
- •8.Орталық Азиядағы аймақты сипаттаңыз.
- •9.Европа құрлығында қандай аймақтарды белгілеуге болады.
- •Специализация в мгрт
- •Концепция Центральной Европы
- •Орталық Азия (Кеңестер одағының ыдырауынан кейін)
- •Орталық Азия елдері Одағы
- •13.Араб Шығысындағы аймақтық топтасулар қалай қалыптасқан және оған қандай факторлар әсер еткен.
- •14.Солтүстік-Шығыс Азия аумағында аймақтану үрдістерін сипаттаңыз және неге ол ауданда аймақтық топ құрылмаған.
- •15.Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы
- •16.Қазақстан және тмд:интеграциялық талаптарға қатысты қо саясаты
- •17.Әлемдегі қауіпсіздік және Қазақстан.
- •18. Тмд аумағындағы жанжалдар және қр ұстанымдары(1-2 мысал келтіріңіз).
- •20. Ядролық қаруды таратпау және аймақтар қатынастардың дамуы;.
- •21. Су мәселесі және аймақтар ара қатынастары;
- •22.Тектік ,діни қақтығыстар және аймақтық қауіпсіздікке әкелетін кесірі(мысалдармен дәлелдеңіз);
- •23.Еуропа Одағындағы аймақтар және қр олармен байланыстары(мысал келтіріп ашыңыз);
- •24.Балтық бойындағы елдер және Қазақстан:ынтымақтасу мәселелері;
- •Қазақстан Республикасы мен Черногория арасында дипломатиялық қатынастар
- •Қазақстанның сыртқы саудасы[өңдеу]
- •27.Қр және Түркі тектес әлемі:жемісті ынтымақтастық және әлі де жөнді дамымаған жақтары:талдау жасаңыз);
- •1.Жалпы түркологиялық мәселелер бойынша:
- •2. Түркітанудың салалары бойынша
- •28.Қазақстан-Солтүстік Европа елдері:саяси-экономикалық қатынастардың орнауы;
- •30. Оңтүстік Африка аумағындағы аймақтық топтар:мүшелері және қауқарлары;
- •31. Қр:негізгі сауда әріптестері;
- •32. Қр:инвестиция саласындағы аймақтармен ынтымақтасуы
- •33. .Еқыұ:оның құрылуы және қр байланыстары.Астана саммиті;
- •35.Шыұ:шекара мәселелерінің реттеуін ашып беріңдер;
- •36.Шыұ және аймақтық қауіпсіздік;
- •37.Шыұ қазіргі кездегі негізгі мақсаттары;
- •35. Шыұ:шекара мәселелерінің реттеуін ашып беріңдер;
- •36. 36.Шыұ және аймақтық қауіпсіздік;
- •39. Қазақстан-Ауғанстан:ынтымақтасу және түйінді мәселелер;
- •37.Шыұ қазіргі кездегі негізгі мақсаттары;
- •39.Қазақстан-Ауғанстан:ынтымақтасу және түйінді мәселелер;
- •41.Қазақстан-Түркия ара байланыстарының дамуы,келешегі;
- •44.Евразия одағын құрастыру мәселелесі,оның мәні,қазіргі жағдайы;
- •45.Кеден Одағы:ұтымды жағы мен әлі жөнді шешілмеген мәселелер.
- •46.Аймақтық қатынастардың миграция мәселесінің күрделенуі.
- •47.Қазіргі қаржы-экономикалық дағдарыс,одан шығу жолдары.
- •48.Украинадағы оқиға және Ресей саясаты.Оған қалай баға бересіз.
- •Украинадағы оқиғаны әртүрлі атайды
- •Ұқсас мақалалар
- •Ресейлік бақ Украинадағы оқиғаны бұрмалайды
- •Ұқсас мақалалар
- •49.Орыс диаспорасы және Ресей үкіметінің саясаты.
- •50.Қр және шеттегі қазақтар:оларды елге қайтару қажет пе.
Орталық Азия (Кеңестер одағының ыдырауынан кейін)
Орталық Азия – Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде бұрынғы Орта Азия республикалары мен Қазақстан аумағында пайда болған геосаяси кеңістік. Геоаймақ ресми түрде 1993 жылы 4 қаңтарда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жәнеТүрікменстан Республикалары президенттерінің Ташкент қаласында өткен саяси, экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі басқосуында бекітілді. Орталық Азия болып аталуы – жер аумағының Еуразия құрлығының ортасында орналасуына және бұл елдердің тарихы, діні мен тілі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен шаруашылығындағы жақындықтар, ұқсастықтардың көп болуына байланысты.
Орталық Азия елдері Одағы
Орталық Азия аймағының аумағы 4 млн. км2-ден асады, халқының жалпы саны 60 млн. адамды құрайды. Аймақ елдерінің сыртқы сауда және экономикалық қатынастарында ежелгі Ұлы жібек жолының қайта жаңғыруы өз көрінісін беруде, әрі Ресей,Қытай және ТМД-ның басқа да елдерімен дәстүрлі байланыстарын жалғастыруда. Орталық Азия аумағында Қытай, АҚШ,Үндістан, Батыc Еуропа және мұсылман елдерінің осы аймақтағы геостратегия мүдделері түйіскен. Орталық Азияның саяси-әлеуметтік өміріндегі өзіне тән ерекше қасиет – ол ислам әлемінің бір бөлігі саналады және христиан, буддизм, индуизм, т.б. өркениеттердің тоғысуымен де ерекшеленеді. Аймақ шығыс пен батыс елдерін жалғастыратын біріктіруші көпір қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.Назарбаев 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында “Орталық Азия елдері Одағын” құруды ұсынды. Мемлекеттердің бірлескен іс-қимылдарының негізгі стратегия бағыты – саяси, экономикалық, ғылыми, әскери, әлеуметтік, гуманитарлық, т.б. салалардағы үйлесімділіктерді нығайту, дамыту болып табылады.
11-12.Африка құрлығындағы аймақтану үрдісіне қандай себептер немесе факторлар әсер еткен.
Африка — аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық, дүние бөлігі.
Жерінің аумағы 29,2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30,3 млн. км2). Тұрғыны 887,9 млн. адам(2010 жылғы мәлімет ). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км.Жағалауының жалпы ұзындығы 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы арқылы Еуропаның Пиреней түбегінен бөлінген. Ірі шығанақтары Гвинея, Сидра. Ең үлкен түбегі – Сомали, құрлықтың шығысында – Мадагаскар, Занзибар, Сокотра, Мафия,Пемба, Комор, Маскарен, Амирант және Сейшель аралдары, батысында – Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея шығанағында Аннабон, Сан-Томе, Принсипи, Фернандо-По аралдары орналасқан.
Африка халқының қазіргі кездегі этникалық құрамын зерттеу осы жерді мекендейтін халықтардың әр түрлі этникалық құрамын және мәдени-тұрмыстық ерекшеліктерін сипаттайтын бірқатар ірі тарихи-этнографиялық және тарихи-мәдени облыстарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Бірінші облысқа этникалық, діни және мәдени қатынаста халқының құрамы біркелкі Солтүстік Африка елдері жатады. Солтүстік Африка елдері негізінен субтропиктерде жатыр. Солтүстік Африка аймағында араб тілдес халықтар тұрады. Олардың қолөнерінде және көшпелі мал шаруашылығында өзіндік дәстүрлері мен ерекшеліктері бар. Солтүстік Африка аумағында Сахара шөлінің негізгі бөлігі, Атлас таулы жүйесі, ұлы Ніл өзенінің алқабы жатыр. Үш жақтан аймақ су кеңістігімен қоршалған: Жерорта теңізі, Қызыл теңіз, Атлант мұхиты. Солтүстік Африка еңбектің халықаралық бөлінісінде энергетикалық отынның, фосфориттің, мақта-мата бұйымдарының, ауылшаруашылық өнімдерінің ірі жабдықтаушысы болып есептелінеді. Солтүстік Африка елдері халықаралық экономикалық байланыстарды теңіз және әуе қатынас жолдары арқылы жүзеге асырады.
Солтүстік Африка аймағына Алжир, Египет, Батыс Сахара, Ливия, Марокко, Судан, Тунис жатады.
Солтүстік Африкада шаруашылық қызметінің келесі негізгі аймақтарын айқындауға болады:
Орталық Сахараның мұнай-газ шығаратын аймағы
Қызыл теңіз жағалауы (Марокко, Мысыр) мен Атлант жағалауының жазығы фосфоритті аймақ
Ніл алқабындағы арнайы ұзынталшықты мақта шаруашылығын суландыру аймағы
Дәнді дақылдарды өсіретін Жерорта теңіздік жазықтардың аймағы
Жүзім, зәйтүн өсірілетін Жерорта теңізі, Атлас тау етегінің аймағы
Күріш, құрма, цитрус өсіретін Сахараның алқапты егін шаруашылығы аймағы
Сахара, Атлас, Синай көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы аймағы
Шығыс Африка елдері: Сейшель аралдары, Руанда, Мозамбик, Мадагаскар, Комор аралдары, Малави, Замбия, Зимбабве, Мавритания, Бурунди, Танзания, Уганда, Кения, Сомали, Эритрея, Эфиопия. Шығыс Африка елдерінде отарлық кезеңнен әлсіз дамыған шаруашылық мұраға қалған. Осы елдер әлемдік нарықта негізінен ауыл шаруашылық және минералды шикізаттың, түсті металлдардың жабдықтаушысы болып табылады. Мыстың ірі әлемдік жабдықтаушысы Замбия, ал Танзания қалампырдың экспорты бойынша бірінші орынды иеленеді. Аймақтың экономикалық картасында тауарлы шаруашылық ошақтарының ішінен Замбия қаласының агломерациясын ерекше атап көрсетуге болады. Өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының мекемелері ірі және орта қалаларда шоғырланған: Адис-Абеба, Могадишо, Нароби, Кампала, Дар-эс-салам, Лусака.
Оңтүстік Африка аймағының құрамына Оңтүстік Африка Республикасы, Намибия, Лесото, Ботсван, Свазиленд елдері кіреді. Құрлық ауданының 13 пайызы және халқының 10 пайызы келетін Оңтүстік Африка аймағы ішкі өнімнің негізгі бөлігін өндіреді. Рңтүстік Африка Республикасының үлесіне өңдеуші өнеркәсіп өнімінің көпшілік бөлігі тиеді. Қалған елдерде ауылшаруашылық және тау-кен өнеркәсібі дамыған.
Аймақтың экономикалық ортақтығы физикалық-географиялық немесе этникалық ортақтығына қарағанда әлдеқайда шартты сипатта. Ұзаққа созылған отарлық жүйе ішкі құрлықтық экономикалық байланыстардың қалыптасуына мүмкіндік жасаған жоқ, қайта елдің шаруашылығы Ұлыбритания мен Португалия метрополияларының қажеттігін қанағаттандыру үшін бағытталды. Осының ішінде аймақтың ішіндегі елдер арасындағы экономикалық байланыстар әлсіреді.
Батыс Африка аймағына Синегал, Мали, Мавритания, Гамбия, Кабо-Верде, Гвинея-Бисау, Сьер-Леоне, Либерия, Кот-дИвуар, Буркино-Фасо, Гано, Того, Бенин, Нигер, Нигерия елдері кіреді. Аймақта өндірістің жетекші саласы айыл шаруашылығы болғандықтан, өндірістік инфрақұрылым осы саланың негізгі мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін бағытталған. Аймақтың сыртқы саудасының басым көпшілігі Батыс Африканың негізгі теңіз кемежайлары: Форкадос, Аккра, Лагос, Абиджан, Монровия арқылы жүргізіледі.
Орталық Африка аймағының құрамына Камерун, Чад, Орталық Африка Республикасы, Экваторлық Гвинея, Сан-Томе, Габон, Конго, Ангола кіреді. Орталық африкадағы сыртқы саудалық тасымал алты теңіз кемежайлары арқылы іске асырылады.