Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кенес агай дайын шпор 8-50.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
859.83 Кб
Скачать

16.Қазақстан және тмд:интеграциялық талаптарға қатысты қо саясаты

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым. 1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда желтоқсан 21|21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады. 1991 жылдый, 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Белоруссия басшылары тарапынан Беловеж келісіміне қол қойылды. Бұл кездегі жағдай былай тұғынды: Кеңес Одағының бөлінуі этникалық негізде славян және түркі республикаларының бір-біріне қарсы тұру жолымен дамып, күтпеген оқиғаларға әкеп тіреуі мүмкін еді. Екінші жағынан алғанда, бұрынғы Кеңес Одағы республикалары арасында мемлекет аралық қатынастар жүйесінің және ТМД елдерінің алыс шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастар жүйесінің болмауы да өз әсерін тигізбей қоймады.1991 жылдың 13 желтоқсанында Орталық Азия республикаларының басшылары Н.Назарбаев, С.Ниязов, И.Каримов, А.Акаев, Р.Набиев Беловеж келісімін талқылауға және болашақта осы республикаларға қандай бағыт және даму жолын ұстану керек, деген оймен Ашхабад қаласында жиналды. Ұзақ та ауыр келіссөздерден кейін Н.Назарбаев ұсынған және И.Каримов тарапынан қолдау тапқан, славян республикаларының басшыларымен келіссөз жүргізіп ТМД-ға құрылтайшылар ретінде кіру туралы пікір қолдауға ие болды. Күннен күнге өршіп келе жатқан тұрақсыздықты және республикалар арасындағы түсінбеушілікті ауыздықтау мақсатымен Н.Назарбаев Қазақстанда бүкіл мүлделі мемлекеттердің кездесуін өткізу туралы ұсыныс жасады. 1991 жылы 21 желтоқсанда Азербайджан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Украина басшылары Қазақстанның бұрыңғы астанасында кездесіп "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы" Алматы Декларациясына қолдарын қойды. ТМД құруға экономикалық негіз болған жағдайлар мыналар: сексенінші жылдардың ішінде КСРО экономикасының құлдырауы өз шегіне жетіп, халық шаруашылығының әр саласында төмендеу нышандары байқала бастады.

ТМД құруға ниет білдірген мемлекеттер мынандай айғақтарды;

- жаңа Одақ шартын дайындау туралы келіссөздердің тұйыққа тірелгенін, республикалардың КСРО құрамынан шығу және тәуелсіз мемлекеттер құру процесінің шынайы факторға айналғанын;

- орталықтың алысты болжамайтын саясаты экономикалық және саяси дағдарысқа, өндірістің құлдырауына, қоғамның бүкіл салалары бойынша өмір деңгейінің күрт төмендеуіне әкеп соққанын;

- бұрыңғы КСРО кеңістігінің көптеген аймақтарында әлеуметтік шиеленісушіліктің өсуі, адамдардың өліміне әкеп соққан ұлтаралық қақтығыстарға ұласқанын басшылыққа алған болатын.Осы және басқа да мәселелерді шешу мақсатында Беларусъ, Ресей және Украина басшылары "халықтардың тарихи бірлігі және олардың арасында орныққан байланыстарды негізге ала отырып, демократиялық құқықтық мемлекеттер орнатуға ұмтыла отырып және өзара қарым-қатынастарды дамытуға бағыт ала отырып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құруға шешім қабылдады".Бұл құжаттың ТМД-ға мүше боламын деген мемлекеттер (бұрыңғы КСРО мүшелері де бар) үшін ашық екені көрсетілген. Үш мемлекеттің 1991 жылдың 8 желтоқсанында жариялаған арызының соңғы тармағында ТМД мемлекеттері халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, бұрыңғы КСРО шарттары мен келісімдерінен тарайтын халықаралық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге, ядролық қару және оның таралмауын қажағалауға бағыт ұстайтынын да ашық айтқан.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылу уақыты екіге бөлінеді. Алғашқысы ретінде 1991 жылдың 8 желтоқсаны /Белорусь, Ресей және Украина/ болса, екіншісі ретінде 1991 жылдың 21 желтоқсаны белгіленуде.ТМД құрылтай құжаттарына келетін болсақ, олар үшеу - 1991 жылдың 8 желтоқсанындағы ТМД құру туралы келісім, 21 желтоқсандағы осы Келісімге деген Хаттама және Декларация. Бұл құжаттар өз нысандары және заңи міндеттері бойынша әртүрлі. Себебі, "келісім барлық қатысушы тарапынан бекітілетін /ратификация жасалатын/ болса, декларация үшін оған қол қойылса жеткілікті" /9, 33-346./. Дегенмен, бұл үш құжат толық біртұтастықты құрайды. 1992 жылмен 1993 жылдың бас кезендерінде Достастықтың ұйымдастыру құрылымы - мемлекеттер басшыларының кеңесі, үкіметтер басшыларының кеңесі, ТМД парламент аралық ассамблеясы құрылды. 1993 жылдан бастап Минск қаласында ТМД атқару хатшылығы қызмет істейді. Бұл уақыт ішінде сыртқы істер министрлері кеңесі, қорғаныс министрлері кеңесі де құрылды.1993 және 1994 жылдар аралығында ТМД елдері өзара қатынастарының Құқықтық негізін қалайтын жұмыстар жүзеге асырыла бастады. Жүздеген келісімдерге қол қойылды. Солардың арасынан сапалы бір құжат ретінде 1993 жылы қол қойылған "Экономикалық одақ туралы" шартты атап өтуге болады. Дегенмен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дағдарыстан шығуға жол іздесе де, әлеуметтік-экономикалық жағдай қиындай берді. Экспортқа шығатын шикізатқа деген баға саясатындағы келіспеушілікте үлкен мәселеге айнала бастады және мұның бәрі де экономикаға өзінің кері әсерін тигізбей қоймады. Екінші жағынан алғанда, демпинг саясаты (рынокта бәсекелестерді ығыстырып шығару үшін тауарларды әдейі арзандатып сату) орнығып қалған шаруашылық байланыстарға тұрақсыздық енгізіп, бұл елдерді қажетті шараларды қабылдауына мәжбүр етті. Мұндай жағдай қазіргі кезде де байқалуда.Әлеуметтік, экономикалық және саяси дағдарыс ТМД мемлекеттерінің барлығында да терендей түсті. Мұның салдары ретінде ішкі этникалық толқу арта түсті, тіпті кейбір елді мекендерде мемлекет аралық қақтығыстарға ұласты. Мұндай жағдай ТМД идеясын жоққа шығаруға барды және кейбір ТМД мемлекеттері бір-біріне қарсы (мысалы, Армения - Азербайжан) әскери қимылдарды да жүргізе бастады. Бұл кезенде көптеген міндеттемелер мен келісімдер де қабылданды, бірақ та олардың басым көпшілігі іс жүзінде орындалмады. ТМД органдары өз функцияларын жүзеге асыра алмады және қабылданған шешімдерді де іске асыруға мүмкіндіктері болмады. ТМД өзінің құрылу сатысында сөз жоқ жағымды рөлін де атқарды, яғни КСРО республикаларының қирап, тоқтаусыз дағдарысқа ұшырауынан құтқарды. Дегенмен, мемлекеттердің экономикалық дербестігі олардың әрқайсысының ішкі мәселесі еместігі де айқын болды. Қазіргі дүниеде әр мемлекеттің әрқайсысының жеке, дербес дамуы қиын да болса шындық. Басқа ешқандай елмен қарым-қатынас жасамай мемлекеттің тек қана өзі өмір сүру талпыныстары бізге тарихтан мәлім және оның немен аяқталып, қандай нәтижеге жеткені де аян. Тек қана басқа елдермен бірігіп өзара ынтымақтастықта және дүние жүзі экономикалық қатынастарында болатын қоғамның өміршең болатындығы айдан анық.1994 жылы ТМД алдында баламалы екі мәселе тұрды. Біріншісі, оның қызметін тоқтату болса, екіншісі ТМД-ны дұрыс жұмыс істейтін ұйымға, бірлестікке қайта өзгерту. Соңғы ой, бірлестіктің қажеттігі бұрыңғы заманды көксеу мақсатынан немесе субъективтік ойлардан емес, экономикалық пайдалылығы тұрғысынан туғанды. Бұл кезенде бұрыңғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі республикалардың даму бағытының салаларын анық та айқын әрі шынайы белгілеудің қажеттілігі туындады. Осы кезеңде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев "Мемлекеттердің евразиялық одағын құру" идеясын ұсынды. Бұл жоба жайына жұмыстың соңғы тарауында толығырақ тоқталамыз.ТМД елдерінің экономикалық жақындасу мәселелерін шешетін құжат ретінде 1995 жылдың 6 қаңтарында Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы, кейіннен 1995 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан республикасы қол қойған "Кеден одағы туралы" келісімді айтуға болады. Кеден одағын құрушы тараптар өздерінің мақсаттары ретінде мыналарды атап көрсетті:

- Кеден одағына мүше мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасындағы еркін экономикалық өзара ынтымақтастықты дамыту үшін қолдан келетін бар мүмкіндіктерді пайдалану;

- экономиканың, тауар алмасудың және әділетті бәсекелестіктің тұрақты дамуына кепілдік ету;

- өз елдерінің экономикалық саясатын ұйымдастыруды нығайту және ұлттық шаруашылықтың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету;

- ортақ экономикалық кеңістіктің қалыптасуы үшін жағдайлар жасау;

- Кеден одағы мүше-мемлекеттерінің дүние жүзі рыногына шығуы үшін қолдан келетін бар жағдайды жасау. Жоғарыда айтып өткен Келісімнің бастауында мемлекеттер "Экономикалық одақ құру туралы" шарттың ережелерін жүзеге асыруға талпынады, делінгенді. Сонымен қатар, тараптар Кеден одағын — ортақ кеден территориясы мен шаруашылықтың нарықтық экономикасын ұқсас механизммен реттеуге негізделген, мемлекеттердің экономикалық бірлестігі ретінде анықтайтындарын растайды.Кеден одағын құруға бағытталған шаралар екі сатыға бөлінеді. Бірінші саты — 1994 жылдың 15 сәуіріндегі "Еркін сауда аймағын құру туралы" Келісім бойынша, өзара саудадағы тариф пен сан бойынша кездесетін шектеулерді алып тастау, сыртқы экономикалық қызметке қатысты сыртқы сауда, кеден, валюталық-қаржылық, салық және басқа да ұлттық зандарды бір қалыпқа келтіру болып табылады. Екінші саты — мемлекеттердің кеден территорияларын ортақ кеден аймағына біріктіру және Кеден одағының халықаралық құқық субъектілігі туралы сұрақты шешу болатын. Кеден одағының болашағы болатыны жайында оған кейіннен қосылған Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы куә.Кеден одағын және Ортақ экономикалық кеңістік туралы шарттың құқықтық негізі болып жалпыға танымал болған халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары, сонымен қатар, тараптардың ұлттық заңдары табылады. Алғашқыда Ресей, Беларусь арасында жасалған Шартқа, кейіннен Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан қосылды. Кеден одағы туралы Шарт жобасы дайындалып жатқан кезде Ресей жағы қосымша "Ортақ экономикалық кеңістік шеңберінде қабылданатын шарттар мен шешімдерді дайындау, қабылдау және жүзеге асыру механизмін" ұсынған болатын. Бұл актінің негізгі мақсаты Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік көлемінде қабылданатын заң актілерінің орындалу механизмін жүзеге асыру болатын, себебі, ТМД шеңберінде қабылданып, бірақ та іс жүзінде орындалмай жатқан келісім-шарттар аз емес."Ортақ экономикалық кеңістік" ұғымы қайдан пайда болды деген сұрақ туындауы мүмкін. 1998 жылдың қаңтар айында "төрттік" (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) мәжілісіне Қазақстан Президенті Н.Назарбаев "қарапайым адамдарға деген 10 қадам" идеясын ұсынды және бұл идея төрт елдің үкіметтері тарапынан қолдау да тапты. Қазақстан тарапынан 1998 жылдың ақпан айында "Ортақ экономикалық кеңістік құру туралы шарт" жобасы ұсынылған болатын. Интеграциялық комитет (бұл органға жұмыстың екінші бөлімінде тоқталамыз) бұл жобаны талдай келе 1998 жылдың маусым айында Шарттың мәтінін негізінен қолдай отырып "Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік (КО және ОЭК) туралы" Шарт ретінде мақұлдады. Мұндай шартты қабылдауға алып келген оқиғалар желісі былай сипатталады: 1993 жылың қыркүйек айында — "Экономикалық одақ туралы" Шартты және 1994 жылғы сәуірде "Еркін сауда аймағын құру туралы" Келісімді 12 мемлекет қабылдады. 1995 жылдың қаңтарында - "Кеден одағы туралы" Келісімді Беларусь, Ресей, сәл кейіннен Қазақстан қабылдады. Бірінші саты - еркін сауда аймағын құру болса, екінші саты - ортақ кеден территориясын құру болатын. 1996 жылдың наурыз айында - "Экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы" Шартты Беларусь, Қазақстан, Ресей қабылдап тауарлар, қызметтер, еңбек және капиталдың ортақ рыногын құруды басты мақсат ретінде алға қойды. 1998 жылдың аяғында Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік Шартына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қол қойды. Бұл құжаттардың негізгі мақсаты, ортақ экономикалық интеграцияны дамыту болып табылады.Дүние жүзілік қатынастар жүйесіне кіру үшін Достастықтың өз ішінде тұрақтылық болуы керек екені анықтала бастады, соның ішінде саяси, экономикалық тұрақтылық пен қауіпсіздік алдыңғы орынға шықты. Сол кездердегі қателіктердің бірі ретінде-ұлттық мемлекеттілік пен интеграцияны бір-біріне қарама-қарсы қоюды айтуға болады. Олар, бір-біріне сыйымсыз, қарама-қайшы ұғымдар ретінде қарастырылды. Дегенмен, экономикалық жағдай, сонымен қатар сананың бірте-бірте өзгеруі бұрынғы Кеңес кеңістігінде орналасқан республикалардың ары қарай даму мәселелеріне басқа көзқараспен қарау қажеттігін де туғызды. Бұл тұрғыдан келгенде, интеграцияны жүзеге асырудың бір сатысы ретінде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның Орталық Азия Одағын құруын алуға болады. Мысалыға, бұл мемлекеттер арасындағы азаматтық алу мәселелерін тез арада шешу, басқа мүше-мемлекет аумағында жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату сұрақтарына қатысты келісімдердің қабылдануы адамдар арасындағы психологиялық кедергі мен басқа да көптеген мәселелерді оң шешуге бағыт берді. Әлеуметтік экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық салалары бойынша сұрақтар да оң шешімін табуда. Қазақстан, Қырғызстан жөне Өзбекстан арасында қабылданған мұндай құжаттар ТМД қағидаларына еш қайшы келмейді.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің экономикалық ынтымақтастық аясында қол жеткізген жетістіктердің бар екеніне мына мысалдар дәлел бола алады. Өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін шығару: Ал екі жақты келісімдерге келетін болсақ, олардың жалпы саны мыңнан асып кетеді, солардың қатарына 1997 жылғы 14 қазанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Украина Үкіметі арасындағы ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді, 1997 жылғы 11 қарашада жасалған Қазақстан Республикасы мен Грузия Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді немесе 1997 жылғы 10 маусымда жасалған жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы шартты (бұл келісімдерді Қазақстан Республикасы 1999 жылдың 30 желтоқсанында бекітті) және тағы да басқа көптеген келісім шарттарды жатқызуға болады (12, 26.). 1999 жылдың 8 желтоқсаныңда Беларусь Республикасы мен Ресей Федерциясы арасында "одақтық мемлекет құру" жөніндегі шартқа қол қойылды. Бұл шарттың негізгі мазмұнын екі тарауға бөлуге болады. Біріншісі саяси болса, екіншісі экономикалық сала болып табылады. Одақтық шарттың 6 бабына сай екі ел арасындағы саяси ынтымақтастыққа келетін болсақ, әр мемлекет өзінің егемендігі мен тәуелсіздігін, территориялық бүтіндігін, мемлекеттік Құрылымын, конституциясын, мемлекеттік жалау, елтаңбаларын және басқа да мемлекеттік нышандарын сақтай отырып, екі мемлекет арасында келісілген өкілеттіктерді одақтық мемлекетке береді /13, 36/. Яғни, бұл ынтымақтастық негізінде (екі ел халықтарының тіл, дін, тарих, мәдениет, т.б. ортақтығы арқасында) мемлекеттік ынтымақтастықтан ортақ ұлттық жүйе ынтымақтастығына көшу ниеті жатыр /14, 16/. Осы екі мемлекет арасындағы экономикалық ынтымақтастық Кеден одағына мүше бес мемлекет арасындағы 1999 жылдың 26 ақпанында қол қойылған шарт мақсаттары мен міндеттеріне ұқсас. Яғни, олар тауар, қызмет, капитал мен еңбектің ортақ рыногын құру, ортақ баға, көлік, энергетика, экономикалық саясат жүргізу болып келеді.