
- •8.Орталық Азиядағы аймақты сипаттаңыз.
- •9.Европа құрлығында қандай аймақтарды белгілеуге болады.
- •Специализация в мгрт
- •Концепция Центральной Европы
- •Орталық Азия (Кеңестер одағының ыдырауынан кейін)
- •Орталық Азия елдері Одағы
- •13.Араб Шығысындағы аймақтық топтасулар қалай қалыптасқан және оған қандай факторлар әсер еткен.
- •14.Солтүстік-Шығыс Азия аумағында аймақтану үрдістерін сипаттаңыз және неге ол ауданда аймақтық топ құрылмаған.
- •15.Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы
- •16.Қазақстан және тмд:интеграциялық талаптарға қатысты қо саясаты
- •17.Әлемдегі қауіпсіздік және Қазақстан.
- •18. Тмд аумағындағы жанжалдар және қр ұстанымдары(1-2 мысал келтіріңіз).
- •20. Ядролық қаруды таратпау және аймақтар қатынастардың дамуы;.
- •21. Су мәселесі және аймақтар ара қатынастары;
- •22.Тектік ,діни қақтығыстар және аймақтық қауіпсіздікке әкелетін кесірі(мысалдармен дәлелдеңіз);
- •23.Еуропа Одағындағы аймақтар және қр олармен байланыстары(мысал келтіріп ашыңыз);
- •24.Балтық бойындағы елдер және Қазақстан:ынтымақтасу мәселелері;
- •Қазақстан Республикасы мен Черногория арасында дипломатиялық қатынастар
- •Қазақстанның сыртқы саудасы[өңдеу]
- •27.Қр және Түркі тектес әлемі:жемісті ынтымақтастық және әлі де жөнді дамымаған жақтары:талдау жасаңыз);
- •1.Жалпы түркологиялық мәселелер бойынша:
- •2. Түркітанудың салалары бойынша
- •28.Қазақстан-Солтүстік Европа елдері:саяси-экономикалық қатынастардың орнауы;
- •30. Оңтүстік Африка аумағындағы аймақтық топтар:мүшелері және қауқарлары;
- •31. Қр:негізгі сауда әріптестері;
- •32. Қр:инвестиция саласындағы аймақтармен ынтымақтасуы
- •33. .Еқыұ:оның құрылуы және қр байланыстары.Астана саммиті;
- •35.Шыұ:шекара мәселелерінің реттеуін ашып беріңдер;
- •36.Шыұ және аймақтық қауіпсіздік;
- •37.Шыұ қазіргі кездегі негізгі мақсаттары;
- •35. Шыұ:шекара мәселелерінің реттеуін ашып беріңдер;
- •36. 36.Шыұ және аймақтық қауіпсіздік;
- •39. Қазақстан-Ауғанстан:ынтымақтасу және түйінді мәселелер;
- •37.Шыұ қазіргі кездегі негізгі мақсаттары;
- •39.Қазақстан-Ауғанстан:ынтымақтасу және түйінді мәселелер;
- •41.Қазақстан-Түркия ара байланыстарының дамуы,келешегі;
- •44.Евразия одағын құрастыру мәселелесі,оның мәні,қазіргі жағдайы;
- •45.Кеден Одағы:ұтымды жағы мен әлі жөнді шешілмеген мәселелер.
- •46.Аймақтық қатынастардың миграция мәселесінің күрделенуі.
- •47.Қазіргі қаржы-экономикалық дағдарыс,одан шығу жолдары.
- •48.Украинадағы оқиға және Ресей саясаты.Оған қалай баға бересіз.
- •Украинадағы оқиғаны әртүрлі атайды
- •Ұқсас мақалалар
- •Ресейлік бақ Украинадағы оқиғаны бұрмалайды
- •Ұқсас мақалалар
- •49.Орыс диаспорасы және Ресей үкіметінің саясаты.
- •50.Қр және шеттегі қазақтар:оларды елге қайтару қажет пе.
47.Қазіргі қаржы-экономикалық дағдарыс,одан шығу жолдары.
Еуроодақтағы қаржы-экономикалық дағдарыс он жылға созылуы мүмкін
13 ақпан 2014, 19:33
Еуроодақтағы мемлекеттік қарыз бен бюджет дефицитін қысқарту мақсатындағы қатал үнемдеу шаралары еуропалықтардың 17 пайызының кедейлік жағдайға келуіне себеп болды. Статистика мәліметі бойынша, былтыр 125 миллион адам, яғни, Еуроодақ халқының 4/1 кедейліктің шегінде болыпты. Болгария халқының жартысына әлеуметтік оқшаулану мен кедейлену қаупі төніп тұр. Дәл осындай жағдай Румыния, Латвия мен Литвада, тізімнің соңындағы Польшада болуы әбден мүмкін. Кедейлікпен күрес әзірге Голландия, Чехия, Финляндия, Швеция мен Люксембургтің қолынан ғана келіп тұр. Сарапшылардың пікірінше, Еуроодақтағы қаржы-экономикалық дағдарыс он жылға созылуы мүмкін.
Жақын күндері бельгиялық сарапшылар жағаны ұстатар мәлімет таратты. Еуропаның әкімшілік орталығы Брюссельдегі кедейлікке тап болуы мүмкін азаматтардың қатары 34 пайызға жетіпті. Бұл Еуроодақ елдері астаналарының ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш. 25-ке толмаған еуропалықтардың басым көпшілігі жұмыс таба алмай жүр. Жұмыс істейтін он отбасының біреуі кедейлік шегінде. Тегін тамақ тарататын бекеттерге келетін адамдардың қатары көбейген. Әлемдік дағдарыстың бір салдары, жұмыс орнын жоғалту және күнкөріс көзінен айрылу. Брюссельдің орталық вокзалы жанындағы мынау жер асты жолына күніне 200-ге тарта адам еріктілер компаниясынан ыстық тамақ ішуге келеді. Олар негізінен жұмысынан айрылған немесе баспанасы жоқ адамдар.
Майкл Монтерен, Еріктілер тобының жетекшісі: - Біз жағдайы нашар адамдарға үш жылдан бері осындай көмек көрсетеміз. Адамдар мұнда тек тамақ ішу үшін емес, адами жылу да іздеп келеді. Бұл шара қарашаның соңында басталып, сәуірдің соңына дейін жалғасады. Қаржыны қолы ашық азаматтар береді. Тамақ ішуге келгендер де аздаған ақша тастап кетеді.
Джером Лютернер, Ерікті: - Мен мұнда сирек келемін, жылына бірнеше рет қана. Сол дағдарыстан қиналған адамдарға қолдау көрсету үшін. Тегін жұмыс істеймін, өзімнің ынтымақтастығымды білдіру үшін. Негізінен 30 бен 40 жас арасындағы ер адамдар келеді. Жеке басты әйелдер де бар. Олар рухани қолдауды қажетсінеді.
Ыстық тамақты мамандандырылған компания дайындап береді. Тәттілерді ерікті әйелдер үйлерінен алып келеді.
Люк Букэт, Ерікті: - Кейбіреулер үшін бұл күнделікті осындай өмір. Баспанасыздар да келеді. Ең өкініштісі, үйдегі балалары үшін тамақ алуға келетіндер де бар. Олар сол жабылып қалған мекеменің қызметкерлері немесе жұмыстан қысқарып қалғандар. Оларға жәрдемақы жетпейді.
Тегін тамақ ішуге келгендердің ішінен өз өмірі туралы айтып бергісі келгендерді таба алмадық. Әңгіме барысында түсінгеніміз, барлығының тағдыры шамалас. Көбі кеше жұмыс істеп, ақша тапқан, ал, бүгін қиын жағдайға тап болғандар.
Дағдарыстан кейiнгi кәсiпорындарды сауықтыру және қалпына келтiру
Әлемдiк экономикадағы қаржылық дағдарыс салдары бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындардың елеулi бөлiгiнiң болашағына балта шапты десек қателеспеймiз. Бүкiләлемдiк дағдарыстан кейiн кәсiпорындар облигациялық қарыздары мен несиенi өтеу және беру бойынша бiршама iркiлiске ұшырады. Ол өз кезегiнде кредиторлар қызметi мен салықтық мiндеттердi өтеуде айтарлықтай кесiрiн тигiзiп отыр. Негiзiнен банк активтерiнiң төмендеуi нақты өнiм көлемiнiң артып, шығынның көбеюiне әкеледi, сондай-ақ капиталға қысым артып, нәтижесiнде экономиканың нақты салаларын қаржыландыру iркiлетiнi мәлiм. Мұның өзi экономикалық өсiмнiң төмендеуiне әкеп соқтырады. Әлемдiк тәжiрибеге жат емес бұл құбылыстар әр мемлекетте қылаң берiп келедi. Жергiлiктi билiк экономикалық өсiмдi бәсеңдетiп алмас үшiн түрлi шараларға барып, түрлi елдерде мемлекеттiк бағдарламалар жеделдете қабылдануда.
Осындай тоқыраулардың алдын алу мақсатында "Нұр Отан" ХДП-ның ХIII съезiнде қаржы саласындағы негiзгi проблемалар кеңiнен талқыланды. Съезде қаржы саласында топтасқан түйткiлдердi жедел, әрi оң шешу ҚР Үкiметi мен Ұлттық банкке және Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды бақылау және реттеу агенттiгiне тапсырылды. Бiрақ бұл жолғы бағдарлама бүтiндей бiр онжылдықты қамтымайды, керiсiнше 5 жылдың iшiнде нәтижесiн көрсететiн болады. ҚР Үкiметi мәжiлiсiнде Қаржы министрi Болат Жәмiшев: "2011 жылдан 2016 жылға дейiнгi республикалық бюджет бағдарламаның (кәсiпорындарды дағдарыстан кейiнгi қалпына келтiру) қаржыландыру көзi болады. Бiз 2011 жылға 8,8 млрд. теңге қажет деп жоспарлап отырмыз", – деп хабарлады.
Экономиканы ауқымды жаңғырту мен қоғамды жаңартуға қатысу елiмiз үшiн үлкен саяси сынақ болғалы тұр. Бұл мiндеттi шешуге екi қырынан келу қажет. Бiрiншiден, бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарға сауығуға қол ұшын беру керек. Жаңа бағдарламада қарызы 4,5 миллиард теңгеден асатын кәсiпорындарға мемлекеттiк қолдау қарастырылуы көзделген. Бүгiнде қарызы осы сомадан төмен кәсiпорындар үшiн "Бизнестiң жол картасы-2020" бағдарламасында кәсiпорындарды сауықтырудың басқа да тетiктерi қарастырылып отыр. Десе де, бағдарламаға елдегi кәсiпорындар жаппай қатысады деу қате, тек 30-50-ге жуық нысан сауықтыруға тапсырыс бере алады. Ал бағдарламаның нәтижесi 2016 жылы бақыланады. Бағдарламаға қатысушы кәсiпорындардың қолданыстағы жұмыс орындарының кемiнде 70 пайызын сақтау басты назарға алынуда.
Ал екiншi саты – қаржылық жүйенi сауықтыру. Дағдарыс тұсында банктердiң кредиттiк портфелiнiң нашарлағаны белгiлi. Сондықтан да Үдемелi индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын орындауға ықпал етуге және IЖӨ өсiмi кем дегенде 30 пайызды құрауға тиiс.
Сонымен қаржылық жүйенi қайта қалпына келтiру үшiн қолға алынған жұмыстардың бiрi – несиелiк портфелдi пайдалану. Қаржы жүйесiн сауықтыру үшiн кредиттiк портфель сапасын сауықтыруға, Қазақстан экономикасына кредит берудiң тұрақты өсуiн қамтамасыз ететiн ең үздiк халықаралық тәжiрибеге сәйкес меншiктi капиталдың жеткiлiктi болуы жөнiндегi талаптарды жақсартуға бағытталған шаралар кешенi қабылданатын болады. Яғни кәсiпорындардың капиталының жеткiлiктi болуы үшiн әлемдiк тәжiрибе қолданылып отыр, ол өз кезегiнде Қазақстан экономикасын несие арқылы қаржыландырудың өсуiне жетелейдi. Мемлекет тарапынан қолға алынған қайта қалпына келтiру және сауықтыру бағдарламасы – уақытша iске асырылатын шара. Мәселен кәсiпорындар өсу стратегиясына жеткенге дейiн Үкiметтен көмек алу құқығына ие. Сондықтан да аталмыш бағдарламаға қатысу шектелiп, 2011 жылы тапсырыстар қабылдануы тиiс. Бұл бағдарламаға қатысып, төлем қабiлетiн қалпына келтiрген кәсiпорындар "Өнiмдiлiк – 2020" бағдарламасына және 2010-2014 жылдарға белгiленген Үдемелi индустриалық-инновациялық бағдарламаға қатыса алады.
Өнiмдiлiгi ақсап тұрған кәсiпорындар үшiн бұл бағдарлама таптырмас мүмкiндiк. Сол себептi де iрi және орта кәсiпкерлiктiң субъектiлерi бағдарламаға өз еркiмен қатыса алады. Десе де мемлекеттiк жәрдемге тек белгiленген мерзiмде бiр нәтижеге қол жеткiзетiн кәсiпорындар ғана ие болады. Бiр айта кететiн жайт, ҚР 2006 жылы қабылданған "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Заңына сәйкес бағдарламаға кен өндiрiсi мен алкоголь және темекi өндiретiн кәсiпорындар ұсыныс бере алмайды.
Қаржылық ұйымдармен қаржыландыру туралы келiсiм 4 миллиард 500 миллион теңге шамасында қабылдануы тиiс.
Экономикалық жағдайдың сараптамасы
Дағдарыс жағдайында елдегi өндiрiс орындары қаржылай көмекке мұқтаж болды. Осы тұста мемлекет қол ұшын созды. Атап айтсақ, екiншi деңгейлi банктерге, шағын және орта кәсiпкерлiкке, сондай-ақ құрылыс саласындағы компанияларға қаржылай көмек бердi. Себебi дәп осы салалар халықтың әлеуметтiк әл-ауқаты мен мүддесi үшiн қызмет етедi. Дағдарысқа дейiнгi жағдайды қайта қалыптастыру үшiн республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлiнiп отырғаны айқын.
Бүгiнде жаңа жұмыс орнын ашу және қазiргi жұмыс күшiн сақтап қалу, шикiзаттық емес саладағы аймақтық кәсiпкерлiктi қолдау мақсатында "Бизнестiң жол картасы – 2020" бағдарламасы жұмыс iстеп келедi. Оған сәйкес банктiң сыйақысын тағайындау арқылы шағын және орта кәсiпкерлiкке субсидия беру мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
кәсiпкерлiк секторды сауықтыру;
экспортқа бағдарланған өндiрiстердi қолдау бағыттары бойынша банктiң сыйақы ставкасын субсидиялау арқылы шағын және орта бизнес субъектiлерiне қолдау көрсетiледi.
Қалыптасқан ахуал банктерге бұрын мемлекет көрсеткен қолдауға қарамастан олардың несие қоржынына, сондай-ақ облигациялық қарыздарға қызмет көрсетуге және салық мiндеттемелерiн орындауға терiс әсер етуi мүмкiн. Бұл кәсiпорындардың көпшiлiгiнiң Қазақстан экономикасы үшiн маңызды мәнi бар екенiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасын Үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыруға қатысатынын атап өткен жөн.
Дүниежүзiлiк тәжiрибеге сүйенсек, қаржы-экономикалық дағдарыс салдарын жоюда мемлекеттiң қомақты қаржы бөлiп, қолдау көрсетуi жиi кездеседi. Мәселен 2001 жылы Түркияда орын алған экономикалық дағдарыс 1990 жылдардағы жағдайдан өте ауыр болды. Түркия экономикасын сұлатып түсiрдi десе де болады. Нәтижесiнде мемлекет 21 жеке меншiк банкке интервенция жасап, 4 iрi мемлекеттiк банктi қайта құрылымдады. Бұл iстердi атқару үшiн қыруар қаржы жұмсалды. Түркия үкiметi реформа қабылдар тұста түрiк лирасы девальвацияға ұшырап, шетелдiк валютамен қарызы бар корпорациялар күрделi жағдайға тап болды.
Мәселенiң оңтайлы шешiмiн табуда түрiк мемлекетi ерiктi қайта құрылымдауға жол бердi. 2001 жылы қайта құрылымдаудың ерiктi бағдарламасы қабылданып, бұл – Стамбұл әдiсi деп аталды. Ол өз кезегiнде Лондон әдiсiне сүйендi. Осы тәсiл Шығыс Азиядағы дағдарыс салдарын жоюға бағытталғанмен қазына мен қаржы министрлiгiнiң көмегiн қажетсiнгенiн айта кетуiмiз керек.
Жоғарыда айтылғандардың негiзiнде үздiк әлемдiк тәжiрибенi ескере отырып, Қазақстанның орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын кәсiпорындардың төлем қабiлеттiлiгiн және жұмыс орындарын сақтау мақсатында оларға қолдау көрсеткен жөн.
Бағдарлама мақсаты
Бағдарламаның негiзгi мақсаты – бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындардың төлем қабiлетiн сауықтыру және неғұрлым көп жұмыс орнын сақтап қалу. Бағдарламаны жүзеге асыруда кәсiпкерлiк саланы сауықтыруға қолдау көрсету негiзгi үш тараптан жасалады:
1. кредиторлар жәрдемi
2. кәсiпорын иелерi тарапынан қолдау
3. мемлекеттiк қолдау.
Мемлекеттiң қатысуындағы заңды тұлғалар, ұлттық басқару холдингтерi, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олар бақылайтын заңды тұлғалар, сол сияқты шетелдердiң қатысуындағы заңды тұлғалар бағдарламаға қатысушы бола алмайды. Аталған критерийлер бойынша iрiктеуден өткен кәсiпорындар кәсiпорынның сауықтыру жоспарын әзiрлеу үшiн кредиторлар комитетi таңдаған консультанттарды жалдайды. Үкiмет тарапынан консультанттар қызметi құнының 50 пайыз мөлшерiн қоса қаржыландыру жүзеге асырылады. Бiрақ ол бiр қатысушыға 35 миллион теңгеден аспауы тиiс.
Бизнес ахуалды жақсарту
Экономиканың шикiзаттық емес секторына (өнеркәсiп, ауылшаруашылық өнiмдерiн өңдеу, қызметтер) отандық және шетелдiк инвестициялар кемiнде 30 пайызға артады.
IЖӨ-ге тiкелей шетелдiк инвестициялардың үлесi он пайыздық пунктке ұлғаяды.
IЖӨ-дегi шағын және орта бизнестiң үлесi 7-10 пайызға артады.
Бағдарламаны жүзеге асыру сатылары
Дағдарыстан кейiнгi кәсiпорынды сауықтыру және қайта қалпына келтiру үш саты бойынша жүзеге асады:
Бiрiншi және екiншi саты – 2011 жылға жүктелiп отыр.
Бiрiншi сатыда алдын ала iрiктеу жүргiзiледi.
Екiншi сатыда сауықтыру жоспары қаралады және бағдарламаға қатысушылар iрiктеледi.
Үшiншi саты 2011 және 2016 жылдар аралығында жүзеге асырылады.
Үшiншi сатыда бағдарлама iске қосылып, өз жұмысына кiрiседi.
Республикалық бюджет 2016 жылға дейiн қаржыландыру көзiне айналады. Бiрақ бағдарламаға қатысушылардың барлығы кiрiстiрiлуi тиiс және сауықтыру жоспары кем дегенде 5 жылда аяқталуы шарт. Барлық шығын 145,404 миллиард теңгенi құрауы мүмкiн. Бағдарламаға қатысушы бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындардың төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру – негiзгi мiндет. Индикаторлардың 2016 жылға дейiнгi сандық көрсеткiштерi кейiннен Бағдарламаға толықтырулар енгiзе отырып, Бағдарламаның екiншi кезеңiн iске асыру нәтижелерi бойынша анықталатын болады.