсінгдіріледі. Кең тараған тұлға теорияларының әрқайысында тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады. Мысалы; психоаналиктикалық тоерия даму деп адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механизімдерінің пайда болуын, қажеттіліктерін қанағаттандыружолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы (теория черт) бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалптасады, олардың туындау, қайта түзілужәне тұрақтану процестерібиологиялық емес заңдылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекетінің қалыптасу жолдары ретінде түсіндірсе гуманистік және басқа феномонологиялық теориялар оны "Мен" деген түсініктің қалыптасуымен ұштастырады. Әлеуметтену және тұлғаның қалыптасу процестері арнайы әлеуметтік институттар шебінде, мысалы, мектепте және түрлі формалды емес бірлестіктерде жүзеге асырылады. Тұлға әлеуметтенуінің маңызды иниституттарының бірі – жанұя. Отбасында, жақын адамдарының арасында адам негіздері қаланады. Адамның тұлға негіздері 3жасқа дейін қаланады деген түсінікті кездестіруге болады. Бұл жас кезеңінде адамның психикалық процестері ғана дамып қоймай, ол өмірінің соңына дейін бойында сақталатын алғашқы тәжірбие мен өзін-өзі ұстауы тәрбиесін алады.Тұлға дамуы теориясының негізгі мәселелерінің бірі – тұлғаның өзін-өзі өзектендіруі (самоактуалиизация). Ересек тұлға өзін-өзі дамытуы тиісті деп саналады. Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі өзектендіру идеясы адам туралы қазіргі заман концеппциялары үшін маңызды болып табылады. Мысалы, ол гуманистік психологияда және акмеологияда басты орын болып табылады. Тұлға дамуының мәселелерін қарастырған авторлар адам дамуының шарттары болып табылатын себептерді анықтауға тырысады. Көптеген зерттеушілердің ойынша тұлға дамуының қозғаушы күші – түрлі қажеттіліктердің кешені. Олардың ішіндегі маңызды орын алатыны - өзін-өзі дамыту қажеттіліктері. Бірақ ол қол жетпес идеалға ұмтылу деген сөз емес. Тұлға үшін нақты мақсатқа жету немсе белгілі әлеуиеттік статус алу маңыздырақ . Келесі мәселе – тұлағ қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі. Көптеген тұлға теорияларының негізіндегі тұжырым – тұлға әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде негізгі көріністері тұрақты құрылу. Тұлға қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі әрекеттердің бірізділігін, мінез-құлықты болжау мүмкіндігін анықтап, оныңқадамдарының заңдылықтарына сипат береді.

Лонгитюдті зерттеулер тұлғада тұрақтылықтың белгілі дәрежесі бар деп көрсетеді, мұндай тұрақтылықтың өлшемі түрлі тұлға қасиеттері үшін бірдей емес. 35жыл жүргізілген осындай зерттеулерлің бірінде 100 адам белгілі тұлғалық сипаттамалардың жиыны бойынша бағаланған. Олар алғашқы рет орта мектеп жасында тексерілсе, кейін мектептің жоғарғы сыныптарында, ал соңғы рет 35 – 45 жас шамасында тексерілген. Бірінші тексеруден кейін екінші тексеруге дейін 3 жыл аралығында сыналғандардың тұлғалық сипаттамаларының 58%-ы сақталған анықтама.

26. Қабылдаудың әр түрлеріне салыстырмалы сипаттама жасаңыз

Қабылдау дегеніміз – заттар мен құбылыстардың миымызда тұтастай бейнеленуі болып табылады.

Кеңістік пен уақыт – материяның ӛмір сүруінің негізгі формалары.

Кеңістікті қабылдау – заттар мен құбылыстардың кӛлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс – жақындығын, тайыз – тереңдігін, бағыт – бағдарын қабылдау деген сӛз. Кеңістікті қабылдау ӛте күрделі процесс. Мысалы: заттың кӛлемі мен түрін қабылдау – кӛру, сипай сезу, қимыл – қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы ғана жүзеге асады. Дүниедегі заттың барлығы да кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі тұрқы (ұзын, қысқа, енді, енсіз, биік немесе аласа т.б.). Сондай – ақ олар бізден түрлі қашықтықта тұрады.

Уақытты қабылдау. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстарда болатын

ӛзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі. Сыртқы дүниедегі оқиғалардың бәрі бір бағытта, яғни ӛткен шақтан осы шаққа, одан келер шаққа ағады. Уақыттың шақтарын қабылдауда субъективтік моменттер орын алады. Мысалы: ӛткен шақ адамға ӛте қысқа мерзімді болып кӛрінеді. Ӛткен шақты сағаттап санап отырмай, айлап, жылдап, ғасырлап есептейміз. Адам өмірінде оқиға қызықсыз, елеусіз болса, уақыт мүлдем өтпей қояды.Қозғалысты қабылдау - әртүрлі объекттердің уақыт аралығында кеңістікте өзгеруі. Ол әртүрлі анализаторлардың байланысына тәуелді. Мысалы: көру, кинестетикалық анализаторлар.Қашықтық пен заттардың кӛлемін қабылдауда көздің конвергенциясы,

яғни екі көздің көрінетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады (конвергенция – латынның конвергере деген сөзі, қазақша жақындату деген

мағынаны білдіреді). Бұл құбылыс жақындағы нәрсені ажыратуда байқалады. Көз тіккен нәрсе неғұрлым жақын тұрса, конвергенция да сонша күшті болады да, көз ішке бұрыла береді. Көздің түрлі қашықтықтағы заттарды кӛруге бейімделу қабілеттілігін «аккомадация» деп атайды.

27. Темперамент типтеріне тоқталып, талдау жасаңыз. Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. ТемпераменттерХолерикФлегматикСангвиникМеланхоликХолерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді.Күйгелектік сондай адамдарға тән.Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп,күші таусылғанда оны тастап кете береді.Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз,агрессивті,шамданғыш болып келеді.Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. 

Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. 

Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді.