
- •1.Суда еритін гидрофильді полимерлерге негізгі түсініктері мен классификациясын және олардың басқа полимерлерден артықшылығын түсіндіре отырып анықтама беріңіз.
- •5. Суда еритін полимерлердің зерттеу әдістерін атап көрсетіңіз. Вискозиметрия әдісін сипаттаңыз.
- •6. Акриламидтің жіктелуі және қолданылу салаларын атап көрсетіңіз. Артықшылығы мен кемшілігін түсіндіріңіз.
- •8.Сулы ортадағы полиэлектролиттік реакциялар.Полимерлі комплекстер, классификациясы, мысал келтір.
- •9.Интерполимерлік комплекстердің табиғатына байланысты жіктелуін сипаттап, түсіндіріңіз.
- •11.Полимерлі сабындарға анықтама беріп, сипаттап, түсіндіріңіз.
- •12.Полимерлерді медицинада қолдануына байланысты и.М.Рабинович келесі классификациясын көрсетіңіз. Оның артықшылығы мен кемшілігін атаңыз.
- •13. Медициналық полимерлерге қойылатын талаптарды атап көрсетіңіз.
- •14.Биотехнологияда және медицинадағы ‘ақылды’ полимерлерді атап көрсетіңіз.
- •15.Медицинада қолданылатын табиғи полимерлерге мысал келтіріп, сипаттаңыз.
- •18. Стимулсезімтал полимерлі гидрогельдер. Олардың артықшылығын көрсетіңіз.
- •21. Интерполимерлі комплекстердің кластарын анықтап, мысал келтіріңіз.
- •1.1 Полиэлектролиттік комплекстер
- •1.2. Сутегілік байланыстар арқылы түзілген комплекстер
- •22.Стереокомплекстер. Оларды артықшылығын көрсетіңіз, мысал келтіріңіз.
- •24. Супертесікті және суперісінгіш гидрогельдер. Артықшылығы мен кемшілігі, мысал келтіріңіз
- •26.Үштік жүйелердегі орын басу және іріктеу процестері
- •27. Гидрогель–сызықты полимер ерітіндісі жүйесіндегі интерполимерлік реакцияларды және оған әсер ететін факторларды анықтаңыз.
27. Гидрогель–сызықты полимер ерітіндісі жүйесіндегі интерполимерлік реакцияларды және оған әсер ететін факторларды анықтаңыз.
Торлы құрылымды полимерлердің қатысуымен жүретін, яғни гидрогель – сызықты полимер ерітіндісі фазаларының бөліну шекарасында өтетін интерполимерлік әрекеттесулерді зерттеу маңызды болып табылады. Гидрогель – сызықты полимер ерітіндісі жүйесіндегі комплекс үзу процесі шартты түрде 3 типке бөлінеді:
Полиэлектролиттік гидрогель – қарама-қарсы зарядталған сызықты полиэлектролит ерітіндісі
Полиэлектролиттік гидрогель – ионсыз сызықты полимер ерітіндісі
3. Ионсыз гидрогель – сызықты поликарбон қышқылының ерітіндісі
Бірінші жағдайда интерполимерлі реакция нәтижесінде электростатикалық әрекеттесулермен тұрақтанған комплекс түзіледі. Сонымен қатар гельдің бетінде анық сараланған полиэлектролитті комплекс түзіледі. ПЭК – гель шекарасы процесс барысында ішке қарай сығылып бұрынғы түссіз гельге айналып, ПЭК қабаты ақырындап қалыңдайды. Ерітіндіде сызықты полииондардың мөлшері жеткілікті болса, барлық гельдер ПЭК –ке айналады. ПЭК – тің түзілуі үлгінің көлемінің азюымен жүреді. ПЭК –тің құрамы ерітіндідегі полииондардың концентрациясына тәуелді емес және рекцияның басында тұрақты болады. Ол рН – пен анықталады. Жүйеде төменмолекулалы тұздың концентрациясын көтерген сайын немесе рН – пен анықтаған кезде полимерлі гель комплексінің бұзылып, ерітіндіде сызықты полимердің бөлінуін байқауға болады. Осымен бірге гельдің сыртқы түрі қалпын келеді. Мөлдірлігі мен ісінуі көбейеді.
Екінші және үшінші жағдайда сутекпен байланысқан тұрақты комплекс түзіледі. Екінші жүйеге мысал ретінде поликомплекстер, гидрогель нәтижесінде түзілген ПАК немесе ПМАК және сызықты ионсыз полимер ерітіндісіне поливинил спирті полиэтиленгликоль, поливинилпирролидон, оксиэтилцеллюлоза жатады. Ушінші жүйеге комплекс түзілу үшін ионсыз табиғи гидрогельдерді алады. Мысалы, әлсіз тігілген полиэтиленоксид немесе поливинилпирролидон және ерітіндіге батырылған поликарбон қышқылы (ПАК немесе ПМАК).
ПАК немесе ПМАК гидрогельдерінің сызықты ионсыз полимерлермен әрекеттесу процесі шарттарға қарамастан (рН, ионды күш, сызықты полимердің концентрациясы) полимерлі торлардың сығылуымен және қосымша ісінуімен журуі мүмкін.
28. Функционалды гидрофильді полимерлер негізінде алынатын сыр-бояларға мысал келтір.Сырлар –кепкенде немесе қатқанда мөлдір, біртекті жабынды түзетін органикалық еріткіштердегі немесе судағы үлдір түзгіш заттардың ерітіндісі. Бояулар- үлдір түзгіш заттардағы пигменттердің біртекті суспензиясы болатын сыр-бояу материалдары. Олар майлыб сулы және олифті түрде болады.Олифтер-өсімдік майларын термиялық немесе химиялық қайта өңдеу арқылы алынатын, бетті тегістеу мақсатында қолданылатын сыр-бояу материалдары.Ұнтақты бояулар-үлдір түзгіш заттардың, пигменттердің, толықтырғыштардың және басқа да компоненттердің ұнтақталған қатты қоспалары.Эмальдар – пигменттердің сырдағы суспензиялары. Грунтовка – лактағы, олифтегі немесе үлдір түзгіштің эмульсиясындағы пигмнттің суспензиясы.Шпатлевка – байланыстырушыдағы пигменттер мен толықтырғыштардың дисперсиясы.Жалпы сыр-бояу материалдары екіге бөлінедею Олар: пигменттелген (бояулар, эмальдар, грунтовкалар) және пигменттелмеген (олифтер, сырлар). Сыр-бояуға қойылатын талаптар:
Химиялық тұрақты болуы қажет
Адгезия (жабысу) жоғары болу керек
Бөлшектер біртұтас бірігуі керек, яғни сыр-бояу когезиясы
Эластикалық деформация
Пигменттелген сыр-бояудың үгіту дәрежесі
Сыр-бояу материалдарының топтары |
Топтың белгіленуі |
Қолданылуы |
Атмосфераға тұрақты |
1 |
Әр түрлі климаттық ортада қолданылатын жапқыштар |
Атмосфераға тұрақтылығы шектеулі |
2 |
Ғимараттың ішінде қолданылады |
Суға төзімді |
4 |
Суға және буға төзімді жабындылар |
Арнайы |
5 |
Спецификалық қасиеттері бар, резинаны бояуға арналған, рентген және басқа да сәулелерге тұрақты жабындылар |
Бензомай тұрақты |
6 |
Минералды майларға, бензин, керосин және басқа да мұнай өнімдерінің әсеріне тұрақты жабындылар |
Химиялық тұрақты |
7 |
Сұйық химиялық реагенттерге: қышқылдар, негіздерге және олардың буына тұрақты жабындылар |
Термиялық тұрақты |
8 |
60-тан 5000С-қа дейінгі температураға тұрақты жабындылар |
Электрөккізуші |
9 |
Электрлік күшкетоғына, беттік разрядқа ұшырайтын жабындылар |
Грунтовкалар мен лактар |
0 |
Грунтовкалау және лактау |
29.Гидрофильді полимерлерді қолдану аймағы.Артықшылығы мен кемшілігі салыстыра мысал келтір.Гидрофильді (суда еритін) полимерлерге целлюлоза негізіндегі полисахаридтер (Nа-КМЦ, Nа-ПАЦ, КМОЭЦ;этилцеллюлоза,метилцеллюлоза),полифенолдар,гуматты реагенттер, лигносульфонаттар, биополимерлер, гуар,декстрин,желатин,агар-агар жатады.Суда еритін полимерлер түрлі салаларда тамақ, фармация, қағаз өндірісінде, текстильде, медицинада ауыз суын дайындауда,топырақты тұрақтандыруда (стабилизация),лас өндіріс суларын тазартуда қолданылады. Мұнай мен газды өндірудуің химиялық реагенттердің ішінде суда еритін полимерлердің маңызы зор.Скважинаның құрылысынан бастап (терең және өте терең скважиналарды бұрғылау, горизонтальді бұрғылау) мұнай өңдірудің интенсификация технологиясында, пласттың мұнайгаз беру өнімділігін арттыруда және өндіріске мұнай мен суды дайындауда суда еритін полимерлер кеңінен пайдаланылады.Гидрофильді полимерлер дисперсті жүйелер мен коллоидты ерітінділердің физико-химиялық және реологиялық қасиеттерін арттырады. Бұл кезде суда еритін полимерлер фильтрацияны және сұйық фазаның жоғалуын төмендеткіштер мен құрылымтүзгіштер (қоюландырғыштар) ретінде маңызы зор.Реологиялық қасиеттерін күшейтуде диспергаторлар мен дисперсті фазаның коллоидтық бөлшектерден агрегаттар (флоккул) флокулянттар ролін атқарады. Химия өнеркәсібінде суда еритін полимерлер өте кең көлемде реагент ретінде қолданылынады.Тоқыма өнеркәсібі маңызды материалдар ретінде.Ауыл шаруашылығында қолдану аймағы өте көп, көбінесе құрлым түзгіш ретінде қолданады. Медицина мен фармацевтикада суда еритін функционалды гидрофилді полимерлер супер сорбент ретінде кең көлемде қолданылыныды. Ал құрлыста ен бір маңызды қасиеті ол суда еритін полимерлерді цементтің құрамына оның қаттылығын реттеу үшін қосылады.