Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кенес агай дайын шпор 8-50.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
859.83 Кб
Скачать

Ресейлік бақ Украинадағы оқиғаны бұрмалайды

«Киевті фашистер басып алды. Украинадан Ресейге босқындар ағылды. Еврейлерге шабуыл жасалды. Православ шіркеулері зардап шекті». Ресейлік БАҚ Украинадағы жағдайдың өңін айналдырып, осылай сипаттайды.

  • Басып шығару

  • Пікіріңіз (2)

  • Бөлісу

Ресей парламентінің президент Владимир Путиннің Украина территориясында әскер пайдалану туралы ұсынысын талқылауын көріп отырған азаматтар. Ресей, 1 наурыз 2014.

Ұқсас мақалалар

  • Ресей постсоветтік елдерге СССР-ді елестетті

  • Ресейдің «отандастарын» қолдау саясаты

  •  Қырымдағы "белгісіз" әскер кім, қайдан келді?

  • Еуропа Ресейге не істерін білмей отыр

  • Путинді «есуас» көруші де, «айлакер» санаушы да бар

Мәтін көлемі

Азаттық радиосы

Жарияланған уақыты: 06.03.2014

Украинадағы жағдай туралы нақты дерек алу оңай емес. Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) мұны одан әрі күрделендіріп жіберді. Ресей армиясы Қырымда тұр, Мәскеу Украинадағы әскери әрекетін ары қарай жалғастырмақ. «ФАШИСТЕР МЕН АНТИСЕМИТТЕР» Ресейлік БАҚ пен танымал саясаткерлер Киевтегі «фашистер» мен «антисемиттік әрекеттер», «этникалық орыстарға жасалған шабуыл», «Украинадан ағылған босқындар» туралы хабарлап жатыр. Бұл ақпараттардың жалған екені анық. Бірақ осы жалған деректер ресейлік саясаткерлердің мәлімдемесінде де, Батыс баспасөзінде де кездесіп қалады. Бұл оқиға 1997 жылы АҚШ-та түсірілген Wag the Dog ("Итке құйрығы қожа") фильмін еске түсіреді. Ол фильмде саяси технологтар басталмаған, болмаған соғысты жеделдету үшін БАҚ-ты пайдаланатын.  Жазушы әрі аудармашы Кэтрин Фитцпатрик Interpretermag.com сайтында Украинадағы оқиғалар жайлы блог жүргізді. Ол: «Соғыстың қалай басталатынын осы жерден байқауға болады. «Соғыста ең алдымен шындық құрбандыққа шалынады» деген пікірдің қаншалықты рас екенін Ресей дәлелдеп отыр. Олар өз міндетіне мүлдем жауапсыз қарап, адамдар арасында жеккөрініш пен үрей

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин. Нью-Йорк, 3 наурыз 2014 жыл.

 тудырып жатыр. Харьков сияқты қалада адамдар ресейлік телеарналарды көреді. Олар жергілікті арналарды да қарауы мүмкін, бірақ ресейлік пікірге тәуелді және оның шын-өтірігін тексермейді» деп жазады. Фитцпатриктің айтуынша, Мәскеудің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин осы апта тек өтірік деректерге сүйеніп сөйлеген. «Чуркиннің «Федерациялық кеңестің күш қолдануға рұқсат етуінің себебі бар. Этникалық орыстар мен орыстілді тұрғындарды қатерден қорғау үшін осындай әрекетке бардық» дегені өтірік. Олар жалған мәліметтерді себеп ретінде көрсетіп отыр» деп жазды Фитцпатрик. БҰҰ-да сөйлеген Чуркин ресейлік БАҚ таратқан «Киев-Печера лавры монастыріне шабуыл жасалды» деген ақпаратты да айтқан. Бірақ монастырге шабуыл жасалмағаны анықталды. Фитцпатрик «Чуркин жалған дерекке сілтеме жасағанда есеңгіреп қалдым» дейді. ӨТІРІКТІ ӘШКЕРЕЛЕУ Ресейлік БАҚ «жыл басынан бері Украинаның оңтүстік-шығыс шекарасынан Ресейге қарай 650 мың украин өтті» деген ақпарат таратты. Бірақ босқындар ісі жөніндегі БҰҰ жоғарғы комиссары шекарадан ондай ауқымды миграцияны байқамағандарын айтты. Украиналық блогерлер Ресей баспасөзінің Украина мен Польша шекарасындағы Шегини асуынан өткен адамдардың суретін жариялағанын, бірақ суреттің нақты қай күні түсірілгенін көрсетпегенін анықтады. Ресейлік БАҚ болған оқиғалардың өзін өзгертіп, бұрмалап хабарлайды. Мысалы, ақпанның 27-28-і күндері белгісіз вандалдар Симферопольдегі синагоганы 

Симферопольдегі синагога есігіне белгісіз біреулер жазған жазулар. Украина, 28 ақпан 2014 жыл.

 бүлдіріп кеткен. Ресейлік басылымдар «мұны әсіреұлтшыл «Оңшыл сектор» жасады» деп сипаттады. «Оңшыл сектор» ұйымы бұл ақпаратты теріске шығарды, ал жергілікті еврейлер жетекшісі Александр Хендин «оны «Оңшыл сектор» емес, Қырымдағы жағдайды ушықтырғысы келгендер жасаған шығар» деп мәлімдеді. Украинаның бас раввині Яков Дов Блайх наурыз 4-і күні «украиналық еврейлерге негізгі қауіп ресейлік арандатушылардан келетінін» айтып, «Австрияға барған фашистер де осылай әрекет еткен» деді. TheDailyBeast.com сайтына Ресейдің «насихат машинасы» туралы жазған украиналық журналист Олег Шинкаренко «бұндай кампанияның екі мақсатты көздейтінін» айтты. Ол «Мақсат - украиндарға деген жеккөрініш тудырып, соғыс бастауға итермелеу және Чуркин БҰҰ-да айтқандай «агрессияны ақтап алу» дейді. Шинкаренко ресейлік тележурналист, «Россия сегодня» ақпараттық агенттігінің бас директоры Дмитрий Киселевті «Ресейдің ең өтірікші журналисі» деп атады. Украинаның журналистік этика бойынша комиссиясы Мәскеуге оның үстінен шағым түсірген. ЖАЛҒАН АҚПАРАТПЕН КҮРЕС Харьковта тұратын 25 жастағы журналист Сергей Балбеко жалған ақпараттан мезі болғандықтан, Fake Сontrol сайтын ашты: «Достарыммен бірігіп, осындай жобаны қолға алдық. Себебі біз баспасөз бен әлеуметтік желілерден, жаңалықтардан естіген жалған ақпараттарды байқадық» дейді ол. Fake Сontrol – «украиналық босқындар» туралы қауесеттің, «Киев ресейлік төлқұжаты бар адамдарды түрмеге қамамақ» деген деректің жалған екенін әшкерелеген сайт. Сайт «АҚШ-тың соғыс кемесі Қырымдағы шабуылдан соң Қара теңізге аттаныпты» деген ақпараттың да өтірік екенін анықтады.

Украинадағы жағдайды мүлдем басқаша сипатта көрсету науқаны жүріп жатқанын сеземін.

Украин журналисі Сергей Балбеко.

Fake Сontrol  сайты жалған деректі әшкерелеу үшін суреттерді анықтап қарап, іздеу жүйесін қолданады, қажет жерлерге қоңырау шалады. Олар кәсібилігі төмен журналистер көрмейтін мәселелерді қырағылықпен байқайды. «Украинадағы жағдайды мүлдем басқаша сипатта көрсету науқаны жүріп жатқанын сеземін» дейді Балбеко. Блогер Фицтпатрик ресейлік БАҚ-тың Fake Сontrol мен StopFake.org сияқты сайттар тарапынан тегеурінді қарсылыққа ұшырағанын айтады. «Олар ойдан құрастырылған сыбыс таратады, бірақ азаматтық журналистер ондай сыбыстарды бірден көреді. Ресейлік БАҚ түсірген фильмдерде ресейлік автобустар, әскерлер жүреді. Мүмкін, олар шектен тыс көп жұмыс істеп, осындай қателіктер жіберетін шығар. Ал азаматтық журналистер оны байқап қояды» дейді блогер. МИНИСТР МЕН СОЛДАТТЫҢ ЕКІ ТҮРЛІ СӨЗІ Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу наурыздың 5-і күні «Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында Қырымдағы ресейлік нөмірі бар әскери техниканың суретін «арандатушылық, өтірік» деп мәлімдеді. Ол Ресейдің ресми ұстанымын қайталап, «Мәскеу Қырымға қарулы әскердің қайдан келгенін білмейді» деді. Ал украиналық журналистер Ресей армиясына қызмет ететінін мойындаған солдаттың видео-сұхбатын жариялап, ол пікірді теріске шығарды:          Журналист: Неге айырым белгісін тақпағансыз? Қай жақтан келдіңіз?          Солдат: Біз осындай арнайы белгісі жоқ униформа киеміз.          Журналист: Сіз орыссыз ба, әлде украинсіз бе?          Солдат: Мен - Ресей солдатымын.          Журналист: Ресей солдатысыз ба?          Солдат: Иә.          Екінші журналист: Ресей солдаттары Украин аумағында не істеп жүр?          Солдат: Себебі... теледидар көрмейсіздер ме? Кейбір украиналықтар Ресейдің насихатына мысқылдай қарайды. Мысалы, орысша сөйлейтін әлдебір әйелдің кем дегенде бес ресейлік БАҚ-қа шығып, әрқайсында әртүрлі қаланың тұрғыны рөлін ойнағаны кекесінге арқау болды. Азаматтық журналистер Ресейдің "Украинадағы этникалық орыстарды қорғау" жайлы, "бандерашылардың қысымы" туралы риторикасын әжуалап, "Одессаны басып алған бандерашылар" жайлы юморлық видео түсірді.   НАСИХАТТЫҢ МАҚСАТЫ «Kyiv Post» наурыздың 5-і күні «Ресейдің Қырымға шабуылын ақтап алу үшін Кремль құрастырған ең озық 10 аңыз бен өтірік» деген тізім жариялады. «Бірақ ресейлік БАҚ-тың мәлімдемесіне қарсы тұру үшін бұндай әрекеттер жеткіліксіз» дейді Фицпатрик. CNN тілшілері Вульф Блитцер мен Кристиан Аманпур оған қосылады. Аманпур эфирде «Украинадағы тәртіпсіздікке фашистер мен антисемиттер айыпты» деген Чуркиннің сөзінен мысал келтірген Блитцерді жазғырған.  Ал ресейлік әлеуметтанушы, тәуелсіз «Левада» орталығының директоры Лев Гудков ресейлік насихаттың мақсатын былай түсіндірді: «Насихат жасаған кезде оқиғаның басқа балама нұсқасын мүлдем ысырып тастайды. Сол кезде ресми ақпаратқа сенбейтін немесе күмәнданатын адамдардың өзі басқа көзқарасты қабылдай алмайды. Насихаттың негізі осында жатыр». 

Жеңімпаз Путин жылы» жалғаса ма?

Жарияланған уақыты: 18.12.2013

Азаттық радиосы

Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік қызмет академиясында сөйлеп тұр. Мәскеу, 5 желтоқсан 2013 жыл

«Сирия дағдарысында» бас мәмілегерге айналып, «Сноуден ісін» Вашингтонның бетіне басып, «Форбс» журналында «әлемдегі ең ықпалды адам» атанған Ресей президенті 2013 жылы әлемдік БАҚ-ты жаулап алды.

Биылғы қыркүйек айында өткен баспасөз конференциясында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сирия президенті химиялық қаруын тапсыратын болса, ол елге сырттан әскер кіргізілмейтіні туралы жұқалап болсын айтып қойған еді.

Дәл сол күні Ресей президенті Владимир Путин Сириямен одақтастығын пайдаланып, дипломатия тізгінін іліп әкетті. Ол осы арқылы қырғын соғыстың алдын алып, Таяу Шығыстағы тұрақсыздыққа жол бермейтін болашақ келісімдерге жол ашқандай әсер қалдырды.

Әлемдік баспасөз беттері «Путин Керридің қателігін сәтті пайдаланып кетті» деп жарыса жазды. Бір қарағанда Путин «соғысқұмар» АҚШ-тың жанында «бейбітшілік үшін күресіп жүрген тұлға» сияқты болып шыға келді.

Путин Сирия дағдарысы кезінде ғана сыртқы саясаттың хас шебері сияқты көрінген жоқ. Бұдан бөлек, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік агентінің (NSA) тыңшысы Эдуард Сноуденнің Ресейді паналауынан бастап, Армения мен Украинаның Еуропа Одағынан бас тартып, Мәскеуге қарай бет бұруы сияқты оқиғалар 2013 жылды Ресей президенті үшін сәтті жылға айналдырды.

ӘЛСІЗ ІШКІ САЯСАТТЫ БҮРКЕМЕЛЕУ

Биыл Путиннің халықаралық деңгейде беделінің өскеніне қарамастан, саяси сарапшылар оның сыртқы саясаттағы тактикалық жеңістері Мәскеу үшін стратегиялық тұрғыда ұзақ уақыт жемісті болады дегенге сенбейді.

Нью-Йорк универститетінің профессоры және Ресейдің қорғаныс қызметі бойынша маман Марк Галеотти:

- Әдетте саяси лидерлер ішкі саясатта тоқырап, әлсірей бастағанда сыртқы саясатқа белсенді түрде араласады. Меніңше бұл жерде де солай боп жатыр. Бір қарағанда, Путин сыртқы саясатта триумфқа жеткен сияқты. Басқа қырынан қарасаң, ол Ресейдің ішкі саясатын қараусыз қалдырды. Қазір Путинде «оппозициямен қандай қарым-қатынас жасаймын және ұзақ мерзімді экономикалық дағдарыспен қалай күресемін» деген нақты стратегия жоқ, - дейді.

Ресейлік белсенділер АҚШ-тың Сирияға әскери шабуыл жасау қаупіне қарсы шығып тұр. Санкт-Петербург, 2 қазан 2013 жыл

Сарапшылардың пікірінше Путиннің Сирияғы қатысты шешімдері оның сыртқы саясаттағы ең үлкен жетістігі болды.

Сан-Франциско университетіндегі халықаралық қатынастар ғылымының профессоры Андрей Цыганков:

- Сирия үшін күрес биыл Ресейдің сыртқы саясаттағы ең елеулі жетістігі болды. Бұл тұрғыда, Ресейдің мәртебесі өсті. Қазір Ресей – Таяу Шығыстағы ең ықпалды державалардың бірі, - дейді.

«ҚОС СТАНДАРТТАРДЫ ӘШКЕРЕЛЕУ»

Одан бөлек, әлі де жалғасып жатқан «Сноуден ісінде» де Мәскеу Вашингтонды бір тықсырып алды. Мәскеу АҚШ тыңшысына Ресейде уақытша саяси баспана берді. Сноуден содан бері АҚШ-тың әлем бойынша жекелеген адамдардың әңгімесін жасырын тыңдаған тыңшылық әрекеттері туралы ақпарат беріп, Вашингтонның мазасын қашырып отыр.

Бұл оқиғаның Путин үшін маңызы зор болды. Ол биліктің тарапынан қуғын көрген арызданушыға саяси баспана беріп, жарылқаушы ретінде көзге түсті. Ресей түрмесінде қаза тапқан заңгер Сергей Магнитскийдің өліміне байланысты АҚШ Ресей басшыларының Америкаға кіруіне тыйым салған еді. Бұл оқиға Ресей үшін өте тиімді боп шыға келді.

Мәселен, Ресей үкіметі АҚШ азаматтарының Ресейден бала асырап алуына тыйым салып, қарымта қайтарды. Елдің көбіне бұл қадам Путинді Ресейді масқаралағандардан кек алушы, тіпті соның жолында балаларды да аямайтын адам етіп көрсетті.

Германияның Жасылдар партиясының заңгері АҚШ Ұлттық барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Эдуард Сноуденмен кездесіп тұр. Мәскеу, 31 қазан 2013 жыл

Цыганков «Сноуденнің ісі» Путин үшін «құланның қасуына мылтықтың басуы» құсап сай келген іс болды деп ойлайды.

- Менің түсінгенім - Ресей Сноуденге баспана беруді қаламаған. Бірақ Ресей үшін АҚШ-ты сынайтын Еуропа елдері мен әлемнің өзге елдерінің алдында барынша ұпай жинауға мүмкіндік туған соң Ресей осы оқиғаны пайдаланып, басқа да Еуропа елдерінің алдында абыройын өсіріп алды, - дейді ол.

The Economist газетінің бас редакторы Эдуард Лукастың пікірінше, «Сноуденді сәтті пайдаланған Мәскеу Вашингтон мен Еуропаның арасына сына қағып үлгерді».

- Бұл жайт Кремльдің моральдік қос стандарттар туралы АҚШ-ты айыптаушы көзқарасына қуат берді. «Батыстың саудасы біткен, олар шындығында адам құқығына пысқырып та қарамайды, бәрі бос сөз. ФБР мен NSA-дің арасында не айырмашылық бар?» деген уәждер айтылды. Сноуден оқиғасы Кремльдің осы риторикасын күшейте түсті. Мұның салдары болашақта Батыстың алдынан шыға береді, - дейді Эдуард Лукас.

КҮШПЕН ҰСТАП ТҰРУДЫҢ САЛДАРЫ

2013 жылы Ресейдің сыртқы саясаттағы тағы бір ірі жетістігі - қыркүйек айында Еуропа Одағымен тығыз әріптестік келісімін жоспарлап отырған Арменияны райынан қайтарды. Осыдан соң қараша айында Украина да Еуропа Одақпен тығыз интеграциядан бас тартты.

Бірақ Украина әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ. Қазір Киев те, Брюссель де бұл келісімге 2014 жылдың көктемінде қол қойылуы мүмкін деп мәлімдеп отыр. Қалай болғанда да осы оқиға Ресейдің энергетика саясаты мен экономикалық қысымдарына төтеп берудің қиын екенін көрсетті.

Наразылық шеруіне қатысушы Янукович пен Путин бейнеленген карикатураның қасынан өтіп барады. Киев, 12 желтоқсан 2013 жыл

Украина үкіметінің шешіміне қарсы болып, шеруге шыққан жүздеген мың халыққа қарап Путиннің аталмыш елдің басшыларына қысым көрсеткенімен, халқының жүрегіне жол таба алмағанын байқауға болады.

Галеотти «осы оқиға Ресейдің «қара күш» саясатының Батыстың «жұмсақ саясатымен» бәсекеге түсе алмайтынын көрсеткенін» айтады.

- Әлдебір тарапты күшпен өзіне қаратқан соң, бір сәт босаңсытпай сол күйінде ұстап тұру керек болады. Ал Украинаны Еуропа Одағына (ЕО) тартып әкетіп бара жатқан күш қолдану саясаты емес. ЕО-мен жақындасудың экономикалық, әлеуметтік, саяси және моральдық артықшылықтары бар. Ал Ресейге «газ-мұнай күшін» үнемі босаңсытпай, ширықтырып ұстап тұру керек болады. Меніңше бұл қарудың болашағы жоқ, - дейді Галеотти.

Ресейдің құлдырап бара жатқан экономикасы мен жалғыз президентке ғана тәуелді саяси жүйесі Путинді алаңдатпай қоймайды.

- Ресейдің ішкі саясаты мен экономикасы реформаға мұқтаж. Себебі қазір Ресей экономикасының даму қарқыны 1,5 пайыз ғана. Мұндай экономикамен жылдам дамып бара жатқан Қытаймен бәсекеге түсе алмайсың. Нашар экономика қаптаған қиындықтарға төтеп беруге қабілетсіз. Ресейдің саяси жүйесі де тоқырап тұр. Қолға алып, дамытатын сала өте көп. Ресей үкіметі лайықты деңгейде жұмыс жасап жатқан жоқ, - дейді Цыганков.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесі аясында ҚР Мәдениет министрлігі мен орыс қауымы арасындағы өзара түсіністік пен әріптестік туралы меморандумына сәйкес «Тіл - халық жанын танудың кілті» атты орыс диаспорасы жастары арасында қазақ тілін білгірлердің V республикалық байқауы өтеді.

Байқау қазақ тілін білетін жастарды көтермелеп, жастардың қазақ тіліне деген қызығушылығын, ықыласын, тіл мәдениеті мен мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру, отансүйгіштік сезімді тәрбиелеуді негізге ала отырып ұйымдастырылады. Шараның негізгі ерекшелігі - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыруда Мәдениет министрлігі мен Қазақстанның орыс қауымы арасындағы табысты ынтымақтастықтың нығаюы.