
- •8.Орталық Азиядағы аймақты сипаттаңыз.
- •9.Европа құрлығында қандай аймақтарды белгілеуге болады.
- •Специализация в мгрт
- •Концепция Центральной Европы
- •Орталық Азия (Кеңестер одағының ыдырауынан кейін)
- •Орталық Азия елдері Одағы
- •13.Араб Шығысындағы аймақтық топтасулар қалай қалыптасқан және оған қандай факторлар әсер еткен.
- •14.Солтүстік-Шығыс Азия аумағында аймақтану үрдістерін сипаттаңыз және неге ол ауданда аймақтық топ құрылмаған.
- •15.Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы
- •16.Қазақстан және тмд:интеграциялық талаптарға қатысты қо саясаты
- •17.Әлемдегі қауіпсіздік және Қазақстан.
- •18. Тмд аумағындағы жанжалдар және қр ұстанымдары(1-2 мысал келтіріңіз).
- •20. Ядролық қаруды таратпау және аймақтар қатынастардың дамуы;.
- •21. Су мәселесі және аймақтар ара қатынастары;
- •22.Тектік ,діни қақтығыстар және аймақтық қауіпсіздікке әкелетін кесірі(мысалдармен дәлелдеңіз);
- •23.Еуропа Одағындағы аймақтар және қр олармен байланыстары(мысал келтіріп ашыңыз);
- •24.Балтық бойындағы елдер және Қазақстан:ынтымақтасу мәселелері;
- •Қазақстан Республикасы мен Черногория арасында дипломатиялық қатынастар
- •Қазақстанның сыртқы саудасы[өңдеу]
- •27.Қр және Түркі тектес әлемі:жемісті ынтымақтастық және әлі де жөнді дамымаған жақтары:талдау жасаңыз);
- •1.Жалпы түркологиялық мәселелер бойынша:
- •2. Түркітанудың салалары бойынша
- •28.Қазақстан-Солтүстік Европа елдері:саяси-экономикалық қатынастардың орнауы;
- •30. Оңтүстік Африка аумағындағы аймақтық топтар:мүшелері және қауқарлары;
- •31. Қр:негізгі сауда әріптестері;
- •32. Қр:инвестиция саласындағы аймақтармен ынтымақтасуы
- •33. .Еқыұ:оның құрылуы және қр байланыстары.Астана саммиті;
- •35.Шыұ:шекара мәселелерінің реттеуін ашып беріңдер;
- •36.Шыұ және аймақтық қауіпсіздік;
- •37.Шыұ қазіргі кездегі негізгі мақсаттары;
- •35. Шыұ:шекара мәселелерінің реттеуін ашып беріңдер;
- •36. 36.Шыұ және аймақтық қауіпсіздік;
- •39. Қазақстан-Ауғанстан:ынтымақтасу және түйінді мәселелер;
- •37.Шыұ қазіргі кездегі негізгі мақсаттары;
- •39.Қазақстан-Ауғанстан:ынтымақтасу және түйінді мәселелер;
- •41.Қазақстан-Түркия ара байланыстарының дамуы,келешегі;
- •44.Евразия одағын құрастыру мәселелесі,оның мәні,қазіргі жағдайы;
- •45.Кеден Одағы:ұтымды жағы мен әлі жөнді шешілмеген мәселелер.
- •46.Аймақтық қатынастардың миграция мәселесінің күрделенуі.
- •47.Қазіргі қаржы-экономикалық дағдарыс,одан шығу жолдары.
- •48.Украинадағы оқиға және Ресей саясаты.Оған қалай баға бересіз.
- •Украинадағы оқиғаны әртүрлі атайды
- •Ұқсас мақалалар
- •Ресейлік бақ Украинадағы оқиғаны бұрмалайды
- •Ұқсас мақалалар
- •49.Орыс диаспорасы және Ресей үкіметінің саясаты.
- •50.Қр және шеттегі қазақтар:оларды елге қайтару қажет пе.
50.Қр және шеттегі қазақтар:оларды елге қайтару қажет пе.
Шеттегі қандастарға абыздың аманаты соңғы кездері шет елдерден елге оралушы қандастарымыздың саны жыл санап азайып бара жатқаны жөнінде мәліметтер бұл саланың кеибір шешілуі тиыс мәселелерінің қордаланып қалғандығынан хабар бергендеи. тәуелсіздік алған уақыттан бері шет елдердегі қандастардың отанға ат басын бұруы сол қандастарымыз үшін де, оларды құшақ жая қарсы алған еліміз үшін де тиымды шара болғанын көпшілік мойындары сөзсіз. дегенмен, ұзақ жылдар бойғы арман-мақсаттардың нәтижесі болған ата қонысқа оралудың соңғы кездері саябыр тартуы көңілге күдік ұялатады. бұл көштің үдеудің орнына саябырлауы шет елдегі қандастардың елге көп оралуынан емес екендігі баршаға аян. дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары т.мәмәшиевтің мәлімдеуінше, өткен 20 жыл ішінде 300 мыңға жуық отбасы атажұртқа оралып, бұрыннан керегесі кең, бүгінде өзгелермен терезесі тең тәуелсіз еліміздің халқы 1 миллионнан астам қандастарымызбен толықты (www.kazaktar.kz/makala/32-makala/216-2011-09-19-02-36-41.html) . алайда, қазақ елі сяқты жоғалтқаны көп мемлекет үшін шеттен келген бір миллион қандастар мәселенің шешілгенін білдірмеиді. әсіресе, қазақтар үшін өмір сүру ұлттық мүдде тұрғысынан қолайсыз елдерден қандастарды көшіру мәселесі ең өзекті мемлекеттік бағытқа айналуы тиыс. сөнімен қатар, енді елге оралған қандастарымыздың өз еліне кірігіп, сіңісіп кетуіне қатысты мәселелер туындауда, мұндағы ең басты назар аударатын жәйт олардың жаңа ортаға беиімделуі, ата-бабасынан бері айналысып келе жатқан мал шаруашылығымен айналысу үшін қажет жерге қол жеткізуі болып отыр. елге оралған қандастарымыздың арасынан жаңа жерге тұрақтамай қайта қайту сяқты жәйттәрдің кездесіп жатуы әлі де жылы орнынан қозғалмаған шет елдегі қандастардың ойының сан саққа жүгіріп, көшіп келуге батыл қадам жасаудан бас тартуына септігін тигізіп жатқаны да жасырын емес. кезінде ұрпағын сақтап қалу үшін өздері білмеитін елдерге бас сауғалап көшіп, ашаршылықты да, жоқшылықты да, әртүрлі басқыншылықты да бастан өткерген батыр қазақтың ұрпағы үшін өз елінде кездесетін кеибір қиыншылықтарға бола ата жұртқа оралу арманынан бас тарту болашақ ұрпақ алдындағы үлкен күнә екендігін омырын қазағым деп өткерген абыз ақсақал жағда бабалық ұлы жиы айтып отыратын еді. ол бүкіл қазақ ата мекенге біріккен кезде ғана қазақстан шын мәнінде қазақ мемлекеті бола алатынын, қазақтардың бірігуі тек мемлекеттің көмегіне сүйену арқылы емес «қазақ идеясі» негізінде жүзеге асырылуы тиыс екендігін, қазақтың дербес, ешкімнің көмегінсіз елге қайтуы үшін олардың ауыл шаруашылғымен айналысуына қажет жерді мемлекеттік резрвтен беру қажеттыгын алға тартты. жағда бабалық ұлы қазақтың елге көшуі тек мемлекеттік квотаға байланып қалмауы қажет, қазақтар мүмкіндігінше өз еліне келудің сан түрлі жолдарын қарастырып, ұрпақты қазақ арасына қосуды басты мақсат етіп қоюы тиыс деген ұстанымда болды. абыз атамыз бүкіл қазақты бір ту астына біріктіруге қарсы болғандарды осындағы болсын, иә болмаса сырттағы қазақтар болсын сатқын деп атаған болатын. оралмандар кімдер? олардың барлығы дерлік кешегі кеңестік үкімет тұсында шетке қашқан байлар мен бас көтерушілердің ұрпағы ма? деген сұраққа жауап іздер болсақ, ең әлдімен тарихи деректерге сүйену қажет болар. қазақтардың шет ел ауып бас сауғалауына кеңестік саясаттың тікелеи ықпалы болғандығын, жанын сақтап қалу мақсатында қазақтардың көршілес мемелекеттерге үдере көшіп барғанымен сол жерлердің тұрғылықты халқының оларды бауырына баспақ түгілі есігінен сығалатпағаны салдарынан қоныс аударушылардың көпшілігінің мың-мыңдап өзге елде көмусіз қалғанын көпшілігіміз білеміз. ал барған жерлерінде жанын сақтап қалған қазақтың көбінің сол жерлерде сандаған ғасыр бойы мекен еткен қазақтарға қосылып, соларға арқа сүйеп ел болғанынан көпшілік хабардар емес. бүгіндері оралман десе кешегі қашқындардың ұрпағы деп қарайтын замандастарымыз сол көршілес қытай, моңғоля, өзбекстән, ресеи, қырғызстан, түркіменстән жерлерінде қазақтардың кеңестер билігі орнамастан бұрын да мекен еткенін біле бермеиді, соның салдарынан да шеттен келген қандастарға қатысты үстірт пікірлер туындап жатады. осы тақырыпта қалам тербеп жүрген авторлардың бірі м.исахан «демөгрәфя ғылымы бойынша өз елінен өзге жерлерге қоныс аударған шәшыраңқы немесе топ болып отырған етнөстөрді дяспора деп атайтын болсақ, ал ирредент деп өзге мемлекетте тұрғанмен, өзінің тарихи әтәмекенінде отырған ұлт шоғырын айтамыз. ендеше өзінің байырғы ата қонысында отырған ресеидің астрахан, саратов, орынбор, самара, челябі, қорған, омбы өблістәрімен бірге, таулы алтайдағы қосағаш ауданын мекен еткен қазақтар дяспора емес, ирредент болып табылады» деген пікір білдірген еді (мұхан исахан. ресеиде қосағаш деген жерім бар! | Abai.kz ...abai.kz/nodе/6972) . қазақ оқығандарының арасынан алғашқылардың бірі болып к. асанов қазақ халқын қырғынға ұшыратып, тоз-тозын шығарып санын өсірмеген компартяға қатысты ашық пікір былдырып, кеңестік саясаттың қазақты жарылқамағанын жаря еткен болатын (к.әсәнөв сувереннөст или сәмөстөятелнәя гөсудәрственнөст? гәзетә алаш №2, июн 1990) . тәуелсіздік алған уақыттан бері қазақ тарихшылары бұрындары көпшілік үшін құпя болып келген жәйләрді ғылми айналымға енгізіп, кеңестік дауыр тарихын жаңаша козқараспен зерттеу үстінде. а қ ш мұрағат мәтерялдәрімен жұмыс істеу арқылы жаңа мәліметтерді өзінің еңбегіне арқау еткен б.аяған кеңестік билік орнаған уақыттан соңғы кезеңде қолындағы барынан айрылып аштық құрсауында қалған қалған қазақтардың әлімжеттік жасап, жергілікті халықтың ерекшелігін ескерместен қисынсыз саясат жүргізген қызылдарға қарсы болып, өз мүдделерін қорғау мақсатында жер-жерде бас көтергендігін алға тартады. автор 1929-,1932 - жылдары қазақ даласында 400 ден астам бас көтерулердің орын алғанын, олардың көпшілігін қызылдардың әскері аяусыз қырып-жойғанын, кеибір бөліктерінің жан сауғалап көршілес мемлекеттер аумағына өткенін, онда ауып барған қазақтардың көпшілігінің бөтен елдің босағасында аштан қырылғанын, қаңғып қалған қазақтардың кеибірін қызылдардың кері қайтарып колхозға жұмыс жасауға мәжбүрлегенін нақты деректерге сүйене отырып баяндайды (қараңыз: б.әягән. крәсніе и черніе. алматы, 2005, 24-31 беттер) . қазақ шаруаларының қолындағы малын жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескерместен ішкі ресеидегі ұжымдастыру нысанына сай колхоздастыру, ірі өнеркәсіп орындары мен әскери мекемелерге азық етіп даярлап беру салдарынан мал басының азайып қазақ халқы 1931-,1933 - жылдары ашаршылыққа ұшырағаны жәйлі белгілі ғалым т.өмәрбекөвтің еңбектерінен толымды мәлімет алуға болады. мұрағат деректеріне сүйене отырып тұшымды пікір бере білген автордың пайымдауынша 1931-,1933 -жылдары аштан және осыдан туындаған жұқпалы аурулардан өлген қазақ саны 2 миллион 277 мың адам. осы автордың берген мәліметіне сай ұжымдастыру жылдары шет елдерге қоныс аударып сонда орнығып қалған қазақтың саны 120 мыңдай болған екен. т.өмәрбекөв қытай қазақтарының төрттен бырының ғана кеңестер одағынан бас сауғалап көшіп барғандар екендігіне де тоқталып өткен (қараңыз: т.өмәрбекөв. «қазақтар шыбындай қырылып жатыр» егемен қазақстан, 13.07.1991ж. 4-бет؛ т.өмәрбекөв «қазақ неге шыбындай қырылды» егемен қазақстан, 01.08.1992 ж. 5-бет) . жалпы шет елдердегі қандас бауырларды елге қайтару мәселесі еліміз тәуелсіздік алған тұстарда көтеріле бастады, сол кездері халық арасында үлкен беделге ие болған азаматтық азат қозғалысының қайраткерлеры де шет елдегі қандастар тағдырына алаңдаушылық білдіріп өз тараптарынан ұсыныстар жасаған болатын. солардың бірі мақаш тәтімөв алғаш рет «қазақстан республикәсінің көші-қоны туралы» мигрәтся заңының жобасын жасап азат гәзетінің 1991 - жылғы қыркұйектегы №16 санына жарялаған еді. осы заң жобасының мәтінінде ол егеменді қазақстанға өзінің ата мекені ретінде шет елден біржөлә көшіп келген репәтрянттәрді «майтабандар» деп атауды ұсынған болатын. дегенмен, бұл ұсыныс еліміздің көші-қон саласындағы заңнамаға енгізілген жоқ. қазақстан республикәсінің қолданыстағы көші-қон заңнамасы 1990 - жылдардың басы мен ортасында қалыптаса бастады. сол жылдары осы саладағы негізгі заңнамалық әктілер қабылданды. 1991 - жылғы желтоқсанда «қазақстан республикәсінің азаматтығы туралы» заң, 1992 - жылы «көші-қон туралы» қазақстан республикәсінің заңы қабылданды. 13 - желтоқсан 1997 - жылы қабылданған «халықтың көші-қоны туралы» заңына сәйкес алғаш рет репәтрянт (оралман) ұғымы ресми айналымға енгізілген болатын. 2002 - жылы "халықтың көші-қон" туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, онда оралман атауы заңдағы "репәтрянт" терминімен қосарланбай дербес қолданылады, әрі жаңа түсінік, анықтама беріледі. ол анықтама төмендегідеи: "оралмандар" - қазақстан республикәсі егемендігін алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және қазақстан республикәсінә тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар. 22 - шілде 2011 - жылы қабылданған № 477-ыV зрк «халықтың көші қоны туралы» заңға сәйкес, оралман - қазақстан республикәсі егемендігін алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған, балаларының ұлты қазақ және қазақстан республикәсі егемендігін алған кезде оның шегінен тыс жерлерде туған және тұрақты тұрған, қазақстан республикәсінә өз тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген және осы заңға сәйкес белгіленген тәртіпте сәйкес мәртебеге ие болған етникалық қазақ. соңғы нұсқадағы оралман түсінігі қазақтан өзгенің оралман мәртебесіне ие болмайтындығын тағы да нақтылай түскен, бірақ, анықтама көңілге қонымды болса да сол оралман атауына қатысты пікірлер алы де болса осы атауды қайта қарастырудың қажеттыгын көрсетеді. оралман атауына қатысты осы уақытқа деиін баспасоз беттерінде жаряланған мәтерялдәрдән, интернетте жарық көрген пікірлерден түйіндеитін басты пікір - «оралман» атауының шет елден келген бауырларымызға мүлдем ұнамайтындығы, сөнімен қатар, осы әтәумен тек кеңестік режимнен бас сауғалап шет ел асқан қазақтардың ұрпақтарының байланыстырылуы. жалпы, алғанда ресми айналымдағы осы терминнің сол санатқа жататын адамдардың көңілінен шықпауы оны өзгертудің қажеттыгыне меңзеиді. себебі, әркімнің өзінің көңілінен шығатын атауды иеленуге құқығы бар емес пе? тіпті, жеке тұлғалардың есеие келе өзіне ұнамайтын, өз намысына тиетін есімін өзгертуге абсолютты құқығы бар. ал бұл жерде тек жекелеген адамдар турасында емес жалпы қоғамның бір бөлігінің қалауы жәйлі сөз қозғалып отыр. осы мәселені ескеріп, мемлекеттік биліктің бұл атауға балама табуы тиыс. осы уақытқа деиін шет елден оралған қандастар өздеріне қатысты «қандастар», «бауырластар», «елге оралған бауырлар» сяқты сөздерді қолдануды ұсынды. бырақ, оралман атауы ресми айналымда да, қоғамда да берік орнығып, осы атауға қатысты айтылған сыни пікірлер қаперге алынбауда. біздің пікірімізше, оралман атауына байланысты әлі де болса орнын ауыстырар жақсы атау табуға болатындай. мысалы, біз «аталас» созын ұсынғымыз келеді. себебі, оралман сөзі белгілі бір топтың құқықтық мәртебесін айқындағанымен, халық арасында әсіресе, қандас қазақтар арасында бөлінушілік сезіміне итермелеитін ұғымға айналып үлгерді. оралман сөзі қандас қазақтардың бірлігін, туыстығын ойға салмайды, тек елге оралған адамдардың құқықтық мәртебесін айқындайды. мұның өзі психологялық тұрғыдан елге оралған қандас бауырларға елге келушілер, кезінде елден кетіп қалып қайта оралған адамдар сяқты козқарасты қалыптастырады. бұл тұрғыдан алғанда атаудың өзі қазақтарды біріктіретін, бір-біріне бауырластық сезімін тудыратын сөз болғаны жөн секілді. шеттен келген қандастардың жақында белгілі бір аншының оралманның тауығы жәйлі айтқан әңгімесіне қатысты пікірлерін оқып отырып көзімнің жеткені, қандастарымыздың оралман атауына намыстанатындықтары, оралман сөзін қабылдамайтындықтары (www.sеrkе.org/nodе/247?pagе=1) . мұның өзі біздерді ойға жетелеуі тиыс, яғни оралман атауынан бас тартып «аталас» сөзін (болмаса басқа бір ұтымды сөзді) ресми айналымға енгізу қажет. мұндағы басты мақсат қандас туыс қазақтарды жақындастыру, олардың бөлінушілігіне тосқауыл болу. тағы бір мән беретін жәйт терминнің айтуға оңай, құлаққа жағымды болуы, яғни жалпы қазақстандық азаматтар үшін айтылуы қиын болмайтын, жақсы ойға жетелеитін сөз болуы шарт. аталас сөзі қарға тамырлы қазақтың барлығының бір атадан тарағандығын, бір-біріне бауыр, туыс екендігін білдіретін термин сөзге айнала алады деген пікірдемін. соңғы жылдары еліміз тәуелсіздік алып еңсеміз көтерілуімен қатар қазақтың өзіне ғана тән кеибір жағымсыз сипаттары да дами түсуде. осының ең бастылары жүзге бөліну, руға бөліну, жерлесшілдік десем қателеспеген болар едім. ұстазым с.өзбек ұлы «21 - ғасырға аяқ басқан қазақ халқының санасында сіресіп тұрған рушылдық пен жүзге бөліну еліміздің болашағына, оның өркениеттілікке көтерілуіне тосқауыл және нұқсан келтіретін рухани дерт болып тұр» деп қазақ зялылары арасындағы жүзшілдік пен рушылдық жәйлі ашына жазған еді (сәкен өзбек ұлы. рушылдық һам қазақ зялылары | Abaы.kz ) . онсыз да рушылдық дертінен арыла алмай отырған қазақ жұрты үшін өзәрә оралмандар мен жергілікті қазақтар болып бөлінудің қажеты шамалы. қазыргы кезде ұлттың басын біріктіретін жалпы қазақтық идеөлөгянің жоқтығы да ұлттық нақты мәселеде ұтымды шешімдердің қабылданбауына негіз болуда. бұл ретте абай тілімен айтқанда «бырыңды қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» болып тұр. қазақтардың басын бұрынғыдан да біріктіретін, олардың өзәрә кірігуін қамтамасыз ететін ұлттық баспасоз екендігіне ешкім шұба келтіре қоймас. десек те, кеиінгі кездері ұлттық бәспәсөзде оқыған, тоқыған қазақ азаматтары шеттен келген қандас турасында әртүрлі мақала жарялап, халық арасында белгілі бір пікірдің қалыптасуына септігін тигізіп жүр. жаряланған мақаланы оқитын халықтың барлығының бірдеи нақты мәселеге қатысты өзіндік ұстанымы болады десек қателесер едік, сәйкесінше, осындай мақалалар халықтың кеибір бөлігінде автордың ойларына ұқсас пікірлердің туындауына себеп бола алады. екінші ақпан 2012 - жылы егемен қазақстан гәзетінде сеифөллә шайынғазының «өз елінде өзі қонақ болғысы келетін оралман ағайындардың ойлағандары не?» атты мақаласы жарық көрді, оған жауап ретінде қаншама мақала жаряланып үлгерді. ал, 16 - ақпан 2012 - жылы ж.шәкеннің «ақсұйек пен құл һам оралмандар» атты мақаласы интернетте жаряланды. авторлардың жазғандарына қарап отырып олардың ең басты мәселені, қазақ бірлігі идеясін естен шығарып алғандығын өкінішпен айтуға болады. әрине, қазыр демөкрәтя заманы, әркімнің өз пікірін дербес білдіруге құқығы бар, дегенмен, қазыргыдеи жалпы қазақтық идеөлөгя қалыптаса қоймаған тұста осындай мақала жазу арқылы қоғам ішінде әртүрлі пікірлердің тууына мұрындық болудың өзі үлкен қателык деуге болады. менің айтқым келгені қазақты қазақтан басқа ешкімнің дәл өзіндеи қабылдап, дәл өзіндеи жақсы көре алмайтындығы, ал қазақтың ішінде де кеибір жағымсыз елементтердің болуы табиғи заңдылық. арамызда кездесетін сол азшылық үшін жалпы қазаққа топырақ шәшуға болмас, осы тұрғыдан алғанда жергілікті болсын, шеттен келген болсын жазғыштар өздерінің басында жүрген, бірақ, бәспәсөзде жарялау артықтық ететін пікірлерін алға тартпай-ақ қойғаны абзал болар еді. жалпы алғанда, қандас бауырлардың шет елден ата мекенге оралуы ұлтымыздың өз елінде көпшілікке айналып, ана тіліміздің қолданыс аясының кеңуіне септігін тиігзді. көп қорқытады, терең батырады демекші, қазақ санының өз елінде арта түсуі ұлт үшін тек жақсылыққа бастар жол ғана. уақыт өте келе сан жағынан өсе түскен ұлтымыздың тілі, ділі, діні басымдыққа ие болып, өзге қазақстандықтар үшін қазақтар аға ұлт дәрежесіне көтерілері сөзсіз. осы тұрғыдан алғанда қазақ санының өсуі біздер үшін ауадай қажет, сондықтан ұлы көштің тоқталмауы үшін мемлекет те, арбыр қазақ та өз үлесін қосуы шарт. шеттегі қазақ арасында үгіт-насихат жүргізіп, олардың елге қайтуына ықпал жасау, елге келген қазаққа жылы шырай танытып, оның өз еліне келгенін сездіру жүрегі қазақ деп соққан азаматтардың қасиетты міндеті. кезінде сталин қуғынға ұшыратып, аш-жалаңаш қалпында қазақ даласына әкеліп тастаған жапа шегуші ұлттарды бауырына тартып, өзінің аузындағысын жырып берген бауырмал қазақ үшін шет жерде өгеилік көріп, өзім деп келген қандас туыстарға оң қабақ таныту қиынға соқпасы айқын. осы жерден сөзімізді тамамдап, ойымызды өмірін «қазақ идеясінә» арнаған, кезінде ел басқарған, қазақтың ата мекенге ұлы көшін ұйымдастырған, көзі жұмылғанша қазақтың қасмын ойлаған абыз жағда атамыздың аманат сөзімен қорытындылағымыз келеді, «сендер, яғни келген ұрпақ қанша қиындық көрсеңдер де сендердің балаларың осында өседі, осында тәрбие алады, олардың келешегі жарқын болады, ертеңді ойласаңдар елге қайтыңдар!»\\
Тәуелсіздік және шетел қазақтары
Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы қарсаңында Әлемнің қырық мемлекетінде тіршілік етіп жүрген бес миллионнан аса қазақтар бар. Қазақ диаспораcы өзге елдердің диаспорасынан өзгешелеу. Бұл мәселенің себеп- салдары жүйелі түрде тәуелсіздік алған жылдардан кейін зерттеліп келе жатыр. Асылы, қазақтар әлемнің көптеген елдерінде тарыдай шашылып жүргендері, өздерінің қалауы емес. Қазақтар өйткені ата - жұртына бауыр басқан халық. Ислам Жеменей, шығыстанушы- ғалым, филология ғылымдарының докторы, С.Демирел университетінің профессоры Шет мемлекеттердің ішінде Қытай Халық Республикасында қазақтардың тұрған аймағы өздерінің ежелгі қонысы болғандықтан, қазіргі тілмен айтқанда, оларды «ирридент» деп атайды. Бұрынғыша айтар болсақ, ондайлар сол елдің «көне тұрғыны» делінеді. Қытайдағы қазақтардың саны әр түрлі мәліметтерге қарап қорытқанда екі миллионға жуықтайды. Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтарында тұрады. Кейінгі жылдары қазақтардың саны Үрімжі қаласында да артып келе жатыр. Қытайдағы қалың қазақтың тілі мен ұлттық салты қазірге дейін сақталып келгендігі жалпы қазақ үшін ұлттық олжа болып есептеледі. Сондай-ақ, кеңестік солақай саясаттың кесірінен Қазақстанның өзінде ана тілі мен ұлттық салтынан айрылып бара жатқан қазақтар үшін де ұлттың құнарлы нәрі бола алады. Оған дәлел – 1955-1963 жылдардағы елге оралған үш жүз мыңға жуық қазақтардың қазіргі уақытта саны бір миллионнан асып тіліміз бен діліміздің өркендеуіне зор үлес қосып келе жатқаны. Аталған жылдардан кейін Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған соң, Қытайдан мыңдаған қазақ қуаныш туын желбіретіп елге оралып жатты. Олардың ішінде көптеген ғалымдары, ақын-жазушылары, өнер майталмандары, кәсіпкерлері Қазақстан Республикасының ғылымына, ұлттық мәдениетіне, әдебиет пен өнеріне, экономикалық нарығына өлшеусіз үлес қосты. Сондықтан елдің тәуелсіздігі қандас бауырлардың қабілетін аспандатқан дәуірі болды деп айта аламыз. Өйткені, Тәуелсіздік қазақтарға шын мәнінде бір-бірімен табысып, тұтас ел болып қалыптасуларына мүмкіндік тудырды. Шетел қазақтарының атамекенге оралу идеясының жүзеге асыру туын ұстап тұрған Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды. Елбасының Қазақ халқының бірлігі мен ынтымақтасу жолында парасатты да салиқалы саясат ұстанып келе жатқаны ел үшін үлкен табыс, бақыт. Қытай қазақтарының бір бөлігі қырқыншы жылдары Оспан батыр бастаған ұлт-азаттық күреске қатысып, жеңіліс тапқан соң Пәкістан мен Үндістан елдері арқылы Түркияға өтіп, сонда тұрақтады. Олар көбінесе Стамбул, Анкара, Измир қалалалары мен аудандарында тұрады. Жалпы саны нақты емес. Дегенмен, қырық-елу мыңнан асады деген болжам бар. Дәл сол көштің ұрпақтары XX ғасырдың жетпісінші жылдары Түркияның экономикалық-әлеуметтік қиын жағдайына байланысты Еуропа елдеріне барып жұмыс істей бастады. Осылайша бір топ қазақтар Түркия мен Еуропаның диаспорасына айналды. Олардың әулеттері қазіргі заманда Германия, Англия, Франция, Голландия, Америка, тағы басқа Батыс елдерін мекендейді. Түрік елі оларды бауырым деп, қарсы алды. Өйткені, түріктердің де Анадолыға қоныс аударған түпкілікті жері Сырдария бойы, қазіргі Қазақстан территориясының бір бөлігі болатын. Қандас бауыр, Түркия елі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялаған сәтте отыз төрт минут ішінде еліміздің Тәуелсіздігін ресми түрде таныған тұңғыш мемлекет болды. Бұл – басқа елдер тарихында бұрын-соңды болмаған ғажап тарихи оқиға еді. Түркия саясатының түріктектес халықтарға құшағын айқара ашуы қашан да басты ұстаным болып келеді. Сол үшін түрік дүниесі саяси дағдарысқа ұшыраған жылдары түркі зиялыларына Түркия екінші Отанының ролін абыроймен атқарып келді. Түрік елінің тілі, діні, ділі қазақтармен бір түбірден шығып, тамырлас болғандықтан сол елді паналап барған қазақтар түрік тіліне бейімделе бастағаны соншалық, түрік тілін ана тіліндей тез арада меңгеріп алды. Сол үшін қазақтардың екінші буыны ана тілін түрік тілімен ауыстыра бастады. Сондықтан болар, қазіргі Еуропадағы олардың ұрпақтары ағылшын, неміс, француз, тағы басқа еуропалық тілдермен қоса, түрік тілінде тамаша сөйлей алады да, қазақ тіліне келгенде шорқақтайды. Қазақстанның тәуелсіздігінен кейінгі жылдары Түркиядан бірнеше жүзге жуық қандастарымыз Алматы облысына көшіп келді. Олардың басым бөлігі облыстың Нұралы ауылы мен Қарасай батыр ауданында тұрады. Түркиядан Еуропа елдеріне жұмыс іздеп барғандар дамыған Батыс елдерінің қоғамдық тәртіп, заңды жұмыс режиміне бойы үйреніп қалғандықтан атамекенге оралулары Қазақстанның ерекше қарқынмен дамып, алға шығуына байланысты болып тұр. Қазақстан ұлттық идеологияны мықтап қолға алар болса, бүкіл әлемдегі диаспора қазақтарымен қатар, ішкі орыс тілді қазақтар да тез арада қазақ тілін үйреніп, Қазақ болуды мақтан тұтары анық. Әрі Қазақстан тәуелсіздігінен кейін ұжмақ өмір іздеп шетелдерге кеткендер де пұшайман халге түсіп, туған елін аңсап қайта оралады. Әйтпесе диаспора қазақтары өз мәйегінен алыстай береді. Моңғолия еліне қазақтардың Алтайдан көшіп барғандарына шамамен 150 жылдай болған. Олардың саны 1991 жылға дейін 120000 адамнан асып түсетін. 1991 жылы қарашаның 18 күні «Басқа республикалардан және шет- елдерден Қазақстанның ауылды жерлерінде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақ республикасына қоныстандыру тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің № 711 қаулысы жарық көрді. Аталған қаулының негізінде алғаш болып Моңғолиядан еңбек шарты бойынша 60000 қазақ азаматтары атамекенге оралды. Олармен бірге түрлі сала бойынша елге танымал болған жоғары деңгейдегі мамандар да болды. Осылайша Моңғолия қазақтары жаңадан тәуелсіздігін жариялап, еңсесін тіктей бастаған Қазақстандағы халық саны мен демографиялық ахуалын көтерсе, білікті мамандары, ұлттық бояуға қанық салт-дәстүрімен де қазақ халқының сапалық өрісін де кеңейте түсті. Ал, түрлі себептермен Моңғолияда қазірге дейін тұрып жатқан қазақтардың тууының жоғары болуына байланысты осы уақытта Аллаға шүкір, саны әжептәуір өсіп, көштен бұрынғы санына жақындап қалғанын айтуға болады. Олар Моңғолияда 21 аймақ пен елді мекендерде тұрып жатқанымен, басым көпшілігі Баян-Өлгей, Қобда аймақтары мен Моңғолияның астанасы – Ұланбатыр қаласына шоғырланған. Сондықтан көп болып шоғырланған аймақтарда қазақ тілі мен ұлттық мәдениеті жақсы сақталып келеді. Орыстың патшалық империясы да, коммунистік билігі де қазақ халқының тағдырына кері ықпалын тигізгені рас. Оған Ауғанстанға барып қоныс тепкен қазақ ағайындардың тарихы куә. Ол елге қазақтар үш кезеңде барған. Әр кезеңнің өзіндік тауқыметі мол болды. Бірінші кезең – 1865 жылы Ресей патшалығынан қысым көрген бір топ қазақтар әуелі Тәжікстанға өтеді. Одан ары бір мың шаңырақты құрайтын қазақтар Ауғанстанға барып орнығады. Екінші көш – 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі тарихи зұлматтың беттерін парақтайды. Бұл көш қазақтың екі мың шаңырағын Ауған елінде сергелдеңге салды. Үшінші кезең – тарихта кәмпескелеу және қолдан жасалған ашаршылық деген анықтамасымен мәлім болып келе жатқан 1929-1932 жылдары іске асты. Осылайша олар Ауғанстанның диаспорасына айналды. Үш кезеңде Ауғанстанды паналауға мәжбүр болған қазақтар ол елдің Құндыз, Мазар Шәріп, Пол Құмыра, Герат, Кабул, тағы басқа өңірлерінде тұрды. Олардың саны туралы түрлі мәлімет айтылып жүрді. Шындығына келгенде қазақтар арасында орташа бала саны сегіз болғандықтан үш кезеңнің төрт мың қазақ шаңырағының есебін шығару демограф ғалымдарымыз үшін қиын емес. Қазақтар Ауған елінде мал шаруашылығы, сауда-саттық және тігіншілікпен айналысты. Ұл-қыздарын көбінесе діни курстарда оқытты. Заманауи білім алуға бірен-саран ұл балалары ғана ықылас танытты. Соның ішінде бар-жоғы екі азамат Кабул университетінде оқып, жоғары білім алды. Оның бірі – Нұрмұхаммед деген азамат, әкесінің аты Молла Серікбай болатын. Ол Кеңес Одағының әскері Ауғанстанның ішкі оқиғаларына араласып, елдің ішіне бүлік шығарған 1980 жылдарында саяси тартыстардың құрбаны болып, Кабулда қаза тапты. Екіншісі – Мұхаммед Рафиһ атты азамат БҰҰ-ның босқындар бөлімшесінің тізіміне ілігіп, алған мамандығы бойынша Дания мемлекетінде қоныстанып, отбасы мүшелерімен тыныш өмірге қауышты. Аталары небір тауқыметті бастарынан өткерген ұрпақтың әулетінің бірі болған оған бағы мен берекесі мол тіршілік еткей деген тілегіміз бар. Кеңес әскерінің 1980-1989 жылдар аралығында лаулатқан соғыс оты талай шаңырақты күйретті, миллиондаған ел азаматтарын жан-жаққа тарыдай шашыратып әуреге салды, оның кесапаты сол елде тұратын қазақтарды да айналып өте қойған жоқ. Ауғанстан қазақтары 1980 жылдардан бастап босқын ретінде Пәкістан, Иран, Сауд Арабиясы және Түркия мемлекеттерін паналады. Олардың басым көпшілігі оқымысты маман болмағандықтан, тұрақтанған елдерде алыпсатарлық сауда, тігіншілік және аяқ киім жөндеу жұмыстарымен айналысып жүрді. Олар тігіншілік саласында Түркияда мемлекеттік экономикаға әсер етерліктей тері құрақтарынан күрте тігуді дамытты. Босқында жүрген олардың өмірі өте қиын болды. Барған елдің толықтай тілін меңгеру, заңдарына үйренісу, адамдарының мінез-құлқын тани білу, тіршілік қағидаларына қанық болу, тағы басқа қырларының байыбына бара білу оңайға соқпайтын. Босқында жүрген бауырларымыз тауқымет иірімінде жарқыраған үміт сәулесіне тап болды. Ол Қазақстанның тәуелсіз ел болғанын әлемге жариялау еді. Небір өмір азабын көрген олар елінің Тәуелсіздігін естігенде жүректері қуаныштан жарыла жаздады. Тәуелсіздік – философиялық, психологиялық, саяси мәні зор, қастерлі ұғым. Тәуелсіздік адамының адам болып өмір сүруіндегі және дүниеауи өмірден илаһи өмірге жету жолындағы негізгі фактор. Тәуелсіздік – ұлттық сананы жетілдіріп, ұлттық болмысты сақтап қала алатын басты қайнар. 1991 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияның Стамбул қаласында қазақ диаспора өкілдерімен кездесіп, оларды көшіріп алуға уәде еткендігі шетте жүрген диаспора қазақтарының жүректерінде мәңгі жасайтын бақыт сыйлады. Әсіресе, Ауғанстаннан босқын атауына ие болған қазақтардың келешек тағдырын біржолата айқындап берген сол күн – Тәуелсіздік ұғымының қаншалықты сүйкімді ұғым екендігін шеттегі қазақтарға дәлелдеді. Сол жылдың бір шырайлы күні Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Стамбул қаласының қақ ортасы Таксим алаңында орналасқан Қазы-Антеп қонақ үйінің зәулім залында қазақ диаспорасының өкілдерін қабылдады. Сол кездесуде Елбасынан «Бірінші кезекте жедел түрде Ауғанстаннан Пәкістан, Иран, Сауд Арабиясында және Түркияда босқындар қатарында тұрып жатқан қазақ бауырларымызды елге қайтаруға қол ұшын беруді» өтіндік. Президент екі етпей өтінішімізді қабыл алды, әрі көпке созбай тәуелсіздігіміз жария болғаннан кейінгі аз уақытта босқын қазақтарды елден арнап жіберген ұшақтармен аталған мемлекеттерден атамекенге жеткізді. Бүгін таңда бір кездері тағдыр тәлкегіне түсіп, Ауғанстаннан пана тапқан қазақ бауырларымыз Жетісай, Түркістан, Шымкент, Алматы және Ақтөбе облысы, тағы басқа өңірлерде Отан құшағында еңбек етіп, ұрпақ жайып, бақытты болашағының іргетасын туған халқымен бірге қалап келе жатыр. Бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы Ресей, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, тағы басқа республикалардағы қазақтардың атамекенге оралуы онша қиын болған жоқ. Өйткені, орыс тілін үйреніп, саяси-қоғамдық ортақ ортаның ортақ психологиялық жүйесінде, құқықтық праволары бар азаматтары ретінде өсіп-өнді. Сондай-ақ, ашық шекаралары болғандықтан, оларға елге оралу жеңілдеу болды. Олар бар-жоғы жақын шетелдердің қазақтары деген атауға ие болды. Дегенмен, олар үшін Қазақстанның тәуелсіз ел болуы ерекше қуаныш болғаны рас. 1991-ші жылдың 16-шы желтоқсанында Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған күн Иран қазақтары үшін де Алланың берген үлкен сыйы іспеттес болды. Өйткені, соның арқасында Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында дипломатиялық байланыс орнатылды. Көпке ұзамай 1992-ші жылдың 29-қарашасында Иран Президентінің шақыруымен еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Иран еліне бірінші ресми сапары жүзеге асты. Аталған сапардың жан-жақты игі табыстарының бірі – Елбасының сол кездегі Иран Президенті Әли Акбар Һашеми Рәфсәнжани мырзамен арасында болған әңгіменің қорытындысы ретінде Иран қазақтарының атажұртына өз қалауы бойынша еркін көше алатын келісімі еді. Бұл – Қазақ халқы үшін теңдесі жоқ табыс болды. Ол табысқа қазақтар Елбасының үлкен көрегенділігі мен парасаттылығының арқасында қол жеткізді. Соның нәтижесінде 1995-ші жылдың күзінде Иран қазақтарының алғашқы тобы Каспийдің Иран жағындағы Әнзәли портынан Қазақстан жағалауында орналасқан Ақтау қаласына кемемен жеткізілді. Бұл көшке сол кездегі Қазақстан Республикасының еңбек министрі Саят Бейсенов мырзаның ерен еңбегі сіңді. Адамзат өміріндегі әралуан тәжірибелерге қарап, психологиялық тәуелсіздікті сезе білген адам өмір жолында жаңа идеяларды, ірі жобаларды іске асыруға батыл кірісетінін аңғарасыз. Сондай-ақ, психологиялық тәуелсіздік адамның философиялық өрісін кеңейтіп, дүниетанымының кеңістігін айқындай түседі. Сол үшін тарихта, ғылымда, әдебиетте, өнерде шығармашылықпен айналысатын тұлғалардың материалдық, қоғамдық тәуелсіздігін қамтамасыз ете алған елдердің саяси билігі сол елдің ғарыштап дамуына жол ашып берген. Есесіне, адамның психологиялық тәуелділігі оның құлдық психологиясын қалыптастырады. Адамзаттың өмір салты оның психологиялық ахуалына әсер ететіндіктен Қазақ халқының көшпенділік табиғатына байланысты еркіндікке бейімділігі оның қоғамдық қатынастардағы заңдар мен ережелерге бағынуын кешеуілдетіп келе жатыр. Адам психологиясын өзіне тән қоғамдық ережелерге тәуелді болуы да адамның еркіндік сүйгіштігімен үйлесуі керектігі анық. Адам психологиясының бұндай қайшылықтарын үйлестіру адам санасының кең өрісіне тікелей қатысы бар. Тарихи жазба деректерде «Қазақ» сөзі еркіндікті, азаттықты, тәуелсіздікті сүйген топтарға арнап айтылады. Сол себепті, кең далада еркін өмірді аңсаған түркінің түрлі ру-тайпалары топтаса бастап, халық сипатына лайық атала келе ұлт ретінде қалыптасты. Сондықтан тәуелсіздік ұғымы қазақ өмірінің салтымен ұштасқан, қайнасқан ұғым. Сол үшін 1991-ші жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялау Қазақ тарихында оның ғасырлар бойы аңсаған саяси жеңісінің биік шыңы болып саналады. Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының саяси тәуелсіздігі еліміздің саяси, экономикалық, ғылыми, тағы басқа салаларында айтарлықтай көптеген табыстарға қол жеткізуіне жол ашты. Соның бірі Қазақ диаспорасы мен шетте қалған қандастардың рухани бірлігін қамтамасыз етумен бірге, оларды атамекенге көшіріп алу еді. 1992 жылы бүкіл әлемнен қазақ диаспорасының өкілдері дүниежүзі қазақтарының алғашқы Құрылтайында Алматы қаласында бас қосты. Артынша Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы мен Көші-қон Комитеті құрылды. Сонымен бірге, қазақтардың атамекеніне оралуына негіз қаланды. Осы тұста айтарымыз, Қазақ диаспорасының арасынан шетте жүріп, қазақтың салт-дәстүрін қорғаштап, олардың атамекеніне қайта оралу қажеттігін насихаттап, әрі атсалысып жүрген азаматтар аз емес. Елде де, шетте де қазақтардың ахуалын, көшу тарихы мен мәдени жағдайын жазып жүрген ғалымдар мен қаламгерлер де баршылық. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте отырған талай шенеуніктер қатарында да үлкен жанашырлықпен қазақ диаспорасына қол ұшын беріп жүрген абзал жандар молынан табылады. Олар туралы жазу келешек ұрпаққа ел үшін күрес жолындағы аға буынның тарихи өнегесі болмақ. Сондықтан да бұл тақырыптың жүгі ерекше. Тәуелсіздігіміздің өміршең болуының басты кепілі қазақ халқы екендігін ұмытпай, ел билігінің саяси, экономикалық, қоғамдық мәйегіне айналайық дегім келеді. Мемлекетіміздің баянды болуы әрбір қазақтың, әрбір Қазақстан азаматының бағы мен берекесі болары анық. Ендеше, бойымыздағы қуатымызды, жүрегіміздегі сүйіспеншілігімізді мемлекетіміздің тәуелсіздігінің мәңгілік болуына аямай жұмсайық деген тілек.