
- •1.Суда еритін гидрофильді полимерлерге негізгі түсініктері мен классификациясын және олардың басқа полимерлерден артықшылығын түсіндіре отырып анықтама беріңіз.
- •5. Суда еритін полимерлердің зерттеу әдістерін атап көрсетіңіз. Вискозиметрия әдісін сипаттаңыз.
- •6. Акриламидтің жіктелуі және қолданылу салаларын атап көрсетіңіз. Артықшылығы мен кемшілігін түсіндіріңіз.
- •8.Сулы ортадағы полиэлектролиттік реакциялар.Полимерлі комплекстер, классификациясы, мысал келтір.
- •9.Интерполимерлік комплекстердің табиғатына байланысты жіктелуін сипаттап, түсіндіріңіз.
- •11.Полимерлі сабындарға анықтама беріп, сипаттап, түсіндіріңіз.
- •12.Полимерлерді медицинада қолдануына байланысты и.М.Рабинович келесі классификациясын көрсетіңіз. Оның артықшылығы мен кемшілігін атаңыз.
- •13. Медициналық полимерлерге қойылатын талаптарды атап көрсетіңіз.
- •14.Биотехнологияда және медицинадағы ‘ақылды’ полимерлерді атап көрсетіңіз.
- •15.Медицинада қолданылатын табиғи полимерлерге мысал келтіріп, сипаттаңыз.
- •18. Стимулсезімтал полимерлі гидрогельдер. Олардың артықшылығын көрсетіңіз.
- •21. Интерполимерлі комплекстердің кластарын анықтап, мысал келтіріңіз.
- •1.1 Полиэлектролиттік комплекстер
- •1.2. Сутегілік байланыстар арқылы түзілген комплекстер
- •22.Стереокомплекстер. Оларды артықшылығын көрсетіңіз, мысал келтіріңіз.
- •24. Супертесікті және суперісінгіш гидрогельдер. Артықшылығы мен кемшілігі, мысал келтіріңіз
- •26.Үштік жүйелердегі орын басу және іріктеу процестері
- •27. Гидрогель–сызықты полимер ерітіндісі жүйесіндегі интерполимерлік реакцияларды және оған әсер ететін факторларды анықтаңыз.
18. Стимулсезімтал полимерлі гидрогельдер. Олардың артықшылығын көрсетіңіз.
Полимерлік гельдер (ПГ) деп бір-бірімен химиялық байланысқан ұзын тізбекті макромолекулалардан тұратын, үшөлшемді кеңістіктік құрылымды жоғары молекулалық қосылыстарды айтады.
Гельдердің құндылығы оларға тән екі қасиетіне байланысты: 1) Гельдер еріткіштердің шамадан тыс мөлшерін сіңіре алады, яғни суперабсорбциялық қасиеті бар.
2) Гельдер қоршаған орта жағдайының (температура, рН, иондық күш, электр өрісі, еріткіштің табиғаты және т.б.) әсеріне өзінің көлемін ондаған, жүздеген есе қайтымды өзгерту (ісіну-жиырылу, коллапс-деколлапс) арқылы жауап береді. Стимулсезімтал гельдер бірнеше топтарға бөлінеді: термосезімтал, рН-сезімтал, ион-сезімтал, жарық-сезімтал, электр өрісінің әсеріне сезімтал және т.б.Термосезімтал гельдердің үш түрі болады:
Температураны жоғарылатқанда ісінетін гельдер;
Температураны жоғарылатқанда жиырылатын гельдер (коллапсқа ұшырайтын гельдер);
Температураны жоғарылатқанда ісінетін, жиырылатын және де қайтадан ісінетін гельдер немесе жиырылатын, ісінетін және қайтадан жиырылатын (ісіну-коллапс-ісіну, коллапс-ісіну-коллапс), яғни мұндай гельдерге «осциллирациялық сипат» тән болады.
Мысалы ретінде ВЭЭГ-ВБЭ-АК үштік сополимерлері негізіндегі полимерлік гидрогельдерінің ісіну, коллапс, ісіну-коллапс-ісіну жағдайларын келтіруге болады. рН-сезімтал гельдер дегеніміз құрылымында әлсіз қышқылдық немесе әлсіз негіздік функционалдық топтары бар, ортаның рН-ын өзгерткенде ионданатын гельдер.
20.Полиэлектролиттер.ПЭ гидродинамикалық қасиеттерін анықтаңыз.ПЭ- белгілі жағдайда электролиттік диссоц.процесіне қабілетті буыны функц.топтардан құралған полимерлер.Бұл функ.топты ионогенді деп атаймыз. ПЭ табиғатта кеңінен таралған ,олар : белоктар, пектиндер, полипептидтер,полисахаридтер.ЖМҚ ерітінділеріне жоғары тұтқырлық тән,ал ол ТМҚ ерітінділеріне қарағанда әлдеқайда жоғары.Зарядталмаған полимерлерде сызықты концентрация төмендеген сайын тұтқырлық төмендеуде,оны экстраполяциялау арқылы нөлге ұмтылуда.Ал иондалған макромолекулада төменгі ионды күште:алғашында тұтқырлық кемиді кейін конц.төмендеуінен ПЭ сызықты емес түрде өседі.
С
урет-1
η=f(C)
тәуелділік графигі : (1)-ПЭ,(2)-бейтарапталған
төменмолекулалық электролит.
Ажыраған ПЭ ертіндісінің тұтқырлықта артуы оның көлемінің артуымен және электростатикалық күштің әсерінен біртекті зарядталған тізбек буындарын тебу арқылы макромолекулалық клубок сызықты түрде өседі.Бұл құбылысты ПЭ ісіну дейді. ПЭ ерітіндісін сұйылтқан кезде ерітіндінің иондық күші кемиді, сонымен қатар полиион-қарсыион әрекеттесулері әлсірейді. Полимердің зарядталған топтары арасында электростатикалық күштің тебісуінің артуынан макромолекулалық клубоктың ісінуінен тұтқырлық саны өседі.ПЭ ертіндісін сұйылтқан кезде меншікті тұтқырлық кемиді,ал келтірілген тұтқырлық артады.(1) қисық сызық табиғаты бойынша екі процесті сипаттайды.1)концентрацияға жауап береді,бұл кезде ПЭ қасиеті онша білінбейді,ал тұтқырлықтың кемуі ерітіндінің сұйылғандығы б.т.2)иондалған макромолекуланың жағдайына жауап береді.Минимум нүктесінде ПЭ ісінуі мен сұйылт.ерітінді арасында тепе-теңдік орнайды.ПЭ ісінуін жою үшін бастапқы ерітіндіге артық бейтарап төменмолекулалық электролит енгізеді.Сол кезде қалпына келген қарсыиондар молекулярлық клубокта сұйылтқанда өзгермейді және ПЭ ерітіндіде зарядталмаған күйде болады:келт.тұтқырлық концентрация төмендеген сайын төмендейді.