Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кенес агай дайын шпор 8-50.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
859.83 Кб
Скачать

15.Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы

1992 жылғы қаңтардың ортасына қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің 30-дан астам мемлекеті таныды. Олардың арасында мынадай елдер болды: Түркия, АҚШ, Қытай, Иран, Пәкстан, Швейцария, Канада. Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып Түрік Республикасы таныды.Осының бәрі республикаға, оның азаматтарына және ел басшысының жүргізіп отырған салмақты да сындарлы саясатына, биік халықаралық беделіне көрсетілген құрмет еді. 1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан мемлекеттілігін құрудың қиын жолына түсті. Қысқа мерзім ішінде сыртқы саяси басымдықтар айқындалды. Республиканың сыртқы саясатының негізгі ұстанымына жақсы көршілік қатынас пен өзге мемлекеттің ішкі ісіне араласпау, тең құқылық, туындаған мәселелердің бәрін бейбіт жолмен шешуге ұмтылыс принциптері алынды. Елге инвестиция тарту үшін Қазақстан ірі компаниялармен келіссөздер жүргізе бастады. Теңіз мұнай алабын шетел фирмаларымен бірлесіп барлау басталды, жаңа мұнай кеніштерін игеруге «Бритиш петролеум», «Бритиш Газ», «Эльф-Акитен», «Аджип» т. б. ірі компаниялар тартылды.Аймақтық достастықтың жаңа түрлерін қарастыру тәуелсіз мемлекеттер басшыларын интеграцияның жаңа жолдарын іздеуге итермеледі. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 1994 жылдың басында Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру идеясын ұсынды. Сол жылы маусымда «Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру туралы» жоба баспасөзде жарияланды. Бұл жаңа құрылым құжаттарда тең құқықты тәуелсіз мемлекеттер одағы ретінде анықталды. Оның қызметі әрбір қатысушы елдердін, ұлттық-мемлекеттік мүдделерін жүзеге асыруға бағытталатыны айқындалды. Одақтың мақсаты елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін, кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі әлеуметтік-экономикалық жаңғырту процестерін ойдағыдай қамтамасыз ету деп жарияланды. Одақты ұйымдастыру барысында мұндай бірлестіктердің демократиялық принциптері қарастырылды.Қазақстан сыртқы саяси-экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастарда әлі де болса Ресейге бұрынғыдай айрықша орын берді. Республика тәуелсіздігінің аз ғана кезеңінде Ресеймен ынтымақтастыктың барысында үлкен істер басталды, екі жақтың экономикалық қарым-қатынастарын реттейтін, ғарыш кеңістігін игерудегі ынтымақтастық, жаңа типтегі армия құру сияқты бірнеше келісімшарттарға қол қойылды. Азаматтық мәселесіне ерекше мән берілді. 2007 жылы Мадридте өткен Сыртқы істер министрлерінің ке­ңесінде Қазақстанның 2010 жы­лы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету ту­ралы ұсынысы бірауыздан қолдау тап­ты. Өткен жылы еліміз бұл мис­сия­ны абыроймен атқарып шық­ты, аталған Ұйымның қыз­метіне тың серпіліс берді. Төр­аға­лық кезінде Қазақстан Ұйым­ның мақсат-міндеттеріне қатыс­ты іргелі істер­дің жүзеге асуына қол жеткізді. 2010 жыл Қазақ елі үшін құтты жылдардың бірі бо­лып әлем та­рихында жазылып қалды.ЕҚЫҰ Саммиті 1999 жылы Ыстамбұл қаласында өткен еді. 11 жылдан бері ұйымдас­ты­рыл­ма­­ған ЕҚЫҰ Саммиті Астана қала­сында болды. Яғни, айтулы маңызды шараны әрқашан ынты­мағы жарасқан түркі халықтары ұйымдастыра білді. Бұл да бір үйлесім тапқан тарихи байланыс деп ойлаймын. Астана Саммитінде ЕҚЫҰ-ға мүше 56 мемле­кет­тің басшылары бас қосты. Астана Декларациясы қабылданды, бұл құжат ЕҚЫҰ беделінің Еуразия кеңістігінде нығая түсуіне негіз қалады.Биыл Қазақстан Ислам Ынты­мақтастығы Ұйымы­на жетекшілік ету міндетін өз қолына алды. Осы тұр­ғы­да халықаралық және ай­мақтық қауіпсіздікті ны­ғай­ту­ға, Ислам әлемі мен Батыс арасындағы үнқа­ты­су­ды жақы­ндастыруға бас­ты назар аударып отыр. 28-30 маусым күндері Астанада өт­кен ИЫҰ Сыртқы істер министр­лерінің 38-ші кеңесінде Қазақ­стан ұсынысы бойынша Ислам Конференциясы Ұйымы деп ата­лып келген осы беделді құ­рылым Ислам Ынты­мақтас­ты­ғы Ұйымы деген жаңа ғасырдағы жаңа атау­ға ие болды. Өзінің айдарбелгісін де (логотип) өзгертті. Бұл барлық мү­ше елдер тарапы­нан қолдау тапты.Мемлекеттер арасындағы қа­рым-қатынастың дамуына парламентшілер де айрықша үлес қо­сып келеді. Парламентаралық бай­ланыстар елдің саяси-эконо­ми­калық тұрақты өркендеуіне, қо­ғамға қажетті заңдарды шы­ға­ру­да тәжірибе алмасу ісінің нә­ти­желі болуына зор ықпал етеді.

Қазақстан Парламенті Мәжі­лі­сінде 58 елдің парламентімен ынтымақтастық тобы жұмыс істейді. Парламентаралық Одақ, Ис­лам Ынтымақтастығы Парла­мент­аралық Одағы, Азия Парламенттік Ассамблеясы, ЕҚЫҰ Пар­ламенттік Ассамблеясы, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассам­блеясы (ЕКПА), ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ЕурАзЭҚ Парла­мент­аралық Ассамблеясы, Ұжым­дық қауіпсіздік шарты ұйымының Парламенттік Ассамблеясы және басқа да халықаралық парламенттік ұйымдармен белсенді қарым-қатынас жүргізіліп отыр.Өткен жылғы 28 қа­зан­да Санкт-Пе­те­рбург қаласында «ЕҚЫҰ және ТМД: жаңа мүм­кіндіктер» тақырыбында халықаралық парламенттік конференция болып өтті. Сондай екі басқосу Алматы мен Астана қала­ларын­да да өткізілді. Осы басқосу­лар­дың мақсаты – Қа­зақстанның бейбітсүйгіштік сая­­сатын әлем­дік қоғамдастық өкіл­дері­не та­ныстыру, рухани және қо­ғам­дық келісімді сақтау, қауіп­сіз­дікті ны­ғайту, ядролық қауіп-қа­тер­ді бол­дырмау жөнін­дегі Қа­зақ­стан Президенті Нұр­сұлтан На­зар­баев­тың бастама­сы­мен жү­зе­ге асып отыр­ған істерімізді та­ғы да бір көр­сету. Бұл жиын­дар­дың ойдағыдай жүзеге асуында және елімізді әлем­ге та­нытуда Қа­зақстан Пар­ламенті­нің депу­тат­тары үлкен белсенділік көр­сетті. Депутаттар шетелдік мей­ман­дарға, әсіресе, парламентшілерге, танымал саясаткерлер мен беделді сарап­шы­ларға Қазақ­стан­ның ұстанған бағытын, Мемлекет басшысының жүргізіп отыр­ған саясатын түсіндіріп келеді.Қазақстан Парламенті Мәжі­лі­сі­нің ұйымдастыруымен 29 қыр­күйек күні «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: тәуелсіздікке – 20 жыл» деген тақырыпта халық­а­ралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл конферен­ция­ға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы парламенттерінің, халықаралық және қоғамдық ұйым­дардың, бірқатар министр­лік­тер мен ведомстволардың өкіл­дері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Олар Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы рөлі мен беделі жайлы өз пікірлерін ор­таға салды. Алдағы кезеңде ат­қарылатын жұмыстар жөнінде ұсы­ныстар жасалды. Мем­ле­ке­ті­міздің 20 жыл ішінде қол жеткізген табыстары сөз болды. Оған конференциядағы баяндамашы­лар­дың «Тәуелсіздік пен ұлттық ой-сананың жетілуі», «Тәуелсіз­дік – жаңа Қазақстанның басты байлығы», «Қазақстан барысы мен Беларусь зубры: 20 жыл бо­йы бірге», «Нұрсұлтан Назар­баев­тың еуразиялық жобасы: ресейлік көзқарас», «Қазақстан қа­зір­гі геосаяси шындық ала­ңын­да» деген тақырыптардағы баян­дамалары арқау етіп алынды.Әсіресе, осы ғылыми конфе­рен­цияға қатысқан шетелдік жә­не отандық ғалымдар мемле­кеті­міз­дің табыстарына тарихи баға берсе, халықаралық сарапшылар саяси-экономикалық әлеуетімізді таразылады. Өздері де Қазақстан туралы мол мағлұмат алды. Бұл маңызды шараның жоғары дең­гей­де өтуіне Мәжілістің Халық­аралық істер, қорғаныс және қауіп­сіздік комитеті айрықша ат­салысты. Дер кезінде жүзеге ас­қан бұл конференция тәуелсіз елі­міздің әлемдегі беделін арт­тыру­ға қосылған қомақты үлес болды. Сонымен қатар, басқосу қорытыныдысында Үкімет пен Парламентке, басқа да тиісті ор­ган­дарға нақты ұсыныстар жол­дан­ды. Мұндағы мақсат – халық­тың игілігі үшін пайдалы іс ат­қару. Мемлекетіміздің дамуына, ха­лықтың жағдайы жақсаруына жасалған әрбір жұмыс қашанда өз нәтижесін береді.