Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
полимер 306 ,308.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
380.94 Кб
Скачать

5. Суда еритін полимерлердің зерттеу әдістерін атап көрсетіңіз. Вискозиметрия әдісін сипаттаңыз.

Макромолекуланың негізгі гидродинамикалық қасиеттерінің бірі -тұтқырлық. Салыстырмалы тұтқырлық ерітіндінің капиллярлы вискозиметр түтікшесінен өту уақытының, еріткіштің өту уақытының (бірдей жағдайда өлшенген) мәндерінің қатынасына тең болады:ɳсал=τ\τ0Меншікті тұтқырлық ерітінді мен еріткіштің тұтқырлықтарының айырмасының еріткіш айырмасының еріткіш тұтқырлығына қатынасы: ɳмен =(τ- τ0)0 Келтірілген тұтқырлық полимердің меншікті тұтқырлығының оның концентрациясына байланыстылығын айтады:ɳкелт = ɳменӨзіндік (сипаттамалы) тұтқырлық полимер ерітіндісінің концентрациясы нольге ұмтылған кезде, келтірілген тұтқырлықтың мәнін айтады. Өзіндік тұтқырлықтың мәні графиктен (өрнектеп) полимердің концентрациясы нольге ұмтылған кездесі мәнін экстрополяциялау арқылы табады. (ɳмен\С) с→0= [ɳ] Вискозиметрия әдіспен анықталған полимердің молекулалық массасы орташа тұтқырлық молекулалық масса (Mn) деп аталады.Полимердің сипаттамалық тұтқырлығының молекулалық массасымен байланыстылығы Марк-Кун-Хаувинктің теңдеуімен өрнектеледі: ɳ=K*M α мұндағы К және α параметрлері еріткіштің сапасына және макромолекуланың конформациясына тәуелді болады. Тұтқырлықты анықтау үшін тұрақты температурада полимердің әр түрлі концентрациясы мен еріткіштің вискозиметрдің дөңгелек көлемінен өту уақытын анықтайды, ɳмен , ɳкелт, ɳсал тауып,ɳмен\С қатынасының концентрацияға байланысты өрнегін тұрғызып, экстрополяциялап, [ɳ] анықтайды.Сонымен қатар вискозиметрия әдісімен полимердің полидисперстлігін,полиэлектролиттің су және тұз ортасында гидродинамикалық тәртібін,матрица олигомер түріндегі молекаралық әрекеттесулерді бағалайға, полимердің гидродинамикалық қасиеттерін зерттеуге болады. Қазіргі кезде лабораториялық жағдайда көбіне Убеллоде вискозиметрі қолданылады.

6. Акриламидтің жіктелуі және қолданылу салаларын атап көрсетіңіз. Артықшылығы мен кемшілігін түсіндіріңіз.

Акриламид негізіндегі суда еритін полимерлер:

Ионогенді емес полимер

Анионды сополимер

Катионды сополимер

АА полимерлерді техника мен технологияның әртүрлі салаларында пайдаланады. Неионды полимерді табиғи және ақпа суларды тазартуда, целлюлоза қағазды өндірісте тұнбаны сусыздандыруда пайдаланады, ал анионды полимерлерді суды өңдеуде, пайдалы қазбалар мен мұнайды байыту мен регенерацияда, қағазды өңдеуде пайдаланады. Катионды полимерлерді қағазды өңдеу мен биологиялық клеткалардың флокуляциясында пайдаланады. АА прививкасын басқа полимердің қасиетін арттыруға да п\ды (мыс, полиакрилонитрилдің гидрофильділігін, боялғыштығын және адгезиясын арттырады). Соңғы кездерде суперсорбенттің қолданысы кеңейді, ол ААның полимері мен сополимері негізінде жасалынған. Ол үшін гидрофильділігі жоғары полимерлерді алады мысалы АА мен Акрил қышқылы. Оларды кеуекті қағаз немесе материалға енгізеді, суда ерімейді бірақ құрғақ массасынан 500-1000 есе артық суды сіңіре алады. Суперсорбент өндірісте ылғалды табиғи газдан арылту және медицина мен тұрмыста қолданылады (мыс, медициналық бандаж, жараны сұртуге, салфеткалар, пленкалар, тампондар және памперс жасау үшін).Акриламид кемшілігі оның адам ағзасына токсикалық әсер етуінде, біз жеп журген чипсыдың құрамында кездеседі.