
- •Таңдау компоненті бойынша модуль _
- •5В050300 – Психология
- •2) Әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдау процесінде студентерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту;
- •Дәріс, семинар, практикалық, зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Соөж және сөж тапсырмаларының тақырыптық жоспары.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Глосарий
- •Іріктеу ауытқуы
- •Дәлме-дәл келеді немесе бір-бірінен өзгеше болады
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
Глосарий
қайталанбайтын кездейсоқ таңдау – бұл бас жиынтықтың элементі іріктемеге бір рет қана түсетін таңдау;
іріктемелік үлестіру – бұл белгілі бір іріктеме жоспары шеңберінде бағалауға қабылдай алатын барлық мүмкін мәндердің ықтималдылық үлестірілуі;
өлшеу – салмақты анықтау үдерісі. Іріктеменің элементтерін өлшеу –оларға анықталған салмақтарын беруді білдіреді ;
бас жиынтық – сипаттамасы бағалауға жататын талдаудың барлық бірліктерінің толық тобы;
талдау бірлігі - ол тікелей зерттеуге ұшыраған қалыптастырылған іріктемелік жиынтықтың элементтері;
аралық бағалау – бұл іріктемелі байқаудағы интервалды анықтайтын екі санды қалай есептеу керектігін көрсететін анықталған ықтималдықпен бағаланған параметрді көрсететін формула;
Математикалық күту – бұл барлық әрбiр нәтижедегi пайда болуы мүмкiн барлық iрiктеулердің жеке сипаттамалық орташа мәндерi, сонымен бірге ықтималдықтардың салмағы бар орташа өлшемдi мәні;
бағалау – бұл сандық мәні бар және сипаттаманың іріктемелі байқауларынан есептелген және бас жиынтықтың белгiсiз мәндерi бойынша ақпарат алу үшін пайдаланылатын шама;
кәсіпорын – тауарлар мен қызметтер өндіруші ретінде шығатын және бір немесе бірнеше мекемеден тұратын институционалдық бірлік;
қайталанатын кездейсок таңдау – ол бас жиынтықтың бір элементі іріктемге бір реттен көп түсе алатын таңдау әдісі;
іріктеме жоспары – бұл бас жиынтықты және іріктеме бірлігін және де ықтималды іріктеменің мүмкін дәрежесін анықтайтын ерекшеліктер жиынтығы;
параметр – бұл бас жиынтықтың жиынындағы барлық мәндерден есептелген шама. Яғни параметр дегеніміз бұл бас жиынтықтың сипаттамалық өлшемі;
стандартты ауытқу – бұл бас жиынтықтың өзгермелілігі көрсеткіштері; оның шаршылық мәні бас жиынтықтың дисперсиясы деп аталады;
респондент – статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері;
көрнекілік — іріктеме сипаттамасының тарату немесе бас жиынтықтың сипаттамасына жалпы сәйкес келуі. Көрнекілік анықталған іріктемені пайдалана отырып зерттеу нәтижелерін ол жиналып алынған бүкіл бас жиынтыққа қаншалықты жалпылауға болатынын анықтайды;
статистикалық байқау – статистикалық байқау объектісі бойынша алғашқы статистикалық деректерді ғылыми-ұйымдастырып жинау;
статистикалық тіркелім – статистикалық байқау объектісі бірліктерінің сандық және (немесе) сапалық сипаттамаларымен қоса жүйеге түсірілген тізбесі;
іріктеме стратегиясы – бұл бағалау қызметі мен іріктеме жоспарының байланысы;
статистикалық бағалау – бұл іріктемелік бақылау нәтижелерін барлық бас жиынтыққа бағалау жасау үшін қолданылатын математикалық формула немесе ереже;
ығысу - математикалық күту мен алынған жиынтық параметрлерінің арасындағы айырмашылық. Егер ығысу нөлге тең болса онда бағалау функциясы жылжымаған болады;
Сипаттама – бұл іріктеменің және талдаудың әр түрлі элементтері үшін әр түрлі ықтимал мәндерге ие кез келген айнымалы непесе сапалы ерекшелік үшін жалпы термин. Іріктемелік зерттеуде іріктеме элементтері үшін бір немесе бірнеше сипаттаманы өлшейміз немесе бақылаймыз. Мінездеме ол бас жиынтықтың элементтерімен байланысты кіріс, жұмыспен қамтылу және т.б. кез келген айнымалы болуы мүмкін; сан ол сомасы, орташа мәні, медианасы немесе басқа шама болуы мүмкін. Сонымен қоса бас жиынтық үшін бағалағымыз келетін мәндер пайыздық қатынасы, стандатртты ауытқуы немесе кез келген басқа шама болуы мүмкін.
22)Статистикалық жиынтық – эксперимент нәтижелері болатын оқиғалардың жүйесі, қандай-да бір статистикалық заңдылықтар бойынша өзгеретін зерттелінген шаманың көрсеткіштерінің реті 23.Варианта ( ) – статистикалық жиынтық топтың көрсеткіші, жеке зерттеудің нәтижесі. Статистикалық жиынтықтың көлемі (N) - статистикалық жиынтық топтағы варианталардың, жеке зерттеу көрсеткіштерінің жалпы саны. 24.Жиілік ( ) - әр вариантаның статистикалық жиынтық топта кездесу саны, барлық жиіліктердің жиынтығы зерттеу тобының көлеміне тең. 25.Негізгі жиынтық – статистикалық жиынтық негізінде эксперимент кезінде қасиеттері анықталатын, шексіз мүмкін болатын өлшеулер жиынтығы немесе адамдар тобы. 26.Жалпылау – статистикалық жиынтық топтан эксперимент көмегімен алынған ғылыми қорытындылардың негізгі жиынтық топқа қолданылуы. 27.Реттеу – статистикалық топ варианталарын талдау жеңіл болуы үшін көрсеткіштерінің өсу не азаю реті бойынша белгілі бір кезекпен орналастыру. 28.Топтау – варианталарды көрсеткіштерінің белгілі бір шектері бойынша интервалдарға біріктіру. 29.Мәліметтерді кестеге салу - әр вариантаның статистикалық топтағы кездесу жиілігін көрсетіп, кесте құру, қажет болғанда топтағы пайыз көлемін де анықтауға болады. 30.Орташа арифметикалық шама – статистикалық жиынтықтың орташа мәні, көрсеткіші болып табылады. 31.Медиана – статистикалық топтың варианталарының реттік қатарындағы ортаңғы шама, оның оң және сол жағында азаюы мен көбейуі бойынша варианталар көрсеткіштері ретпен орналасады.
Мода – статистикалық топта ең жиі кездесетін варианта көрсеткіші. 32.Корреляция – бір статистикалық топтың екі варианта көрсеткіштері арасындағы байланыс, статистикалық топты құрайтын екі фактор әсерлері арасындағы байланыс.
ДӘРІС КЕШЕНІ
№1-Тақырып: Психология ғылымындағы «өлшем» ұғымы. Психологиялық өлшемнің қажеттілігі.
Дәріс мақсаты: Зерттеу жүргізушілер арасында жаңа зерттеу тәсілдері мен техникаларын үйрету.
Сұрақтар:
1.Сандық ұсыныстар.
2.«Шкала» ұғымы. Әдіснамалық нұсқау.
3.Құрылымдық және логикалық сызба: Эмпирикалық өлшем.
Психологияның философиядан бөлек ғылым саласы ретінде қалыптасу үшін экспериментті қолдану маңызды рөл атқарды. Эксперименталды психологияның қалыптасуына негізінен әсер текен көзқарастар: қайта өрлеу дәуірінен бастап, әр түрлі ғылым салаларында эксперименталды ойлар қалыптаса бастады. Эксперименталды психологияның дамуына шарттарды байланыстыру қажет болды:
Ғылыми ойлаудың дамуы. Яғни, жаңа мәселелерді тудыратын ғылыми ізденістердің қалыптасуы;
Зерттеу жүргізушілер арасында жаңа зерттеу тәсілдері мен техникалары енуі керек (психофизика, психофизиология);
Арнайы ғылымдық білімдердің және арнайы дайындығы бар адамдардың сол ғылым саласына келуі керек.
Көрсеткіш, шама, деңгей түсінігі. Психологиялық құбылыстарды сандық өлшеу. Көрсеткіштер мен шамалар – эксперимепнтте зерттелетін психологиялық құбылыстар. Оларға есепті шығаруға кеткен уақытты, жіберілген қателіктер санын, мазасыздық деңгейін, интеллект коэффициентін, агрессивті реакциялардың күшін, социометриялық статус көрсеткіштерін және басқа да эксперименттік айнымалыларды жатқызуға болады. Көрсеткіш және шама түсініктері синоним ретінде қолданылады. Олар сандық өлшеу мүмкін болатын жағдайларды көрсетеді: мысалы, интеллектінің жоғары деңгейі, мазасызданудың төмен көрсеткіштері және т.б. Математикалық өңдеу – психологиялық экспериментте зерттелінушілердің алған көрсеткіштерін статситикалық тәсілмен талдау. Жеке зерттелінушілердің эксперимент бойынша нәтижелері «бақылаулар», «бақыланған мәндер», «варианталар», «көрсеткіштер», «шамалар» деп аталады. Көрсеткіштердің мәні арнайы өлшеу шкалаларының көмегімен анықталады. Психологиялық зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу барысында қолданылатын негізгі түсініктердің сипатын берейік. Мәліметтер және оның түрлері. Статистикадағы мәліметтер – талдауға жататын негізгі элементтер. Мәліметтер ретінде қандай-да бір популяция мүшелеріне тән қасиеттер немесе сандық қорытындылар болуы мүмкін, яғни өңдеу мақсатында категорияларға бөлініп, классификацияланатын кез-келген информация алынады. Мәліметтердің үш түрі бар: сандық мәліметтер, сапалық мәліметтер және реттік мәліметтер. Сандық мәліметтер нақты өлшеу барысында алынған сандық шамалар, уақыт, жас мөлшері және т.б. Бұл мәліметерді шкала бойына тең интервалдармен орналастыруға болады. Сапалық мәліметтер қандай-да бір популяция немесе таңдау тобы элементтері қасиетінің сипаты. Оларды өлшеу мүмкін емес, олардың бір ғана сандық бағалануы болуы мүмкін, ол – сол қасиеттердің кездесу жиілігі. Реттік мәліметер – элементтердің өсу реті бойынша орналасқандағы сәйкес оны. Мысалы, 2-ші, 3-ші, 4-ші, ... 56-шы. Айнымалылар және оларды өлшеу. Айнымалылыр ретінде өзгеру процесінде әр түрлі сандық мәндерді қабылдайтын шаманы айтамыз. Кез-келген өлшенетін психологиялық құбылыс айнымалы бола алады. Эксперименттік психологияның қалыптасуына әсер еткен көзқарастар.
Қайта өрлеу дәуірінен бастап эксперименттік ойлар қалыптаса бастады.
Ағылшын ғалымы Ф. Бэкон – эмпиризмнің алғашқы өкілдерінің бірі. Ол ғылымның эффективті зерттеу әдісін қалыптастыруға басты назар аударып, эмпиризмнің алғашқы жаршысы болды.
Геометрия мен жаңа механикаға бағытталған психологиялық теорияның сызбасын француз математигі, философы және жаратылыстану ғылымдарының зерттеушісі Рене Декарт (1596 - 1650) ұсынды.
Джон Локк (1632 - 1704) ассоционист, ағылшын философы. Ол Декарттың рационалисттік көзқарастарына қарсы шықты. Дж. Локк психологияның дамуына принциптер енгізді.
Гартли Д. (1705 - 1757) ағылшын ойшылы. Ол ассоциацияны психикалық өмірдің негізгі принциптері деді. Д. Гартли Локтың ассоциациялар идеясын дамытты, бірақ ол материалистік бағытты ұстанды.
Гоббстың айтуынша, инерция заңы бойынша түйсіктерден елестер туындайды, ал олардың бірігуі ойлауды қалыптастырады.
Джон Миль (1773 - 1838). Ол Гартли теориясын одан ары дамытты. Ол психикадағы элементтер бір-бірімен ойлау арқылы қосылады.
Ламетри (1709 - 1751) француз дәрігері. Ол Гартлимен сәйкес келетін көзқараста болды. Оның айтуынша, жан денеден бөлек емес, ал адам машина емес деп түсіндіргісі келді. Осы жерде ол Гартлимен келіспеді.
Фехнердің 1850ж. «Элементы психофизики» деп аталатын еңбегі эксперименттік психологиядағы бірінші жазылған кітап. Ол түйсіктердің ажырату табалдырықтарын және осы табалдырықтардың логарифмикалық заңға байланысты екендігін көрсеткен. Гельмгольц (физиолог, әрі хируруг) «Физиологиялық оптика» еңбегінде физиологиядан психологияға тікелей қадам жаан. Ол көбіне эмоцияларды, сезімдерді қарастырады, және оларды зерттеу үшін өлшеу әдісін еңгізді. Сондай-ақ ол нерв импульстерінің жылдамдылығын өлшейтін прибор жасаған.
Герник кеңістікті қабылдауды, температураны сезінуді зерттеген.
Функционалды психологияның ең көрнекті өкілі Брэнтано болды. Ол адамның белсенділігі идеясын ұсынып, оны элементтерге бөлшектеуге болмайтынын көрсетті. Ол бойынша әр белсенділік психикалық процесс мақсатқа байланысты қалыптасады. Брэнтано бойынша психология ғылымының пәні – акті ретінде көрініс беретін психикалық феномендер. Вюрцбург мектебінің негізін салушы – О. Кюльпе. Ол мектепте негізінен ойлау мәселесі зерттелінді. Негізгі зерттеу әдісі – интроспекция. Бұл мектеп – ойлау мәселелерін эксперименттік түрде шешуге тырысты. Кюльпенің пікірі бойынша, ойлау елестердің ағымы емес.
Өзіндік бақылауға арналған тапсырмалар: Ғылыми зерттеудің методологиялық негізі? Психологиялық зерттеу нәтижелерінің сенімділігін қалай қамтамасыз етуге болады? Зерттеу әдістерінің қандай шектеулері бар?
№2-Тақырып: Психологиялық өлшем теорияларының элементтері
Дәріс мақсаты: психологиялық зерттеу нәтижелерін өңдеуде қолданылатын статистикалық әдістермен танысу.
Сұрақтар:
1.Кумбс бойынша тапсырмалар, Гуттман немесе Раш тапсырмалары.
2.Психологиялық өлшемдердің сыртқы процедурасы.
3.“Өлшем” және “эксперимент” ұғымдарының психологиялық эерттеу тәжірибесі.
4.Шкала типологиясы, Атаулы немесе номинальды шкала,
5.Реттік (инемесе рангілік) шкала, Интервалды шкала,
6.Қатынас шкаласы, абсолютті шкала, Өлшем шкаласы.
Өлшеу – объектілер мен жағдайларды белгілі талаптарға сәйкес сандық көрсеткіштер түрінде бейнелеу (Стивенс С., 1960, с.60). С. Стивенс бойынша өлшеу шкалалары 4 түрге жіктеледі: 1 Атаулар шкаласы; 2 Реттік шкала; 3 Интервалды шектер шкаласы; 4 Тең қатынастар шкаласы.
Өлшеу – бірқатар құрылымдық элементтердің өзара қарым-қатынасын қамтитын күрделі процесс. Оларға жататындар: өлшеу міндеті, өлшеу объектісі, қағидасы, әдісі, өлшем құралы және үлгісі, өлшеу жағдайлары, өлшеу субъектісі, өлшеу қателіктері мен нәтижелері.
Атаулар шкаласы – зерттелген объектілерді атаулары бойынша жіктеу шкаласы: nomen (лат.) – атау, есім. Әлдененің атауы санмен өлшенбейді, ол тек бір объектіні екінші объектіден айыруға, жіктеуге мүмкіндік береді. Реттік шкала – объектілерді «үлкен-кіші» принципі бойынша жіктеу шкаласы. Атаулар шкаласында жіктелген объектілерді орналастыру еркін түрде болса, реттік шкалада объектілер ең кіші көрсеткіштен ең үлкен көрсеткішке қарай ретпен орналасады. Реттік шкала жіктеулерінде «төмен», «орташа», «жоғары», немесе «бірінші», «екінші», «үшінші» және т.с.с. мәндер қолданыларды. Интервалды шектер шкаласы – көрсеткіштерді мәндерінің шектері бойынша жіктеу шкаласы. Барлық көрсеткіштер бір-бірінен тең қашықтықта орналасады. Тең қатынастар шкаласы – көрсеткіштерді зерттеу деңгейлеріне сәйкес жіктеу шкаласы. Мысалы, абсолютті сезімталдық табалдырығының көрсеткіштері тең қатынастар шкаласы болып табылады (Стивенс С., 1960; Гайда В.К., Захаров В.П., 1982). Қатынастар өзара пропорционалды сандармен жазылады.
Математикалық статистика — математиканың бір саласы, бақылау немесе өлшеу арқылы анықталып, сандар түрінде тізілген деректерді жүйеге келтіру, өңдеу және солар бойынша тиісті ғылыми және практикалық қорытындылар шығару жайындағы ғылым. Байқалған құбылыстар, өлшеу жұмыстары немесе арнайы жүргізілген тәжірибелердің нәтижелері ретінде табылған сандар жиындарының белгілі бір шарттарды қанағаттандыратын элементтерінің сандары статистикалық деректер деп аталады. М. с. статистик. деректер жиынындағы әрбір элементтің жеке қасиеттерін сипаттамайды, олар бір топқа жататын бірнеше элементті бірге қамтиды. Әдетте статистик. деректер жолдар мен бағаналар-ға бөлініп, реттеліп жазылады, олардың негізінде жүргізілетін ғыл.-зерт. әдісі статистик. әдіс деп аталады. Ол ғылым салаларының барлығында қолданылады, бірақ табиғаты әр түрлі нысандардың статистик. мәліметтерін бірге қарастыруға болмайды. Соның нәтижесінде әлеум.-экон. статистика, статистик. физика, жұлдыздар астрономиясы, т.б. дербес ғылым салалары қалыптасқан. М. с-ның әдістері аса маңызды параметрлері белгісіз немесе оларды жеткілікті дәлдікпен бақылауға болмайтын көптеген есептерде шешім табудың тиімді жолдарын табуға мүмкіндік береді. М. с-да матем. заңдардың бәрі де қолданылады. Статистик. деректерге негіз болатын бақылаулар мен өлшеулерде кездейсоқ қателер болмай қоймайды. Бұл қателер ықтималдықтар теориясы бойынша айқындалады (қ. Қателер теориясы). Кейде қолда бар деректер бойынша зерттелетін заңдылықтың жорымал матем. моделі жасалады. Әрине жорымал болғандықтан, ол модель шын заңдылықтан алшақтау болады. Алшақтық, яғни модельдің шындықтан ауытқуы ықтималдықтар теориясы арқылы зерттеліп, анықталады. Белгілі бір деректің модельде қайталану жиілігі жуық түрде ықтималдық есебіне, қайталанудың орташа шамасы матем. үміт есебіне келтіріледі. Матем. үміттің бағаламасы — бір белгінің үйлестіру сипаттамасы ретінде орта шама, дисперсияның бағаламасы ретінде қосындысы алынады. М. с. көптеген дербес тарауларға бөлініп, онда сан алуан әдістер қолданылады: таңдап алу, параметрлерді бағалау, статистик. болжамды тексеру, жүйелі талдау, өнімнің сапасын тексеру әдістері, т.б. М. с. қазіргі уақытта экон. және ххсоциологиялық зерттеу|социол. зерттеулерде]], а. ш-нда, биология, медицина, физика, геология, психология ғылымдарында, ауа райын бақылауда және т.б. салаларда зерттеу жүргізу үшін қолданылады. М. с-ның алғашқы ұғымдары ықтималдықтар теориясының негізін салған математиктер (Я.Бернулли, П.Лаплас, С.Пуассон) шығармаларында кездеседі. М. с-мен алғаш шұғылданған Ресей ғалымы Б.Я. Буняковский М. с-ны демография мен қауіпсіздендіру мәселелеріне қолданды. М. с-ның өркендеуіне 19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дың басында ықтималдықтар теориясының классик. орыс мектебі үлкен үлес қосты (П.Л. Чебышев, А.А. Марков, А.М. Ляпунов, С.Н. Бернштейн). Қазақстанда Қ.Бектаев ықтималдықтар теориясы мен М. с. әдістерін ақпараттық жолмен ұтымды қолдана білді.
Социометриялық әдіс - саяси психологияда кішігірім топтар мен оның ішіндегі формальды емес жеке қатынастарды зерттеуге қолданылатын әдіс. Жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтауда ұнату мен ұнатпаудың сандық өлшемдеріне көп көңіл бөлінеді. Социометрия ұғымы XIX ғ. әлеуметтік үрдістерді зерттеуде математикалық әдістерді қолдануға байланысты пайда болды. Социометриялық зерттеудің ерекше әдістік техникасының негізін қалаушы - Джекоб Морено. Социометрия социометриялық тесттен, аутосоциометриядан, ретроспективті социометриядан және т.б. әдістерден тұрады. Топ мүшелерінің социометриялық мәртебесін оң және бұрыс таңдауды есептеу арқылы алуға болады. Бұл өз кезегінде топтың социограммасы мен социоматрицасын жасауға мүмкіндік береді. Социометрия топ ішіндегі қатынастар заңдарын қалыптастыруға мүмкіндік тудырды.
Адам іс-әрекетінің кез-келген сферасынан ғылым өзінің мақсатымен, құралымен, мотив және жағдайымен ерекшеленеді. Ғылымның мақсаты- шындықты аңдау , ал тәсілі-ғылыми зерттеу.
Зерттеудің қорашаған ортаны қарапайым танудың қарапайым формасынан ерекшелігі, іс-әрекет нормасына- ғылыми әдіске негізделген. Зерттеудің эмпирикалық және теоретикалық зертеу деп бөлінеді. Зерттеудің көбісі теоретико-эмпирикалық сипатқа ие. Кез-келген зерттеу бөлек жүзеге асырылмайды, ол ғылыми бағдарламаның немесе ғылыми бағытты дамыту мақсатында жүзеге асады.Зерттеуді сипаты бойынша фундаменталды және қолданбалы, монодисциплинарлы және дисциплинааралық, аналитикалық және кешендік т.б. деп бөлуге болады. Фундаменталды зерттеу шынайылықты білімді қолданудың практикалық тиімділігін ескерусіз тануға бағытталған. Қолданбалы зерттеу нақты практикалық міндетті шешуде қолдануға қажет білімді алу мақсатында жүргізіледі. Монодисциплинарлы зерттеу арнайы ғылым шеңберінде жүргізіледі. Дисциплинааралық зерттеу, зерттеудің бұл түрі түрлі облыс мамандарының қатысуын талап етеді және бірнеше ғылыми пәндердің жапсарында жүргізіледі. Бұл топқа генетикалық зерттеу, инженерлік психофизиология облысындағы зерттеулер, және этнопсихология және әлеуметтану жапсарындағы зерттеулер жатады. Кешендік зерттеулер әдіс және әдістемелер жүйесінің көмегімен жүргізілетін зерттеу. Бірфакторлы немесе аналитикалық зерттеу зертеушінің ойы бойынша, шынайылықтың неғұрлым мәнді аспектісін бөліп көрсетуге бағытталған.
Кез-келген зерттеулерде өзіне қажетті кезеңдер болады. Әрбір кезеңде белгілі бір міндет атқарылады. Зерттеу міндеттерді қалыптастырумен басталады: не нәрсе белгісіз? Келесі кезеңде ғалым зерттелетін проблема бойынша ақпараттарды талдайды.
Келесі маңызды кезең болжамдарды-гипотезаны қалыптастыру болып табылады. Оларды тексеру үшін ғылыми зерттеудің жоспары құрылады. Ол жерде объектіні таңдау болады- адамдар тобы. Зерттеу пәні нақтыланады- зерттелетін шынайылық бөлігі. Зерттеу жері және уақыты таңдалады және эксперимент нәтижесіне кедергі болатын әсерді азайту үшін эксперименталды сынақ анықталады.
Зерттеуді белгіленген жоспар бойынша жүргізу- келесі кезеңде жүзеге асырылады.
Эксперимент нәтижесін тіркегеннен кейін мәліметтерге алғашқы талдау, оларға математикалық өңдеу, интерпретация және қорытынды жасалады. Бастапқы болжамдар сенімділікке тексеріледі. Жаңа фактілер немесе заңдылықтар қалыптасады. Дәлденген теориялардың негізінде жаңа қорытындылар және болжамдар жасалады.
=Статистикалық өңдеу әдістері дегеніміз
Сандық есептеулер тәсілдері, оның көмегімен эксперимент барысында алынатын көрсеткіштер жалпыландырылады Статистикалық әдістер Арнайы математикалық формулалар Мәліметтерді өңдеудің сандық әдістері Эксперимент барысында алынатын мәліметтерді өңдеудің сапалық әдістері
= Математикалық әдістер мыналарға бөлінеді
Бастапқы және қосалқы Бастапқы Қосалқы Күрделі Қарапайым
= Төменде келтірілген әдістердің ішінен мәліметтерді статистикалық өңдеудің бастапқы әдістеріне жататындары
Мәліміттерді іріктеп бөлу Корреляциялық талдау Факторлық талдау Дисперсиялық талдау Регрессиялық талдау
= Мәліметтерді іріктеп бөлуді сипаттайтын элементар статистикаларға жататындар
Іріктеудің орташа саны Стьюдент критерийі Фишер критерийі Дисперсиялық талдау Регрессия
= Мәліметтерді іріктеп бөлуді сипаттайтын элементар статистикаларға жататындар
Іріктеу дисперсиясы Фишер критерийі Стьюдент критерийі Дисперсиялық талдау Регрессия
= Мәліметтерді іріктеп бөлуді сипаттайтын элементар статистикаларға жататындар
Сән Стьюдент критерийі Дисперсиялық талдау Регрессия Фишер критерийі
= Мәліметтерді іріктеп бөлуді сипаттайтын элементар статистикаларға жататындар
Медиана Регрессия Дисперсиялық талдау Фишер критерийі Стьюдент критерийі
Көрсеткіштердің бөлінуі – оның әр түрлі мәндерінің кездесу заңдылығы (Плохинский Н.А., 1970, с.12). Психологиялық зерттеулерде қалыпты бөлінулер ғана қарастырылады. Қалыпты бөліну эксперименттік топта көрсеткіштердің шеткі мәндерінің (ең жоғары немесе ең төмен) өте сирек, ал орташа шамаға жақын көрсеткіш мәндерінің жиі кездесетіндігін білдіреді. Қалыпты бөліну деп аталуы ғылыми зерттеулерде жиі орын алып, көрсеткіштердің «нормалық» жағдайын бейнелейтіндігіне байланысты. Көрсеткіштердің қалыпты бөлінуі әр кезде үш ғалымның: Англияда 1733 жылы Муаврдың, Германияда 1809 жылы Гаусстың, Францияда 1812 жылы Лапластың ашқан ортақ заңдылығына сай жүреді (Плохинский Н.А., 1970, с.17). Көрсеткіштердің қалыпты бөлінуінің графигі қоңырау тәріздес қисықты бейнелейді. Бөлу параметрлері – көрсеткіш мәндерінің орналасуын, өзгеруін, кездесу жиілігін білдіретін сандық мәліметтер. Оларға дисперсия, асимметрия және эксцесс жатады.
= Математикалық статистиканың қандай әдісі іріктеудің жеке сатистикаларының өзгеруінің динамикасы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді
Дисперсиялық талдау Факторлық талдау Сызықтық талдау Корреляциялық талдау Жиындық талдау
= Математикалық статистиканың қандай әдісі іріктеудің жеке сатистикаларының өзгеруінің динамикасы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді
Регрессиялық талдау Факторлық талдау Корреляциялық талдау Сызықтық талдау Жиындық талдау
= Айнымалы шамалар арасындағы сатистикалық байланыстар туралы қандай әдіс көмегімен тұжырым жасауға болады Корреляциялық талдау Дисперсиялық талдау Регрессиялық талдау Бірөлшемді талдау Көпөлшемді талдау
= Айнымалы шамалар арасындағы сатистикалық байланыстар туралы қандай әдіс көмегімен тұжырым жасауға болады Факторлық талдау Регрессиялық талдау Дисперсиялық талдау Бірөлшемді талдау Көпөлшемді талдау
= Айнымалы шамалар арасындағы сатистикалық байланыстар туралы қандай әдіс көмегімен тұжырым жасауға болады
Іріктеу мәліметтерін салыстыру Бірөлшемді талдау Көпөлшемді талдау Регрессиялық талдау Дисперсиялық
= Мыналардың нәтижесін бастапқы әдіс деп атайды
Психодиагностика нәтижелерін бастапқы статистикалық өңдеу Психодиагностика нәтижелерін статистикалық өңдеу Психодиагностика нәтижелерін жалпы статистикалық өңдеу Психодиагностика нәтижелерін ақтық статистикалық өңдеу Психодиагностика нәтижелерін аралық статистикалық өңдеу
= Қосалқы деп оның көмегімен мыналарды анықтайтын әдістерді атайды
Жасырын статистикалық заңдылықтар Бастапқы статистикалық өңдеу нәтижелері Эксперимент нәтижелері Элементар статистикалар Айқын статистикалық заңдылықтар
= Іріктеу орташасы деген не?
Экспериментте зерделенетін психологиялық қасиеттің орташа бағасы Экспериментте зерделенетін психологиялық қасиеттің бағасы Іріктеудің ең жоғар мәні Іріктеудің ең төмен мәні Кез келген психологиялық қасиеттің мәні
= Екі немесе бірнеше іріктеулердің орташа мәндерін салыстыра отырып қандай тұжырым жасауға болады?
Осы іріктеулерді құрайтын адамдардағы бағаланатын қасиет дамуының салыстырмалы дәрежесі туралы Осы іріктеулерді құрайтын адамдардағы бағаланатын қасиет дамуының орнықты дәрежесі туралы Осы іріктеулерді құрайтын адамдардағы бағаланатын қасиет дамуының шамалы дәрежесі туралы Осы іріктеулерді құрайтын адамдардағы бағаланатын қасиет дамуының айқын дәрежесі туралы Осы іріктеулерді құрайтын адамдардағы бағаланатын қасиет дамуының ықтимал дәрежесі туралы
= Іріктеу орташасы қалай белгіленеді?
_
х х х2 Х хх
= Дисперсия нені сипаттайды?
Осы іріктеудегі дербес мәндердің орташа мәндерден қаншалықты ауытқитынын
Дербес мәндердің сәннен қаншалықты ауытқитынын Дербес мәндердің медианадан қаншалықты ауытқитынын Осы іріктеудегі дербес мәндердің орташа мәндерден қаншалықты ауытқымайтынын Дербес мәндердің орташа мәндерге қаншалықты дәл келетінін
= Дисперсия неғұрлым көп болса, іріктеудегі орташа шаманың ауытқуы немесе мәліметтердің шашыраңқылығы соншалықты
Көп Бірдей Аз Аз немесе тең Көп немесе тең
= Дисперсия қалай белгіленеді?
_
S2 М Д D __ М
= Дисперсияның туынды шамасы қалай аталады?