
- •1.Суда еритін гидрофильді полимерлерге негізгі түсініктері мен классификациясын және олардың басқа полимерлерден артықшылығын түсіндіре отырып анықтама беріңіз.
- •5. Суда еритін полимерлердің зерттеу әдістерін атап көрсетіңіз. Вискозиметрия әдісін сипаттаңыз.
- •6. Акриламидтің жіктелуі және қолданылу салаларын атап көрсетіңіз. Артықшылығы мен кемшілігін түсіндіріңіз.
- •8.Сулы ортадағы полиэлектролиттік реакциялар.Полимерлі комплекстер, классификациясы, мысал келтір.
- •9.Интерполимерлік комплекстердің табиғатына байланысты жіктелуін сипаттап, түсіндіріңіз.
- •11.Полимерлі сабындарға анықтама беріп, сипаттап, түсіндіріңіз.
- •12.Полимерлерді медицинада қолдануына байланысты и.М.Рабинович келесі классификациясын көрсетіңіз. Оның артықшылығы мен кемшілігін атаңыз.
- •13. Медициналық полимерлерге қойылатын талаптарды атап көрсетіңіз.
- •14.Биотехнологияда және медицинадағы ‘ақылды’ полимерлерді атап көрсетіңіз.
- •15.Медицинада қолданылатын табиғи полимерлерге мысал келтіріп, сипаттаңыз.
- •18. Стимулсезімтал полимерлі гидрогельдер. Олардың артықшылығын көрсетіңіз.
- •21. Интерполимерлі комплекстердің кластарын анықтап, мысал келтіріңіз.
- •1.1 Полиэлектролиттік комплекстер
- •1.2. Сутегілік байланыстар арқылы түзілген комплекстер
- •22.Стереокомплекстер. Оларды артықшылығын көрсетіңіз, мысал келтіріңіз.
- •24. Супертесікті және суперісінгіш гидрогельдер. Артықшылығы мен кемшілігі, мысал келтіріңіз
- •26.Үштік жүйелердегі орын басу және іріктеу процестері
- •27. Гидрогель–сызықты полимер ерітіндісі жүйесіндегі интерполимерлік реакцияларды және оған әсер ететін факторларды анықтаңыз.
11.Полимерлі сабындарға анықтама беріп, сипаттап, түсіндіріңіз.
Полимерлі сабын құрамында ионогенді топтар мен полярсыз ұзын бүйіртізбекті синтетикалық полимердің класстың бірі. Полисабындарды полимерлі тізбекке ұзын көмірсутектік топтарды енгізу арқылы алады. Енгізілетін топтар катионды, анионды немесе неионогенді болуы мүмкін. Полисабындардың қасиеттері енгізілетін топтардың саны мен табиғатына байланысты. Полимерлі сабындардың макромолекуланың сулы ерітінділерінде ішкімолекулалық гидрофобты байланыстар болады. Ондағы ұзын полярсыз бүйір тізбектер сумен әрекеттеспегендіктен еріткіштен қорғайтын өзара полярсыз ядролар түзеді. Полимерлі сабынға мысал ретінде 4-винил-N-этилпиридиний бромид пен 4-винил-N-додецилпиридиний бромид сополимерін алуға болады.
Осы полисабынның тұтқырлығы мен сополимер құрамы арасындағы тәуелділік келесі түрде болады: 4-винил-N-этилпиридиний мономерінің полииондары типтік полиэлектролиттің қасиеттерін көрсетеді. Сополимер құрамында екінші мономердің ,яғни 4-винил-N-додецилпиридинийдің (28,5%) мөлшері артқанда тұтқырлық күрт төмендеп, өзінің минималды мәніне 0,04 дл/г тең болады. Бұл полисабын макромолекулаларының клубоктар ішінде еріткіштің мөлшері аз компактілі болуын көрсетеді.
1-сурет. 4-винил-N-этилпиридиний бромид пен 4-винил-N-додецилпиридиний бромид сополимеріндегі додецильді топтардың мөлшері тұтқырлыққа әсері. Еріткіш 0,0226 М KBr. Алынған нәтижелерді түсіндіруде Штраус кәдімгі сабындардың мицелла түзудің критикалық концентрациясына (МТКК) аналогты түрде «додецилді топтардың критикалық мөлшері» деген ұғымды енгізген. Егер додецилді топтардың мөлшері аз болса, полимер полиэлектролит ретінде болады.Ал додецилді топтардың мөлшері артқан сайын олардың арасындағы гидрофобты әрекеттесулер артады. Олардың критикалық мөлшерінде ұзын бүйіртізбектер зарядталған азот атомдарымен электростатикалық тебіледі. Сонда додецилді буындардан тұратын полярсыз ядро түзілгендіктен полимерлі тізбек ораланып, оның өлшемдері (тұтқырлығы) кемиді.Егер алкилді топтар қысқа және саны аз болса, полимер полиэлектролиттің қасиетін көрсетеді. Бұл сабынтәріздес көмірсутек буындарының арасындағы әлсіз әрекеттесуімен түсіндіріледі.
12.Полимерлерді медицинада қолдануына байланысты и.М.Рабинович келесі классификациясын көрсетіңіз. Оның артықшылығы мен кемшілігін атаңыз.
И.М.Рабинович келесі классификациясын ұсынады:1 топ. Организмге енгізуге арналған полимерлік материалдар:
ішкі протездер,пломбылар, жасанды органдар;
Желімдер;
Тігіс және таңғыш материалдар;
Плазма – қан алмастырыштар, дезинтоксикаторлар, интерфронологендер, антидоттар
Полимерлердің негізінде дайындалған дәрілік препараттар
Дәрілік формалар (қорғаныш үлдірлер, капсулалар мен микрокапсулалар, қосалқы заттар, т.с.с)
2 топ Ағзамен және оған енгізілген заттармен жанасатын полимерлік материалдар:
Дәрілік заттарды,қан және плазма алмастырғыштарды орауға және сақтауға арналған материалдар мен ыдыстар;
Стомотологияда қолданылатынполимерлер (пломбылардан басқасы)
Хирургиялық құралдар, шприцтер;
Медициналық аппараттар мен приборлардың тетіктері, оның ішінде- жартылай өткізгіш мембраналар
3 топ. Организмге енгізілмейтін және организмге енетін заттармен түйіспейтін полимерлік материалдар:
анатомия мен гистологияда қолданылатын полимерлер;
аурулардың күтіміне байланысты бұйымдар;
лабораториялық ыдыс, штативтер
операция бөлмелері мен аурухана жабдықтары
көзілдіріктің тұғырлары мен линзалары
протездік – ортопедиялық бұйымдар ( оның ішінде – аяқ киімде)
ауруханалық киім, төсек – орын керек жарақтары
Артықшылығы:Организмге енгізілген полимерлік зат оның молек.массасы белгілі бір шамада төмендегенге дейін шығарылмайды,полимер организмде өзінің кіші молекулалы теңдесінен өзгеше шоғырлануы мүмкін,полифункционалдық қасиеттеріне байланысты полимердің кіші молеулалы препаратқа қарағанда биологиялық жүйенің, жасушаның құрылымдық бірліктерімен әрекеттесу қабілеті жоғары.
Кемшілігі:кейбір полимерлердің органиизмге зиянды әсері болуы мүмкін.