
- •8.Орталық Азиядағы аймақты сипаттаңыз.
- •9.Европа құрлығында қандай аймақтарды белгілеуге болады.
- •Специализация в мгрт
- •Концепция Центральной Европы
- •Орталық Азия (Кеңестер одағының ыдырауынан кейін)
- •Орталық Азия елдері Одағы
- •13.Араб Шығысындағы аймақтық топтасулар қалай қалыптасқан және оған қандай факторлар әсер еткен.
- •14.Солтүстік-Шығыс Азия аумағында аймақтану үрдістерін сипаттаңыз және неге ол ауданда аймақтық топ құрылмаған.
- •15.Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы
- •16.Қазақстан және тмд:интеграциялық талаптарға қатысты қо саясаты
- •17.Әлемдегі қауіпсіздік және Қазақстан.
- •18. Тмд аумағындағы жанжалдар және қр ұстанымдары(1-2 мысал келтіріңіз).
- •20. Ядролық қаруды таратпау және аймақтар қатынастардың дамуы;.
- •21. Су мәселесі және аймақтар ара қатынастары;
- •22.Тектік ,діни қақтығыстар және аймақтық қауіпсіздікке әкелетін кесірі(мысалдармен дәлелдеңіз);
- •23.Еуропа Одағындағы аймақтар және қр олармен байланыстары(мысал келтіріп ашыңыз);
- •24.Балтық бойындағы елдер және Қазақстан:ынтымақтасу мәселелері;
- •Қазақстан Республикасы мен Черногория арасында дипломатиялық қатынастар
- •Қазақстанның сыртқы саудасы[өңдеу]
- •27.Қр және Түркі тектес әлемі:жемісті ынтымақтастық және әлі де жөнді дамымаған жақтары:талдау жасаңыз);
- •1.Жалпы түркологиялық мәселелер бойынша:
- •2. Түркітанудың салалары бойынша
- •28.Қазақстан-Солтүстік Европа елдері:саяси-экономикалық қатынастардың орнауы;
- •30. Оңтүстік Африка аумағындағы аймақтық топтар:мүшелері және қауқарлары;
- •31. Қр:негізгі сауда әріптестері;
- •32. Қр:инвестиция саласындағы аймақтармен ынтымақтасуы
- •33. .Еқыұ:оның құрылуы және қр байланыстары.Астана саммиті;
- •35.Шыұ:шекара мәселелерінің реттеуін ашып беріңдер;
- •36.Шыұ және аймақтық қауіпсіздік;
- •37.Шыұ қазіргі кездегі негізгі мақсаттары;
- •35. Шыұ:шекара мәселелерінің реттеуін ашып беріңдер;
- •36. 36.Шыұ және аймақтық қауіпсіздік;
- •39. Қазақстан-Ауғанстан:ынтымақтасу және түйінді мәселелер;
- •37.Шыұ қазіргі кездегі негізгі мақсаттары;
- •39.Қазақстан-Ауғанстан:ынтымақтасу және түйінді мәселелер;
- •41.Қазақстан-Түркия ара байланыстарының дамуы,келешегі;
- •44.Евразия одағын құрастыру мәселелесі,оның мәні,қазіргі жағдайы;
- •45.Кеден Одағы:ұтымды жағы мен әлі жөнді шешілмеген мәселелер.
- •46.Аймақтық қатынастардың миграция мәселесінің күрделенуі.
- •47.Қазіргі қаржы-экономикалық дағдарыс,одан шығу жолдары.
- •48.Украинадағы оқиға және Ресей саясаты.Оған қалай баға бересіз.
- •Украинадағы оқиғаны әртүрлі атайды
- •Ұқсас мақалалар
- •Ресейлік бақ Украинадағы оқиғаны бұрмалайды
- •Ұқсас мақалалар
- •49.Орыс диаспорасы және Ресей үкіметінің саясаты.
- •50.Қр және шеттегі қазақтар:оларды елге қайтару қажет пе.
46.Аймақтық қатынастардың миграция мәселесінің күрделенуі.
Елдің барлық аймақтарында жүргізілген прокурорлық тексерулер барысында, шет елдік азаматтардың миграциялық заң талаптарын бұзу фактілеріне жол бергендігі анықталып отыр, дейді прокуратура өкілдері. Бас прокуратураның әлеуметтік қадағалау жөніндегі прокуроры Талғат Әлібаевтің айтуынша, бұл салада лаңкестікпен күрес шаралары төңірегінде тексеру жұмыстары күшейтілген: - Шараларымыз күшейтіліп жатыр. Күн сайын біз олардың осы мемлекетте заңды түрде болуын, бәрін тексеріп, қандай заң бузушылық фактілері болса, біз бірден шара қолданамыз. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы қазан айының 11 күні терроршыл топ қолға түсті деп мәлімдеген болатын. Топ мүшелері дінге шексіз берілген адамдарға құран сүрелерін бұрмалап, лаңкестікке уағыздаған деп хабарланды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Божко Қазақстанда адамдар діни көзқарастары үшін қудаланбайды. Бірақ, көптеген адамдар діннің негізін анық түсінбейді. Рухани басшылардың барлығы бірдей дінге сенушілерге әрдайым оның нақты негізін жеткізіп айта бермейді, деген болатын. Саясаткер Әміржан Қосановтың пікірінше, бүгінгі прокуратура жариялаған шаралармен комитет таратқан мәліметте ұқсастық бар: - Президенттік сайлаудың алдында сөзсіз, барлық атқарушы органдар соның ішінде мына прокуратура, қорғау органдары тапсырма алған болу керек. Яғни, осы сайлаудың алдында осындай лаңкестікке, экстремизмге байланысты ұрандардың желеуімен темірдей тәртіп орнату керек деп. Бұл жерде билік халықтың жағдайын емес, өзінің тыныштығын ойлап отыр. Желтоқсанның 3 Бас прокуратура шет елдік азаматтарды тіркеу ережесінің бұзылуы фактілері анықталды, деген мәлімет таратты. Мысалы, Орталық Азия елдерінің Астана базарларында сауда жасап жүрген кейбір азаматтары тіркелу мерзімін ұзартуды делдалдар арқылы, 1 немесе 3 мың теңгеге жүзеге асырып келгендігін анықтаған. Оның сыртында, Бас прокуратураның әлеуметтік саланы қадағалау жөніндегі прокуроры Талғат Әлібаевтың айтуынша, Қазақстанның кейбір облыстарында шет елден келген діни ағымдарды уағыздаушылар анықтала бастаған: - Соңғы кезде, лаңкестік әрекеттер Орта Азияның ұлттық қауіпсіздігіне өз әсерін тигізіп отырған соң, біз елдің діни ағартушыларының әрекетін тексердік. Қызылорда қаласындағы бес Оңтүстік Корея азаматы діни әдебиет құралдарын таратқан болатын. Олар Қазақстанда туристік визамен келіп жүрген. Бас прокуратура мәліметіне қарағанда, қазақстандықтарға таратылып жатқан діни әдебиеттер анықталған соң, шет елдік уағыздаушылар елдеріне қайтарлды. Қазір, Қазақстанға Польшадан, Оңтүстік Кореядан, Түркиядан келген діни ағартушылар бар дейді прокуратура өкілдері. Ал, саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің пікірінше, мұның өзі күмәнді жайт: - Биліктің ұстап отырған идеологиясы тұрақтылықты күшейту деген идеологияға келеді әрине, бірақ биліктің өзі ғана осы тақырыпты көтере берсе, ешқандай дәлелсіз бұл әрине үлкен күмән туғызады. Саясаткер Әміржан Қосановтың пікірінше, дәл осындай жағдай Қазақстан президентінің сайлауы қарсаңында бұған дейін де болған. Ол кезде, оппозияда жүрген азаматтарға қысым жасалды, дейді ол. Саясаткер Әміржан Қосановтың пікірінше, ұлттық қауіпсіздік шараларының қатаң қолға алынуы уақытша құбылыс: - Дәл осындай миграция, лаңкестік, экстремизмге қарсы жасалып жатқан әрекеттердің ар жағында біздің ойымызша, үлкен саяси элементтер жатыр. Қарап отырыңыз сайлау өткеннен кейін олар осы әңгіменің бәрін ұмытып кетеді. Саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің пікірінше, қазір Қазақстанда ұлт деген ұғымды жоққа шығаратын діни ағымдар біртіндеп көбейіп келеді, сондықтан діни топтармен абай болған абзал, дейді саясаттанушы: - Қазақтардың арасында әсіресе, ұлтты жоққа шығаратын исламдық көзқарастар ақырындап билеп келе жатыр. Мүмкін олар көбейген сайын, біздің билік оларды қысып, болашақта үлкен сондай лаңкестік пиғылдарға немесе әрекеттерге әкелуі мүмкін. Бас прокуратураның тексерістері нәтижесінде, шет елдерден іскерлік байланыс немесе жұмысқа тұру үшін келіп, заңды тұлға ретінде жеке кәсіп ашып алғандар да анықталған.
|
|